58
Әдістемелік нұсқама
Тақырыпты меңгеру барысында заңмен қорғалатын мүдделердің -
материалдық екендігін және оның еңбек құқығының нормаларымен
байланысты екендігіне назар аудару қажет.
Еңбек дауларының туындау неіздері еңбек және өзге де қатынастар
шеңберіндегі жұмыскерлердің әлеуметтік және еңбек құқықтары жөніндегі
құқық бұзушылықтар екені белгілі.
Енді оның заңда белгіленген анықтамасына тоқталатын болсақ, «еңбек
дауы» - бұл Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану,
келісімдердің, еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың, жұмыс
беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша
жұмыскер (жұмыскерлер) мен жұмыс берушінің (жұмыс берушілердің)
арасындағы келіспеушіліктер (ҚР ЕК 1б.).
Еңбек дауларын құқық қатынастарының түрі және даудың сипаты мен
нысаны бойынша бойынша жіктеуге болады. Құқық қатынастарының түрі
бойынша еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтын жеке еңбек даулары
және еңбек ұжымы мен жұмыс берумен арасында туындаған ұжымдық
еңбек даулары болып екіге бөлінеді. Еңбек даулары тараптардың келісімі
бойынша немесе сот тәртібімен қаралады.
Тақырыпты меңгеру үшін Қазақстан Республикасының еңбек
кодексінің 15 және 32 бөлімдерін қараңыз.
Әдебиет: 1, 246-254 б.; 2, 377-391 б.; 3; 4; 8; 13; 14; 15
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1 Еңбек дауларының түсiнiгi.
2 Ұжымдық еңбек даулары.
3 Жеке еңбек даулары.
4 Жауапкершiлiктiң түсiнiгi.
5 Жауапкершiлiктiң түрлерi.
3.10 Тақырып 10. Халықаралық еңбек құқығы. Жақын және алыс
шел елдерде еңбекті құқықтық реттеу
Сұрақтар
1 Еңбекті халықаралық-құқықтық реттеу пәні, әдісі және қағидалары.
2 Еңбекті халықаралық-құқықтық реттеудің субъектілері.
3 Еңбекті халықаралық-құқықтық реттеудің қайнар көздері және
олардың сипаттамасы (БҰҰ, ХЕҰ, Еуропа Кеңесі, Еуропалық одақ, ТМД
актілері).
4 Халықаралық еңбек стандарттары (БҰҰ, ХЕҰ стандарттары,
еңбектің аумақтық стандарттары).
5 Нарықтық экономикасы бар елдерде еңбек саласындағы адамның
негізгі құқықтары мен босандықтарын қорғау.
6 Шетелдердің еңбек құқығының түсінігі және пәні.
59
Әдістемелік нұсқама
Тақырыпты меңгеру үшін алдымен халықаралық еңебек құқығының
пәнін, әдісін, және приниптерін анықтап алу қажет. Халықаралық еңбек
құқығының субъектілерін. Халықаралық еңбек құқығының қайнар көздері
болып ББҰ, ХЕҰ, Еуропа кеңесінің, Еуропа одағының, ТМД актілері
танылады.
Студенттер тақырыпты меңгеру үшін жоғарыда аталған актілерді
басшылыққа алулары қажет.
Әдебиет: 1; 2, 448-464 б.; 3; 4; 13; 14; 15
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1 Халықаралық еңбек құқығының ұғымы мен субъектілерін атаңыз.
2 Халықаралық еңбек құқығының қайнар көздері.
3 Нарықтық экономикасы бар елдерде еңбек саласындағы адамның
негізгі құқықтары мен босандықтарын қорғау.
4 Шетелдердің еңбек құқығының түсінігі және пәні.
60
4 Тәжірибелік есептер шағару
4.1 Есептер шығару 1 –ден 10
Есеп 1
Азаматша Қалқаманова М.А. Қостанай қалысының №8 орта
мектебінде 1990 жылдан мұғалім болып қызмет істейді. 2015 жылы оның
зейнеткерлік жасқа толуына байланысты мектеп директоры онымен еңбек
шартын тоқтатуды талап етеді.
Мектеп директорының талабы заңды ма?
Қызметкерге сол қызметте әрі қарай істей беруге бола ма, жоқ әлде
зейнеткер ұстаздардың сол еңбек ұжымында жұмыс істеуін
шектейтін қандай да бір заң нормасы бар ма?
Есеп 2
Экономист Сагидуллинды жұмысқа алу барысында жұмыс беруші
одан келесі құжаттарды сұрайды: төлқұжат, тиісті білімін растайтын құжат,
үй кітапшасын, бұрыңғы жұмыс орнынан мінездеме, денсаулығы туралы
құжат.
Жұмыс берушінің айтылған құжаттарды талап етуі заңды ма және
Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне сәйкес, еңбек шартын
жасасқан кезде қандай құжаттар талап етілуі тиіс?
Есеп 3
Төлеби атындағы мектеп интернатының тәрбиешісі Омарова,
интернатқа келіп түскен балаларға арналған төсек бұйымдары мен басқа да
керек-жарақ заттарды қабылдайды. Олардың бір бөлігін үйіне жеке
пайдалануына алып кетіп, сол әрекеті үшін жұмыстан шығарылады.
Сот отырысында талапкер Омарова, «ол төсек бұйымдарын ұрлау
туралы еш ой болған жоқ, тек оны пайдаланып, белгілі бір уақыттан кейін
ол заттарды орнына қоямын деп ойладым» деп жауап береді.
Жұмыс берішінің оны жұмыстан шығаруы заңды ма?
Есептің жауабын Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің
нормаларына негіздеңіз.
Есеп 4
20 қазанда Сарбаев Қостанайдағы жылу беретін мекемесінде от
жағушы болып жұмысқа қабылданды. 15 сәуірде жылу беретін маусымның
бітуіне
байланысты
жұмыстан
шығарылды.
Сарбаев
жұмыстан
шағарылғандығына қарсылық білдірмеді, бірақ ол демалыс жәрдемақысы
мен пайдаланылмаған жыл сайынғы еңбек демалысына өтемақы талап етті.