Бағдарламасы мұҒалімге арналған нұСҚаулық



жүктеу 4,87 Mb.
Pdf просмотр
бет36/109
Дата14.11.2018
өлшемі4,87 Mb.
#19412
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   109

83
Көп  жағдайда  сыныптағы  талқылау  мұғалімнің  басқаруымен  тақырып  төңірегінде, 
оқушының дұрыстап және орнымен нені, қашан және қалай айту қажеттігі сипатында бола-
ды.  Көптеген  сыныптарда  оқушылардың  әңгімеге  қатысуға  құқықтары  шамалы.  Мәселен, 
мұғалімге: «Бұл көзқарас қызықты екен» деп айтады-ау деп оқушылардан күтуге болмас. Зерт-
теу көрсетіп отырғандай, мұғалім сұхбатты бақылап, маңызды сұрақ қойып, оқушылардың жа-
уаптарын қайталап және мадақтап отыратын сыныптағы қалыпты әңгіме стилі оқушылардың 
ойлау деңгейлерін де, сөйлеу дағдыларын да дамыта алмайды.
Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын 
дәлелдеп шыққан. Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім-оқушы» 
сұхбаты  түріндегі  өзара  іс-қимылға  қарағанда  мейлінше  «симметриялы»  болып  табыла-
тын  өзара  іс-қимылға  тартылады,  осылайша,  негізделген  дәлелдер  ұсынып,  қадағаланатын 
оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады. 
Тіл  –  тәжірибені  ұжымдық  қабылдаудың  негізгі  құралы.  Негізінде,  білім  алу  диалог 
арқылы беріледі де, оқушылардың сабақта түрлі жұмыстарды орындау кезінде өзара байланыс 
пен келісушілікті қабылдау деңгейін білдіретін қызметтің диалогпен қалайша жанасатынына 
байланысты болады. Мұғаліммен және басқа оқушылармен әңгімелесу – оқушының қызмет 
белсенділігін қамтамасыз ететін және түсінігін дамытатын маңызды құрал.
Александер  (2008)  диалог  түрінде  оқыту  оқушыларды  ынталандыру  және  дамыту  үшін 
әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды. Александердің пайымдауынша, диалог 
арқылы мұғалімдер күнделікті ойталқыларда «саламатты» келешек мүмкіндіктерін анықтап, 
оқушылардың  дамып  келе  жатқан  идеяларымен  жұмыс  істеуіне  және  түсінбеушілікті  жеңе 
білулеріне көмектесе алады. Оқушыларға сыныпта әртүрлі тәсілдер арқылы жүргізілген және 
кеңейтілген диалогтерге қатысуға мүмкіндік берілгенде, олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін 
зерттей алады. Бұл мүмкіндіктер олардың тілді білімді құру құралы ретінде қолданудың жаңа 
тәсілдерін тәжірибеден өткізуге жол ашады.
Александер (2004) оқытудағы әңгіме – қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, 
керісінше,  әңгіме  барысында  идеялар  екіжақты  бағытта  жүріп,  соның  негізінде  оқушының 
білім  алу  үдерісі  алға  жылжитын  белсенді  үдеріс  деп  тұжырымдайды.  Диалог  барысында 
оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері де) келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін 
жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» 
барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Бірлесіп ойлау оқушылармен диалог құру 
арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады.
Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі бо-
лып табылады. Ғалым әңгіменің үш түрін ажыратып, сипаттама берген:
•  Әңгіме-дебат;
•  Кумулятивтік әңгіме;
•  Зерттеушілік әңгіме.
Әңгіме-дебат барысында:
1) 1) ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады 
және әрқайсысы өз шешімін жақтайды;
2)  ресурстарды  біріктіруге  бағытталған 
аздаған талпыныс жасалады;
3)  қарым-қатынас  көбіне  «Иә,  бұл  солай», 
«Жоқ, олай емес» деген бағытта жүзеге асады;
4)  жұмыс  ортасы  әріптестіктен  гөрі  көбіне 
бәсекелестікке бағытталған. 
Кумулятивтік әңгіме барысында:
1) қатысушылар басқалардың пікірін 
қабылдайды және келіседі; 
2) әңгімелесу білім алмасу мақсатында 
жүргізілгенімен,  оған  қатысушылардың 
өзгелер ұсынған қандай да болсын  идея-
ларды төзімділікпен тыңдауы;
3) пікірлер мен идеялар қайталанады 
және  қабылданады,  бірақ  үнемі  мұқият 
бағалана бермейді.  


84
Зерттеушілік әңгіме барысында:
1) әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады;
2) әркімнің пікірі құнды идея ретінде бағаланады, бірақ мұқият бағаланады;
3) қатысушылар бір-біріне сұрақ қояды;
4) қатысушылар мәселелерді айқындау үшін сұрақ қояды және өз пікірлерін негіздейді, 
зерттеушілік әңгіме өз пікірін дәлелдеуге негізделеді;  
5) топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады (олар келісімге  келуі де, келмеуі де 
мүмкін, ең бастысы –  келісімге ұмтылу).
Көптеген  талқылаулар,  әдетте,  әртүрлі  әңгіме  түрлерін  қамтуы  мүмкін.  Мерсердің 
пікірінше,  ұжымдық  түсінікті  қалыптастырудағы  тиімділігі  тұрғысынан  жоғары  деңгейдегі 
зерттеушілік әңгімеге негізделген пікірталас түрі ең нәтижелі болып табылады. 
Зерттеушілік әңгіме
Зерттеу жұмыстарын талдау барысында оқушылардың білім алуы, тыңдауы және сөйлеуі 
арасында  байланыс  бар  екені  анықталды.  Барнс  (1976)  пен  Мерсердің  (2000)  айтуынша, 
зерттеушілік әңгіме – мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып 
табылатын  әңгіменің  түрі.  Зерттеушілік  әңгіме  барысында  оқушылар  өз  сыныптастарымен 
шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен 
түсінік қалыптастырады; идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылайды, баға 
береді; ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ой-
ланады. Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылғанда, өз ойларын дауыстап айтады; болжам-
дар  ұсынып,  талқылайды.  Талқылау  кезінде  олар  «мүмкін»,  «егер»,  «бәлкім»  деген  сияқты 
сөздерді қолданып, өз идеясын дәлелдеу үшін «сондықтан» деген сөзді пайдаланып, топ тара-
пынан қолдау қажет болғанда «Солай емес пе?» деген сұраққа сүйенеді.
Осындай сценарий бойынша оқушылар бір-бірін тыңдап, өз жауаптарын талдайды. Бұлай 
жұмыс істеген оқушылардың дәлелдері пікір алмасудың нәтижесі болып шығады. Алайда, бұл 
әңгіме олар үшін қалыптағы дүние емес, сол себепті де мұғалімдер бірігіп істеген жұмыстың 
құндылығын түсінулеріне көмектесу керек.
Мұғалімдер үшін маңызы
Балалар зерттеушілік әңгіме жүргізе алатын орта оқу үшін барынша қолайлы болып 
табылады. Оқушылар мұндай ортада жұмыс істегенде, өзара әңгімелесу барысында олардың 
ой-пайымдары  айқындала  түседі,  әрі  мұғалімдері  мен  құрдастарының  көмегімен  одан  әрі 
дамытылуы  мүмкін.  Дегенмен,  зерттеушілік  әңгіме  жүргізу  дағдылары  оқушылар  үшін 
қалыпты табиғи дағды емес, сондықтан балалар бірлескен әңгіменің мәнін үғынып, қабылдауы 
үшін мұғалімдерге оларды бағыттап отыру керек болады.
Сұрақ қою
Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде сыныпта сұрақ қоюдың дәстүрлі моделі   «бастама-
жауап-кейінгі әрекет» (БЖӘ) үлгісінде болатыны анықталды. Мысалы: 
Бастама (мұғалім): Адам денесінде неше сүйек бар?
Жауап (оқушы): Екі жүз алты.
Кейінгі әрекет (мұғалім): Дұрыс.
Бұл  модель  әңгімеге  сыныпта  бастама  жасайтын  және  де  оны  бақылап  отыратын  адам 
мұғалім болатын жағдайларды көрсетеді (Mercer, 1995). Мұндай сыныптарда оқушылардың 
білім алуына ықпал ететін диалогтік сұхбат құруға мүмкіндік болмайды.


жүктеу 4,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   109




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау