Қазақстандық патриотизм қызығушылығын және мінез-құлқын құқықтық
нормаларды орындауға және бірігуге бағдарлай отырып халықтың және
қоғамның мүддесін қорғайтын азамат-патриотын тәрбиелеуді болжайды. Бұл
қазақ халқы тудырған моральдық нормаларда және құндылықтарда бекітілген
патриоттық тәжірибені меңгеру, ұлттық этномәдени дәстүрлер мен әдет-
ғұрыптарды тану, тарихты құрметтеу арқылы іске асырылады. Қоғамдық
өмірдің қай саласында болмасын өз ұлтының нағыз патриоты болу дегеніміз бір
ұлттың екінші ұлттан үстемдігінің көрсеткіші ретінде емес, өз ұлтының
қазақстандық, адамдық өркениеттің ортақ процесіне қосқан үлесі ретінде
қарастырылады.
Ұлтаралық келісім және толеранттылық. Қоғамда саяси тұрақтылық пен
ұлтаралық келісім сақталған. Бұл құндылықтар қоғамның іргетасы, ерекше
қазақстандық толеранттылықтың негізі болды. Ұлттық саясат мәселелерін
шешу үшін кеңестік дәуірден кейінгі кеңістіктегі бірегей орган – Қазақстан
халқы ассамблеясы құрылды, ол осы елде тұратын этностардың мүдделерін
көрсетеді.
Қазақстан Республикасында әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының
съездері үнемі өткізіледі. Қазақстан үшін оны өткізу − ХХІ ғасырда бейбітшілік
орнатудағы маңызды принцип ретінде ғаламдық толеранттылықты
қалыптастыру ісіндегі үлкен тарту.
Қоғамдағы әлеуметтік институттардың елдегі барлық діни бірлестіктерімен
өзара әрекеттесуі нығая түсуде, жастарды жалған діни топтардың ықпалынан
қорғау бойынша тиімді кешенді шаралар дайындалуда.
Елбасының этносаралық және конфессияаралық келісімінің бірегей үлгісі
жас ұрпақтың толеранттылығын қалыптастыруда, оның этникалық және діни
айырмашылықтарды түсінуі мен құрметпен қабылдауына негіз болуы тиіс.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтып өткендей, толеранттылық Қазақстан
халқының ұлттық құндылығы
әрі байлығы болып табылады. Ол қазақ
халқының бірнеше ғасырлық дәстүрі мен мәдени нормалары негізінде
қалыптасты. «Ел-жұрт», «Жеті ата», «Қонақ жайлылық», «Асар», «Сыйластық»,
«Сабырлылық» сынды түсініктер қазақтардың дүниетанымдары мен өмірлік
салт-дәстүрі негізінде қалыптасқан. Осындай құндылықтардың арқасында
біздің ортақ үйімізде бейбітшілік пен тыныштық сақталған. Сондықтан да,
толеранттылық
ты қалыптастыратын өзіндік әлеуметтік-мәдени нормаларда
қазақтардың салт-дәстүрін, жалпы адамзаттық маңыздағы материалдық емес
мәдени мұраның элементі ретінде қарастыру қажет
[10].
Тұрақтылық – Қазақстан жетістігінің негізі және дамуының басты
нәтижелерінің бірі. Елдегі көпэтникалы және көпконфессиялы халықтың бірлігі
–
толық құндылық және барлық ұрпақтың міндеті – елдің өркендеуі үшін осы
құндылықты сақтау және көбейту.
Адамзат құндылықтарының ішіндегі маңыздыларының бірі – табиғат. Ол
–
тек өмір сүру ортасы ғана емес, сонымен бірге туған өлке, Отан. Туған елдің
табиғаты адамзатқа айтып түсіндіруге болмайтын билік жүргізеді.
13
Табиғат – бұл әке үйінің ауласы, сонымен бірге Ғалам, және әлемдік ғарыш
кеңістігі. Тіпті көктегі жұлдыздар да жаныңа жақын. Өмірдің барлық дәстүрлі
бейнесі туған табиғатпен анықталады. Оның қирауы этносфераның, ізінше
этностың қирауына тең. Табиғат тұлғаның және адамның қалыптасуына зор
ықпал етеді. Тәрбиедегі табиғат бейнелі тәсіл тұлға қалыптасуының үйлесімді,
кешенді тұрғысын қамтамасыз етеді, себебі табиғат адам сезіміне, санасына,
мінез-құлқына аралас әсер етеді.
Өкінішке орай, адам мен табиғаттың өзара әрекеттесуінің экологиялық
проблемасы, сонымен қатар адамзат қоғамының қоршаған ортаға әсері өткір
тұр және үлкен масштабқа ие болуда. Ғылыми-техникалық прогресс
қарқынының артуы табиғи ортаға антропогендік ықпалдың барынша
күшеюуімен сипатталады. Бұл орайда, адамның табиғатқа тигізген жақсы
әсерімен қатар, теріс ықпалының практикалық мүмкіндіктері шексіз өсуде.
Адамдар өздерінің тұтынушылық қатынастарымен табиғатқа орны толмас залал
тигізді. Жердің топырақ жамылғысы, атмосфера және гидросфера өндіріс
қалдықтарымен ластануда. Жер маңы ғарыштық кеңістік қираған ғарыш
аппараттарының бөлшектерімен ластана бастады. Сондықтан экология –
адамзаттың жан-жақты қамқорлығы ретінде қоршаған табиғат экологиясы,
мәдениет экологиясы, адам экологиясы, этникалық білім беру экологиясы
туралы сөз қозғау орынды.
Тіл – этнос құрушы, ұлтты біріктіретін баға жетпес құндылық болып
табылады. Тіл – адамды жануардан ерекшелейтін қасиет. Тіл – қарым-қатынас
арқылы адамзат қауымын құрушы құрал. Тіл этносаралық бірліктің негізін
қалайды.
Ана тілі – халықтың ғасырлар бойы жиған өмірлік тәжірибесін жеткізудің
табиғи тетігі, тұлға үшін халықтың көпғасырлық даналығына, оның мәдениеті
мен болмыс бейнесіне қосылудың бірден бір жолы. Ұлттық тіл – адамзат
өркениетінде әлемді түсіну мен әлемді сезіну ерекшеліктерін, өмір сүру және
мәдениет, адамгершілік және эстетикалық құндылықтар бейнесін ұрпақтан
ұрпаққа жеткізудің негізгі жолы.
Қазақстан көптілді мемлекет ретінде елдегі этностар мен этностық
топтардың бірінің де тіліне қысым жасамай, демократияшыл және жауапты тіл
саясатын жүргізуде. Мемлекеттік органдарда қазақ тілімен қатар тең дәрежеде
орыс тілі қолданылады. «Үштілділік» ұлттық бағдарламасы табысты
жүргізілуде. Ағылшын тілін оқытуда ұмтылыс жасау міндеті қойылды.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың
барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн
жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi ретінде мемлекет жасаушы, ұлтты
біріктіруші құндылық болып саналады [11, с.14].
Ел Конституциясының 7 бабына сәйкес Қазақстан Республикасында
ұлттың рухани қазығы – қазақ тілі мемлекеттік тіл болып табылады.
Республикада мемлекеттік тілдің тұғырын бекітуде көптеген шаралар
атқарылуда. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өз
14
Достарыңызбен бөлісу: |