Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш



жүктеу 1,53 Mb.
Pdf просмотр
бет73/87
Дата13.11.2018
өлшемі1,53 Mb.
#19232
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   87

290
291
обучения в школе. – М.: Новая школа, 1997.
4.  Копжасарова  М.  Р.,  Нурахметов  Н.  Н.,  Аульбекова  Г.  Д.  
Технология модульного обучения – //Халық тəлімі,  2002. – №1.
5. Дьяченко В. К.  Новая дидактика. – М.: Народное образова-
ние, 2001.
6. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технологиялары. 
Алматы, 2005.
7. Əбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. – 
Алматы, 2004.
8. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту 
құралдары. – Алматы, 2007.
9. Жүнісбек Ə. Қазіргі заманғы педагогикалық технология негізі 
– сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008.
10.  Педагогические  технологии:  Методические  рекомендации 
/Сост.  А.  П.  Чернявская. – Ярославль:  изд-во  ЯГПУ  им.  
К.Д.Ушинского, 2002.
11. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. – 
М.: Народное образование, 1998.
12. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий 
обучения. – М.: Педагогика, 1990 г. 
13.2. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды  
дамыту технологиясы
Сабақ  барысында  оқушының  ізденуі  мен  зерттеу  дағдыларын 
қалыптастыра  отырып,  пəнге  деген  қызығушылықтарын  арттыру 
мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі 
оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды  дамыту технологиясы.
Сыни  тұрғыдан  ойлау  арқылы  оқу  мен  жазуды  дамыту 
бағдарламасы – əлемнің  түкпір-түкпірінен  жиылған  білім 
берушілердің бірлескен еңбегі. Технологияның негізін қалаушылар 
американдық  ғалымдар  Чарльз  Темпл,  Джон  Дьюи,  Мередит. 
Жобаның  негізі  Ж.  Пиаже,  Л.  С.  Выготский  теорияларын  басшы-
лыққа алады.
Бұл технология Совет өкіметі кезінде 1973 жылдан, Қазақстан 
қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Оқу 
мен  жазу  арқылы  сыни  тұрғыдан  ойлау,  яғни, RWCT жобасы 29 
мемлекетте қолданылады.
Оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлауды    дамыту 
технологиясының басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде «Сыни 
тұрғыдан  ойлау  арқылы  оқу  мен  жазуды  дамыту»  бағдарламасын 
іске асыру, балаларға терең білім беру.
Қазіргі  заманғы  педагогикалық  технология  ретінде  ең  озық 
əдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан 
өнімді нəтиже шығара білу – əрбір ұстаздың басты міндеті.
RWCT  бағдарламасы – ағылшын  тілінен  аударғанда  «Сын 
тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» дегенді білдіреді. 
Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту  бағдарламасының  мақсаты: 
барлық  жастағы  оқушыларға  кез  келген  мазмұнға  сыни  тұрғыдан 
қарап,  екі  ұйғарым  бір  пікірдің  біреуін  таңдауға  саналы  шешім 
қабылдауға  сабақтарда  үйрету.  Біздің  елімізге  Джордж  Соростың 
ашық  қоғам  институты, «Сорос-Қазақстан»  қоры  арқылы  келген 
бұл технология орыс жəне қазақ тілдерінде мектеп тəжірибелеріне 
енгізілуде.
«Сын  тұрғысынан  ойлау»  ұғымы  белгілі  бір  идеяларды 
қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл 
септикалық  ойларға  қарсы  қоя  білу,  салыстыра  алу,  сол  идеяларға 
қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен 
қарау деп түсіндіреді авторлар. Сыни тұрғыдан ойлау – сынау емес, 
шыңдалған  ойлау.  Бұл  деңгейдегі  ойлау  тек  ересек  адамдарға, 
жоғарғы  сынып  оқушыларына  ғана  тəн  деп  ойлау  аса  дұрыс 
емес.  Бастауыш  сынып  оқушыларының  да  бұл  жұмысты  дұрыс 
ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сəйкес ойы шыңдалып, 
белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.
Сыни ойлау – өзіндік ойлау. Сыни ойлау – сұрақ қоюдан жəне 
шешімін  талап  ететін  проблемаларды  айқындаудан  басталады. 
Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды. 
Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл 
құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің 
болашақта  пайдаға  асуы,  қажетке  жарауын  қалыптастырады.  Көп 
ақпаратты  талдай,  жинақтай  отырып,  ішінен  қажеттісін  алуға 
үйретеді.
Бұл технология мұғалімдерді несімен өзіне баурап алғандығын 
бірнеше сұрақ-жауап ретінде көрсетейік. 
Сын тұрғысындан ойлау дегеніміз не? 


292
293
«Оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту» 
бағдарламасы бойынша ол:
-  шыңдалған  ойлау,  кез  келген  даму  деңгейіне  байланысты 
мəселелерге сын көзбен қарау;
-  күрделі  мəселелерді  шешуге,  аса  маңызды,  жауапты  шешім 
қабылдауға құштарлық;
-  үйрету  мен  үйрену  бірлігінің,  үйренудің  қызығушылығынан 
тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.
 «СТО-ды дамыту» технологиясы немен қызықтырады?
•  Кез  келген  ұстазға  сапалы  сабақ  беруге  мүмкіндік 
беретіндігімен.
• 
Оқыту 
мен 
ұйымдастырудың 
тиімді 
əдістерінің 
/стратегияларының/ көптігімен. 
• Оқу мотивацияларын өзгертуге пайдалы екендігімен. 
«СТО-ды  дамыту»  технологиясының  өзге  технологиялардан 
қандай ерекшеліктері бар?
•  Сын  тұрғысынан  ойлау  сабақтарының  құрылымы 
/қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс/.
• Негізгі үш кезеңінің маңыздылығы.
• Стратегиялардың психологиялық астары мен ерекшеліктері. 
«Оқу  мен  жазу  сын  тұрғысынан  ойлау»  сабақтарында  мына 
мəселелерге назар аударылады: 
 1. 
Сабақты  белсенді  өткізіп,  əр  баладан  еркін  жауап  алуға 
жағдай жасау. 
 2. 
Қиялын  дамыту  үшін  «менің  ойымша»  деген  жауапқа 
дағдыландыру.
 3. 
Тіл байлығын дамыту үшін  қалайда жауапты соңына дейін 
тыңдау.
 4. 
Жеке  тұлға  ретінде  «мен»  деген  рөлін  көтеру,  өз  пікірін 
қалыптастыру.
«Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту»  технологиясы  үш  кезең 
бойынша қолданылады:
 Қызығушылықты ояту ( «көпір жасау», ой қозғау);
 Мағынаны тану (мағынаны ажырату);
 Ой-толғаныс (рефлексия, жаңа білім құрастырылады).
Білім  берудің  маңызды  шарты  оқу  үдерісінде  оқушылардың 
қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлықтарын 
дамыту болып табылады. 
Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ тоқталып 
өтейік.
Қызығушылықты ояту. Үйрену үдерісі – бұрынғы білетін жəне 
жаңа  білімді  ұштастырудан  тұрады.  Үйренуші  жаңа  ұғымдарды, 
түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, 
кеңейте  түседі.  Сондықтан  да,  сабақ  қарастырылғалы  тұрған 
мəселе  жайлы  оқушы  не  біледі,  не  айта  алатындығын  анықтаудан 
басталады.  Осы  арқылы  ойды  қозғату,  ояту,  ми  қыртысына 
тітіркенгіш арқылы əсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін 
«Топтау», «Түртіп  алу», «Ойлану», «Жұпта  талқылау», «Болжау», 
«Əлемді  шарлау»,  т.б.  деген  аттары  бар  əдістер  (стратегиялар) 
жинақталған.  Қызығушылықты  ояту  кезеңінің  екінші  мақсаты – 
үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені үйрену – енжарлықтан 
гөрі  белсенділікті  талап  ететін  іс-əрекет  екені  даусыз.  Оқушы 
өз  білетінін  еске  түсіреді,  қағазға  жазады,  көршісімен  бөліседі, 
тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның 
ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте 
қадам  жасала  бастайды.  Оқушы  бұл  кезеңде  жаңа  білім  жайлы 
ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады. 
Ойлау  мен  үйренуге  бағытталған  бұл  бағдарламаның  екінші 
кезеңі  мағынаны  тану  (түсіне  білу).  Бұл  кезеңде  үйренуші  жаңа 
ақпаратпен  танысады,  тақырып  бойынша  жұмыс  істейді,  тапсыр-
малар  орындайды.  Оның  өз  бетімен  жұмыс  жасап,  белсенділік 
көрсетуіне  жағдай  жасалады.  Оқушылардың  тақырып  бойынша 
жұмыс  жасауына  көмектесетін  оқыту  стратегиялары  бар.  Соның 
бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу бары-
сында V – «білемін», ― - «мен үшін түсініксіз», + - «мен үшін жаңа 
ақпарат», ? – «мені таң қалдырады» белгілерін қойып отырып оқу 
тапсырылады. INSERT – оқығанын  түсінуге,  өз  ойына  басшылық 
етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір əңгіменің соңына 
тез жету, оқығанды есте сақтау, мəнін жете түсіну – күрделі жұмыс. 
Сондықтан  да,  оқушылар  арасында  оқуға  жеңіл-желпі  қарау  сал-
дарынан  түсіне  алмау,  өмірмен  ұштастыра  алмау  жиі  кездеседі. 
Мағынаны  түсінуді  жоғарыдағыдай  ұйымдастыру – аталған 
кемшіліктерді  болдырмаудың  бірден-бір  кепілі.  Үйретушілер 
білетіндерін  анықтап,  білмейтіндерін  белгілеп  сұрауға  əзірленеді. 
Бұл  əрекет  арқылы  жаңаны  түсіну  үшін  бұрынғы  білім  арасында 
көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады. 


жүктеу 1,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   87




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау