Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



жүктеу 4,34 Mb.
Pdf просмотр
бет12/83
Дата14.11.2018
өлшемі4,34 Mb.
#19923
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   83

28
Tulving, E., (1972). Episodic and semantic memory. [Эпизодтық және семантикалық жады]. In E.
Tulving and W. Donaldson (Eds.). Organization of Memory. [Жадыны ұйымдастыру]. (pp. 381–
402). New York: Academic Press.
Tulving,  E.,  (2002).  Episodic  memory:  From  mind  to  brain.  [Эпизодтық  жады:  ойлаудан  миға 
қарай]. Annual Review of Psychology, 53, 1–25.
Vygotsky, L.S., (1978). Mind in Society. [Қоғамдағы сана]. (Cambridge, MA, Harvard University 
Press).
Wells, G., (1999). Dialogic Inquiries in education: Building on the legacy of Vygotsky. [Оқытудағы 
диалогтік зерттеулер: Выготский мұрасына сүйеніп]. Cambridge University Press.
Wood, D., Bruner, J.S., & Ross, G., (1976). The role of tutoring in problem solving. [Міндеттерді 
шешудегі тәлімгерлік рөлі]. Journal of Psychology and Psychiatry. 17.
Wood, D., (1998). How Children Think and Learn. [Балалар қалай ойлайды және қалай оқиды?] 
2nd edition. Oxford: Blackwell Publishers Ltd.


29
ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР
Мұғалімдер қалай оқу керектігін үйретеді
Алдыңғы бөлімде оқыту – бұл жекеленген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың 
оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені деп 
айттық. Іске тартылған педагогикалық тетіктердің ішінде мыналарды атап өтуге болады:
•  оқыту  негізін  түсіну,  оқыту  стильдерін  назарға  алу  және  өмір  бойы  білім  алудың 
қажеттілігін мойындау және оның әдістерін таңдау;
•  жүйелі ойлануға үйрету;
•  шығармашылық таланттарын және оларды барынша жақсы пайдалану жолдарын зерт-
теу және анықтау;
•  оқу үдерісі үшін және өзін-өзі тану әдісі ретінде оқуды жақсы көру;
•  тілді, есептеуді жақсы игеру және кеңістіктік ойлау қабілетінің болуы;
•  сандық технологиялар саласындағы жоғары құзыреттілік. Келесі бөлімде біз «оқуды 
үйрету» деп түсінетін құбылысты және мұғалім оқушыларға осындай оқу тетіктерін 
қалай бере алатынын қарастырамыз.
Қалай оқу керектігін үйрену
«Білім алуды үйретудің» қозғаушы күші «метатану» болып табылады. Басқаша айтқанда, 
оқу бар, бірақ сонымен бірге оқуды үйрену де бар. Адамдар ойлауға қабілетті және ойлау ту-
ралы ойлануға да қабілетті. Тап осы сияқты танымдық қабілет бар да, сол сияқты таным-
ды тану да бар. «Метатану» деп индивид қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау, бағалау, 
бақылау, кейінгі оқу үдерісінде мұндай ойлаудың нәтижелерін саналы қолдану үдерісі ретінде 
сипаттауға болады. Бұл үдерісте мұғалім оқушыға:
•  оқу міндеті қоятын талаптарды түсінуге;
•  жеке зияткерлік үдерістерін және олардың қалай ықпал ететінін білуге;
•  тапсырмаларды орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға;
•  нақты тапсырма үшін барынша оңтайлы болып табылатын стратегияларды таңдауға 
көмектеседі.
Осы төрт тармақты іске асыру үшін оқушылардан оқуды үйрену талап етіледі. Мұғалімдер, 
өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы 
тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты 
енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады. Әңгімеге арқау болған бөлімнің 
негізгі идеясы ақпарат беріледі дегенге саяды, білім мен түсінікті оқушы өзі қалыптастырады, 
ал мұғалім – бұл үдерісте көмек көрсететін жан.
Сыныпта «оқуға үйрететін» білім ортасын құру
Сыныптағы оқу үдерісінің тиімділігін айқындайтын негізгі факторлар мыналар: мұғалімнің 
(1)  балалардың  қалай  оқитынын  түсінуі;  (2)  нені  оқыту  керектігін  түсінуі;  (3)  тізбектелген 
сабақтар  топтамасын  қалай  құрылымдау  туралы  ұғым  қалыптасуы;  (4)  сонымен  қатар  оқу 
нәтижелілігін бағалау мүмкіндігін игеруі (9-сурет). 


30
Нені оқыту 
керек
Балалар 
қалай 
оқиды
Табысты бола 
білгендігіңізді 
қалай бағалау керек
Оқыту 
реттілігін қалай 
құрылымдау керек
9-сурет. Балаларға қалай оқу керектігін үйренуге көмектесу
Келесі бөлімдер сыныптың ішінде не болып жатқанына арналады, бұл орайда сыныптар 
бүкіл білім беру жүйесінің жекелеген бөлшектері болып табылатынын ұмытпаған жөн және 
бұл байланыс оқу материалын әзірлеу кезінде ескерілуі тиіс. Нәтижесінде оқушылар өздерінің 
отбасы тарапынан қолдау тауып, мектептің ішінде және одан тыс жерлерде олардың оқу әлеуеті 
артады.
Балалардың қалай білім алатынын ескеру
Нәтижелі білім алу үдерісі мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген білім-
дағдылары мен амал, көзқарастарын зейін қойып, зерделей білген білім модельдері аясында 
ғана жүзеге асады. Оқыту үдерісінің басында мұғалімдер оқушылар не біледі, оларда қандай 
қате ой-түйгендері бар және бұны қалай түзеткен дұрыс екенін білу үшін арнайы құралдарды 
пайдаланады.  Бұған  дейін  бөлім  оқу  үдерісінің  басында  оқушылардың  қарастырылатын 
тақырып туралы шамалы білімі болғанын және осы бастапқы білім жаңа материалды игеру 
үшін бастау болып табылатынын көрсетті. Егер мұғалім мен оқушының білім игеруді бастау 
нүктесі өзара үйлеспейтін болса, онда оқуда табысқа жету күмәнді болады. Егер білім игеруді 
бастау нүктесі қолайсыз таңдалынып алынса, онда тіпті ең жақсы оқушылардың өздеріне де 
алған білімдерін есте сақтау қиындық тудырып, тестіден немесе емтиханнан өткеннен кейін 
мүлдем ұмытып қалады. 
Осыған орай, әр сабақта оқушыларға оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатысу 
керек: олар өзінің болжамдары мен сұрақтарын тұжырымдайды, бір-біріне кеңес береді, өз 
алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды 
және қателер – оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады (10-сурет). 


жүктеу 4,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау