Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш



жүктеу 1,53 Mb.
Pdf просмотр
бет58/87
Дата13.11.2018
өлшемі1,53 Mb.
#19232
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   87
    Навигация по данной странице:
  • Топтық

230
231
Ұжымдық оқыту тəсілі  дəстүрлі оқыту түрлерін қоса қамтиды, 
яғни  ұжымдық  оқытуда  дəстүрлі  жеке  жұмыс  түрі,  жұппен  жəне 
топтық жұмыс түрлері қолданылады. Сонымен көрсетілген өмірдегі 
адамдар  арасындағы  қарым-қатынас  құрылымдары,  бізге – оқу 
үдерісінде 4 ұйымдастыру түрін береді: жеке, жұптық, топтық жəне 
ұжымдық;  оларды  В.  К.  Дьяченко  ортақ  немесе  құрылымдық  деп 
атайды. Оқу үдерісі тек қана осы түрлер арқылы іске асады.
Ұжымдық  түрлердің  мінездемесіне  тоқталмас  бұрын,  топтық 
түрдің негізгі белгілерін қарастыру керек, себебі көптеген авторлар 
М.  Д.  Виноградова,  В.  В.  Давыдов,  Г.  Г.  Кравцов,  Х.  И.  Лиймеж 
бригадалық (топтық) жəне ұжымдық-бөліну  жұмыстарын ұжымдық 
деп  қате  таниды.  Топтық  түрінің  негізгі  ерекшеліктерін  былай 
бөлуге болады:
1. Қарым-қатынастың топтық құрылымы;
2.  Негізгі  талап:  бір  адамды  таңдау  мүмкіндігі  үшін  жалпыға 
бірдей  тыныштық,  яғни  қарым-қатынастың  əрбір  сəтінде  тек  қана 
бір адам сөйлей алады;
3.  Негізгі  жақсы  жағы:  топ  мүшелерінің  білуі  жəне  істеуі  тиіс 
нəрсенің барлығы бір уақытта барлығына түсіндіріліп көрсетіледі;
4.  Əдебиетте  кəсіби  педагог,  яғни  арнаулы  білімі  бар  мұғалім 
оқытады;
5. Əрбір оқушы мұғалімнің айтқанын үндемей қабылдауға тиіс, 
сондықтан оқуға деген селқостығы болады;
6. Əрбір оқушы тек өзіне жəне өзінің жеке басының жетістігіне 
қамқорлық  жасайды  жəне  қамқорлық  жасауы  тиіс.  Яғни,  ол  өзіне 
ғана өз білімі мен тəртібіне жауап береді;
7. Оқушылардың қоғамдық пайдалы іс-əрекеттері болуы мүмкін 
емес, өйткені өзі үшін ғана оқиды;
8.  Оқушы  педагогикалық  ықпал  жасаудың  тұрақты  объектісі, 
сырттай қараушы тірі жəндігі;
9. Жолдастарымен қарым-қатынас жасауға рұқсат берілмейді;
10. Оқушылар арасында жалпы ынтымақтастық пен жолдастық 
өзара көмек жоқ.
Ал,  звено  бригадасы  арқылы    оқытудың  ерекшеліктеріне 
тоқталсақ,  олардың  шамалы  айырмашылықтары  бар,  бірақ  мəнін 
өзгертпейді. Бұл мынадай ерекшеліктер
- топ 3-8 адамдық тұрақты құрамынан тұрады;
- біреуі топты оқытып-үйретеді; 
- кейбір жекелеген оқушылар оқытушы ретінде бола алады (ша-
малап) 20% ғана жəне т.б. 
Осыған  ұқсас  ұжымдық  оқыту  жұмысы.  Айырмашылықтары 
тек қана аттарында: педагогикада топтық жұмыс (звено-бригадалық) 
психологияда ұжымдық бөлу (кооперация түрі бойынша) дейді. 
Көрсетілген  аттар  мұғалімдер  мен  əдіскерлерді  шатастырады. 
Ұжымдық жұмыс түрі – жалғыз; топтық, тіпті жекеменшік жұптық 
жұмыс  ұжымдық  ешқашанда  бола  алмайды.  Ұжымдық  оқыту  деп 
біз ұжым əр өзінің мүшесін жəне əр мүше өз жолдастарын оқытып 
тəрбиелегенді айтамыз. Олай болса, ұжымдық оқу түрі – үйретушілер 
мен  үйренушілер  арасындағы  ауыспалы  жұптағы  қарым-қатынасы 
деп танимыз. 
Ұжымдық оқыту түрінің нағыз мағынасы осындай. Сондықтан 
топтық  жəне  ұжымдық  жұмысты  шатастырмау  керек.  Ең  алғаш 
оқытудың  ұжымдық  түрін 20-шы  жылдары  А.  Г.  Ривин  өз  іс-
тəжірибелерінде  қолданған  болатын.  А.  Г.  Ривин  əдістемесінің 
тиімділігін  өзінің  шəкірттері,  ізбасарлары  жаңартып,  оқырман 
қауымға, ұстаздарға ұсынып отырады.
А. Г. Ривин сол кездерін есіне түсіріп: ол кезде мені революциялық 
пафос  қамтыды  (қаптауы)  мен  сөткелеп  жұмыс  істеуге  дайын 
болдым. Аз ұйықтадым, шаршамадым. Менің жағдайым балаларға 
беріледі, олар мені түсінді. Бізді үнемі жетістіктер қуантып отырды.
Қазіргі  мектептерде  буынға,  сөзге,  сөйлемге  бөліп  оқытады. 
Ал, А. Г. Ривиннің əдістемесі бойынша буынға бөліп емес, абзацпен 
оқытып үйретеді. Əрине, бұл өте қиын əрі күрделі тəсіл. Бұл күрделі 
іскерлікті  қалыптастыру  үшін  өзгеше  дəнекерлік  болып  табылады: 
оқушылар əрбір бет, параграф, тақырып бойынша оқып үйренеді.
Виталий Кузьмин Дьяченко өзінің «Оқыту үдерісін ұйымдастыру 
ортақ түрлері» (Красноярск, 1984) атты монографиясында абзацтық 
оқуды атап көрсеткен.
Соңғы жылдары пайдаланып жүрген сабақтың жаңа түрлерінің 
бірі – сабақтағы  жұмыстың  топтың  түрі.  Яғни,  ұжымдық  тəсіл. 
Топтық жұмыс кезінде оқушылар бірінің білмегендерін екіншісінен 
біледі,  біріне-бірі  айтады,  сыныпта  өзінің  қабілеттерін  көрсетеді. 
Бұл  бара-бара  əдетке  айналса  жақсы.  Мұғалім  даярлап  келген 
қиындықтары  бар  əр  түрлі  сұрақтарға  жауап  беріп,  тəжірибелерді 
қайталап жасап, түсінік беруге қалыптасады.
Мұғалімнің  іс-əрекеті  сабақта  оқушылардың  жұмыстарын 
ұйымдастырушы  ретінде  мақсатқа  жету  жолында  жаңа,  озық 


232
233
əңгімелерді  кеңінен  қолданып,  оқу-тəрбие  ісін  ұтымды  етуден 
жеткізуге  түседі,  нақты  жағдайларды  ескеріп  түрлендіріп  отыруға 
үйретеді.
Сабақтарда  оқушылармен  топтық  жұмыстарды  ұйымдастыра 
жəне  жүзеге  асыра  келе,  белгілі  мақсаттарға  жете  отыра  бірнеше 
қағидалы  мəселелерді  шешеді.  Олар  мынандай  қағидаларға 
жіктеледі:
1.  Пəндерді  оқыту  барысында  сабақтағы  топтың  əр  түрлі 
мүмкіндіктері бар екендігін ескеру қажеттілігін талдаулар көрсетеді, 
атап айтқанда:
-  оқу  материалдарын  талдауға,  салыстыруға  жəне  бірін-бірі 
толықтыруға қатысты тапсырмалар таңдай білу;
- жаттығулар мен есептеулер жүргізілетін тапсырмалар;
-  бірнеше  варианттық  жауаптарынан  дұрысын  дəлелдеулер 
арқылы ақиқатын анықтау;
2. Бірін-бірі түсінетін, бірігіп оқу материалдарын пысықтайтын, 
қайталайтын жауаптарына дəлелдер келтіріп, талдау жүргізіп, сапалы 
еңбек ететін топты ұйымдастыру. Бұл арада оқушылармен ақылдаса, 
білім  деңгейлерін  ескеріп,  жеке  психологиялық  ерекшеліктерін, 
мүмкіндіктері мен қабілеттерін ұмытпаған абзал;
3.  Оқушылардың  білімдері  мен  қағидаларына  бағалау  жасауда 
олардың  оқу,  еңбек  ету,  талпыну-ұмтылуларын  есепке  алып,  басқа 
пəн  мұғалімдерімен,  сынып  жетекшілерімен  ақылдасып,  еңбек 
нəтижелерін салыстыру арқылы тапсырмаларды жүйелі жалғастыру.
Əрбір топта үлгерімдері əр түрлі, талаптары, ынталары түрліше, 
ер  жəне  қыз  балалардың 4 жəне 5-тен  алынып  бірге  ойласа  жауап 
беретін  сұрақтар  жауаптары  тыңдалып,  сапалы  сұрыптау,  талдау 
жасалып,  түсініктеме  беріліп,  топтардағы  табыстарына  қажетті 
шарттарына талдау жүргізіліп, қорытынды тұжырымдар жасалады.
Үйге  берілген  тапсырма  жəне  жаңа  сабақ  материалдары 
негізінде  дайындалған 3 сұрақтан  тұратын  тапсырмаларға 4 
оқушыдан  топтасып 6 топ 10-15 минут  бойына  бірлесе  отыра, 
жазбаша  жауаптарын  даярлайды.  Əрбір  топтың  жауаптарын  басқа 
топ мүшелері оқып, бүкіл сынып болып талдап, қорытындылай келе 
бағалайды. Ұжымдық жұмыс барысында басты нəтиже: күнделікті 
оқып,  қайталауға  мəжбүр  болып,  жүйелі  оқуға  қалыптасады, 
тəрбиесі жақсарады.
Сабақтың  түрлерін,  құрылымын  ғылыми  жəне  əдістемелік 
тұрғыдан түрлендіріп оқытулар нəтижелі, мақсатты болатындығын 
айтқан  жөн.  Ұжымдық  жұмыс  барысында  оқушылардың  жазбаша 
жəне ауызша жауаптарын, олардың қызыға оқып, қайталайтындығын 
байқау қиын емес.
Маңыздысы жауаптары жүйелі, формула, түсініктер, мысалдар, 
есептеулер түсіне оқуға ұмтылғандарын білдіреді. Ұжымдық оқыту, 
жұмыс  істеу  барысында  алда  туындайтын  қиындықтар  жоқ  емес, 
атап айтқанда бұл жұмысты əдістемелік ұйымдастыруда:
-  оқушыларды  үлгерімі,  тəртіптері,  талаптары,  ынталары 
бойынша бөлуде;
-  оқушыларға  даярланатын  сұрақ  тапсырмаларды  даярлауда 
жəне нəтижелерін талдап бағалауда;
-  сабақтың  тақырыптарына  байланысты  əрбір  жеке  оқушыға 
нақты  сұрақтар  даярлауда  күрделі  жəне  қарапайым,  қиын  жəне 
жеңіл, жай жəне ойландыратын, дəлелдеуді қажет ететін, қорытып 
шығаратын, жаза салатын т.б.;
-  жұмыстың  əрбір  кезеңдерін  де  уақытша  ұйымдастырулар, 
түрлендірулер;
- əрбір топтың жұмысына объективті жəне негізделген бағалау;
- жұмыс барысында оң нəтижелерді бөліп алу жəне оны игеру, 
ұжымды болса дамыту, жетілдіру, іс жүзінде пайдалануға жету жо-
лында еңбек ету.
Сабақты  топтық  оқытудың  педагогикалық  мақсаты  оқушы-
лардың  өз  бетінше,  əрбір  оқушының  жеке  өзінің  оқуын  жүзеге 
асыруда,  олардың  танымдық  белсенділігін  арттыру,  əрбір 
жеткіншектің  қайырымдылығын  дамыта  түсу,  бірін-бірі  түсінуге 
жеткізіп,  сезімталдықтарын  жетілдіріп,  қол  ұшын  беруге  əзір 
екендігін күшейте беру.
Сондықтан сабақтағы топтық жұмыс, ұжымдық тəсіл ең тиімді. 
Себебі оқушыларды тегіс сабаққа қатыстыруға көмектеседі.
Жеке  бастың  толығымен  жан-жақты  даму  үшін  жоғары 
дамыған  ұжым  қалыптастыру  қажет.  Ол  үшін  шындық  негізінде 
ұйымдастырылған  ұжым  қажет.  Бұл  дегеніміз  білім  беруде  оқыту 
үдерісіне  қарастырылған  əрбір  субъект,  алдымен  оқушылар,  əр 
бірін,  ал  əрбірі  бəрін  оқытып  тəрбиелейді.  Ұжымдық  оқытудың 
тəсілі  ұжымдық  формада,  яғни  дəстүрлі  технологиядан  бөлек 
ұйымдастырылады.
Ұжым – бұл мүшесі екі адамнан асатын адамдардың бірігуі, егер 
педагог бір оқушымен жұмыс істесе, онда бұл оқыту индивидуалды 


жүктеу 1,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   87




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау