Біздің әріптестеріміз
49
Адвокат Қ.Кужагариева
«Мемлекеттің қамқорындағы және «қабілетсіз» мәртебесіне ие
тұлғаларға қатысты заңнама қайта қаралуы тиіс»
Қазақстанның заң тарихында елеулі жағдай орын алды, Алматы қаласы арнайы әлеуметтік
мекемесінің менталдық және ақыл-есінің ауытқу диагнозы бар екі тәрбиеленуші қызы, соттың
«қабілетті» деген мәртебені қалпына келтірсін деген шешімін қолдарына алды.
ҚР қолданыстағы заңына сәйкес «қабілетсіз» деген мәртебе сотпен меншіктеледі және сол
сияқты сотпен қайта қарала алады. Бірақ та іс жүзінде байқалатындай, психикалық ауытқу
себебінен мұндай мәртебе берілген жағдайларда, олардың шешімінің қайта қаралуы өте
сирек кездесетін құбылыс. «Қабілетсіз» мәртебесін өзгертуге арызды жақын туыстары, ресми
қамқоршылары, прокурор, психиатриялық емхананың өкілдері бере алады. Көп жағдайларда
бұл адамдар осы сұрақты шешуге мүддесіз, ал адамның өзі сотқа арыз бере алмайтын жағдай
болады.
Адам «қабілетсіз» мәртебесін алған жағдайда, ол барлық дерлік азаматтық құқықтарынан
айрылады, ал оның мүддесін қорғайтын және оның жұмыстарын жүргізетін қамқорлық инсти-
туты болып табылады.
Біздің жағдайда сөз, тағдырдың тауқыметі арқасында алғашында 18 жасқа дейінгі балаларға
арналған арнайы мекемеге тап болып, одан кейін психикалық аурулармен ауыратын ересек-
терге арналған интернатқа ауысуылары керек болған екі жас қыздар туралы.
Арнайы жабық мекемедегі қыздар Сорос-Қазақстан Қорының қолдауы арқасында жүзеге асы-
рылып отырған арнайы әлеуметтік мекемелерде (интернаттарда) тұрғылықты тұратын адам-
дар үшін арналған әлеуметтік бейімделу бойынша жобасына қатысады.
Жобаның жетекшісі Бахытжан Кұдияровтың айтуынша, ол жабық арнайы мекемеде жас адам-
дарды кездестірген кезде олардың «сырттағы» өз қатарларынан еш айырмашылығы жоқ
екендігіне таң қалған: көңілдері көтеріңкі, білім құмар, мейірімді, бірақ та бүкіл өмірлерін
жабық есік артында өткізген. Олардың диагноздарымен қоғамда өмір сүруге, мамандыққа
оқуға, өздерін өздері күтуге толық болады.
Осындай әр баланың және ересектің өмірі бөлек әңгімені және жеке сипаттауды қажет етеді,
біз әрқайсысына көмектескіміз келеді. Балалар жобаға тартыла бастады – «Тренинг кафеде»
жұмыс істеді, әр балаға жеке бағдарлама жасалынды, жекеше бақылау орнатылды.
Жобаның командасы жұмыста жетістікке жеткен, дамуға және әрі қарай оқуға қабілеттіліктерін
танытқан жастарға «қабілетті» мәртебесін қайтару керек деп шешім қабылдап, сол бойынша
жұмыстарды бастап кетті.
Жобаның бұл бағыттағы жұмысын Алматы қаласы адвокаттар коллегиясының адвокаты
Қарлығаш Кужагариева жүргізді.
50
ТІРЕК КӨЗІ
Көмекке мұқтаж мүгедек жандарға арналған материалдар жинағы
► Сұрақ:
Қарлығаш, қазақстандық соттардың шешімдері Сіз үшін және
Сіздің қамқорлығыңызға алынғандар үшін несімен маңызды?
Қ.Кужагариева
Қазақстанның құқықтық практикасында деннің сауығуы немесе
жағдайының жақсаруы бойынша қабілеттілік статусын қайтару ережесі іс жүзінде қолданылмай
келеді. Әсіресе, бұл нәрсеге жетім балалар мен мемлекеттің қамқорлығындағы және жабық
арнайы әлеуметтік мекемелердегі тұрғылықты тұлғалар мұқтаж. Көкек аналардың тастап кет-
кен бұл балалары өмірлерін жабық арнайы мекелерде – психикалық сақталынған сырқаты
бар науқастарға арналған интернатта өткізуге мәжбүр.
«Қабілетсіз» статусы бар бұл адамдар барлық дерлік құқықтарынан айрылады – олар жұмыс
істей алмайды, отбасын құра алмайды, еркін жүріп-тұра алмайды және т.б.
ҚР Азаматтық процессуальдық Кодексінің 328 бабы 2 тармағына сәйкес тұлғаларға сауығуына
қарай және жағдайының анағұрлым жақсаруына қарай қабілетті статусы қайтарылуы
қарастырылады. Сот соттық-медициналық сараптама қорытындысының негізінде адам-
дарды сауықты немесе олардың психикалық денсаулығы анағұрлым жақсарды деп танып, өз
шешімін шығарады.
Жабық мекеме тәрбиеленушілеріне қатысты соттың қабілетті статусын қайтару бойынша
бірде бір жағдайын кездестірмедік. Бұл адамдарға ғұмыр бойына алынбас таңба басып
салынған сияқты.
► Сұрақ:
Соттардың бұл істерге көзқарастары қандай болды, процесстер
қалай өтті?
Қ.Кужагариева
айта кету керек, бұл процесстер соттарға таңсық болды, олар абдырап
қалды. Соттардың сұрақтары: «қабілетсізге – қабілеттілік?» және өздері «бұл адамдар қоғамға
қауіп тудырмай ма екен?» деді.
Әрине, бұл жерде ол арыздарға бұлай елеңдеген соттардың кінәсі жоқ, себебі, олар осыған
дейін мұндай істермен мүлдем ұшыраспады.
Оларды қабілетті деп танығаннан кейін, қоғамға қауіп төнбей ме деген сұраққа келетін болсақ,
менің оған салыстыру түрінде берген жауабым дұрыс келер деп ойлаймын. Ауыр қылмыс
немесе өте ауыр қылмыс жасаған сотталушылардың өздеріне, оның ішінде кісі өлтірген
қылмыскерлердің өздеріне қатысты мемлекет мейірімділік танытып, шартты-мерзімінен ерте
босатып, қамаудағы режимін өзгертіп жатады. Ешнәрсеге қарамастан оларға қоғамның толық
мүшесі болу құқығы беріледі. Тек биыл ғана ҚР соттарының шешімі бойынша рақымшылық
білдіріліп 1200 адам қамаудан босап шықты.
Ал біздің жағдайымызда ше? Алматы қаласы мен Алматы облысынында ғана емес, бүкіл
Қазақстан бойынша интернат аумағынан шықпайтын, және де солардың қабырғасында қатаң
тәртіпте тұратын 18 жасқа толмаған жетім-балалар. Олар қандай да бір қылмыс істемек түгілі,
ондай ойды ойлаудан аулақ, олар қоғамға қандай қауіп төндіруі мүмкін.
Неге олар өмір бойы биік қоршау мен тор көздің ар жағында қамауда болулары керек? Міне
осы сұрақ бүгін бізді толғандыруы керек!