128
129
білім кеңістігіне енуге батыл қадам жасай алатындай болуды
талап етері сөзсіз. Ол үшін білім беру саласында оқытудың білім
технологиясын меңгерудің қажеттілігі туындайды. Ол мұғалімнің
интеллектуалдық, кəсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық жəне
басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына əсерін тигізеді.
Оқыту технологиясын таңдап іріктеу оқушының оқу-танымдық іс-
əрекетін басқарудың бір буыны десек, оны жүзеге асыратын – бүгінгі
мектеп мұғалімі.
Қоғамды алға апаратын күш – білім десек, болашақтың иегері
– жас ұрпақты саналы да білімді етіп тəрбиелеу ұстаздардың
қолында. Осы тұрғыда Назарбаев Университетінде елбасы
Н. Ə. Назарбаев «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты
лекциясында: «Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен
əлдеқайда жоғары болуы керек. Ол үшін формацияның педагогы
қажет», – деген. Қазіргі мұғалім:
1. Педагогикалық үдерісте жүйелі жұмыс істей алатын;
2. Педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш;
3. Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
4. Оқушымен ортақ тіл табыса алатын;
5.
Білімді, шебер, іскер болуы тиіс.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» жаңа заңының
7-тарау 5-бабында педагогикалық қызметкерлердің құқықтары мен
міндеттері айқын көрсетілген. Заңды құрметтей отырып, педагог
қызметкерлер өз міндеттері мен жауапкершілігіне сергек қарауы
қажет. Оқушы білімінің санасы, тəрбиесінің нəтижесі ұстаздың
кəсіби шеберлігі мен интеллектуалдық байлығына тіреледі. Беделді
ұстаз – мектептің жүрегі де тірегі. Оған жетудің бір ғана жолы: білім
мен білігіңді оқу арқылы толықтырып отыру.
Мемлекетіміздің 2030 жылға дейінгі стратегиясы халқымыздың
рухани, ғылыми жəне шығармашылық қабілеті жоғары болған
жағдайда ғана Қазақстанның дамуындағы ұзақ мерзімге межеленген
мақсаттарға жетуге болатындығын анықтап берді. Білімнің айрықша
басымдылық алуы қазіргі қоғамдық прогрестің заңдылықтарынан
туындайды. Өресі биік, білімдар адамдар мемлекеттің экономикалық
даму деңгейін айқындайды.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тəрбие мен білім беруде
мұғалімдердің инновациялық іс-əрекеттің ғылыми-педагогикалық
негіздерін меңгеруі — маңызды мəселелердің бірі. Ал ғылым
мен техниканың жедел дамыған, мəліметтер ағыны күшейген
XXI ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны
қалыптастыру мектептің басты міндеті болып саналады.
Дəстүрлі оқыту əдістемесінің білімді мемлекеттік стандарт
деңгейінде толық меңгеруге кепілдік бермейтінін мектеп тəжірибесі
көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған əдістемелік жүйенің
оқыту үдерісінде іске асуы үшін оны технологияландыру қажеттігі
туындайды.
9.2. Бастауыш мектепте қазіргі заманғы технологияларды
пайдалану мүмкіндіктері
Қазіргі бастауыш мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық
моделіне өту уақыты мен тəрбиелеудің соңғы əдіс-тəсілдерін,
жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген,
психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын,
педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез
арада арылуға қабілетті жəне нақты тəжірибелік іс-əрекет үстінде
өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші,
ойшыл бастауыш сынып мұғалімі болуын қажет етеді.
Қазіргі кезде еліміздің білім беру саласында, оқытуда өзгерістер
аз емес. Білім беру стандарттары мен бағдарламаларының, оқулықтар
мен оқу құралдарының мазмұндары қайта қаралып, жаңашыл əдіс-
тəсілдерді іздеу, оларды өмірге ендіру жүргізіліп жатыр.
Бүгінгі күні дидактикалық «нені оқытамыз?» «не үшін
оқытамыз?» «қалай оқытамыз?» деген дəстүрлі сұрақтармен
бірге «қалай тиімді оқытуға болады?» деген мəселесі ғалым-
əдіскерлер мен мектеп мұғалімдерін толғандыруда. Осы сұрақтың
айналасында бірқатар ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілген.
Зерттеудің нəтижесін талдау барысы педагогика ғылымында жаңа
«педагогикалық технология» бағытының пайда болып, қалыптасып
келе жатқанын көрсетеді жəне ол оқушының өз бетінше білім
алуын ұйымдастыруға бағытталған. Əрбір мемлекеттің болашағы
мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып, тізгінін ұстар
азаматтар – бүгінгі мектеп оқушысы болғандықтан, қазақстандық
барлық мектептерге үлгі болуға тиісті қазақ тілінде оқытатын
мектептердің бүгінгі жайы, даму бағыттары, келешегінің көкжиектері
бүкіл қоғамның, мемлекеттің назарында.
Қазіргі кезде инновациялық мектептердің бірнеше түрі
қалыптасты. Олар ерекшеліктерін, онда оқитын оқушылардың