119
Рефлексия-
лаушы практик
(мұғалім)
– өзінің оқыту
және оқу тәжірибесін дамыту, өзгерту
және жетілдіру әдістерін
мұқият және үнемі ойластырып жүретін педагог.
Рефлексиялық
есеп
– теориялық материал туралы қажетті біліммен нығайтылған, тәжірибелік іс-
әрекетін терең талдаумен бірге жүретін мұғалімнің тәжірибелік іс-әрекетінен
алынған мысалдар жазылған құжат. Рефлексиялық есеп өз тәжірибесіне қатысты
мынадай сұрақтарға жауап беруді көздейді:
Неліктен осындай жағдай орын
алды немесе алмады? «Кемшіліктерімді» қалай «жетістікке» айналдырамын?
Келешекте іс-тәжірибемді қалай жақсартамын?
Рефлексия
– (лат.
reflexio – өткенге жүгіну) - субъектінің назарын өзіне, атап айтқанда,
оларды қайта ойлап, қорыту мақсатында өз белсенділігінің өніміне аударуы.
Философияда рефлексия былай деп түсіндіріледі: 1. Сананың және ойлаудың
өзіне жүгіне алу қабілеті. 2. Жаңа білім алу мақсатында білімді талдау. 3. Сана
мен жанның күйін өзіндік бақылау. Педагогикада рефлексия сабақтың бір
кезеңі ретінде қарастырылады. Ол кезде сабақ барысында алынған білім сын
тұрғысынан талданып, меңгерілген біліммен салыстырылып, өзіндік түсінік
пайда болады.
Синхронды емес
оқыту/форум
– ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ресурстарды қолдану арқылы
оқыту мен оқу нысаны. Бұл үдеріс барысында мұғалім/оқытушы мен білім
алушы арасындағы байланыс уақыт жағынан кешеуілдетіп жүреді. Синхронды
емес оқыту оқытудың сындарлы теориясына негізделген, ол білім алушыларға
өздерінің білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеке оқу бағытын өз
бетінше қалыптастыруға мүмкіндік беруді көздейді. Сонымен қатар синхронды
емес оқыту білім беру бағдарламасының жекелеген пәндерін, сондай-ақ оларды
оқу реттерін таңдауда еркіндік береді.
Сындарлылық
теориясы
–
лат.
constructivus – құрылымына байланысты. Сындарлылық (философия)
– таным бейне ретінде емес, субъектінің әлемнің интерпретациясын (моделін)
белсенді құруы ретінде қабылданатын тәсіл.
Өзінің ой-тұжырымдарын құру немесе іс жүзіндегі әрекеттер арқылы, болмаса
әлеуметтік өзара іс-қимыл арқылы ұғынылатын түсіністік. Барлық жаңа оқулар
адам бұған дейін білетіннен басталады, адамның бұдан қандай білім алып
шығатыны осыған байланысты болады.
Сыни бағалау
– әрекет, үдеріс не өнімнің нәтижелілігін/құндылығын/негізділігін талдау
және бұлардың неліктен нәтижелі/құнды/негізді болғанын немесе болмағанын
түсіндіру қабілеті.
Сын
тұрғысынан
ойлау
– қадағалау, тәжірибе, ойлану нәтижесінде алынған ақпараттың мағынасын
тануда, оны бағалауда және талдауда аналитикалық тәсілдің қолданылуын
көздейтін ойлау түрі. Бұл келесі қабылданатын әрекеттерге негіз болуы мүмкін.
Сыныптағы
ахуал
– бірқатар аффектілік, әлеуметтік, танымдық факторлардың, олардың ішінде
ең негізгілері – тұлғааралық қатынастар мен оқушыларды оқу-тәрбие үдерісіне
тарту негізінде қалыптасатын сыныптағы ахуал.
Талант
– ең алдымен арнайы қабілеттердің жоғары деңгейде дамуы; өзінің сонылығымен,
жоғары дәрежеде жетілдірілуімен және қоғамдық мәнімен ерекшеленетін өнім
алуға мүмкіндік беретін қабілеттер жиынтығы.
Талантты адамдарға қызметтің белгілі бір түрімен шұғылдану тән, олар таңдап
алған ісіне құмар болады. Талантты адамның еңбегінің нәтижелері өздерінің
түбегейлі жаңашылдығымен, бірегейлігімен ерекшеленіп тұрады.