№29 (10633) 21 шілде 2017 жыл Жаңа тағайындау



жүктеу 11,8 Mb.
Pdf просмотр
бет1/10
Дата14.11.2018
өлшемі11,8 Mb.
#20156
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


Астанада атой 

салғандар



№29 (10633)

21 шілде  2017 жыл

Жаңа тағайындау

Х

алық  қалаулылары  бүгінгі  таңда  аудан  көлемінде  жүріп  жатырған 

қарқынды  құрылыстардың  бірқатарын  аралады.  Алдымен,  олар 

Подстепный  ауылындағы  300  адамға  арналып  салынып  жатырған 

Мәдениет үйінде болды. Құрылыс жұмыстары өте жақсы деңгейде. 

Құрылыстың  70 пайызы орындалған. Жергілікті халықты жұмыспен қамту жағы 

да ұмыт қалмапты. 

Одан кейін депутаттар Новопавлов ауылына ат басын бұрып, аудандағы ірі 

қожалық -  «Мәдиев»  шаруашылығына тоқтады. Қожалық басшысы Сәлімбай 

Мәдиев ауданда, соның ішінде Новопавлов ауылында халық үшін игілікті жұмыстар 

жасалып жатырғанын ерекше атап өтті. Игілікті жұмыс демекші, аталмыш ауыл 

тұрғындарының биыл таза ауыз суға қолдары жетеді. Новопавлов ауылындағы 

су құбырының құрылысы  қазіргі таңда қарқын алып тұр. Келісім-шарттың жалпы 

құны    -  201  млн.  248  мың  теңге,  мердігер  –  «KazConstructionGroup»  ЖШС-і. 

Құрылыс алаңында 24 адам жұмыс жасап жатыр, оның тең жартысы - жергілікті 

халық. Сенат депутаттары жұмысшылармен тілдесіп, хәл-жай сұрасты.

Ауданға  келген  депутаттардың  жұмыс  күні  Ақсуат  ауылында  түйінделді. 

Естеріңізде болса, ауылда су жүргізу жұмыстары жүріп жатырғандығын айтқан 

едік.    Бюджеттен  144  млн.  480  мың  теңге  қаралып,  «Аяла»  ЖШС-гі  мердігер 

боп танылып, қарашаға дейін жұмысты аяқтауды жоспарлап та  қойған. Құбыр 

құрылысында еңбектеніп жатырған 14 адамның 4-еуі жергілікті тұрғындар екен. 

Ол жөнінде Ақсуат ауылдық округінің әкімі Любовь Искалиева мәлімдеді. 

-Ауданда жүзеге асып жатырған жақсылықтарды естумен қатар, көріп, көңіл 

көншіп тұр. Аудан орталығынан бөлек ауылдардың жағдайы жақсы екен. Бірқатар 

елді мекендер таза ауыз сумен қамтылмақ. Мәдени ошақтар бой көтеруде. Жол 

Өңір

Жүйелі Жұмысқа берілген оң баға



Апта  басында  ауданға  жұмыс  сапарымен  ҚР  Парламенті 

Сенатының  депутаттары  Ерболат  Мұқаев  пен  Нариман 

Төреғалиев  келді.  Оларды  аудан  әкімі  Кәрім  Жақыпов  және 

аудандық  мәслихат  хатшысы  Әлжан  Нұрғалиев  қарсылап, 

Теректінің бүгінгі тынысымен таныстырды.

мәселесі  шешіліп  жатыр.  Яғни,  қарапайым  халық  қиналмай  өмір  сүруге  барлық  жағдай 

бар. Бұл Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көреген саясатының жемісі деп білу керек. Бастысы, 

елімізде тыныштық. Әлем Тәуелсіз Қазақстанға қызыға көз тастап отыр,-деді өз сөзінде 

Сенат депутаты Ерболат Рахметұлы.

Әділет ОРЫНБАСАРҰЛЫ

Сәрсенова  Гүлмира  Бауыржанқызы 

1987  жылы  17  мамырда  дүниеге  келген. 

Екі  жоғары  білімді,  2008  жылы  Батыс 

Қазақстан «Еуразия» тілдер және басқару 

институтын «қаржы», 2011 жылы  Батыс 

Қазақстан 

инженерлік-гуманитарлық   

университетін    «құқықтану»  маман-

дықтары бойынша тәмәмдаған.

Еңбек  жолын  2009  жылы  Теректі 

ауданының қаржы бөлімінің бас маманы 

ретінде бастаған. 

2010-2012 

жылдары 

Теректі 


ауданының  білім  беру  бөлімінің  бас 

экономисті болып қызмет атқарды.

2012-2015 

жылдары 


Теректі 

ауданының  экономика  және  қаржы 

бөлімінің  бас  маманы  қызметін,  2015 

жылдың 


қаңтар 

айынан 


Теректі 

ауданының экономика және қаржы бөлімі 

басшысының  орынбасары  қызметін 

атқарды.


Елордамызда  «ЭКСПО-

2017» халықаралық көрме-

сі шеңберінде самбодан ҚР 

Президентінің жүлдесі үшін 

әлем кубогі кезеңі өтті.

Аталмыш 


додада 

теректілік 

палуандар 

облыс  намысын  қорғап, 

абыройымызды  арттырды. 

Тарқатсақ, әскери самбодан 

62  кг  салмақ  дәрежесінде 

Қазбек Сұпығалиев ешкімге 

дес бермей, чемпион атанды. 

82  кг  салмақ  дәрежесінде 

тағы  бір  жерлесіміз  -   

Темірлан 

Ихсанғалиевке 

тең  келер  палуан  болмады. 

Осылайша,  қос  теректілік 

алтыннан алқа тағып, жеңіс 

шыңын бағындырды.

Батысқазақстандықтардың  жеңісті  жолы  түгесілмеді.    Самбодан  57  кг 

салмақта Сырым Мейірманов финалға дейін жақсы күресіп, соңғы бәсекеде 

әлем  чемпионы  Бейімбет  Қанжановқа  ғана  есе  жіберді.  Болашағынан  зор 

үміт  күттірер  Нұрбол  Серіков  68  кг  салмақта  күміспен  күптелсе,    Бағдат 

Жарылғасов қолаға қол жеткізді. Оған қоса Болатбек Райымқұлов (52 кг) пен 

Темірлан Көлбай (100 кг) қола жүлдеге ие болған екен.

Әділет ЗЕРЕ

Іске сәт, жас басшы!



Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті 

мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, аудан 

әкімінің  өкімімен  Сәрсенова  Гүлмира  Бауыржанқызы  Теректі  ауданының 

экономика және қаржы бөлімі басшысының лауазымына тағайындалды.

Әп, бәрекелді!


Маңызды жиын 

өткізілді



 №29 

21 шілде  2017 жыл

2

Семинар

СООБЩЕНИЕ

Теректинской  районной  (территориальной)  избирательной  комиссии  о  ре-

гистрации кандидатов в акимы Аксуатского, Анкатинского, Акжаикского, Аксо-

гумского,  Богдановского,  Новопавловского,  Подстепновского,  Узункульского, 

Федоровского,  Шагатайского,  Шалкарского,  Приреченского  сельских  округов 

Теректинского района, Западно-Казахстанской области.

В соответствии с «Правилами избрания на должность, прекращения полномочий 

и  освобождения  от  должности  акимов  городов  районного  значения,  сельских  окру-

гов, поселков и сел Республики Казахстан, не входящих в состав сельского округа», 

утвержденными  Указом  Президента  Республики  Казахстан  от  24  апреля  2013  года 

№555, Теректинская районная (территориальная) избирательная комиссия доводит 

до сведения жителей района, что кандидатами в акимы Аксуатского, Анкатинского, 

Акжаикского, Аксогумского, Богдановского, Новопавловского, Подстепновского, Узун-

кульского, Федоровского, Шагатайского, Шалкарского, Приреченского сельских окру-

гов 20 июля 2017 года зарегистрированы следующие лица:



А

қжайық 


ауылында 

оздырылған  «Әйел  және 

дін»  тақырыбындағы  жиын 

Елбасы 


Жолдауында 

айтылған  міндетке  сай  өткізілген    шара. 

Бұл істі қолға алушы аудандық ішкі сая-

сат бөлімінің басшысы Жанаргүл Хусай-

ынова бастаған топ құрамында аудандық 

жастармен  жұмыс  жөніндегі  ресурстық 

орталығының 

теологтары 

Бағдат 

Адайхан  мен  Айнұр  Елубаева  болды. 



Ұйымдастырушылардың 

қатарында 

«Әйел.Қоғам.Болашақ» 

қоғамдық 

бірлестігінің де бар екендігін айта кеткен 

жөн.


Сонымен  қатар,  жиынға  Ақжайық 

ауылдық мешітінің имамы Ерік Бөкенбаев, 

аудандық мәслихат депутаты Шолпан Ка-

кижанова,  Ақжайық  ауылдық  округі  әкімі 

аппаратының  маманы  Қырмызы  Базар-

баева қатысты.

Жиында  Ақжайық  ЖОББМ  мұғалімі 

Алмагүл  Өткелбаева  және  мектеп  мед-

бикесі  Гүлшат  Арыстанғалиева  баянда-

ма  жасады.  Шара  тақырыбына  сәйкес 

мәселелер,  дәстүрлі  дін  тазалағы, 

отбасындағы  өскелең ұрпақ тәрбиесінде 

дұрыс  бағыт  ұстану,  діни  тұрғыдағы 

кеңестерді  арнайы  білімі  бар  мамандар 

мен  мешіт  имамынан  алу,  тағы  басқа 

маңызды  мәселелер  жиын  аясында  ай-

тылды.

М.ҚУАНдыҚОв,

Ақжайық ауылы

Елбасы    Н.Ә.Назарбаев  халыққа  Жолдауында  “...Өскелең 

ұрпақты  рухани-адамгершілік  рухында  тәрбиелеу  үшін  қосымша 

қадамдар жасау керек”,-дей келіп, - бұл іске мемлекеттік емес сек-

торды  және  діни  бірлестіктерді  белсенді  түрде  тарту  қажеттілігін 

атап көрсеткен болатын.

О

сы бағытта жұмыс жасайтын 

аудан  әкімдігі  жанындағы 

кәмелетке  толмағандардың 

істері 

және 


олардың 

құқықтарын  қорғау  комиссиясы  құрамына  

мүдделі  органдар  өкілдері  –  білім  беру 

бөлімі,  денсаулық  сақтау  қызметі,  ішкі 

істер  бөлімі,  соның  ішінде  кәмелетке 

толмағандар ісі жөніндегі инспектор – ен-

гізілген.

Аудан  әкімінің  орынбасары  Ал-

тай 

Тоқжановтың 



басшылығымен  

жұмыс      жасайтын  комиссия  отыры-

сында  жиі  қаралатын  мәселелердің  бірі 

–    балаларының  бар  екендігін  ұмытып, 

өз  бастарын  күйттеп  кеткен,  өз  міндетін 

өзгелердің мойынына арта салған «көкек»  

ата-аналардың  тірі жетімдерінің  құқықтары 

мен мүдделерін қорғау. 

Сан түрінде сипаттасақ, аудан бойынша 

жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз 

қалған  62  бала  қорғаншылық  және 

патронаттық  тәрбиеде.  Оның  ішінде  36 

өспірім  ата-анасынан  тұл  жетім.    Ал    36-

сының  ата-аналары  бар,  яғни,  «қолдан 

жасалған»  жетімдер.  Ай  мен  күннің  ама-

нында  жүрер  жолынан  адасқан  ішкіш 

әке мен ана жәутеңдеп өзіне қараған ба-

лапанын  «ащы  суға»  айырбастап  кетуі 

тоқталмай тұр.  Соңғы үш жыл көрсеткішін 

қарасақ,    2015  жылы  -  6,  2016  жылы  -  3, 

2017  жылдың  6  айында  4  бала  комиссия 

шешімімен  туысқандарының  қамқор-

лығына  берілген.  Себеп  –  өз  міндетін 

атқармайтын ата-ана.  Сөйтіп, «әлеуметтік 

жетімдер»  қатары  нақ  үзілмей  тұрғаны 

жанға батады. Бұл жерде шарасыз қарап 

отырған  жоқпыз.  Балаға  қолайсыз  отба-

сыларды  анықтап,  ата-анаға  ескерту  бе-

реміз. Қадағалап отырамыз. Тек, өкінішке 

орай, бұл шаралар кейде нәтиже бермей 

жатады.  Содан,    еш    өзгеріс-ұмтылысы 

жоқ    ата-аналардың  балаларын  амалсыз 

үкіметтің қамқорлығына алуға тура келеді. 

Біз үшін осындай әр жағдай ауыр.  2015 

жылы Донецк ауылынан  төрт  бірдей ба-

ласын  тастай  қашқан  ана  әлі  күнге  бір 

хабарын  бермейді.  Шүпірлеген  балалары  

көздері жаутаңдап,  балалар үйінде анала-

рын әлі күтіп жүр. Не деген қатыгездік!

Оның  үстіне,  бірен-саран  отбасылық 

зорлық-зомбылық  жағдайлары  да  бо-

лып тұр. Сондайда,  аудандық білім беру 

бөлімінің 871132-21109 сенім телефонына 

қоңырау  шалыңыз.  Бала  өміріне  салғырт 

қарамаңыз. Сіздің әлеуметтік белсенділігіңіз 

қоғамда  отбасы  тәрбиесін  жетілдіру    мен 

жетім балалар санын азайтуға,тұрмыстағы 

зорлық-зомбылықтың алдын алуға сеп бо-

лары сөзсіз. 

Б.дЖУМАгАЗИЕвА, 

аудандық кәмелетке 

толмағандардың істері 

және олардың құқықтарын қорғау 

комиссиясын мүшесі, аудандық 

білім беру бөлімінің бас маманы

Қоғам

АдАмның бір 

қызығы бАлА деген

Бүгінгі  бала  ертеңгі  ел  азаматы.  Балаларды  қамқорлау  және  өсіп-

тәрбиелену  ортасының  қолайлы  болуы,  отбасы  институтының  іргесін  

нықтау жайы Елбасының жыл сайынғы Жолдауында айтылып жүр. 

Жергілікті  атқарушы  органдардың 

ашықтығын  қамтамасыз  етіп,  билік  пен 

халық  арасындағы  қарым-қатынастарды 

«Ашық әкімдік» 

қолдАуғА ие



долин  ауылында  «Ашық  әкім-

дік»  ашық  есік  күні  өткізілді. 

Оған  аудан  әкімі  Кәрім  Жақыпов, 

аудандық мәслихат хатшысы Әлжан 

Нұрғалиев  және  бөлім  басшылары 

қатысты.

нығайту мақсатында өткен шараға долин-

діктер  белсене  қатысты.  Айта  кету  керек, 

«Ашық  әкімдік»  аясында  ауданымыздың  

біраз  тұрғыны  көкейінде  жүрген  түйткілді 

мәселелерін  шешуге  мүмкіндік  алады. 

Әр  сала  бойынша  бөлім  басшылары 

тұрғындарды  қабылдап,  өтініштеріне  сол 

жерде  жауап  береді.  Долин  ауылының 

тұрғындарын  жиі  мазалайтын  мәселе  

–  көгілдір  отынның  жоқтығы.  Аудан  бас-

шысы  Кәрім  Кәрімоллаұлы    газ  жүргізу 

үшін  жасақталатын  құжаттардың  дайын 

екендігін,  2018  жылы  ауылға  көгілдір 

отынның  келетінін  тұрғындарға  жеткізді. 

Жер мәселесі, жұмыссыздық, үлкен ауыл-

да  дәріхананың  болмауы  секілді  өзекті 

жайттарды  көтерген  долиндіктерге  нақты 

жауаптар берілді.

Осындай  кездесулер жиі болуын сұра-

ған  халық  шараны  ұйымдастырушыларға 

риза екендіктерін жеткізді. 



Әділет ОРыНБАСАРҰЛы

(Жалғасы 3-бетте)

Теректі аудандық (аумақтық) сайлау комиссиясының

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Ақсуат, Аңқаты, 

Ақжайық, Ақсоғым, Богданов, Новопавлов, Подстепный

Ұзынкөл, Федоров, Шағатай, Шалқар, Приречный селолық 

округтерінің әкімдерінің кандидаттарына тіркеу туралы

ХАБАРЛАМА

2013    жылғы    24  сәуірдегі  №555  Қазақстан  Респубиликасы  Президентінің 

Жарлығымен  бекітілген «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары,  

ауылдық  округтері,  ауылдық  округтің  құрамына  кірмейтін    кенттері  мен  ауылдары 

әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату Қағидаларына» 

сәйкес  Теректі  аудандық  (аумақтық)  сайлау  комиссиясы  аудан  тұрғындарына  2017 

жылдың  20  шілдесінде  Ақсуат,  Аңқаты,  Ақжайық,  Ақсоғым,  Богданов,  Новопавлов, 

Подстепный, Ұзынкөл, Федоров, Шағатай, Шалқар, Приречный селолық округтерінің 

әкімдерінің кандидаттарына келесі тұлғалар тіркелгенін мәлімдейді:



жүктеу 11,8 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау