Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»


 Шинаның негізгі сипаттамалары



жүктеу 7,08 Mb.
Pdf просмотр
бет13/107
Дата14.11.2018
өлшемі7,08 Mb.
#20212
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   107

2.5.1. Шинаның негізгі сипаттамалары 
 
Шинаның  разрядтылығы  оған  кіретін  параллель  өткізгіштердің 
санымен  анықталады.  IBM  PC  үшін  алғашқы  ISA  шинасы  8-разрядты 
болды, яғни ол бойынша бір уақытта 8 бит бере алу мүмкін болды. ДК 
жүйелік шиналар, мысалы, Pentium IV — 64-разрядты. 
Шинаның  өткізгіштік  қабілеті  шина  бойынша  1  с  ішінде 
берілетін  ақпараттың  байттар  санымен  анықталады.  Шинаның 
өткізгіштік  қабілетін  анықтау  үшін  шинаның  тактілік  жиілігін  оның 
разрядтылығына көбейту керек. Мысалы, 16-разрядты ISA шинасы үшін 
өткізгіштік қабілеті мынадай анықталады: 
(16 бит • 8,33 МГц) : 8 = 16,66 Мбайт/с. 
Өткізгіштік  қабілетін  есептеу  кезінде,  мысалы,  AGP  шинасының, 
оның  жұмыс  режимін  ескеру  керек:  видеопроцессордың  тактілік 
жиілігінің  екі  есе  артуының  жəне  деректерді  беру  хаттамасының 
өзгеруінің  арқасында  шинаның  өткізгіштік  қабілетінің  екі  есе  артуына 
(2х режимі) немесе 4 есе (4 x режимі) қол жеткізілді, ол тиісті реті саны 
(133  жəне  266  МГц  дейін  сəйкесінше)  шинаның  тактілік  жиілігінің 
артуына  сайма  сай.  QPI  жүйелік  шинасының  өткізгіштік  қабілеті  əрбір 
жағына 12,8 ГБ/с жетеді. 
Сыртқы  құрылғылар  шиналарға  ДК-дің  қайсы  бір  перифериялық 
құрылғысының  ДК  мен  орталық  процессор  арасындағы  ақпарат 
алмасуды  ұйымдастыруды  анықтайтын  əр  түрлі  сипаттамаларының 
жиынтығын  білдіретін  интерфейс  (Interface  —  түйіндесу)  көмегімен 
қосылады. 
Осындай сипаттамалар қатарына электр жəне уақытша параметрлер, 
басқарушы  сигналдар  жинағы,  деректермен  алмасу  хаттамасы  мен 
қосылудың  конструктивті  ерекшеліктері  жатады.  ДК  компоненттері 
арасында  деректермен  алмасу  осы  компоненттер  үйлесімді  болған 
жағдайда мүмкін болады. 
2.5.2. ДК шиналарының стандарттары 
IBM-үйлесімдік  принципі  ДК-дің  жеке  компоненттерінің  интерфейсін 
стандарттауды жобалап түсінеді, ол өз кезегінде тұтас жүйенің икемділігін, 
яғни қажеттіліг бойынша жүйенің конфигурациясын  өзгерту жəне əр түрлі 
перифериялық 
құрылғыларды 
жалғау 
мүмкіндігін 
анықтайды. 
Интерфейстердің үйлеспеуі жағдайында контроллерлер қолданылады. Одан 
басқа,  жүйенің  икемділігі  мен  бірегейлендіруі  тізбекті  жəне  параллель 
деректерді  беру  интерфейстері  сияқты  аралық  стандартты  интерфейстерді 
енгізу есебінен қол жеткізіледі. 
 
40 


бит 
МГц 
Бұл 
итерфейстер 
маңызды 
перифериялық 
енгізу-шығару 
құрылғыларының жұмысы үшін қажет. 
Жүйелік  шина  жүйеге  кіретін  CPU,  жады  жəне  басқа  да 
құрылғылар  арасында  ақпарат  алмасуға  арналған.  Жүйелік  шиналарға 
жатады: 
■ 
GTL, разрядтылығы 64 бит, тактілік жиілігі 66, 100 жəне 133 МГц; 
■ 
EV6, оның спецификациясы оның тактілік жиілігін 377 МГц дейін 
арттыруға мүмкіндік береді. 
Енгізу-шығару шиналары ДК-дің перифериялық құрылғыларының 
дамуымен  сəйкес  жетілдіріледі.  2.2  кестеде  кейбір  енгізу-шығару 
шиналарының сипаттамалары келтірілген. 
ISA шинасы көптеген жылдар бойы ДК стандарты болып саналды. 
Алайда  тəжірибе  жүзінде  ол  тек  2001  жылы  нарықтан  шығарылып 
тасталды. 
Нарықта  пайда  болған  VESA  шинасының  өткізгіштік  қабілетіне 
жол  беретін  EISA  шинасы  бағамы  мен  өткізу  қабілетінің  жоғары 
болуына байланысты кең таралмады. 
VESA  немесе  VLB  шинасы,  CPU-дың  жылдам  перифериялық 
құрылғылармен  байланысуы  үшін  арналған.  Қазіргі  уақытта  оны 
өнімділігі жоғарылау РСІ шинасы ығыстырды. 
PCI  шинасы  Pentium  процессорына  арнап  Intel  фирмасы  жасап 
шығарды.  РСІ  шинасының  негізіне  салынған  негізін  қалайтын 
принципі көпірлерді (Bridges) қолдану болып табылады
 
Кесте 2.2. Енгізу-шығару шиналарының сипаттамалары 
 
Шина 
Разрядтылығы,  Тактілік жиілігі, 
Өткізгіштік 
қабілеті, 
 
 
 
Мбайт/с 
ISA 16-разрядты 
16 
8,33 
0016,6 
EISA 
32 
8,33 
0033,3 
VLB 
32 
33 
0132,3 
PCI 
32 
33 
0132,3 
PCI 2.1 64-разрядты 
64 
66 
0528,3 
AGP (1x) 
32 
66 
0262,6 
AGP (2x) 
32 
66 x 2 
0528,3 
AGP (4x) 
32 
66 x 2 
1056,6 
 
 
41 


олар  РСІ  шинасы  мен  басқа  типтегі  шиналар  арасында  өзара 
байланысты  жүзеге  асырады.  PCI  шинасында  Bus  Mastering  принципі 
орындалған,  ол  сыртқы  құрылғының  деректерді  тасымалдау  кезінде 
шинаны  басқаруын  (CPU  қатысуынсыз)  түсіндіреді.  Ақпаратты 
тасымалдау  кезінде  Bus  Mastering  қолдайтын  құрылғы  шинаны 
қамтиды  жəне  басты  болады.  Бұл  жағдайда  орталық  процессор 
деректерді  тасымалдау  жүріп  жатқанда  басқа  тапсырмаларды  шешу 
үшін  босайды.  Аналық  тақталарда  РСІ  шинасының  тактілік  жиілігі 
жүйелік  шинаның  тактілік  жиілігінің  жартысы  есебінде  есептеледі, 
яғни жүйелік шинаның 66 МГц тактілік жиілігі кезінде РСІ шинасы 33 
МГц  жиілікте  жұмыс  істейтін  болады.  PCI  шинасы  енгізу-шығару 
шиналары  арасында  нақты  стандарт  болып  қалды.  2.8  суретте  РСІ 
шинасының архитектурасы көрсетілген. 
PCI Express өзінің кодтық атауын алды 3GIO (ағылшын тілінен 3-d 
Generation  I/O)  —  РСІ  шинасы  бағдарламалық  үлгісінің  негізінде 
өнімділік  физикалық  хаттамасымен  қамтамасыз  етілетін  деректерді 
тізбекті  тасымалдауын  қолданатын  компьютерлік  шина.  Өнімділікті 
арттыруға  тырысқан  кезде  деректерді  параллель  пайдалану  оның 
физикалық  кеңейтуін  білдіретіндігіне  байланысты  деректерді  тізбекті 
тасымалдау  масштабтау  (1х,  2х,  4х,  8х,  16х  жəне  32х)  қабілетіне  ие, 
яғни ол жасап шығару кезінде біршама басымырақ. 
AGP  шинасы  —  тек  видеожүйе  қажеттіліктеріне  арналған 
тезəрекетті  жергілікті  енгізу-шығару  шинасы.  Ол  видеоадаптерді  (3D- 
акселератор)  ДК  жүйелік  жадысымен  байланыстырады.  AGP  шинасы 
РСІ  шинасы  архитектурасының  негізінде  жасап  шығарылған, 
сондықтан  ол  32-разрядты  болып  табылады.  Бірақ  жоғары  тактілік 
жиіліктерді  пайдалану  есебінен  оның  өткізгіштік  қабілеттерін 
арттырудың  қосымша  мүмкіндіктері  бар.  Егер  PCI  теориялық 
өткізгіштік  қабілетін  қамтамасыз  ететін  33х32  =  1  056  Мбит/с  =  132 
Мбайт/с  стандарт  нұсқада  PCI  32-разрядты  шинасы  33  МГц  тактілік 
жиілікке  ие  болса,  онда  AGP  шинасы  66  МГц  сигналмен  тактіленеді, 
сондықтан оның өткізгіштік қабілеті 1x режимде 66х32 = 264 Мбайт/с; 
2x  режимде  эквиваленттік  тактілік  жиілік  132  Мгц,  ал  өткізгіштік 
қабілет  —  528  Мбайт/с;  4x  режимде  –  өткізгіштік  қабілет  шамамен  1 
Гбайт/с құрайды. 
USB  шинасы  перифериялық  құрылғыларды  ДК  корпусынан  тыс 
жалғау  үшін  Compaq,  DEC,  IBM,  Intel,  Microsoft  компьютерлік  жəне 
телекоммуникациялық өнеркəсіп көшбасшыларымен жасалған. 
USB 
техникалық 
сипаттамалары 
алмасудың 
əр 
түрлі 
жылдамдықтары бар құрылғылардың қосылу мүмкіндігін жобалайды. 
 
 
 
42 


жүктеу 7,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау