Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
286
ақпараттандыру орталығының сайтында:
http://nci.kz
орналасқан және ашық
қолжетімді.
Вilimland.kz білім платформасын (www.imektep.kz; www.bilimland.kz;
www.itest.kz), «Bilim Media Group» инновациялық компаниясы жасаған, «Білім
беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік
кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның
ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы" Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013
жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 10 желтоқсандағы
№515 бұйрығына сәйкес қолдану ұсынылған.
Платформа үш тілде берілген: қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде,
барлық жастағы балаларға арналған курстар топтамасынан тұрады:
Бастауыш білім беру
Бастауыш математика – бастауыш мектептегі математиканың барлық
негізгі тақырыптық бөлімдерін қамтитын кең көлемдегі интерактивті оқу
материалдарының топтамасынан тұрады.
Орта білімберу
Математика және жаратылыстану-ғылыми бағыты бойынша
Математика, физика, химияны оқудың онлайн-курстары - Математика,
физика, химияны оқудың интерактивті кешені, республикадағы жалпыға
міндетті білім беру стандартына сәйкес барлық пәндердің мектеп
бағдарламасының мазмұнын қамтиды.
Физика, химия, биология, математика және жаратылыстану пәндерінен
виртуалды зертхана - қазіргі электрондық тренажёрлар жиынтығы және
физика, химия, биология, математика және география пәндерінен
жаттықтырушы құрал болып табылады.
Биология, информатика, дүниежүзі тарихы, география, жаратылыстану,
дүниетану пәндерінен онлайн-сабақтар қамтылған.
Гуманитарлық пәндер циклы бойынша
Қазақ тілінің онлайн-курсы – кең көлемдегі интерактивті сабақтар
топтамасын қамтиды, қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту бағдарламасының
негізінде әзірленген.
Ағылшын тілінің онлайн-курсы – кең көлемдегі интерактивті сабақтар
топтамасын қамтиды, ағылшын тілін шет тілі ретінде оқытудың халықаралық
бағдарламасының негізінде әзірленген.
Француз тілінің онлайн-курсы – тілді меңгерудің бастапқы сатысындағы
және аралық кезеңіндегі жасөспірімдерге арналған курс..
Неміс тілінің онлайн-курсы – тілді меңгерудің бастапқы сатысындағы
және аралық кезеңіндегі жасөспірімдерге арналған курс.
Қазақ әдебиетінің аудиохрестоматиясы – ҚР БҒМ бекітілген мектеп
бағдарламасына сәйкес келетін, шығармалардың барлық аудиожазбалары.
Бейнетоптама - 5 минутқа созылатын бейнероликтер топтамасынан
тұрады, тақырыпты түсіндіруде визуалды материал болып табылады, оқыту
процесінен бөлек тәрбие жұмыстарына да пайдаланылады.
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
287
Қосымша ресурстар
iTest
–
тест жұмыстарына дайындалуға
арналған
виртуалды
жаттықтырушы.
iMektep – қазақ бастауыш мектебіне арналған толық бағдарлама курсы.
Оқу процесінде әртүрлі білім құралдарын және педагогикалық
технологияларды пайдалану келесі міндеттерді шешуге бағытталады:
- МЖМБС талаптарына сәйкес оқу пәндерінің мазмұнын игеру, білім
алушылардың білім сапасын арттыру;
- белгілі практикалық іс-әрекеттер түрлеріне білім алушылардың
қабілеттерін дамыту;
- оқу процесінде интерактивтік, электрондық, ақпараттық қорларды
тиімді пайдалану;
- оқыту деңгейі мен қарқынын, мазмұнның түрін кең таңдау;
- белгіленген білім саласын тереңдетіп оқуға білім алушылардың білім
қажеттілігін қанағаттандыру;
- білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын ашу және дамыту;
- қашықтықтан оқыту.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың
2016-2019 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы
на сәйкес 2019 жылға
дейін еліміздің жалпы білім беру мектептерін толығымен жаңартылған білім
беру мазмұнына көшіру жоспарланған.
Жаңартылған білім мазмұны жүйесін енгізу шағын жинақты мектептердегі
білім алушыларды оқытудың сапасын арттыруға мүмкіндік береді, себебі оқыту
процесінде жаңа тәсілдерді қолдану, мұғалімнің жаңашыл көзқарасын
қалыптастырады және оның оқыту процесіндегі бағыттаушы рөлі барлық оқу
процесін технологияландыруға ықпал етеді. Білім беру құрылымын жаңарту,
дәстүрлі репродуктивті стильден шығу және мектеп білім алушыларының
танымдық белсенділігін және тәуелсіз ойлауын қамтамасыз ететін дамытушы
жаңа конструктивистік білім беруге көшу болып табылады. Білім мазмұнын
жаңарту бағдарламасы оқыту белсенді болуын, коллаборативті орта
қалыптастыру жағдайында жүргізуді, саралап оқытуды, оны іске асыруда
пәнаралық байланысты қамту арқылы жүзеге асыруды ұсынады. АКТ қолдану
міндетті болып табылады, диалог арқылы оқыту, білім алушылардың зерттеу
және жобалау жұмыстарын жүргізу әдістемесі қолданылады. Жаңартылған
білім мазмұнына көшу оқу процесін дараландыру жағдайында жұмыс істеуге
дайын болуды талап етеді.
2016-2017 оқу жылында 1-сыныптар толығымен жаңартылған білім
мазмұны бағдарламасымен оқытуға көшірілді. Шағын жинақты мектепте оқу
процесін ұйымдастырудың типтік ережесіне сәйкес 1-сынып біріктіріліп
оқытылмайды.
2017-2018
оқу жылында республикадағы жалпы білім беретін
мектептердің, соның ішінде шағын жинақты мектептердің 2,5,7-сыныптарын
жаңартылған білім мазмұны бағдарламаларымен оқытуға көшіру жоспалануда.
Осыған байланысты, алдағы оқу жылында жаңартылған және
қолданыстағы бағдарламалар бойынша шағын жинақты мектептердің
Достарыңызбен бөлісу: |