Атты VII халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференция жəне қазақ психологиялық ҚОҒамының І қҰрылтай съезінің



жүктеу 9,13 Mb.
Pdf просмотр
бет86/207
Дата14.11.2018
өлшемі9,13 Mb.
#19911
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   207

173 

балаларды  оқытудың  шектеулігі  көп  жағдайларда  арнайы  білім  беру  жүйесіңің  ұйымдастырыл-

мауына əкеп соғады. 

Осы  мəселені  оларға  түзетушілік  оқыту  мен  тəрбиелеу  жұмысын  жүйелі  түрде  ұйымдастырып 

жəне оларды еңбекке, əлеуметке бейімделуінқамтамасыздандырып қана шешуге болады. Бұл жүйенің 

теориялық жəне тəжірибелік тұрғыдағы маңыздылығын Л.С.Выготский белгілеген. 

Л.С.Выготский тəрбиелеу арқылы қол жеткізуге болатын сапаларды баланың дамуының алғашқы 

кезеңдерінің  ерекше  маңыздылығымен  байланыстырады: «Баланың  дамуы  оның  өмірінің  алғашқы 

кездерінде жедел қарқынмен жүреді. Ақыл-ойы терең зақымдалған бала қалыпы бала ерте жасында 

меңгеретін  біліктіліктердің  негізінде  ғана  дамиды.  Тəрбиелеу  нəтижесінде  акыл-ойы  терең 

зақымдалған балаларда тұлғалық қалыптасу процесі жүреді»[3]. 

Барлық  балаларға  оқыту  мен  тəрбиелеуге  ортақ  мақсаттар  мен  міндеттер  -жан-жақты  дамуын 

қамтамасыздандыру, тұлғаның жағымды қасиеттерін анықтап, жағымсыз қасиеттерін жою, баланың 

əлеуметтік  бейімдеу  дағдыларын  қалыптастыру,  еңбекке  үйрету,  қоғамның  пайдалы  мүшесіне 

айналдыру. 

Зияты терең зақымдалған балалар үшін жоғарыда аталған мақсаттар мен міндеттер өзекті болып 

қала бермек. Олардың денгейінің төмен екендігін ескеріп жеңілдетілген əдістемелерді қолдану қажет, 

тəрбиесіне,  дағдыларына,  өзіне  -өзі  қызмет  етуіне  ерекше  көңіл  бөлуі  қажет.  Бұл  категориядағы 

балалар  білімдерін  өз  бетінше  қолдана  алмайды.  Алған  білімдері  мен  біліктіліктерін  біршама 

өзгертілген  жағдайда  қолдану,  ситуацияларды  өз  бетінше  талдау,  қарапайым  өмірлік  дағдыларды 

таңдау  –  бұлардың  барлығы  зияты  терең  зақымдалған  үшін  өте  қиын,  соның  негізінде  осы  арқылы 

оларды  қалыпты  дамыған  балалардан  ажыратуға  болады.  Зияты  терең  закымдалған  балалар 

меңгерген  қарапайым  білімді  қоғамдық  өмірде  қолдануға  əдеттенбеген,  сондықтан  оларды  нақты 

өмірлік  жағдайларда  іс-əрекет  жасауға,  əлеуметтік,  тұрмыстық  бейімделуге  жəне  еңбекке  үйрету 

қажет [5]. 

Зияты  терең  зақымдалған  балалармен  жұмыс  жүргізу  барысында  жоғарыда  аталған  мақсаттарға 

қол жеткізу үшін келесі негізгі міндеттер шешіледі: 

1) Оқыту жəне олардың кемістіктерін түзету процесінде барлық психикалық функцияларын жəне 

танымдық əрекеттерін дамыту; 

2)  Өзін-өзі  дұрыс  ұстай  білуін  қалыптастыру,  тəрбиелеу.  Балалардың  эмоциясын  жəне  қарым-

қатынасын дамыту; 

3) Еңбекке үйрету. Физикалық тəрбие. Өз-өзіне қызмет ете білуге үйрету; 

4) Əлеуметтік жəне тұрмыстық бейімдеу, қоғамға біріктіру. Зияты терең зақымдалған балаларды 

оқыту процесінде дамыту үшін келесі бірқатар шарттар ескерілу қажет. Оларға жататындар: 

- түзету жұмысын ерте жастан бастау; 

- арнайы мекеменің ата –аналармен тығыз байланыста болуы; 

- балалардың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне қарай оқытудың қолайлы бағдарламасы мен 

əдістерін қолдану. 

Түзету  жұмысын  ерте  жастан  бастау  зияты  терең  зақымдалған  балалар  үшін  өте  маңызды  рөл 

атқарады,  дамуының  біршама  алға  жылжуын  қамтамасыздандырады.  Ерте  жаста  олармен 

жүргізілетін қарым-қатынасын, . сөйлеу тілін, заттық, ойындық əрекетін қалыптастыруға бағытталуы 

тиіс. | Түзету  сабақтарын  ерте  жастан  бастау  олардың  дамуының  тиімді  жолдарын  анықтайды, 

диагностика жүргізуге мүмкіндік тудырады, белсенді педагогикалық ықпалдың əсерінен əр баланың 

мүмкіншіліктері мен ерекшеліктері аныкталады [6, с.18], 

Баланың дамуы үшін қажетті келесі – жағдай жанұя тəрбиесін дұрыс ұйымдастыру. Зияты терең 

зақымдалған балалардың ата-аналарының,рөлі олар үйде тұрса да, арнайы мекемеде болса да анықтау 

қиын.  Көптеген  ата-аналар  балаларының  дамуына  қажетті  барлық  жағдайларды  жасауға  тырысады. 

Алайда  ол  үшін  оларға  білім  мен  біліктіліктер  жетіспейді.  Көптеген  жағдайларда  ата-аналар 

балаларының  жасай  алатын  мүмкіншіліктеріне  қарамай,  олар  үшін  барлық  нəрсені  өздері  істейді. 

Зияты  терең  зақымдалған  балалардың  тұрмыстық  дағдыларды  меңгеруде  көптеген  көмекті  қажет 

ететіндігі  белгілі.  Мүндай  баланы  тəрбиелеу  шыдамдылықты,  тұрақтылықты  талап  етеді.Сонымен 

қатар  ата-аналардың  рөлі  балалары  арнайы  мекемеде  тəрбиеленсе  де  өте  зор.  Оның  нəтижесінде 

арнайы  мекеменің  саны  көбейеді,аптасына  екі  рет  үйінде  болғанда  баланың  дамуында  жанұясының 

рөлі  артады.  Жанұясымен  баланың  қатынасы  ата-ананың  мейірімділігі  əсер  етіп,  əлеуметтік 

тəжірибесін  молайтады.  Зияты  терең  зақымдалған  мүмкіншіліктері  мен  тəрбиеленуіне  бағытталған 

қолайлы  бағдарламалар  мен  оқыту  əдістері  –  олардың  брлық  танымдық  əрекетінің  дамуында 

маңызды  рөл  атқарады.  Оқыту  егер  бала  меңгерген  жаңа  білімдерін  қолдана  алған  жағдайда 

дамытушылық  сипатқа  ие  болады.  Сонымен  бірге  оқыту  баланың  дамуы  мен  мүмкіншіліктеріне 

сəйкес болуы қажет, ол дамудың жақын аймағы арқылы, яғни жетекші іс-əрекетте анықталады. Ата-



174 

аналардың  ең  басты  назары  баланың  психикалық  жəне  физикалық  жағын  дамытуға  бағытталуы 

керек: 

- жалпы жəне ұсақ моторикасын дамыту; 



- өз-өзіне қызмет ету; 

- ересектерге бағынуға жəне қарапайым дағдыларды үйрету; 

- қоршаған ортадағы заттарды көріп, ажырата білуі керек, сипап сезе білуі керек; 

- сөйлеу тілін дамыту; 

- қарапайым еңбек дағдыларын дамыту; 

-  қоршаған  ортада  өзін  мəдениетті  ұстауға  дағдыландыру.  Сондықтан  да  психологиялық- 

педагогикалық  тұрғыдан  бұл  мəселе  қазіргі  уақытта  əртүрлі  себептермен  зияты  терең,  зақымдалған 

балалардың қоғамға бейімделуі, əлеуметтенуі үшін өзекті болып саналады. 



 

Əдебиеттер 

1.  ҚР «Еілім беру туралы» Заңы, 27 шілде 2007ж. Астана 

2.  ҚР  «Кемтар  балаларды  элеуметтік  жəне  медициналык-педагогикалық  түзеу  арқылы  қолдау  туралы» 

Заңы, 1-қаңтар 2003ж. Астана 

3.  Дульнев Г.М. Коррекционная роль обучения во вспомогательной школе.-М.,-Педагогика,-2007- 

1.  4.Маллер  А.Р,  Цикото  Г.В.  Воопитание  и  обучение  детей  с  тяжелой  интеллектуальной 

недостаточностью.-М.,2003. – С. 22-30. 

2.  5.Хакимжанова  Г.Д.Научные,  правовые  и  методологические  основы  развития  социально-

педагогической  работы  в  Казахстане./Вестник  КазНПУ  Абая,серия  «Специальная  педагогика» 

№2(4),Алматы,2003.  

3.  6.Специальная педагогика/Под ред.Н.М.Назаровой,-М-2001. Бадалян Л.О, Журба Л.Т, Тимонина О.В, 

Детские церебральные параличи-Киев,1988. 

4.  7.Байтұрсынова А.А.Арнайы педагогика;проблемалар мен даму болашағы-Алматы,-2008-174,182б. 

5. 

8.Л.С.Выготский,Е.К.Грачева.Воспитания  и  обучения  глубоко  умственно  отсталого  ребенка,-

Учпедгиз,1932-115б.

 

 

 

JangeldinovaZ.B., JangeldinovaS.B. 

(Republic of Kazakhstan, Almaty, National Scientific  

and Practical Center of Correctional Pedagogy, Karaganda, PI «Bolashak»Academy) 

 

SOME ASPECTS OF THE ORGANIZATIONAL-METHODICAL WORK OF A PSYCHOLOGIST 

UNDER THE CONDITIONS OF THE DARKEN SENSOR ROOM 

 

Positive motivation of children’s with disabilities activity promotes a more stable and long-lasting 

working capacity, demonstration of perseverance and independence in work, more successful and effective 

training which leads to an overall increase in productivity. Scientists studying the problem of educational 

activity motivation (Markova A.K., Davydov V.V., Elkonin D.B., AmonashviliSh.A. etc.) note that for 

productive learning of children it is important not that a childknows and can but how much he wants to 

master this knowledge and skills. In this regard the question of the dark sensor room resources usageis 

relevant.It is a good tool not only to increase cognitive activity in the classroom but also stimulating the child 

to acquire knowledge in the future, to master more complex educational material. 

Lastyears the educational institutions have been equipped with interactive equipment of a dark sensor 

room and an educator-psychologist organizes work in this room. Specialists may have difficulty in 

conducting classes in a dark sensor room due to specifics of the equipment itself, the lack of professional 

experience and the absence of a uniform methodological support for organizing classes in a dark sensor 

room. 


This article reveals individual organizational and methodological foundations of a psychologist’s work in 

the conditions of a dark sensory room. The materials stated in the article were successfully tested in the 

rehabilitation center of the National Scientific and Practical Center for Correctional Pedagogy. 

The dark sensory room, being a kind of sensory room, is an object-developing environment organized in 

a special way consisting of many different kinds of stimulants that affect the basic senses: sight, hearing, 

smell, touch and vestibular receptors. The only difference is that in the dark touch room most of the 

equipment is light-optical, it saturates the space with bright stimuli used for visual stimulation, increased 

motor activity and research interest 

The first sensory rooms as a means of mental recovery of adults appeared in the 70s of the XIX century 

in Holland and were used in medical practice as the treatment of people with neuropsychic disorders. In the 

80s in the UK sensory rooms began to be used in the rehabilitation of persons with disabilities. In 

Kazakhstan the sensory room first appeared in 1996 in Republican CenterSATR, Almaty, specialists of the 




жүктеу 9,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   207




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау