А. Х. Тажибаева Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. 87 б



жүктеу 0,81 Mb.
Pdf просмотр
бет18/25
Дата21.11.2017
өлшемі0,81 Mb.
#1248
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25

 

55 


 

24  сағат  болғанда  5  сағаттан  аспауға  тиіс.  Алты  күндік  жұмыс  аптасы 

кезінде  күнделікті  жұмыстың  (жұмыс  ауысымының)  ұзақтығы  апталық 

норма 40 сағат болғанда  - 7 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда  - 6 

сағаттан және апталық норма 24 сағат болғанда 4 сағаттан аспауға тиіс. 

Еңбек  кодексіне  сәйкес  тынығу  уақытының  мынадай  түрлері 

бекітілген:  1)  жұмыс  күні  (жұмыс  ауысымы)  ішіндегі  үзілістер  -  тынығуға 

және тамақтануға арналған үзіліс; ауысымішілік және арнаулы үзілістер; 2) 

күнделікті  (ауысымаралық)  тынығу;  3)  демалыс  күндері  (апта  сайынғы 

үздіксіз тынығу); 4) мереке күндері; 5) демалыста. 

Студенттерге Қзақастан Республикасының еңбек кодексінің  7 және 8  

бөлімінің нормаларын білулері қажет. 



Әдебиет: 1; 248-269 б.; 2, 269-288 б.; 3; 4; 6; 13; 14; 15 

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 

1 Жұмыс уақытының түсiнiгi. 

2 Жұмыс уақытының түрлерi. 

3 Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы. 

4 Толық емес жұмыс уақыты. 

5 Мерзiмiнен тыс жұмыстар дегенiмiз не? 

6 Тынығу уақытының түсінігі 

7 Тынығу уақытының жалпы сипаттамасы 

 

 

3.7  Тақырып 7. Жалақы. Жұмыскерлерге кепілдіктер беру мен 



өтемақылар төлеу 

   Сұрақтар 

1  Жалақының  түсінігі  және  еңбегі  үшін  көтермелеулердің  басқа  да 

түрлерінің айырмашылығы.  

2 Жалақыны құқықтық реттеудің әдістері. 

3 Жалақының минималды шегі. Ең төменгі жалақы, өмір сүру деңгейі, 

айлық есептік көрсеткіштің айырмашылығы. 

4 Жалақының нысаны мен ақы төлеу жүйесі. 

5 Қалыпты еңбек жағдайынан ауытқыған жағдайда еңбекке ақы төлеу: 

үстеме, демалыс және мереке күндері, түнгі жұмыстар. 

6 Жұмыскерлерге кепілдіктер беру мен өтемақы төлеу тәртібі. 

7  Қызметтік  іс  сапарда  жүрген  кезде  және  ұйыммен  бірге  басқа 

аймаққа ауысқан кезде төленетін өтемақылық төлемдер. 

 

Әдістемелік нұсқама 

   


Студенттер  жоғарыда  көрсетілген  тақырыптарға  байланысты  жалақы 

дегеніміз не, оның басқа заңнамада көзделген төлемдер мен қосымшалардан 

қандай айырмашылықтары бар екенін білулері қажет.   

«Еңбекақы»    категориясының  мазмұны  екі  аспектіні  анықтайды: 

экономикалық  және  құқықтық.  Экономикалық  ұғымда  еңбекақы  жұмыс 

күшінің  бағысы  мен  құнын  білдіреді.  Ал  құқықтық  категория  ретінде 




 

56 


 

еңбекақы 

жұмыскердің 



біліктілігіне, 

орындалатын 

жұмыстың 

күрделілігіне,  санына,  сапасына  және  жағдайына  байланысты  еңбек  үшін 

төленетін  сыйақы,  сондай-ақ  өтемақы  және  ынталандыру  сипатындағы 

төлемдер (ҚР ЕК 1б.). 

   

Студенттер  еңбекақыны  кеплілдіктер  мен  өтемақы  төлемдерінен 



ерекшелейтін  элементтеріне  назар  аударулары  тиіс.  Өтемақы  төлемдері  - 

жұмыстың  ерекше  режимі  мен  еңбек  жағдайларына,  жұмысынан 

айрылуына,  жұмыскерлердің  еңбек  міндеттерін  немесе  Қазақстан 

Республикасының  заңдарында  көзделген  өзге  де  міндеттерді  орындауына 

байланысты шеккен шығындарын өтеуге байланысты ақшалай төлемдер; 

   


ҚР  Еңбек  кодексінің  149  бабынан  159  бабы  аралығында 

жұмыскерлерге берілетін кепілдіктер мен өтемақы түрлері қарастырылған.  

   

Осы  аталғанды  толық  меңгеру  үшін  Қазақстан  Республикасының 



еңбек кодексінің 10 және 13 бөлімдерін қараңыз 

   

Әдебиет: 1; 201-234 б.; 2, 297-332 б.; 3; 4; 13; 14; 15 

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 

1 Жалақы түсiнiгi және оның айрықша белгiлерi. 

2 Жалақы төлеу тәртiбi және орны. 

3 Жалақы жүйесiне анақтама берiңiз. 

4 Кепiлдiктер өтемақылар дегенiмiз не? 

5 Кепiлдiк өтемақылардың негiзгi түрлерiн атаңыз. 



 

 

3.8 Тақырып 8. Еңбекті қорғау 

     

Сұрақтар 

1 Еңбекті қорғау түсінігі мен қағидалары. 

2 Еңбекті қорғауды мемлекеттік басқару. 

3  Еңбекті  қорғауды  қамтамасыз  ету.  Еңбекті  қорғауды  қамтамасыз 

ететін  ұйымдастырушылық-өндірістік  нысандары:  еңбекті  қорғау  және 

өндірістік санитария шараларын жоспарлау және қаржыландыру, дәрігерлік 

қайта  куәландыру,  жұмыскерлерді  үнемі  тексеруден  өткізу,  еңбекті  қорғау 

және өндірістік  санитария  ережелері  бойынша  жұмыскерлерді  оқыту,  жеке 

қорғану үшін қажетті заттармен қамтамасыз ету.  

4  Өндірістегі  жазатайым  жағдайларды  тексеру  және  есепке  алу 

жағдайлары.  

5 Жұмыскердің еңбекті қорғау құқықтарының кепілдіктері. 

6 Еңбек тәртібінің ұғымы. 

7 Еңбектегі табыстар үшін көтермелеу. 

8 Тәртіптік жазалар қолдану мен оған шағым жасау тәртібі. 

 

Әдістемелік нұсқама 



 

57 


 

Бұл тақырыпты оқуды еңбекті қорғау институтының мазмұны жөнінде 

Қазақстан  Республикасының  еңбек  кодексінің  5  бөлімінде  бекітілген 

нормалардан бастаған жөн. 

Тақырыпқа  дайындалу  барысында  құқықтық  нормалар  міндеттерін 

ашып  көрсететін  талдау  жасау  қажет.  Бұлар  жұмыскерлердің  еңбек 

процесіндегі  өмірі  мен  денсаулықтарын  қорғаудағы  тиісті  еңбек 

жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған жағдайлар. 

Студенттерге  еңбекті  қорғау  нормасы  -  бұл  құқықтық,  әлеуметтік-

экономикалық,  ұйымдастыру-техникалық,  санитарлық-эпидемиологиялық, 

емдеу-профилактика,  оңалту  және  өзге  де  іс-шаралар  мен  құралдарды 

қамтитын,  еңбек  қызмет  процесінде  жұмыскерлердің  өмірі  мен 

денсаулығының  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  жүйесі  екендігін  анықтап 

алған жөн. 

Студент  бұл  институттың  негізгі  заңдардан  –  конституциялық 

нормалардан,  сондай  ақ  заңға  бағынышты  актілерден  –  ереже, 

нұсқаулықтардан тұратынын білген жөн. 

   


Аталған 

нормаларды 

толығымен 

игеру 


үшін 

Қазақстан 

Республикасының Еңбек кодексінің 5 бөлімін қараңыз. 

Әдебиет: 1, 233-245 б.; 2, 397-414 б.; 3; 4; 13; 14; 15 

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 

1 Еңбектi қорғауға анықтама берiңiз. 

2 Еңбектi қорғау туралы заңнаманы не құрайды? 

3 Еңбектi қорғауға қадағалау мен бақылауды кiм жүзеге асырады? 

4 Еңбектi қорғау үшiн қандай жауапкершiлiк көзделген? 

5 Еңбек тәртiбiнiң түсiнiгi және мәнi. 

6 Iшкi еңбек тәртiбi. 

 

 

3.9 Тақырып 9. Еңбек даулары 

 

Сұрақтар 

1 Еңбек дауларының түсінігі және жіктелуі: жеке және ұжымдық. 

2   Жеке және ұжымдық еңбек дауларының пайда болу негіздері.  

3  Жеке  еңбек  дауларын  келісім  комиссиясында  қарау.  Келісім 

комиссиясының  құқықтық  мәртебесі.  Жеке  еңбек  дауларын  сотта  қарау. 

Еңбек даулары бойынша шешімдерді орындау. 

4  Ұжымдық  еңбек  дауларын  қараудың  негізгі  қағидалары.  Ұжымдық 

еңбек  дауларын  қарайтын  органдар  (келісім  комиссиясы,  еңбек  төрелігі). 

Ұжымдық  еңбек  дауларын  қарау  тәртібі.  Ұжымдық  еңбек  дауларын  қарау 

жөнінде келісім комиссиясы және еңбек төрелігінің өкілеттігі. 

5 Материалдық жауапкершілік ұғымы және оған тартудың шарттары 

Жұмыскерге  жарақаттанудан  немесе  өзге  де  денсаулығы 



зақымдалуынан зиянды өтеу. 

 


жүктеу 0,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау