Жолдауында «Сіздер біздің саясатымыз туралы – 2025 жылға қарай
қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін білуге тиіс екендігін білесіздер.
Бұл үшін барлық жағдай жасалған. Қазірдің өзінде еліміздегі оқушылардың
60 пайыздан астамы мемлекеттік тілде оқиды. Мемлекеттік тіл барлық
мектептерде оқытылады. Бұл – егер бала биыл мектепке барса, енді он-он екі
жылдан соң жаппай қазақша білетін қазақстандықтардың жаңа ұрпағы
қалыптасады деген сөз» − деп атап көрсетті[12].
Дәстүр мен мәдениет – ұлттың генетикалық коды. Біздің қоғамда әртүрлі
мәдени элементтер бір-бірімен біріккен және бірін-бірі толықтырып тұрады,
біріне-бірі нәр беріп тұрады. Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен
дәстүрлерімізді осы әралуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз
керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек» [12] .
Тұлғаның дамуы мен әлеуметтенуінде әр халықтың және бүкіл адамзаттың
рухани және материалдық өмір саласындағы байлығы – этникалық мәдениет
сарқылмайтын мүмкіндіктерге ие. Н. Смельзердің анықтамасы бойынша
мәдениет – белгілі бір тұрмыс қалпының ортақтығы байланыстыратын адамдар
үшін ортақ құндылықтар, өмір туралы түсініктер жүйесі [13, 654 б.].
Этникалық мәдениет – бұл этникалық топ өкілдері жасаған және оның
ерекшеліктері мен өзіндік бейнесін көрсететін материалдық және рухани
құндылықтар.
Мәдени әр алуандық – бөлмейтін, керісінше біріктіретін құндылық.
Этникалық әр алуандыққа негізделген Қазақстан халқының ділін жас ұрпақ
әлемдік мәдениет ағынында жоғалтпастан бірегей ұлттық игілік ретінде
сақтауы қажет.
Белгілі тарихи кезеңде ежелгі этностардың ұлттық, рухани-адамгершілік
құндылықтарында мазмұндық жағынан, олардың түсіндірілуі және дамуы
байланысты, түрлі мәні мен функционалдық жүктемесі болды.
Осындай ұлттық құндылықтар жүйесіне этнопедагогикалық құндылықтар
–
халықтың ұлттық мәдениеті, тарихы, тілі, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары
негізінде тәрбиелеу мен оқытудың этникалық ерекшеліктерін реттейтін, сол
сияқты этникалық топтарды сақтау және дамыту мақсатында ұрпақтар
арасында сабақтастық буын қызметін атқаратын материалдық және рухани
құндылықтар жиынтығы жатады.
Этнопедагогикалық құндылықтар этникалық топтардың дамуы процесінде
қалыптасады,
этнос
нысанының
зердесінде
сақталады,
ұрпақтар
сабақтастығының көмегімен тасымалданады. Этнопедагогикалық құндылықтар
жүйесінде тіл, тарих, ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, ұлттық ойындар
және фольклор мен мәдениеттің басқа элементтері ерекшеленеді.
«Этнопедагогикалық құндылықтар» түсінігінде этномәдени құндылықтар
бар. Алайда, құндылықтар иерархиясына сәйкес «ұлттық», соның ішінде
этномәдени түсініктер педагогикалық мәні жағынан ерекшеленетін
«этнопедагогикалық құндылықтар» түсінігінен бір саты жоғары тұрады.
Мысалы, қазақ халқы баланың еңбекке ұмтылысын мадақтау арқылы
ынталандырған. Ересектер баланың өздігімен атқарған алғашқы еңбегіне назар
15
аударып, оның бұл қылығын мадақтаған, сый-сыяпат берген. Этноәлеуметтік-
рөлдік тәсіл жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды тірек еткен
қазақтың этникалық тәрбиесін анықтау негізінде жатыр.
Дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар – халықтың рухани өміріндегі ең
жақсылардың шоғыры.
Дәстүрлер – қоғамда немесе жекелеген топтарда ұзақ уақыт аралығында
сақталған, тарихи қалыптасқан және ұрпақтан ұрпаққа берілетін әдет-ғұрыптар,
мінез-құлық нормалары, салттар, қоғамдық нұсқамалар, мұраттар мен
құндылықтар, әлеуметтік-мәдени мұра элементтері. «Дәстүр» түсінігі моральдық
бастаулармен тығыз байланысты. Қоғам үнемі өз азаматтарының алдына
дәстүрлерді сақтау талаптарын қояды. Бұл оларды адамдар арасындағы, сондай-
ақ халықтар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты өмірлік ережелермен берік
етеді.
Ұлттық дәстүрлер ең алдымен, халықтың қоғамдық өміріне қатысты және
негізінен өз елінің ауқымында бірдей байқалатын барынша терең қасиеттерді
көрсетеді. Ұлттық әдет-ғұрыптар ең алдымен осы халыққа тән отбасылық-
тұрмыстық ерекшеліктерді білдіреді.
Отбасы барлық адамзаттың басты құндылығы болып табылады. Әрбір
адамның өмірдегі жолы отбасынан басталады және отбасы тұлға қалыптасуы
мен дамуына баға жетпес ықпал етеді. Отбасының негізгі міндеті - тұлғаны
тәрбиелеу және әлеуметтендіру. Отбасы аясында этникалық дәстүрлер мен
рухани құндылықтар ұрпақтан ұрпаққа беріледі.
Отбасында қаланған адамгершілік адамның өмір бойы серігі, сондай-ақ
қоғамдағы мінез-құлықтың бағдары болады. Махаббат, бала тәрбиесіндегі
қажеттілік, жауапкершілік, туралық, адалдық, отбасы алдындағы борыш сезімі
сияқты адамгершілік-эстетикалық қасиеттер отбасында қаланады және берік
отбасын құрудың негізі қызметін атқарады.
Тәрбие жүйесін жаңғыртуды жалпыадамзаттық және ұлттық
құндылықтарға сүйене отырып жүргізу керек. Білім беру ұйымы алған
білімдерін адамзат игілігіне пайдалануға мүмкіндік беретін білім ғана емес,
сонымен қатар ғасырлар бойы жинақталған жалпыадамзаттық және халық
даналығын ұрпақтан ұрпаққа беруі тиіс.
16
2
Тәрбие жүйесіндегі жаңашыл педагогикалық тәсілдер
Елде қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай алдыңғы
орынға білім беру сапасын арттырудың дәстүрлі міндеттерін жылжыта отырып,
оқу-тәрбие процесіндегі басымдықтарды өзгертуді ғана емес, сол сияқты
бірінші кезекте мектептің қоғамдағы балалар мен жасөспірімдердің тұлға
мәдениетін, бейімі мен өзін-өзі іске асыруын қалыптастыруда педагогикалық
күш салуын талап етуде.
Мектептің жаңаша түрленуінде ең басты міндет – педагогтардың,
оқушылар мен ата-аналардың арасындағы өзара ізет, құрмет, ынтымақтастық
принциптерінде оқу-тәрбие міндеттері кешенді шешілетін әлеуметтік-мәдени,
пәндік білім беру ортасын құру. Бұл бағыттар Қазақстан Республикасының
білім, ғылым және тәрбие саласындағы заңнамалық актілерінде көрініс тапқан.
Заманауи мектеп өз қызметтерін іске асырудың түрлі жолдарын
іздестіруде, олардың бірі - жаңашыл іс-әрекет.
Жаңарту – жаңалық енгізу, жаңашылдық, өзгерту; түрлі бастамалар мен
жаңашылдықтар негізінде туындайтын маңыздылығы өзекті жаңадан пайда
болған туынды.
ЮНЕСКО жаңашылдықты білім беру жүйесін өзгертуге, қазіргі жүйені
саналы және әдейі жақсартуға талпыныс ретінде анықтайды. Жаңашылдық
жаңа болуы шарт емес, бірақ міндетті түрде ерекше және өзін-өзі айғақтап
тұруы тиіс.
Тәрбие – үздіксіз процесс, ол мектептегі тәрбие жүйесінің барлық
компоненттерімен іске асырылады, оларға: сабақтар, сыныптан тыс және
мектептен тыс тәрбие шаралары, сынып ұжымындағы іс-әрекет, қосымша білім
беру жатады. Оқу процесінің тәрбие әлеуеті күшті. Заманауи білім беру
бағдарламаларының мазмұны елеулі тәрбие мүмкіндіктерінен тұрады, оларды
іске асыру оқу процесінің негізгі бірлігі ретінде сабақтың ойластыра
ұйымдастырылуына байланысты. Сабақ тек ақпарат көзі болып қана емес,
тұлғаның қалыптасуына ықпал етіп, дамытуы, тәрбиелеуі үшін келесі талаптар
сақталуы қажет:
1.
Сабақтың мақсаты мен міндеттерінде оқыту, тәрбие және дамыту бірлігі
принципінің бейнеленуі;
2.
Адамгерщілік, руханилық, азаматтық және ізгіліктіктің жоғары
үлгісінен тұратын оқу материалын мақсатты таңдау;
3. Оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесінде дұрыс
бағдарлануы үшін ізгілендіру және ізгіліктендіру принциптерін, балада
қоршаған дүние үшін жауапкершілігін дамытатын экологияландыру принципін,
іс-әрекеттің түрлі бағыттарында балалардың бейімі мен шығармашылық
қабілеттерін анықтауды және дамытуды көздейтін сыртқы және ішкі саралау
принциптерін іске асыру;
4. Педагогикалық технологиялардың тәрбиелік әлеуетін пайдалану;
5. Білім берудің түрлі сатылары және оқу бағдарламаларының мазмұндары
арасында сабақтастықты жүзеге асыру;
17
Достарыңызбен бөлісу: |