Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
282
математика сабағында – 15 минуттан артық емес, 3 сыныпта – 20 минуттан
артық емес.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты шағын жинақты мектепте оқу іс-
әрекетін ұйымдастыру уақытты дұрыс бөлу және пайдалануды, сабақтарды
білім алушылардың жеке ерекшеліктерін, олардың дербес жұмыс істеу
дағдылары ескере отырып, өзіндік жұмыстармен тиімді алмастыру арқылы
жоспарлауды және тікелей педагогтың қатысуымен жүргізілетін жұмыстарды
қамтиды. Мұғалім үшін білім алушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты
жеке іріктеліп алынған, балалар үшін қызықты және әртүрлі қажетті
дидактикалық материалдардың көлемін анықтауға, дайындауға, қорытынды
жүргізуге байланысты өзіндік жұмысты жоспарлау кезінде қиындық туындауы
мүмкін.
Түрлі жастағы білім алушыларға білім беруді ұйымдастыру кезінде
күнтізбелік жоспарды жасаудың да өзіндік ерекшелігі бар: бір пәндік
сабақтарда сабақтарды бір тақырыпта өткізу мақсаты айқындалып, екі немесе
одан да көп күнтізбелік жоспар салыстырылады. Сабақ кестесіне сәйкес білім
алушылар, мысалы 2-ші және 4-сынып білім алушылары сабақты бір уақытта
бастамайды. Әдетте мұғалім бір сынып білім алушыларымен жұмыс істейтін
алғашқы бір-екі сабақ жаңа оқу материалын түсіндіруге бөлінеді. Екінші немесе
үшінші сабаққа жиынтыққа кіретін басқа сыныптың білім алушылары келеді
және мұғалім екі-үш сабақ екі сыныппен бір уақытта жұмыс істейді. Бір
тақырыптық сабақтарды жоспарлау кезінде күнтізбелік-тақырыптық жоспар екі
сыныптың бірлескен жұмысын қамтуы мүмкін. Сонымен бірге бір тақырыптық
сабақтарды өткізу үшін бөлімдердің тұтастығына нұқсан келтірмей, кейбір
тақырыптарды өту мерзімі бойынша жылжытуға болады.
Ол үшін барлық сыныпқа ортақ оқу мақсаттарын біріктіріп және әртүрлі
жастағы топтар үшін оқыту міндеттерін нақтылау қажет; топтың барлық жас
ерекшелігіндегі білім алушыларының бір мезгілде оқып, қабылдауына болатын
білім мазмұны тақырыптан іріктеліп алынады; әр жастағы білім алушыларға
оқу әрекетінің әдістері таңдалады; оқу мазмұнында әр жастағы білім
алушылардың топтарына тән сұрақтар бөліп алынады; оқу материалының
мазмұнының ерекшелігін ескеру арқылы топтық және жеке сабақ
формаларының түрі таңдалады.
Мысалы, биологияны оқыту кезінде зертханалық жұмыстарды
тақырыптары бойынша біріктіру ұсынылады (мысалы, 6-сыныптағы 35
зертханалық жұмыстың кейбіреулерін «Өсімдік жасушасының құрылысы»
бөлімі бойынша; «Тамыр», «Өркен», «Гүл, жеміс», «Гүлді немесе
жабықтұқымды өсімдіктер», «Даражарнақтылар класы» тараулары бойынша,
«Саңырауқұлақтар дүниесі» бөлімі бойынша біріктіруге болады).
Пәнішілік байланысты жүзеге асыруға болмайтын жағдайда пәнаралақ
кіріктіре оқыту мүмкіндігін қолдануға болады. Салалас пәндерді кіріктіре
оқытуды ұйымдастырғанда пәндерді келесідей кіріктіре оқытуды: тіл - әдебиет,
тарих-әдебиет,
химия-биология,
тарих-география,
география-биология,
математика-информатика және т.б. ұсынылады.
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
283
Кіріктірілген сабақтардың негізіне білім беру мазмұнының басты
элементтерін бөлуге мүмкіндік беретін, жүйені құрайтын идеяларды,
түсініктерді, оқу әрекетінің тәсілдерін дамытуды қарастыратын пәнаралық
байланыстар салыну керек. Кіріктіру, бір жағынан «әлемді біртұтас» көрсетуге
мүмкіндік береді, басқа жағынан бейінді саралау үшін қолдануға болатын оқу
уақытын босатады.
Біріктірілген сыныптарда пәнішілік кіріктіре оқытудың мұғалімдер мен
білім алушылар үшін төмендегідей артықшылықтары бар:
− білім беру саласындағы пәндердің мазмұнын әртүрлі деңгейде
тұтастай игеру;
− білім алушылар әртүрлі сыныпта оқығанымен, олардың назарын бір
пәннің мазмұнындағы ұқсас тақырыптарды білім, білік дағдылар негізінде
кешенді игеруге бағыттау;
− ұжымдық оқыту әдісін тиімді қолдану және білім алушылардың
коммуникативтік дағдыларын дамыту;
− жоғарғы сынып білім алушылары өзінің білімін кіші жастағы сынып
білім алушыларын оқыту және бағалау кезінде қолдану.
Шағын жинақты мектепте оқу процесін ұйымдастыруда тиімді
педагогикалық технологиялар: деңгейлеп оқыту, саралап оқыту, ұжымдық
оқыту, дидактикалық бірлікті ірілендіру, ақпараттық-коммуникативтік
технологияларды қолдану, дамыта оқыту, модульдік оқыту, сын тұрғысынан
ойлау арқылы оқу мен жазу және т.б. қолданылады.
Шағын жинақты мектепке электронды оқыту жүйесін енгізу жеке және
өздігінен оқытуды кеңінен қолдану арқылы әртүрлі жастағы ұжымдарда
педагогикалық
әрекеттегі
қиындықтарды
жоюға
мүмкіндік
береді.
Қашықтықтық технологияларды қолданатын электронды оқыту бейіналды
дайындық пен бейінді оқытудың бірыңғай ақпараттық-білім беру ортасын құру
үшін қосымша мүмкіндіктер береді. Физика, химия және биология бойынша
виртуалды зертханаларды пайдалану арқылы, мұғалімдер аталған пәндерді
меңгеруге қажетті оқу жабдығының жеткіліксіздігі мәселесін шеше алады. Бұл
бағытта физика, химия, биология, математика және жаратылыстану пәндерінен
bilimland (www.bilimland.kz) білім беру платформасының виртуалды зертхана
жұмыстарын пайдалану ұсынылады.
Сандық білім беру ресурстарын (бұдан әрі – СБР) базасын техникалық
талаптары сәйкес келетін процессорге немесе ноутбукке орнатуға болады.
Сондай-ақ, педагог әрекеті ақпаратты жаңғырту емес, білім алушыны оқу-
танымдық
процесте
психологиялық-педагогикалық
қолдаушы,
ұйымдастырушы рөлінде болады. Мұғалімнің көмекшісі рөлінде оқу
материалын өздігінен игеру дағдылары мен іскерліктерін меңгерген білім
алушы да бола алады.
Шағын жинақты мектептегі оқыту процесі келесі принциптерге
құрылады: нәтижелілік, үздіксіздік, кіріктірілу, икемділік, жеке тұрғыдан қарау,
вариативтік, өзінділік, интерактивтік, ынтымақтастық және т.б. Мұғалімге
көрсетілген мәселелерді шешуде баға жетпес көмекті электронды ресурстар
және әртүрлі жас ерекшеліктердің өзара сабақтастығының барлық аспектілерін
Достарыңызбен бөлісу: |