Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
284
және пәнаралық кіріктіруді ескеретін бейнесабақтарды дайындау көрсете
алады. Оқу процесінде бейнересурстарды пайдалану талаптарын жасау кезінде
шағын жинақты мектептегі оқытудың жекелеген ерекшеліктерін ескеру қажет.
Бейнесабақтар мектептегі, әсіресе ауылдық шағын жинақты және
шалғайдағы мектептердегі оқу процесінің сапасын қамтамасыз ететін бірден-
бір педагогикалық құрал болып табылады. Аталған мектептер, ұқсас байланыс
желісі бола тұрып, біртұтас ақпараттық-білімдік ортадан, оның қазіргі
техникалық-инновациялық шешімдерінен бөлектеніп қалады. Сондықтан
мектептік СБР қорын құру осы мектептердегі білім сапасын арттытуға және
мұғалімдердің біліктілігін арттыру мәселесін едәуір ілгері жылжытуға,
жекелеген жағдайда, тіпті пән мұғалімдерінің жоқтығының орнын толтыруға
қабілетті өзекті мәселенің шешімі болып табылады. Бүгінгі таңда әзірленген
оқу бейнесабақтары мектеп бағдарламасының негізінде әзірленген, оқу
материалын толықтыратын қосымша ақпараттар енген, ол оның тартымдылығы
мен маңызын арттыра түскен. Сонымен бірге шағын жинақты мектептің өзіндік
ерекшелігіне байланысты бейнесабақтарды оқыту процесінде қолданудың
тәсілдерін ескеру керек.
Білім алушылардың бір жас тобы үшін сыныптарды біріктіру кезінде
бейнежазба пайдалану екінші топ білім алушыларының сабақтан көңілін
бөледі. Демек жаңа тақырыпты игеру үшін сабақтарды жеке жүргізу қажет.
Мұндай жағдайда өзгермелі сабақ кестесіне деген қажеттілік туындайды,
мысалы математика пәнінде бейнесабақты пайдаланып жаңа тақырыпты
игеруге аптасына жеке жүргізілетін 2 сағат бөлінеді, ал 3 сағатты материалды
бекіту мен есептер шығаруға дағдыландыру үшін сыныптарды біріктіру
жағдайында пайдалануға болады. Әрбір нақты жағдайда (пән, сынып)
сабақтарды мұқият жоспарлау қажет.
СБР пайдалану оқытушыдан үйлестірушіден бағдар берушіге дейінгі білім
алушыларға өздігінен оқу дағдыларын игерту кезіндегі рөлін түпкілікті түрде
өзгертеді. Сондай-ақ, топтық жұмысты ұйымдастыруда, психологиялық
қолайлылық және өзара көмек, бәсекелестік, шығармашылық ізденіс және
әртүрлі ортада қарым-қатынас жасау атмосферасын құруда мұғалімнің
тәрбиелеушілік рөлі артады, ол білім алушылардың танымдық белсенділігінен
көрініс табады.
Меңгерілетін пән ерекшеліктері және оқытушы тәжірибесі есебімен СБР
пайдаланудың және материалдарын іріктеудің өз тәсілдері қалыптасуы тиіс.
СБР қолданып сабақ жүргізу әдістемесі – оқыту процесі қосындыларының бірі,
ал бағдарлама – негізінен мұғалімнің ақпарат беру функциясын орындайтын
сабақтың бір бөлігі екендігіне негізделуі тиіс. Және оның тиімділігі өте жоғары
дәрежеде педагогтың білім алушылардың танымдық қызметін ұйымдастыруына
тәуелді. Сондықтан мұндай ұйымдастырудың келесі принциптерін бөліп
көрсету қажет:
- Белсенді қабылдауға дайындау.
Пайдаланылатын бейнематериалдарды мақсатсыз пассивті қабылдау
қарапайым сабақпен салыстырғанда пайымдауын төмендетеді, себебі бұл
жағдайда білім алушылар негізгі қорытындылардан және жалпылаулардан тыс
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
285
қосалқы болса да әсерлі эпизодтарды еріксіз есте сақтайды. Білім алушылар
бейнематериалдардан барлық қажетті ақпаратты алуы үшін бейнежазбаны
қарағанға дейін олардың алдына негізгі танымдық міндеттерді анық қойып,
алда тұрған оқу тапсырмалары туралы хабарлауы қажет. Бұған білім
алушыларға бейнежазбаны қарағаннан кейін олар жауап беруі тиіс болатын
сұрақтарды қою, осы сұрақтарды тақтаға жазу жолымен қол жеткізіледі. Егер
оларға шығармашылық жұмыс орындау қажет болса, онда ертерек,
бағдарламаға дейін бірнеше сабақ бұрын білім алушыларға ескертіп, қосымша
әдебиет оқуға кеңес беру қажет. Сыныпта жалпы қызығушылық атмосферасын
тудыру үшін түйінді мәселеге назар аудартатын қысқаша кіріспе сөз қосуға
болады.
- Бейнематериалдарды пайдалану кезіндегі білім алушылардың оқу
қызметін бақылау және басқару.
Барлық білім алушылар назарын пайдаланылатын материалға
аударғанына көз жеткізу, білім алушылар өздеріне қажетті қысқаша
мәліметтерді жазып отырады (INSERT-түртіп алу тәсілін пайдалануға болады,
барлық білім алушылардың аталған тақырыпта қарастырылған жұмыс пен
тапсырма
түрлерін
орындауын
қадағалау
қажет).
Сондай-ақ
бейнематериалдарды қолдану барысында сыныптың назарын ең маңызды
фактілер мен түйіндерге аударып отырған пайдалы.
- Сабақта
бейнематериалдарды
пайдаланғаннан
кейінгі
білім
алушылардың оқу әрекетін басқару.
- Мұғалімнің педагогикалық міндеті – бейнематериалды пайдаланғаннан
кейін, сабақты баяндалған ақпарат желісінің логикасына сәйкес жалғастыру.
Аудиовизуалды құралдармен көрсетілетін материал мұғалім пайдаланатын
ақпараттың бөлігі болып табылады. Бейнематериал мұғалімді алмастыру үшін
емес, оған көмекші ретінде қолданылады, сондықтан мұғалім сабақта кері
байланыстың орнын толтыруы тиіс: мысалы, бейне материал көрсетілімі
аяқталғаннан кейінгі аудиториядағы пікірталаспен ұластыру. Материалды
әдістемелік құралдар мен ұсынымдарға, арнайы оқулықтарға сүйене отырып,
шығармашылық дамыту және толықтыру ұсынылады.
Оқытуда білім алушылар бойындағы танымдық қызығушылықты, оқу
әрекетіне ынтаны дамыту әдістері жақсы танымал және кеңінен қолданылады.
Аудиовизуалды технологияны пайдалану барысында оны өздігінен білім алу
қызметін ынталандыру жолымен, мысалы, тапсырма таңдау мүмкіндігі арқылы
жоспарлы түрде толықтырып отырған дұрыс.
Ұлттық жобаны жүзеге асыру аясында электрондық оқытудың ақпараттық
жүйесі (бұдан әрі - ЭОАЖ) құрылды: білім беру ұйымдарының порталы,
электрондық кітапхана, білім беру ұйымын басқару жүйесі және электрондық
оқытудың басқа да құраушылары. Берілген электрондық оқытудың ақпараттық
жүйесі https://e.edu.kzсайтында қолжетімді. ЭОАЖ-нің маңызды құраушысы
7511 СБР орналасқан электрондық кітапхана болып табылады.
Мұғалімдерге көмек ретінде СБР қолдану бойынша оқу-әдістемелік
құралдар әзірленген. Олар ҚР БҒМ порталының (https://e.edu.kz/98)
«Педагогтерге
арналған
басшылық»
бөлімінде,
сондай-ақ
Ұлттық
Достарыңызбен бөлісу: |