Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш



жүктеу 1,53 Mb.
Pdf просмотр
бет54/87
Дата13.11.2018
өлшемі1,53 Mb.
#19232
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   87

214
215
Оқушының жаңа тақырып бойынша игерген білім сапасы оның 
жеке басы қабілетінің даму мониторингі бойынша анықталады. 
Оқытудың  бұл  технологиясы  оқушылардың  өздігімен  жүретін 
танымдық  іс-əрекеті  үшін  тапсырмалар  күрделілігі  төрт  деңгей 
бойынша  құрастырылғанда;  оқыту  үдерісі – мəселелік  жəне 
даму  ұстанымдары  бойынша  жүргізілгенде;  барлық  деңгейдегі 
тапсырмалар  қызғылықты  мазмұндалған  жағдайларда  оқушыларда 
ынталану  пайда  болады.  Сондықтан  да  осы  технология  бойынша 
жұмыс  жасауда  оқушылардың,  тіпті  үзіліс  кезінде  де  сабақтан  бас 
алмайтындығын байқаймыз. Олар өзара бəсекелесе отырып жұмбақ, 
сөзжұмбақ, ребус сияқты əр деңгейдегі тапсырмаларды шешіп, өтіп 
жатқан тақырыптан барынша көп ұпай алуға тырысады.  
Оқушылардың  өзіндік  іздену  іс-əрекетінің  əдістерін  меңгеру 
талап  етіледі.  Өйткені  бұл  əдістердің  күнделікті  пайдаланып 
жүрген  оқыту  əдістерінен  айырмашылығы  бар.  Яғни,  жаңа 
жағдайдағы  «оқыту  əдістемесі»  деп  отырғанымыз: «оқушы-
мұғалім» ұстанымының өзара тығыз байланыстығы. Демек, мұнда 
бірінші орында оқушы тұрады жəне оның өз бетімен білім алудағы 
белсенділігіне баса назар аударылады. 
Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес жəне топтық 
түрлері болып табылады. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат – 
оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп 
беделі  мен  қадір-қасиет  сезімін  дамыту.  Ал  оқытудың  фронталды 
түрі,  көбінесе,  бағыт  беру,  талқылау  жəне  түзету  енгізуде  ғана 
пайдаланылады. 
Қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияның  мақсаты 
бойынша  «оқытуды  ізгілендіру»  қажет.  Бұл  үшін  оқу  құралдары 
оқушылардың  өздігінен  танымдық  іс-əрекетін  жүргізе  алатындай 
болуы  керек.  Бұрынғы  дəстүрлі  оқулықтар  мұндай  талапты 
қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім 
алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар керек-ақ. 
Қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологиялық  тағы  бір 
психологиялық негізі болып табылатын теория – Л.С.Выготскийдің 
«оқыту үдерісінде оқушының ақыл-ойының дамуы «актуалды даму» 
аймағынан «жақын даму» аймағына ауысуы» туралы теориясы. Бұл 
ауысу  тапсырмаларды  қайталап  орындауға  ғана  арналған  бірінші 
деңгейден өнімді іс-əрекетті қажет ететін келесі деңгейлерге ауысу 
негізіндегі  іс-əрекет  арқылы  жүзеге  асады.  В.П.Беспалько  бұл 
деңгейлерді төртке бөледі: бірінші деңгей – «міндетті, оқушылық», 
екінші – «алгоритмдік»,  үшінші – «эвристикалық»,  төртінші – 
«шығармашылық».
Оқушы қабілеті дегеніміз оның педагогикалық ықпал аясында 
білім  алу  əрекеті,  жеке  тұлғаны  дамыта  оқыту  əдістері  оның 
шығармашылық қабілетінің дамуына əсерін тигізеді. 
Деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді нəтижелі болуы үшін 
а) жеке тұлға ерекшеліктеріне,
б) психологиялық даму ерекшеліктеріне,
в) пəн бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын.
Сабақ  өткізу  формаларын  жəне  түсіндіру  əдістерінің  жаңа 
тəсілдерін  күнделікті  сабаққа  қолдану  керек.  Көбінесе  мына 
жағдайларға көңіл бөлу қажет:
1) сабақтың мазмұны,
2) сабақты өткізудегі тəсілдері мен əдістерін таңдау,
3) сабақтың нəтижелілігі.
Оқушылардың  білім,  білік,  дағдыларын  жетілдіру  үшін, 
оқытудың  қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологиясы  бойынша, 
дифференциалды 
жəне 
дербес 
деңгейлік 
принциптерінің 
талаптарына  сəйкес  өткізілетін  əртүрлі  сабақ  түрлеріне  арналған 
жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет.
  Бұлар:  əңгімелесуші-оқулықтар  жəне  оларға  қосымша  төрт 
деңгейдегі тапсырмалар берілген жұмыс дəптерлері.
Əңгімелесуші-оқулық бойынша оқушылар жаңа тақырыпты өз 
бетімен меңгеріп, анықтама, ережелерін өзі шығарады.
Қарапайым  жаттығу-мысалдармен  оларды  бекіткеннен  кейін, 
жұмыс дəптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындауға көшеді.
Деңгейлік  тапсырмаларға,  мысалы,  бастауыш  мектептің 
математика пəнінен, төмендегідей талаптар қойылады: 
І деңгейлі тапсырмаларға:
тапсырмалар  жаңа  тақырып  үшін  типті  жəне  өмірмен 
байланысты болуы керек;
алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей 
қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс;
жаттап алуға лайықталған болуы керек. 
Жалпы техникалық пəндерде мұндай талаптар жаңа тақырыпты 
игеру соңында шығарған есептерге ұқсас тапсырмалар құру арқылы 
орындалады  жəне  олар  оқушының  өзі  шығарған  ереже,  анықтама, 
заңдарын бекітуге арналады.


216
217
Мұндай  тапсырмаларды  құрастырған  кезде    олардың 
танымдылығы мен қызықтылық жақтарына ерекше көңіл аударған 
жөн.
ІІ деңгейлі тапсырмаларға:
   Оқушылардың  ойлау  қабілетін  жетілдіруге  берілетін 
тапсырмалар.  Оларда  біздің  ұлттық  ерекшеліктеріміз  ескеріліп, 
танымдық жəне үйретімділік маңызы болуы қажет болады.
   Өтіп  кеткен  материалдарды  реттеуге  жəне  жүйелеуге 
берілген 
тапсырмалар. 
Бұлар 
өзгертілген 
жағдайлардағы 
тапсырмалар,  яғни  бұрынғы  тапсырмаларға  ұқсас,  бірақ  оларды 
орындау  үшін  алғашқы  алған  білімдерін  түрлендіріп  пайдалану 
қажет. 
Оларда  біздің  ұлттық  ерекшеліктеріміз  ескеріліп,  танымдық 
жəне үйретімділік маңызы болуы қажет болады. Бұлар: логикалық 
есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар
ІІІ деңгейдегі тапсырмаларға:
  Оқушылардың  жинаған  өмірлік  тəжірибесі  мен  қалыптас-
тырған  ұғым,  түсініктерінің,  қиялы  мен  белсенді  ой  нəтижесінде 
жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дəрежеде олардың жеке 
басының икемдігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген, 
өздігінен    құрастыру  жəне  өздігімен  шығаруға  бағытталған,  ой 
қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.
 Əр түрлі əдіс, тəсілдермен орындалатын тапсырмалар
  Танымдық – іздену  (эвристикалық)  түрдегі  тапсырмаларды 
орындау  барысында  оқушылар  жаңа  тақырып  бойынша  меңгерген 
алғашқы  білімдерін  жетілдіріп,  тереңдетумен  қатар,  ол  тағы  жаңа 
білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс.
Мұндай есептерді шешу барысында оқушылар жаңа есептерге 
тап  болады  да,  проблемалық  жағдай  туындайды.  Оны  шешу  үшін 
оқушы жаңа əдістер іздеуі керек.
Төртінші шығармашылық деңгей тапсырмалары:
1) Оқушылардың алған өмірлік тəжірибесі мен қалыптастырған 
ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нəтижесінде 
жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дəрежеде олардың жеке 
басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген 
(теорема  дəлелдеу,  заңдылықтарды  оқулыққа  сүйенбей  мұғалімнің 
көмегінсіз қорытып шығару). Сонымен, айтатын болсақ бұлар:
Бірінші  деңгей  үшін – игерілгенді  пысықтау  мен  қайталауға, 
жаттауға арналған. 
Жоғары  деңгейлер  үшін – алған  білімдерін  өз  бетімен  қорыту 
мен  жүйелеуге  оларды,  тереңдетіп  дамытуға  жəне  тəжірибеде 
қолдануға арналған тапсырмалар. 
Оқытудың  осы  деңгейлеп-саралап  оқыту  технологиясы 
жағдайында:
- оқушылардың өздігімен жүргізетін танымдық іс-əрекеті үшін 
тапсырмалар күнделігі төрт деңгей бойынша қарастырылып; 
- оқыту-проблемалық принциптер бойынша жүргізіліп; 
-  барлық  деңгейдегі  тапсырмалар  қызғылықты  мазмұндалған 
болса оқушыларда ынталану пайда болады.
Сондықтан  деңгейлеп-саралап  оқыту    технологиясы  бойынша 
сабақ беруші мұғалімдер, үзіліс кезінде де оқушылардың сабақтан 
бас  алмайтындығын  байқаған.  Оларға  өзара  бəсекелесе  отырып 
жұмбақ, сөзжұмбақ, ребус математикалық басқатырғыштар сияқты 
əр  деңгейдегі  тапсырмаларды  шешіп,  өтіп  жатқан  тақырыптан  ба-
рынша  көп  ұпай  алуға  тырысқан,  себебі,  ертең  жаңа  тақырып 
басталады.
Нəтижесінде  «екіліктер»  жойылуымен  қатар, «үштік»  алып 
жүрудің өзі де ұят саналатын болған. Осы жерде, «үлгерімі кейіндеп 
қалып, өз құрбыларын, белгілі бір себептермен, қуып жете алмайтын 
оқушылармен қалай жұмыс істеуіміз қажет?» – деген сұрақ туады. 
Бұл мəселенің де шешуі қарастырылған.
Мұндай жағдайда, барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған 
оқушылар үлгермеушілерге көмектеседі.
Сыныптың  басқа  оқушылары  өздігімен  жұмыс  істеп  жатқан 
кезде  мұғалімнің  де  үлгерімі  төмен  оқушыларға  дербес  көмек 
көрсетуіне  уақыты  табылады.  Ол  сынып  оқушыларының  өздік 
жұмыс  іс-əрекеттерін  тек  ұйымдастырып,  басқару,  жалпы  бақылау 
жасау  жəне  балалардың  өз-өзін  бағалауын  бақылау  функциясын 
атқарады. Бұл қалайша жүзеге асырылады? Бізге үйреншікті бақылау 
мен бағалауға қарағанда деңгейлеп оқыту барысындағы бақылау мен 
бағалаудың ерекшелігі неде? Деңгейлік тапсырмаларды енгізгендегі 
басты мақсат сынып оқушыларын «қабілетті» жəне «қабілетсіз» деп 
жасанды түрде əртүрлі топтарға бөлуді болдырмау.
Барлық  оқушылар  жұмысын  бір  мезгілде  бастап;  əрқайсысы 
білім игерудегі өз қабілетіне қарай, өз билігіне жетеді. Бұл нақты пəн 
бойынша ең нашар үлгеретін оқушыға тірек білімін ғана меңгеріп, үй 
тапсырмасын орындау барысында тек сүйікті пəні бойынша жоғарғы 


жүктеу 1,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   87




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау