Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет34/137
Дата25.11.2017
өлшемі5,05 Kb.
#1480
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
82 
Есептеу 
Математикалық 
Диктант 




 
 
Ауызша есептеу мен математикалық диктанттың бағалау нормалары 
Бақылау  ауызша  есептеу:  «5»  бағасы  –  қатесіз;  «4»  бағасы  –1-2  қате;                
«3» бағасы – 3-4 қате. 
Бақылау математикалық диктанты: «5» бағасы – қатесіз; «4» бағасы – 1-2 
қате және 1-2 кемшілік; «3» бағасы – 3-4 қате және 1-2 кемшілік; «2» бағасы –  
5 және одан көп қате. 
 
Бағалау нормасы 
Бағаның төмендеуіне әсер ететін қате мен кемшіліктердің жіктелуі 
Қателер:  
-  тапсырманы  орындау  негізінде  немесе  оны  орындау  барысында 
қолданылатын  негізгі  ұғымдардың  анықтамасын,  ережелерін,  алгоритмдерін 
білмеу және дұрыс қолдана алмау;  
-  амал,  тәсілдерді  дұрыс  таңдамау;  тапсырманың  мақсаты  есептеу  білігі 
мен дағдысын тексеру кезінде қате есептеу;  
-  дұрыс  жауап  алуға  әсер  ететін  математикалық  есептеулер,  амал, 
тәсілдерді қалдырып кету;  
- түсіндірме мәтіннің, тапсырма жауабының, шама атауының орындалған 
амал  мен  алынған  нәтижеге  сәйкессіздігі,  орындалған  өлшеулер  мен 
геометриялық құрылымның берілген параметрге сәйкессіздігі. 
Кемшіліктер
 
- мәліметтерді (таңбалар, сандар, белгілеу, шамалар) дұрыс көшірмеу; 
- математикалық ұғымдардың, шамалардың қате жазылуы;  
-  тапсырма  жауабының  болмауы  немесе  жауабында  жіберілген  қателер; 
егер 2 кемшілігі болса, ол 1 қатеге саналады. 
Өрескел қателер:  
-  мысалдар  мен  есептердегі  есеп  қателері,  арифметикалық  амалдарды 
орындау тәртібін білмеудегі қате;  
- есепті қате шығару (амалдарды орындамау, амалдарды дұрыс таңдамау, 
артық амалдар);  
-  есепті  немесе  мысалды  аяғына  дейін  шығармау;  орындалмаған 
тапсырма. 
Өрескел емес қателер:  
-  есептеудің  тиімсіз  тәсілдері;  есепті  шығаруда  амалға  сұрақтың  дұрыс 
қойылмауы;  
- қате тұжырымдалған есептің жауабы;  
-  мәліметтерді  қате  көшіру  (сан,  белгі);  түрлендірулерді  аяғына  дейін 
жеткізбеу. 
Математика бойынша жұмыста жіберілген грамматикалық қате үшін баға 
төмендетілмейді. Лас безендірілген жұмыс, каллиграфия ережесін сақтамағаны 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
83 
үшін 1 балл төмендетіледі, бірақ 3-тен төмен емес.  
Жазбаша жұмыстарды бағалау 
Мысалдардан құралған жұмыс: «5» – қатесіз; «4» – 1өрескел қате және 1-
2 өрескел емес қате; «3» – 2-3 өрескел және 1-2 өрескел емес қате немесе 3 және 
одан  да  көп  өрескел  емес  қате;  «2»  –  4  және  одан  да  көп  өрескел  қатемен 
орындалған жағдайда қойылады. 
Шартты есептерден құралған жұмыс: «5» – қатесіз; «4»  – 1-2 өрескел 
емес қате; «3» – 1 өрескел және 3-4 өрескел емес қате; «2» – 2 және одан да көп 
өрескел қате болған жағдайда қойылады. 
Құрама  есептер:  «5»  –  қатесіз;  «4»  –  1  өрескел  және  1-2  өрескел  емес 
қате  (есептің  шешуінде  өрескел  қателер  болмауы  қажет);  «3»  –  2-3  өрескел 
және 3-4 өрескел емес қате, бірақ есептің шығару жолдары дұрыс болуы қажет; 
«2» – 4 өрескел қатемен орындалған жағдайда қойылады. 
Амалдардың орындалу ретін анықтауда жазба жұмысын бағалау: амалдар 
тәртібі қате таңдалса, арифметикалық амалдар дұрыс орындалмаса, қате болып 
саналады. 
«5» – қатесіз; «4» – 1-2 қате; «3» – 3 қате; «2» – 4 және одан да көп қате 
болған жағдайда қойылады.  
Теңдеуді  шешу  жазба  жұмыстарын  бағалау:  шешудің  қате  жолы, 
амалдардың  дұрыс  орындалмауы,  тексеру  дұрыс  орындалмаса,  қате  болып 
саналады 
«5» – қатесіз; «4» – 1-2 қате; «3» – 3 қате; «2» – 4және одан да көп қате 
болған жағдайда қойылады. 
Геометриялық  материалдармен  байланысты  жазба  жұмыстарын 
бағалау:  егер  оқушы  геометриялық  фигураны  қате  құрса,  өлшем  бірліктерін 
ескермеген  жағдайда,  өлшем  бірліктерін  қате  өрнектегенде,  егер  сызу 
құралдарын дұрыс пайдалана алмағанда қате болып саналады.  
«5» – қатесіз; «4» – 1-2 қате; «3» – 3 қате; «2» – 4 және одан да көп қате 
болған жағдайда қойылады. 
 
Ауызша жауаптарын бағалау 
Оқушылардың  ауызша  жауабын  бағалау  көрсеткіші:  жауаптың 
дұрыстығы, негізділігі, өз бетінше орындағаны, толықтығы. 
Қателер:  қойылған  сұраққа  қате  жауап;  қойылған  сұраққа  жауап  бере 
алмау  немесе  мұғалімнің  көмегінсіз  тапсырманы  орындай  алмау;  тапсырманы 
дұрыс орындаған жағдайда оны толық жеткізіп, түсіндіре алмау. 
Кемшіліктер:  қойылған  сұраққа  толық  әрі  нақты  жауап  бермеу;  дұрыс 
жауап берген жағдайда өздігінен толық дұрыс жеткізе алмау; тапсырманы баяу 
орындау; математикалық ұғымдарды қате айту. 
Оқушыға  «5»  деген  баға  меңгерген  оқу  білімін  дұрыс  және  өздігінен 
қолдана  алған;  есептеулерін  дұрыс  әрі  жылдам  қолданған;  өздігінен 
тапсырмаларды құрастырған (жоспар құрап, есептеп, есептің шығару жолдарын 
түсіндіріп және есептің сұрағына нақты жауап беру); тәжірибелік жұмыстарды 
дұрыс орындаған жағдайда қойылады. 
Оқушыға «4» деген баға «5» деген бағаның талаптарына сай болып, бірақ 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
84 
жауабында  дәлдіктер  болмаған;  есептеуде  тиімді  тәсілдерді  қолданбаған;  осы 
кемшіліктерді  оқушы  мұғалімнің  сілтемелерімен  өздігінен  түзете  алған 
жағдайда қойылады. 
Оқушыға  «3»  деген  баға  өтілген  сұрақтардың  жартысынан  көбін 
меңгерген,  есепті  шығару  барысында  қателер  жіберген  және  сол  қателерді 
мұғалімнің көмегімен түзеткен жағдайда қойылады. 
Оқушыға  «2»  деген  баға  оқу  бағдарламасын  меңгермеген  және 
мұғалімнің көмегімен есепті шығара алмаған жағдайда қойылады. 
Оқушының  күнделікті  жұмысына  мұғалімнің  жүргізген  бақылауы, 
ауызша  сұрақтар,  ағымдық  және  қорытынды  бақылау  жұмыстарының 
нәтижелері    қорытынды  баға  қоюға  негіз  болады.  Дегенмен  ағымдық  және 
қорытынды бақылау жұмыстарына көп мән беріледі. 
 
 
«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ 
 
Дүниетану 
Оқу  пәні  қоршаған  әлем  тұтастығы  туралы  білім  мен  адамзаттың 
табиғатпен  қарым-қатынас  жүйесі  негізінде  жалпы  адами  құндылықтарды 
қалыптастыруға бағытталған.  
«Дүниетану»  пәнін  меңгеруде  бастауыш  сынып  оқушылары  биология, 
экология,  география  пәндерінің  қарапайым  ұғымдарымен  танысады. 
«Дүниетану»  пәнінің  сабақтарында  мұғалімге  зілзалалардың,    экологиялық 
апаттардың  қауіп-қатері  жағдайында  қауіпсіз  іс-әрекет  ету  мәселелерін 
талқылау ұсынылады. 
Пән  бойынша  оқу  жүктемесінің  көлемі  3,  4-сыныптарда  аптасына                  
1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды. 
Оқушылардың  білім,  білік,  дағдылары  ауызша  сұрақтар,  бақылау,  тест 
жұмыстары,  тәжірибелік  жұмыстар  мен  диктанттардың  нәтижелері  бойынша 
бағаланады. 
Оқушыға  «5»  деген  баға,  егер  ол  оқу  материалын  табиғаттағы 
құбылыстарға  жасалған  бақылауларды  ескеріп,  жүйелі  де  логикалық  түрде 
байланыстыра  отырып  баяндаған  (бағдарлама  көлемінде),  тәжірибелік 
жұмыстарды  дұрыс  орындап  және  қойылған  сұрақтарға  толық  жауап  берген 
жағдайда қойылады. 
Оқушыға  «4»  деген  баға,  егер  оның  жауабы  «5»  деген  бағаның 
талаптарына  сай  болғанда,  дегенмен  оқушы  нақты  материалды  баяндауда, 
кейбір практикалық жұмыстарды қолдануда жекелеген дәлсіздіктер жібергенде, 
қойылады.  Осы  кемшіліктердің  барлығын  мұғалім  көрсеткеннен  кейін 
оқушының өзі түзетеді.  
Оқушыға  «3»  деген  баға,  егер  ол  оқу  материалының  негізгі  мазмұнын 
меңгеріп,  бірақ  нақты  қателер  жіберсе,  табиғаттағы  құбылыстарды  бақылау 
нәтижелерін  қолдана  алмаса,  бағдарламада  қарастырылған  табиғаттағы 
құбылыстар  мен  нысандар  арасындағы  байланысты  орнатуда,  практикалық 
жұмыстарды  орындауда  қиналса,  бірақ  мұғалімнің  көмегімен  аталған 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау