Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



жүктеу 4,34 Mb.
Pdf просмотр
бет8/83
Дата14.11.2018
өлшемі4,34 Mb.
#19923
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   83

19
топқа мәтiндi жаттап алу тапсырылды. Зерттеушiлер мәтінді нақты сұрақтар арқылы 
қарастыру материалды есте сақтау мен оны басқаға айтып беруді жақсартатынын атап 
көрсетті.
Нақтылайтын өңдеу, шынында да, есте сақтаудың пәрменді әдiсі болып табылатындығы 
соншалық, ол үшін Сіз нақтыланған ақпаратты есте сақтағыңыз келе ме, жоқ па, бәрібір 
сияқты. Зерттеушiлер қатысушылардан екі тапсырманы орындауды: сөзде нақты бір әрiп 
бар екендігін тексеруді немесе сөз мағынасына мән беруді өтінді: Қатысушылардың жар-
тысы эксперимент мақсаты тапсырманы жай ғана орындау деп ойлады, ал басқа бөлігіне 
олардың есте сақтау қабілеттері тестіленетіндігі айтылды. Зерттеу нәтижесі адамдар 
мәтінді жаттағысы келе ме, жоқ па, мүлде маңызды еместігін, олардың ақпаратты қалай 
өңдейтіні маңызды екендігін көрсетті.
Мнемоника
Кез келген кiтап дүкеніне барсаңыз, есте сақтауды жақсарту үшін мнемониканы пайдала-
нып өз-өзін жетілдіру жайында жазылған көптеген кітаптарды көре аласыз. Loci әдісі (орын 
әдісі) – есте сақтағыңыз келетін ақпаратты танымал жерлермен байланыстырып елестетуге 
негізделген ең белгілі мнемоникалық әдіс. Осылайша, Сiз өз үйiңiздің бөлмелерінде жүрiп, 
әртүрлi сөздер тiзiмiн бөлменiң ерекше белгiсiмен байланыстырып еске сақтауға тырысыңыз. 
Мысалы,  «алма»  деген  сөзді  айтқанда  Сiз  қонақ  бөлмеде  диванда  домалап  жатқан  алманы 
елестете аласыз. Үйіңіздің барлық бөлмелерін қайтадан «аралап шығып», сөздердің барлық 
тізімін есіңізге түсіре аласыз. Loci әдiсін қолданушы адамдар зерттеуге берілген 50 сөздiң 90 
пайызынан астамын бір рет оқып шыққаннан кейін есте сақтауға болатынын көрсеттi.
Америкалық жазушы және есте сақтау бойынша чемпион атанған Джошуа Фоер өзінің 
«Эйнштейнмен Айда серуендеу» кітабында Loci әдісінің анағұрлым айқын жолын ойын карта-
ларын есте сақтау үшін қалай пайдаланғанын суреттейді. Мысалы, «Кіреберісте мен «шошқаны 
сойып» отырған құрбым Лизді көрдім…» (қарға екі, кірпіш екі, қарға үш – осы үш карта бірге 
түссе, «шошқа» деп аталады). Бірнеше затты белгілі бір орынмен байланыстыруға мүмкіндік 
беретін Фоер әдісі оған 2006 жылы өткен АҚШ чемпионатында есте сақтау бойынша рекорд 
орнатуға көмектесті, мұнда ол 52 картаны 1 минут 40 секундтың ішінде есте сақтады.
Loci сияқты әдiстерді біз кездесулерді, туған күндерді, маңызды тапсырмаларды және соған 
ұқсас  мәселелерді  оңай  есте  қалдыру  үшін  қолданамыз.  Фоер  мысалында  көрсетілгендей, 
мнемониканың  маңызы  өте  жарқын  визуалды  образдарды  құру  болып  табылады.  Сіз 
нақтылайтын  бөлшектерді  анағұрлым  көбірек  қолданған  сайын  және  әрекетіңіз  мейлінше 
қисынсыз  және  креативті  болған  сайын,  Сіздің  табысқа  жету  жолындағы  мүмкіндігіңіз  де 
ұлғая түседі.
Алып шығу тәжірибесі
Тәжiрибе  көрсетіп  отырғандай,  білетін  ақпаратыңызды  бірнеше  қайтара  тексеру  есте 
сақтаудың  сапасын  едәуір  жақсартады.  Жады  мәселесіндегі  ұлы  зерттеуші  Эндель  Тул-
винг «алып шығу тәжірибесі» деп аталатын тәсілдің артықшылықтары туралы білгендердің 
алғашқыларына жатады. Бірқатар эксперименттерге қатысушылар үш жағдайда сөздер тізімін 
жаттады: стандартты (жаттау, тест, жаттау, тест), қайта жаттау (жаттау, жаттау, жаттау, тест) және 
қайта тестілеу (жаттау, тест, тест, тест). Қайта жаттау тобына қайта тестілеу тобына қарағанда 
сөздермен жұмыс істеуге үш есе көп уақыт берілді. Егер үйрену тек қана жаттау үдерісінде 
болса, онда олар сөздерді жақсы есте сақтайды деп күтіледі. Бiрақ Тулвинг таңдалынған жат-
тау тәсіліне қарамастан, барлық топтардың нәтижелері бірдей екендігін байқады. Десек те, 
нақтылап оқу стратегиясы қолданылса да, қайта оқуға қарағанда қайта тестілеу жақсы нәтиже 
беруі мүмкін.
Күнделікті  сабақтарда  тестілерді  пайдалану  үшін  ғалымдар  тестілеудің  маңызын  атап 
көрсетуге  ұмтылған.  Америкалық  психологтар  Джефф  Карпике  және  Роди  Редигер  шетел 
тілдерін оқудың ең тиімді тәсілін зерттеген. Олар оқу барысындағы қайта тестілеу бір апта-


20
дан кейін өткізілген емтиханда лексиканы 80%-ға дейін есте сақтауға және оны қайталап ай-
тып беруге алып келгендігін, ал тілді оқу жөніндегі нұсқаулықтарда пайдаланылатын дәстүрлі 
стратегиялар  есте  сақтаудың  30%-ға  төмендеуін  көрсеткендігін  анықтады.  Зерттеушілер 
қатысушылардан өздерінің жетістіктерін болжауды сұраған кезде, соңғылар бұл әдіс оларға 
соншалықты басымдық береді деп ойламаған.
Аталған факті студенттердің емтиханға даярланатын кезінде өзін-өзі тексеруді сирек 
қолданатынын көрсеткен өзге зерттеулермен сәйкес келедi. Өзін-өзі тексеру пайдаланылған 
жағдайда  көбінесе  ол  материалдың  ұзақ  уақытқа  сақталуын  жетілдіру  үшін  емес,  білім 
көлемін  бағалау  үшін  қолданылады.  Мүмкін,  қайта  тексеруге  қарағанда  қайта  оқуға 
қойылатын талаптар жеңіл болуы екінші әдістің жиі таңдалуына себеп болатын шығар. 
Алайда,  зерттеу  нәтижелері  білім  беру  барысында  қайтадан  «алып  шығу»  тәжiрибесі 
арқылы  оқыту  тәрізді  белсендi  әдістерге  негіздей  оқыту  толымды  нәтиже  беретіндігін 
көрсетіп отыр (Simons, 2012).
Түйіндеме. Білім берумен тығыз байланысты салаларда танымдық нейроғылым қарқынды 
дамуда.  Алайда,  қазіргі  заманғы  ғылым  мен  оны  сабақта  тікелей  қолдану  арасында  іргесі 
ажыраған «құз-шыңырау» бар. Көптеген ғалымдар бұл аралықтағы бос кеңістікті жою әлі ерте 
деп дау тудыруы мүмкін. Бұған қарамастан Кембридж университетінің Госвами және Саймонс 
сияқты зерттеушілері «құз жиектерін жалғастыратын көпір тұрғызу» үшін әрекет етуде.
Оқудың ынталандырушы және аффекттік теориялары
Өткен ғасырдың 70–80-жылдарында оқу туралы көптеген теориялық зерттеулер гуманистік 
психологияға  негізделген  болатын,  әрі  адамның  өсу  әлеуетін  «мен»  тұжырымдамасына 
баса назар аудара отырып қарастырған. Түсінуді дамытуда жеке еркіндік, таңдау, ынта және 
сезімдердің мәні де зор екендігі туралы пікір осыған түрткі болған факторлардың бірі болып 
танылды.  Ынтаның  иерархиялық  моделін  әзірлеген  танымал  ғалым  Авраам  Маслоу  болды 
(1968). Төменгі деңгейге ол физиологиялық қажеттіліктерді орналастырса, жоғары деңгейге – 
өзін-өзі көрсете, таныта білуді қойды (5-сурет). 
Маслоудің қажеттіліктер иерархиясы
(5 сатылы түпнұсқалық үлгі)
Өз-өзін таныта білу
тұлғалық өсуі және өзін-өзі іске асыру
Құрмет көрсетілуін қажет ету
жетістік, мәртебе, жауапкершілік, бедел
Сүйіспеншілікке және қарым-қатынасқа деген қажеттілік
отбасы, сезім, байланыс, ұжым және т.б.
Қауіпсіздікке деген қажеттілік
қорғау, тәртіп, заң, шек қою, тұрлаулылық және т.б.
Биологиялық және физиологиялық қажеттіліктер 
Негізгі өмірлік қажеттіліктер: ауа, тамақ, су, баспана, жылу, жыныстық қатынас, ұйқы және т.б.
5-сурет. Маслоудың қажеттіліктер иерархиясы


жүктеу 4,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау