Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет119/137
Дата25.11.2017
өлшемі5,05 Kb.
#1480
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
286 
ақпараттандыру  орталығының  сайтында: 
http://nci.kz
  орналасқан  және  ашық 
қолжетімді.  
Вilimland.kz  білім  платформасын  (www.imektep.kz;  www.bilimland.kz; 
 www.itest.kz), «Bilim Media Group» инновациялық компаниясы жасаған, «Білім 
беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік 
кешендердің,  оқу  құралдарының  және  басқа  да  қосымша  әдебиеттердің,  оның 
ішінде  электрондық  жеткізгіштердегі  тізбесін  бекіту  туралы"  Қазақстан 
Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  міндетін  атқарушының  2013 
жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу 
туралы»  ҚР  Білім  және  ғылым  министрінің  2014  жылғы  10  желтоқсандағы 
№515 бұйрығына сәйкес қолдану ұсынылған.  
Платформа  үш  тілде  берілген:  қазақ,  ағылшын    және  орыс  тілдерінде, 
барлық жастағы балаларға арналған курстар топтамасынан тұрады: 
Бастауыш білім беру 
Бастауыш  математика  –  бастауыш  мектептегі  математиканың  барлық 
негізгі  тақырыптық  бөлімдерін  қамтитын  кең  көлемдегі  интерактивті  оқу 
материалдарының топтамасынан тұрады.  
Орта білімберу 
Математика және жаратылыстану-ғылыми бағыты бойынша 
Математика,  физика,  химияны  оқудың  онлайн-курстары    -  Математика, 
физика,  химияны  оқудың  интерактивті  кешені,  республикадағы  жалпыға 
міндетті  білім  беру  стандартына  сәйкес  барлық  пәндердің  мектеп 
бағдарламасының  мазмұнын қамтиды.  
Физика,  химия,  биология,  математика  және  жаратылыстану  пәндерінен 
виртуалды  зертхана    -  қазіргі  электрондық  тренажёрлар  жиынтығы  және  
физика,  химия,  биология,  математика  және  география  пәндерінен 
жаттықтырушы құрал болып табылады.  
 Биология,  информатика,  дүниежүзі  тарихы,  география,  жаратылыстану, 
дүниетану пәндерінен онлайн-сабақтар қамтылған. 
Гуманитарлық пәндер циклы бойынша  
Қазақ  тілінің  онлайн-курсы  –  кең  көлемдегі  интерактивті  сабақтар 
топтамасын  қамтиды,  қазақ  тілін  екінші  тіл  ретінде  оқыту  бағдарламасының 
негізінде әзірленген. 
Ағылшын  тілінің  онлайн-курсы  –  кең  көлемдегі  интерактивті  сабақтар 
топтамасын  қамтиды,  ағылшын  тілін  шет  тілі  ретінде  оқытудың  халықаралық 
бағдарламасының негізінде әзірленген. 
Француз  тілінің  онлайн-курсы  –  тілді  меңгерудің  бастапқы  сатысындағы 
және аралық кезеңіндегі жасөспірімдерге арналған курс.. 
Неміс  тілінің  онлайн-курсы  –  тілді  меңгерудің  бастапқы  сатысындағы 
және аралық кезеңіндегі жасөспірімдерге арналған курс. 
Қазақ  әдебиетінің  аудиохрестоматиясы  –  ҚР  БҒМ  бекітілген  мектеп 
бағдарламасына сәйкес келетін, шығармалардың барлық аудиожазбалары.  
Бейнетоптама  -  5  минутқа  созылатын  бейнероликтер  топтамасынан 
тұрады,  тақырыпты  түсіндіруде  визуалды  материал  болып  табылады,  оқыту 
процесінен бөлек тәрбие жұмыстарына да пайдаланылады.  


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
287 
Қосымша ресурстар 
iTest 
 
тест  жұмыстарына  дайындалуға 
арналған 
виртуалды 
жаттықтырушы.  
iMektep – қазақ бастауыш мектебіне арналған толық бағдарлама курсы.   
Оқу  процесінде  әртүрлі  білім  құралдарын  және  педагогикалық 
технологияларды пайдалану келесі міндеттерді шешуге бағытталады:  
-  МЖМБС  талаптарына  сәйкес  оқу  пәндерінің  мазмұнын  игеру,  білім 
алушылардың білім сапасын арттыру;  
-  белгілі  практикалық  іс-әрекеттер  түрлеріне  білім  алушылардың 
қабілеттерін дамыту;  
-  оқу  процесінде  интерактивтік,  электрондық,  ақпараттық  қорларды 
тиімді пайдалану;  
- оқыту деңгейі мен қарқынын, мазмұнның түрін кең таңдау;  
-  белгіленген  білім  саласын  тереңдетіп  оқуға  білім  алушылардың  білім 
қажеттілігін қанағаттандыру;  
- білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын ашу және дамыту;  
- қашықтықтан оқыту. 
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды  дамытудың 
2016-2019 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарламасы
на сәйкес  2019 жылға 
дейін  еліміздің  жалпы  білім  беру  мектептерін  толығымен  жаңартылған  білім 
беру мазмұнына  көшіру жоспарланған. 
Жаңартылған білім мазмұны жүйесін енгізу шағын жинақты мектептердегі 
білім алушыларды оқытудың сапасын арттыруға мүмкіндік береді, себебі оқыту 
процесінде  жаңа  тәсілдерді  қолдану,  мұғалімнің  жаңашыл  көзқарасын 
қалыптастырады  және  оның  оқыту  процесіндегі  бағыттаушы  рөлі  барлық  оқу 
процесін  технологияландыруға    ықпал  етеді.  Білім  беру  құрылымын  жаңарту, 
дәстүрлі  репродуктивті  стильден  шығу  және  мектеп  білім  алушыларының 
танымдық  белсенділігін  және  тәуелсіз  ойлауын  қамтамасыз  ететін  дамытушы 
жаңа  конструктивистік  білім  беруге  көшу  болып  табылады.  Білім  мазмұнын 
жаңарту  бағдарламасы  оқыту  белсенді  болуын,  коллаборативті  орта 
қалыптастыру  жағдайында  жүргізуді,  саралап  оқытуды,  оны  іске  асыруда 
пәнаралық байланысты қамту арқылы жүзеге асыруды ұсынады. АКТ қолдану 
міндетті  болып  табылады,  диалог  арқылы  оқыту,  білім  алушылардың  зерттеу 
және  жобалау  жұмыстарын  жүргізу  әдістемесі  қолданылады.    Жаңартылған 
білім мазмұнына көшу оқу процесін дараландыру  жағдайында жұмыс істеуге 
дайын болуды талап етеді.  
2016-2017  оқу  жылында  1-сыныптар  толығымен  жаңартылған  білім 
мазмұны  бағдарламасымен  оқытуға  көшірілді.  Шағын  жинақты  мектепте  оқу 
процесін  ұйымдастырудың  типтік  ережесіне  сәйкес  1-сынып  біріктіріліп 
оқытылмайды.  
2017-2018 
оқу  жылында  республикадағы  жалпы  білім  беретін 
мектептердің,  соның  ішінде  шағын  жинақты  мектептердің  2,5,7-сыныптарын 
жаңартылған білім мазмұны бағдарламаларымен оқытуға көшіру жоспалануда.  
Осыған  байланысты,  алдағы  оқу  жылында  жаңартылған  және 
қолданыстағы  бағдарламалар  бойынша  шағын  жинақты  мектептердің 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау