Бағдарламасы мұҒалімге арналған нұСҚаулық


өзіндік түзету және тестілеу жұмыстарын қайталап өткізуге болады. 2.  Жетістікке  жеткендігін  көрсететін  кері  байланыс



жүктеу 4,87 Mb.
Pdf просмотр
бет40/109
Дата14.11.2018
өлшемі4,87 Mb.
#19412
түріБағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   109

92
өзіндік түзету және тестілеу жұмыстарын қайталап өткізуге болады.
2.  Жетістікке  жеткендігін  көрсететін  кері  байланыс  (оқушылар,  мұғалімдер  мен  ата-
аналарға ұсынылған). Мұндай кері байланыс бейресми түрде ауызша бағалаудан бастап ресми 
жазбаша тестілерге дейін түрленуі мүмкін, бірақ негізгі мақсат оқушылар мен мұғалімдерге 
жетістіктер мен даму, мысалы, білім, түсіну және дағды туралы хабар беру болып табылады.
3. Уәж. Кері байланыс көбінесе уәж түрінде көрінеді. Ынталандыру ретінде тестінің неме-
се емтиханның өткізілуі әдетте кейбір оқушылар мен мұғалімдерді ойларын жинақтап, әрекет 
етуге  итермелейді.  Мұндай  сыртқы  ынталандыру  оқуға  шабыттанып  кірісуге  түрткі  болуы 
мүмкін, бірақ мұқият бақылау жүргізілмесе, мәжбүрлеу құралына айналуы да ықтимал.
4. Болжау және сұрыптау. Оқушының білімі және дағдыларын бағалау арқылы мұғалімдер 
олардың болашақтағы мінез-құлқы мен дамуын болжайды. Мемлекеттік емтихандық жүйенің 
нәтижелері, көбінесе сұрыптау мақсатында, атап айтқанда бұдан арғы (жоғары) оқу немесе 
жұмысқа  орналасу  туралы  шешім  қабылдау  үшін  қолданылады.  Мектеп  шеңберінде  әдетте 
оқушыларды топтар мен сыныптарға бөлуге арналған бағалаудың белгілі бір нысаны болады.
5.  Стандарттарды  бақылау  және  орындау.  Бағалау  нәтижесінде  біліктілік  дәрежесін, 
ал  мемлекеттік  емтихан  нәтижелері  бойынша  –  жоғары  білім  алу  мүмкін  болады,  мыса-
лы, «біліктілігі» бар тұлғаларда олардың тиісті стандарттарға сәйкес екендігіне негізделген 
кепілдіктер  болуы  қажет.  PISA  (Оқушылардың  білім  жетістіктерін  бағалау  жөніндегі 
халықаралық  бағдарлама)  сияқты  халықаралық  тест  бойынша  алынған  мәліметтер  талдауы 
халықаралық стандарттарға сәйкестікті анықтауға бағытталған, одан басқа стандарттың ми-
кро және макро деңгейдегі стандарттарына сәйкестікті бақылау үшін ұлттық және жергілікті 
тестілер қолданылады.
6.  Оқыту  бағдарламасының  мазмұнын  және  оқыту  стилін  бақылау.  Көптеген 
мұғалімдер үшін бұл бақылау бағалаудың негізгі мақсатына тікелей қатысы жоқ екінші кезекті 
болып табылады. Алайда, техникалық тәсілдер мен бағалау және емтиханның жиілігі білім 
беру бағдарламасының мазмұны мен оның қалай оқытылатындығына едәуір ықпал ететіні еш 
күмән туғызбайды.
Оқу үшін бағалаудың маңызы
Кез келген мұғалім «Оқу үшін бағалау» неліктен оқыту мен оқуды жетілдіру проблемала-
рын шешудің маңызды мәселесіне айналып отыр деген сұрақ қоюы мүмкін, онысы орынды 
да.  Өздерінің  бұрынғы  тәжірибесі  бойынша  көптеген  мұғалімдер,  оқушылар  және  олардың 
ата-аналары бағалауды оқыту және оқудан кейін болатын нәрсе ретінде қарастырады. Бағалау 
оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі болуы мүмкін деген ойды қабылдау үшін біздің түсінігімізді 
едәуір өзгерту қажет болады, ал Оқу үшін бағалау ұғымы дегеніміз де осы болып табылады.
Оқу үшін бағалау негізінде жататын негізгі қағидаттар:
•  Оны  әзірлеудегі  және  тәжірибеде  қолданудағы  бірінші  басымдық  бағалауды 
оқушылардың оқуына ықпал ету мақсатына бағындыру болып табылады.
•  Бағалау  ақпарат  беру  арқылы  оқуға  көмектесе  алады,  ол  ақпаратты  мұғалімдер  мен 
оқушылар өзін-өзі және өзара бағалауға арналған кері байланыс ретінде пайдаланады.


93
«Қара жәшік» ішіндегі жұмыс
Сұрақтың тиімді 
қойылуы
Оқушымен бірге 
критерийлерді 
талдау
Сыныптасын және 
өзін-өзі бағалау
Кері байланысты 
қамтамасыз ету
18-сурет. Оқушының өзін-өзі бағалауын дамыту
Блэк пен Уильямның бастапқы зерттеулерінде сыныптың «қара жәшік» сияқты техникалық 
метафорасы қолданылған және сол арқылы оқу үшін бағалауды қолдану «қара жәшік ішіндегі 
жұмыс» ретінде белгілі болды (18-сурет). Блэк пен Уильямның Ұлыбританиядағы Бағалауды 
Реформалау Тобымен бірлесіп жүргізген зерттеулері бағалаудың көмегімен оқуды жақсарту 
бір қарағанда қарапайым болып көрінетін, бірақ оқытуға енгізілуі тиіс бес түйінді факторға 
байланысты екенін көрсетті:
•  Оқушыларға тиімді кері байланыс ұсыну.
•  Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы, бұл өз кезегінде оқушыларды өзін-өзі 
бағалауға қатыстырады.
•  Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды түрлендіру.
•  Бағалаудың оқушылардың  оқуға деген  ынтасы мен өзін-өзі бағалауына терең ықпал 
ететіндігін мойындау, себебі бұлардың екеуі де оқуға түбегейлі түрде ықпал етеді.
•  Оқушылардың өз оқуын қалай жетілдіру керектігін түсіну үшін өздерін өздері бағалай 
алуын қамтамасыз ету және өзара бағалау арқылы бірге оқитын оқушылармен бірлесіп 
жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
Alexander, R. (2001). Culture and pedagogy [Мәдениет пен педагогика]. Wiley-Blackwell.
Assessment Reform Group. (2002а). Assessment for Learning: 10 Principles [Оқу үшін бағалау: 10 
ұстаным]. University of Cambridge Faculty of Education.
Assessment Reform Group. (2002b). Testing, Motivation and Learning [Тестілеу, қызықтыру және 
оқыту]. University of Cambridge Faculty of Education.
Black,  P.,  & Wiliam,  D.  (1989a). Assessment  and  Classroom  Learning  [Бағалау  және  сыныпты 
оқыту]. Assessment in Education: Principles, Policy and Practice, 5 (1), 5-75.
Black, P., & Wiliam, D. (1998b). Inside the black box: raising standards through classroom assessment 
[Қара  жәшіктің  іші:  сыныпты  бағалау  арқылы  стандарттарды  арттыру].  King’s  College 
London, School of Education. Now available from NFER/Nelson.
James, M. (2002). Assessment for Learning: what is it and what does research say about it? [Оқу 
үшін бағалау: бұл не және зерттеулер бұл туралы не айтады]. Learning how to learn project, 
Faculty of Education, University of Cambridge.


жүктеу 4,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   109




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау