Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



жүктеу 4,34 Mb.
Pdf просмотр
бет6/83
Дата14.11.2018
өлшемі4,34 Mb.
#19923
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83

15
ортақ зият факторының бар екендігі туралы пікірді берік ұстанатын тұрақты дәстүрлер осы 
күнге дейін сақталып отыр. Алайда Говард Гарднер (2006) зияткерліктің өзара байланысын 
тап басып көрсету мүмкін емес деп, ондай дәлелдемелердің басым бөлігін жоққа шығарады.
Гарднер субъектілер көп қырлы зиятқа ие деп есептеген. Сол арқылы ол зиятты өлшенетін 
және  зияткерлік  коэффициентіне  (IQ)  қосылатын  бірыңғай  және  жалпы  қабілет  ретінде 
қарастырмай, керісінше, лингвистикалық, математикалық, музыкалық, кинестетикалық және 
тұлғааралық қабілеттер мен кеңістікте бейімделу қабілеті сияқты өзара әлсіз қарым-қатынаста 
болатын көптеген зияткерлік қырлары бар екенін мойындауымыз керек деп қорытады.
Говард  Гарднердің  жұмысына  айтылған  жалпы  сын  оның  теорияларының  басым  бөлігі 
эмпиристік зерттеулер аясындағы кешенді және толық негіздемелерге емес, өзінің жеке ин-
туициясы  мен  пайымдауларына  негізделген  дегенге  келіп  саяды.  Қазіргі  уақытта  зияттың 
қырларын  анықтауға  және  өлшеуге  арнап  әзірленген  нақты  кешенді  тестілер  жоқ.  Оның 
үстіне,  Гарднер  ен-таңба  жапсырып,  жалпы  қорытынды  жасауға  апарып  соғады  ма  деп 
секемденгендіктен,  тестілеу  әдісіне  ден  қоймаған.  Мидың  жұмыс  істеуі  жөніндегі  зияттың 
қырлары тұжырымдамасын қолдайтын зерттеулер, тұтастай алғанда, әлі де жалғасып жатыр, 
бірақ олар Говард Гарднер теориясының ерекшелігін қолдай бермейді.
Зиятқа қатысты соңғы зерттеулер, атап айтқанда, Роберт Стернберг ұсынған «үштік мо-
дель»  теориясы  Гарднердің  зияттың  стандартты  теориясына  сенімсіздігі  туралы  ойлары-
мен  ұштасып  жатты.  Алайда,  Гарднерге  қарағанда,  Стернберг  адам  санасында  өңделетін 
нақты  материалға  аса  мән  бермейді.  Оның  орнына  ол  зияттың  компоненттік,  эмпиристік 
және  мәнмәтіндік  аспектілеріне  назар  аударады.  Стернбергтің  айтуы  бойынша,  адами  зият 
–  бұл  «жеке  тұлғаның  өміріне  қатысты  шынайы  ортаны  бейімдеуге,  іріктеуге  және  құруға 
бағытталған ой әрекеті» (Sternberg, 2007), яғни зият жеке тұлғаның өз өміріндегі қоршаған 
орта өзгерістерін қалай жеңе алатынын көрсетеді.
Табиғат немесе тәрбие
«Табиғат тәрбиеге қарсы» деген тезис физикалық немесе мінез-құлық сипаттамаларының 
жеке ерекшеліктерін белгілеуде немесе анықтауда «тәрбие» деп белгіленетін жеке тәжірибеге 
қатысты  жеке  тұлғаның  туа  біткен  қасиеттерінің,  яғни  «табиғаттың»  маңыздылығы  туралы 
мәселеге қатысты бой көтеріп отыр.
Тарихи тұрғыдан «тәрбие» ұғымы ата-аналардың балаларына қамқорлық көрсетуі ретінде 
белгіленгеніне, әрі мұнда анаға ерекше рөл берілетіне қарамастан, қазіргі заманғы «табиғат 
тәрбиеге қарсы» дауында кейбір зерттеушілер бұл терминді қоршаған орта факторы ретінде 
(генетикалық емес) қарастырады. Осылайша, құрсақтағы және туылғаннан кейінгі, ата-ана-
лар,  туған-туысқандар  және  құрбы-құрдастардың  тәжірибесі,  сондай-ақ  бұқаралық  ақпарат 
құралдары,  нарықтық  жағдай  және  әлеуметтік-экономикалық  мәртебе  сияқты  себептердің 
дамуға ықпалын негізге ала отырып, «тәрбие» ұғымы қайта қарастырылды.
Табиғат пен тәрбие арасындағы дау – бүгінгі замандағы ең өткір ғылыми пікірталастардың 
бірі  болып  отыр.  Соған  қарамастан  осы  таласқа  тартылған  барлық  топтар  адамның  жеке 
тұлғаның генетикалық ортасы мен оның тікелей әлеуметтік және физикалық қоршаған орта-
сы арасындағы өзара қарым-қатынас өнімі болып табылатындығын мойындайды. Жүргізіліп 
жатқан  соңғы  зерттеулерге  сәйкес,  ген  адамның  мінез-құлқына  әсер  етеді,  ал  адамның 
мінез-құлқы  генге  әсерін  тигізетіні  анықталған.  Ридли  (2004)  ген  біздің  мінез-құлқымызды 
бақыламайды, алайда біздің тәжірибеміздің әсерінен өзгеріп отырады деп пайымдайды. Ол 
инстинкт білім алуға қарама-қарсы қоюға болатын құбылыс емес және де генетикалық әсерге 
қарағанда, қоршаған ортаның ықпалын қайтару ауыр екенін айтқан.
Өзінің «Тәрбие болжамдары» (The Nurture Assumption) деген кітабында Джудит Харрис 
әдетте «отбасылық тәрбие» деп түсінілетін «тәрбие» ұғымы бұл сөздің өз мағынасын толық 
бермейтіндігін айтады, себебі Америка Құрама Штаттарының тұрғындары өздерінің әлеуметтік 
және басқа да жағдайларына қарай оны әрқалай түсінеді. Керісінше, Харрис отбасы әсеріне 


16
қарағанда, отбасы тәрбиесіне қатысы жоқ құрбы-құрдастар тобы немесе қоршаған ортаның 
кездейсоқ факторларының ықпалы күштірек екенін тілге тиек етеді. Осылайша, отбасының 
тәрбиесі қалыс қалған кезде мектеп тәжірибесі жастардың «тәрбиесінен» елеулі орын алуы 
мүмкін.
Зият жалғыз да тұрақты ішкі қасиет емес, керісінше ол қоршаған орта ықпалына 
бейім түрлі компоненттерден тұрады деген болжам жасауға болады.
Жадыны түсінудегі соңғы жетістіктер
Нейровизуалдандырудың қазіргі заманғы әдістемелері қысқа мерзiмдi жадыда ақпаратты 
ұйымдастыру  және  рефлексиялық  ойлаудың  динамикалық  үдерісінің  басым  бөлігі  маңдай 
бөліктерінде өтетіндігін дәлелдейді (3–4-сурет).
fMRI функционалдық 
магнитрезонанстық 
томография
PET – позитронды-эмиссиялық 
томография 
ERP – мидың түрткі салынған 
әлеуеті
Нақты тапсырманы 
орындау кезінде ми 
қызметінің орналасуын 
көруге мүмкіндік береді.
Радиоактивтi изотоптарды 
енгізгеннен кейін мидың әртүрлi 
бөлiктерiндегі қан ағысы өлшенедi. 
Қан ағысы қарқынды болған сайын 
белсенділік арта береді.
Мидағы электр белсенділікті, 
сондай-ақ белгіленген стимулдарға 
қатысты электр реакциясының 
жылдамдығын және амплитудасын 
өлшейді.
3-сурет. Нейровизуалдандыру әдістемелері
Маңдай бөліктері мидың басқа бөліктерімен жүйке талшықтары арқылы байланыстырылған, 
олар:
•  визуалды  бейнелерді  қабылдау  мен  жадыда  сақтауға  жауап  беретін  мидың  артқы 
бөлімінің желке тұсындағы бөлігі;
•  ауызша және тұжырымдамалық бiлiмдердің сақталуына жауап беретін самай бөліктері;
•  қол және дене рецепторлары орналасқан маңдай бөлігінің артындағы мидың жоғарғы 
бөлiгiндегi соматосенсор аймағы.
Сонымен бiрге тыңдап қабылдау объектілерi сақталатын маңдай бөліктерімен өзара байла-
нысты ми қыртысының өзге де бөліктері бар.


жүктеу 4,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау