мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, жалпыадамзаттық және ұлттық
құндылықтар мен жаңа педагогикалық тұрғылар негізінде тәрбие жүйесін
жаңарту жолдарын іздестіру балалар мен жасөспірімдерге тәрбие беру мен
оқытуға қатысты барлық мемлекеттік институттардың педагогикалық және
әлеуметтік қызметін қайта қарастыруын талап етеді.
Заманауи жағдайда білім беруді жаңғыртудағы тәрбие мәселелерін басты
назарда ұстау қажеттілігі келесі шарттармен:
− түрлі типті білім беру ұйымдарында білім беру жүйесінің, оқу-тәрбие
процесінің әдіснамасы мен технологияларының жаңаруымен;
− оқытуды ұйымдастырудың жаңа формалары мен технологияларын үнемі
іздестіруді талап ететін қоғамдағы білім беру процесін оқушылардың ұғыну,
адамның жеке басындағы өзгеру, білім мазмұнын ізгілендіру, оқу пәндері
көлемі, құрамының үздіксіз өзгеру, жаңа оқу пәндерін кіргізу қажеттілігімен;
− мұғалімдердің педагогикалық жаңалықтарды меңгеру және қолдануға
деген көзқарасының өзгеруімен анықталады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Барлық білім
беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі
үлгілік кешенді жоспарда» жалпы адамзаттық құндылықтарды, Қазақстанның
тарихи тәжірибесін, педагогтердің жаңашыл тәсілдерін ескере отырып, тәрбие
жүйесін жаңарту әдістемелерін әзірлеуге ерекше көңіл бөлінген [3].
Заманауи мектеп нақты педагогикалық қызметте іске асырылуы қажет
тәрбиенің бай педагогикалық тәжірибесін жинақтаған. И.П.Волков,
Т.И.Гончарова, И.П.Иванов, Е.Н.Ильин, В.А.Караковский, С.Н.Лысенкова,
Е.А.Ямбург, К.К.Жампеисова, Ж.Қараев, Б.Р. Айтмамбетова, К.Б. Бозжанова,
С.С. Рахимова, Р.М. Қоянбаев, Э.И. Шныбекова, Р.К. Төлеубекова сынды
педагогтер мен ғалымдардың еңбектерінде педагогикалық тәжірибенің бірегей
жаңашыл және зерттеушілік үлгілері бар; адамгершілік тәрбиенің әдістемелік
аспектілері К.А. Бекмұхамедова, К.Л. Болатбаева, Г.Ф. Гуревич, Р.Б.
Нұртазина,
К.Н. Сариева, Д.Т. Тұрсынов, Н.Н. Шманова және т.б. еңбектерінде көрінеді.
Үздік педагогикалық тәжірибеге шығармашылық ізденіс, жаңашылдық,
бірегейлік элементтерінен тұратын, басқаша айтқанда, жаңашылдық деп
аталатын тәжірибені жатқызады. Мұндай педагогикалық тәжірибе
педагогикалық практика мен педагогика ғылымына соны сүрлеулер салуымен
де ерекше бағалы, сондықтан да жаңашыл тәжірибе ең алдымен талдау,
жинақтау және таратуды қажет етеді. Қарапайым шеберлік пен
жаңашылдықтың арасына шек қою мүмкін болмай жатады, себебі ғылымдағы
белгілі принциптер мен әдістерді меңгерген мұғалім негізінде қол жеткізген
жетістікте тоқтап қалмайды. Шебер-педагог бірегей жаңа тәсілдерді табады
және қолданады немесе бұрынғыларды тиімді үйлестіре отыра біртіндеп нағыз
жаңашыл болады. Осыдан білім беру ұйымдары тәжірибесіне кез келген жақсы
тәжірибені тарату және енгізу, әсіресе жаңашыл-педагогтердің тәжірибесін
терең де жан-жақты талдау, жинақтау және тарату қажеттігі туындайды.
«Құндылықтар» санаты тұлға, адамгершілік, ізгілік проблемаларына
қызығушылық артқан XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап қазақстандық
4