71
• өзгелердің өздерін құрметтейтіндігін, оларды тыңдап, пікірлерімен санасатындығын
сезінді;
• мәселені шешуде олардың пікірлері есепке алынатындығына көздерін жеткізді;
• өзіндік білім алуын бақылау деңгейін анықтады;
• бірлесіп талқылауға болатын сұрақтар ауқымын анықтады;
• оқуды қалай жақсартуға болатыны туралы сенімді нығайтты;
• мектеп пен оқуға деген жағымды қарым-қатынас қалыптастырды.
Оқушылармен білім беру мәселелері бойынша пікірлесу олардың өзін-өзі реттеуін дамы-
туына ықпал етеді. Мектеп пен сынып жұмысына қатысы бар тақырыпта оқушылармен ашық
пікірлесудің жағымды әсері ретінде оқушылардың өз оқуын бақылай алатындығына, ол ту-
ралы пікір айтуға, өз оқуын жетілдіруге ықпал ете алатындығына сенімді болуын жатқызуға
болады.
Мұғалімдер үшін маңызы
Әңгімеге арқау болған бөлімнің негізгі идеясы ақпарат беріледі дегенге саяды, бірақ ол
білім мен түсінікті оқушы қалыптастырады, ал мұғалім – бұл үдерісте көмек көрсететін жан.
Сыныптағы оқу үдерісінің тиімділігін айқындайтын негізгі факторлар мыналар: мұғалімнің
(1) балалардың қалай оқитынын түсінуі; (2) нені оқыту керектігін түсінуі; (3) тізбектелген
сабақтар топтамасын қалай құрылымдау туралы ұғым қалыптасуы; (4) сонымен қатар оқу
нәтижелілігін бағалау мүмкіндігін игеруі (14-сурет).
Нені оқыту
керек
Балалар
қалай
оқиды
Табысты бола
білгендігіңізді
қалай бағалау керек
Оқыту
реттілігін қалай
құрылымдау керек
14-сурет. Балаларға қалай оқу керектігін үйренуге көмектесу
Келесі бөлімдер сыныптың ішінде не болып жатқанына арналады, бұл орайда сыныптар
бүкіл білім беру жүйесінің жекелеген бөлшектері болып табылатынын ұмытпаған жөн және
бұл байланыс оқу материалын әзірлеу кезінде ескерілуі тиіс. Нәтижесінде оқушылар өздерінің
отбасы тарапынан қолдау тауып, мектептің ішінде және одан тыс жерлерде олардың оқу әлеуеті
артады.
Балалардың қалай білім алатынын ескеру
Нәтижелі білім алу үдерісі мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген білім-
дағдылары мен амал, көзқарастарын зейін қойып, зерделей білген білім модельдері аясында
ғана жүзеге асады. Оқыту үдерісінің басында мұғалімдер оқушылар не біледі, оларда қандай
72
қате ой-түйгендері бар және бұны қалай түзеткен дұрыс екенін білу үшін арнайы құралдарды
пайдаланады. Бұған дейін бөлім оқу үдерісінің басында оқушылардың қарастырылатын
тақырып туралы шамалы білімі болғанын және осы бастапқы білім жаңа материалды игеру
үшін бастау болып табылатынын көрсетті. Егер мұғалім мен оқушының білім игеруді бастау
нүктесі өзара үйлеспейтін болса, онда оқуда табысқа жету күмәнді болады. Егер білім игеруді
бастау нүктесі қолайсыз таңдалынып алынса, онда тіпті ең жақсы оқушылардың өздеріне де
алған білімдерін есте сақтау қиындық тудырып, тестіден немесе емтиханнан өткеннен кейін
мүлдем ұмытып қалады.
Осыған орай, әр сабақта оқушыларға оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатысу
керек: олар өзінің болжамдары мен сұрақтарын тұжырымдайды, бір-біріне кеңес береді, өз
алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды
және қателер – оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады (15-сурет).\
Дереккөз: Ұлттық оқу зертханалары, Бефель, Мэн штаты, АҚШ
оқушылардың
алған ақпаратты
сақтауының
орташа
пайызы
Дәріс
Оқу
Аудио-визуалды
қабылдау
Көрсетілім
Талқылау
Тәжірибеде
жасау
Өзгелерді оқыту
10%
20%
30%
50%
75%
90%
15-сурет. Оқу пирамидасы
Мұғалім оқушылардың зер салып тыңдауын сақтап қалу мақсатында сыныпта орында-
латын жұмыс барынша күрделі және әртүрлі болуын қадағалайды, бұл ретте оқушылардың
бойында бұл тапсырмаларды орындау үшін қажетті дағдыларды қалыптастырып, білім береді.
Мұғалім оқушыларда Чиксентмихаи (2008) «өзіндік мақсат» деп атайтын (16-сурет) және Рай-
ан мен Деки (2009) «ішкі уәж» деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай жасауға тырысуға
тиіс. Басқаша айтқанда, оқушылар өзін-өзі ынталандыра алады және осыған орай, оларда
ұмтылыс пен қызығушылық пайда болады. Бұны жазалауға ұшырамау немесе емтиханнан
құламау түрткі болып табылатын сыртқы уәжден ажырата білген жөн.
73
Дереккөз: Flow: The Psychology of Optimal Experience,
Михай Чиксентмихай (74 бет)
Дағдылар
Міндет
тер
(төмен)
(жоғары)
(төмен)
(ж
оғары)
Алаңдау
Зерігу
Ағын
А
3
А
1
А
4
А
2
16-сурет. Оқушыларда «өзіндік мақсатты» қалыптастыруға арналған жағдайлар
Осы мақсатта мұғалімдер оқушыларға өз мақсаттарын қоюды үйретеді, нәтижесінде
оқушылар жоспарлау мен белгілі бір нәтижеге жету үдерісінен рахат алады. Сабақтар
оқушылардың мәселенің бүге-шүгесіне дейін назар аудару қабілеті дамитындай және
тізбектелген сабақтар топтамасының материалын жүйелі түрде игере отырып, ұзақ уақыт на-
зарда ұстайтындай етіп құрылады. Мұғалімдер оқушыларды жұмысқа ынталандырады және
сыныпта болатын жағдайлардың бәріне белсенді қатысуға мүмкіндік береді.
Түйіндеме: оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгереді.
Басқаша айтсақ, оқушыға бағдарланған оқыту ортасында мұғалім оқушылардың сыныпқа
келген кездегі бастапқы сенімдерін, білімін және өзіндік ойын негізге ала отырып, өз пай-
ымдарын жасауға қабілетті екенін түсінеді. Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын
жалғастыратын «көпір салуға» негізделсе, онда осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер көпірдің
екі жағын да қадағалай білуі тиіс. Мұғалімдер оқушылардың не білетінін және нені жасай ала-
тынын, сондай-ақ олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін және не
істегісі келетінін түсінуге тырысады.
Бірінші тезис: Жаңа тақырыпты оқыту адамның нені білетіні және түсінетінімен байла-
нысты болады.
Екінші тезис: Оқыту оқушының бастапқы білімі мен дағдыларын назарға алып, оларды
өрістетуді мақсат еткенде мәнді болады.
Үшінші тезис: Осы байланыстарды дамытып, нығайту үшін проблемаларды шешу
үдерісін толыққанды қатыстыру қажет.
Төртінші тезис: Оқушыларға болжам жасауға, өз ойын құруға, оны қорғауға және
сынақтан өткізуге уақыт беріңіз.
Бесінші тезис: Оқушылардың бір-бірін оқытуына мүмкіндік беріңіз.
Оқу мазмұны мен тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлаудың үйлесімділігі
Мұғалімнің оқушының оқу үлгерімін ғана емес, түсініп оқуын ескеретін оқу үдерісі ма-
териалды терең игеруге ықпал етеді. Тестілеу барысында оң нәтижеге жету үшін материалды
меңгеруді ғана көздейтін «тактикалық оқу» – қалай оқу керектігін үйренудің салыстырмалы
түрде алғанда «мұзтаудың су бетіндегі бөлігіндей» ғана мәнге ие (17-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |