Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Сын тұрғысынан ойлауға үйрету



жүктеу 4,34 Mb.
Pdf просмотр
бет4/83
Дата14.11.2018
өлшемі4,34 Mb.
#19923
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83

10
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету
Сын  тұрғысынан  ойлау  Бағдарламаның  өн  бойында  екі  мағынада  қарастырылады: 
оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сын тұрғысынан ойла-
уын  дамыту.  Бағдарлама  өзара  байланысты  бұл  үдерістердің  екеуін  де  дамытуды  көздейді. 
Оқушыларға  қатысты  сын  тұрғысынан  ойлау  ақпарат  пен  идеяларды  синтездеу  қабілеті, 
ақпарат пен идеяның шынайылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана 
білу қабілеті, өзінің оқуына қатысты таңдау жасау және басқалардың идеяларына күмәнмен 
қарау  қабілеті  ретінде  түсіндіріледі.  Мұғалімдердің  сын  тұрғысынан  ойлауы  өзінің  жұмыс 
тәжірибесін,  жаңа  тәсілдерді  қолдану  және  бағалау  әрекеттерін  сын  тұрғысынан  бағалауды 
қамтиды.
Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау
Оқудың тиімді бағасын және оқыту үшін тиімді бағаны түсіну оқыту мен оқудағы барлық 
жаңа  тәсілдермен  тығыз  байланысты.  Балалар  өздерінің  түсініктерін  құра  алатын  белсенді 
оқушылар болатын болса, онда мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де осы түсініктің мәнін білу 
қажет, өйткені ол оқуда алға қадам басуға және оған қолдау көрсету үшін керек. Соңғы зерттеу 
жұмыстары біздің ұғымымызда қалыптастырушы бағалау үдерісінің едәуір дамуына және оны 
оқыту мен оқуды қолдау үшін пайдалану мүмкіндігіне ықпал етті. Аталған Бағдарлама осы 
еңбектерде айтылған идеяларды, сондай-ақ осы идея негізінде құрылған оқыту мен оқудың 
стратегияларын қарастырады. 
Мұғалімдер мен балалар үшін олардың қай мақсаттарға жеткісі келетінін білу маңызды, 
ал ол мақсатқа жету өлшемдерін түсінуді талап етеді. Сондықтан Бағдарлама сыни бағалау 
тәсілдерін де қарастырады.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
Бұл модуль талантты және дарынды балаларды оқыту тақырыбымен тығыз байланысты, 
себебі екі модуль де оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған сараланған 
оқытуға қатысты болып отыр. Алайда бұл модуль балалар дамуының оқудың қолжетімділігі 
дәрежесін анықтайтын кезеңдеріне қатысты және де «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» 
модулімен өзара байланысты. Мәселен, түрлі жастағы балаларда байқалатын метасана деңгейі, 
балалардың  жас  шамасына  бейімделген  сындарлы  диалогті  ынталандыру  стратегиясы,  әр 
жастағы балалар мүмкіндігіне сай беріледі. Сондай-ақ, аталған модульдің өзге модульдермен, 
мысалы, «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау» модулімен байланысы бар, атап айтқанда 
әртүрлі жаста өзін-өзі бағалау үшін жауапкершілікті зерделеу тұрғысынан. 
Сонымен  қатар  Қазақстанның  жекелеген  ауылдық  өңірлерінде  кездесетін  жас  шама-
сы  әртүрлі  сыныптарда  тиімді  оқыту  және  оқу  стратегияларын  іске  асыру  жолдары  да 
қарастырылатын болады.
Талантты және дарынды балаларды оқыту
Қазақстанның  көркеюі  үшін  оқушылардың  таланты  мен  қабілетін  ашып,  оларды  оқыту 
барысында дамыту өте маңызды. Қазіргі уақытта білім беру саласында жоғары жетістіктерді 
анықтайтын  және  ынталандыратын  бірқатар  өңірлік,  ұлттық,  халықаралық  сайыстар  мен 
бағдарламалар  жүргізіледі.  Алайда  мұндай  сайыстық  құрылымдар  талант  пен  қабілетті 
өрістетудің, барлық балалар әлеуетін дамытудың жалғыз тәсілі болып табылмайтыны туралы 
пікірлер баршылық. Осы Бағдарламаның аясында талантты және дарынды балаларды оқытуды 
дамыту үшін анағұрлым инклюзивті тәсіл пайдаланылатын болады. 


11
Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде 
осындай  балаларды  анықтау  туралы  ой-пікірлер  мен  зерттеулер  жатыр.  Аталған  тақырып 
оқушылардың қажеттіліктерін түсінуге қатысты ой-пікірлерді, барлық оқушыларды кеңінен 
оқытуға  ықпал  ететін  оқу  бағдарламаларын  кеңейту  және  барлық  оқушылардың  осындай 
қажеттіліктерін  қанағаттандыратын  оқыту  мен  оқудың  сараланған  стратегияларын  таңдау 
жөніндегі идеяларды қамтиды.
Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану
Бағдарлама аяқталғанда мұғалімдер сандық технологияларды және АКТ-ны сабақ беруде 
тиімді пайдалануды білетін болады. Осылайша, олар жұмыс, демалыс және қарым-қатынас 
үшін АКТ-ны сенімді және сын тұрғысынан пайдаланушыларға айналады. Осындай дағдылар 
негізінде АКТ туралы білім жатыр, яғни: оларды ақпаратты алу, бағалау, сақтау, өндіру, ұсыну, 
алмасу үшін қолдану және ол ақпаратты Интернет желісінде бірлескен жұмысқа қатысу үшін 
жібере білу.
Оқытуды басқару және көшбасшылық
Аталған  модуль  білім  берудің  кез  келген  жүйесіндегі  тұрақты  даму  мен  өзгерістердің 
сырттан  енгізілуі  мүмкін  емес,  олар  нақты  сыныптардағы  мұғалімдердің  тәжірибесі  мен 
түсініктеріндегі  өзгерістерден  бастау  алуы  керек  деген  тұжырымға  саяды.  Бағдарламаның 
негізгі идеясы сын тұрғысынан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау 
нәтижесінде мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатыны-
на негізделеді. Көшбасшылық Бағдарламаның өн бойында мұғалім енгізетін өзгерістер тара-
пынан қарастырылады. Сондықтан мұғалім көшбасшылығын әр деңгей қырынан қарастыру 
мақсатында Бағдарламада жеке модуль ретінде белгіленген. 
Осы  модульде  көшбасшылық  тәсілі  «Мұғалім  жүргізетін  дамыту  жұмысы»  қағидатына 
(Кембридж  университетінің  жобасы)  негізделген.  Осы  тұрғыдан  қарастырар  болсақ, 
мұғалімдер Бағдарламада қарастырылатын идеялар аспектілері аясында өз тәжірибелері тура-
лы ой-тұжырымдарға сүйене отырып өзгереді. Олар осы идеяларға сәйкес өз тәжірибелерінің 
жекелеген тұстарын анықтайды, зерттейді, бағалайды және дамытады. Бұл модуль мұғалімнің 
сын тұрғысынан ойлана білу қабілетімен және «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» модулімен 
тығыз байланысты.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
Alexander, R.J., (2008). Towards Dialogic Teaching. Rethinking classroom talk. [Диалогтік оқыту 
жолында: сыныпта талқылаудағы жаңа тәсілдер]. 4th edition, York, Dialogos.
Flavell,  J.H.,  (1976).  Metacognitive  aspects  of  problem  solving.  [Проблемаларды  шешудің 
метакогнитивтік аспектілері]. in Resnick, L.B. (Ed). The Nature of Intelligence (Hillsdale, NJ, 
Erlbaum).
Mercer,  N.,  (1995).  The  guided  construction  of  knowledge:  talk  amongst  teachers  and  learners. 
[Жетекшілікпен білім алу: мұғалімдер мен оқушылар арасындағы әңгіме]. Clevedon: Mul-
tilingual Matters.
Vygotsky, L.S., (1978). Mind in Society. [Қоғамдағы сана]. (Cambridge, MA, Harvard University 
Press).
Wood, D., (1998). How Children Think and Learn. [Балалардың ойлану және білім алу қабілеттері 
қандай?]. 2nd edition. Oxford: Blackwell Publishers Ltd.


жүктеу 4,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау