А. Х. Тажибаева Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. 87 б



жүктеу 0,81 Mb.
Pdf просмотр
бет21/25
Дата21.11.2017
өлшемі0,81 Mb.
#1248
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

 

64 


 

Жауабыңызды 

Қазақстан 

Республикасның 

еңбек 

кодексінің 

нормаларына сүйене отырып беріңіз. 

 

Есеп 16 

 

Койбагарова  Ж.  мектете  программист  болып  жұмыс  жасайтын.  2008 

жылы  туберкулездің  ашық  түрімен  ауырып  9  ай  ем  алдып  ауруанада 

жатады.    Койбагарова  Ж.  жаңа  оқу  жылының  басында  қайтадан  жұмысқа 

оралғысы келеді. 

Оны жұмысқа алу заңды ма? Мектеп директорына мәселені шешуге 

көмектесіңіз. 

 

                                               Есеп 17 

 

 



«Книппер»  АҚ  программисті  Болатов  наурыз  айында  қосымша  ақы 

талап етті. Өзінің арызында ол кетсе бойынша 9 дан 18 ге дейін жұмыс істеу 

керек,  ал  шын  мәнінде 9 дан  19  ға дейін жұмыс істеген. Жұмыстан  шығар 

алдында  барлық  коммерциялық  және  қызметтік  құпияны  құрайтын 

құжаттарды  сақтауға  тапсырған.    Сонымен  қатар,  2  рет  тапсырылған 

бағдарламаны уақытында тапсыру үшін жұмыс орнында сағат 23.00 ге дейін 

қалған.  Қорыта  келе,  наурыз  айында  істеген  қосымша  қызметі    18  сағатты 

құраған.  Болатовты  сонымен  қатар,  дүйсенбі  сайын  жұмыс  орнына  15 

минутқа  ерте  келуін  міндеттеген  (жұмыстың  басталуына  дейін, 

қызметкерлерге инструкциялық жиналыс өткізу үшін).   

 

Жұмыс  әкімшілігі  Болатовқа  қосымша  атқарған  қызметі  үшін  ақы 

төлеуден  бас  тартады.  Себебін,  жалақысының  онсызда  жоғары  көлемде  

екендігімен түсіндіреді. Дауды шешіңіз. 

 

Есеп 18 

 

 



Қостанай қаласының «Больщевичка» ұйымының ұжымдық шартының 

мазмұнында  еңбек  тәртібін  бұзған,  яғни  жұмысқа  кешігіп  келген  немесе 

жұмыс орнында 3 сағатқа дейін болмаған қызметкерлерге еш ақы төленбей 

үстеме жұмыстарға тартылады деп көзделген.  



 

Ұжымдық шарттың талаптары заңды ма? 

 

Есеп 19 

 

 

Тоқыма  фабрикасының  қызметкері  2015  жылдың  20  маусымынан  28 



күнге  кесте  бойынша  жыл  сайынғы  ақы  төленетін  еңбек  демаласына 

шағады.  Маусымның  29-ынан  2  аптаға  денсаулығына  байланысты  қалалық 

ауруханада жатады. 

 

Жыл сайынғы еңбек демалысын ары қарай жалғастыру қалай жүзеге 



асырылады? Дауды шешіңіз. 


 

65 


 

 

 

Есеп 20 

 

 

«Васточное»  ЖШС  директоры  шикізаттың  бітуіне  байланысты, 



қызметкерлерін  20  күнге  созылатын  ақы  төленбейтін  еңбек  демалысына 

шығарылатындарын  жариялады.  Қызметкерлерінің  көп  бөлігі,  оларға 

онсызда  2  айдың  жалақысы  төленбегенін  айтып  қарсылық  білдірді.  Басқа 

қызметкерлер  егер  сол  уақытқа  орташа  жалақысы  сақталатын  болса, 

демалысқа шығуға келісті.  

 

Директордың  әрекеті  заңды  ма?  Қызметкерлер,  жұмыс  берушіден 

жалықысы сақталмайтын демалысқа ақы төлеуді талап етуге құқығы бар 

ма?   

 

4.3 Есептер шығару 21-ден 30 

 

                                                     Есеп 21 

 

№  5  автопаркіне  Тимофеев  жеңіл  автокөліктің  жүргізушісі  болып 

жұмысқа  қабылданады.    Автопарктің  бұйрығымен  автобус  жүргізушісі 

ретінде  қызметке  ауыстырылады.  Тимофеев  автобус  жүргізушісі  болудан 

бас тартады. 

Тимофеевтің ұсынылған бас тартуы заңды ма? 

Тимофеевті басқа жұмысқа ауыстыру заңды ма? 

 

Есеп 22 

 

Маратова  С-ның.  «Жайлау»  ЖШС  3  жыл  істеген  еңбек  өтілі  бар. 



Маратова  жұмысқа  кезекті  бала  күту  демалысынан  2011  жылдың  4 

мамырында  шыққан,  жұмысқа  шықанына  6  айдан  асты.  Енді  9  қарашадан 

кезекті  жыл  сайынғы  еңбек  демалысымды  алайын  десем  15  күн  ғана  ала 

аласың деп 1 айға рұқсат бермеді.  



Осы заңды ма? 6 айдан асқан соң жыл сайынғы еңбек демалысымды 

толық алуға болмай ма? Мәселені шешіңіз. 

 

Есеп 23 

 

«Амир»  ЖШС  қызметкері  Балабаева  А.  баласының  күтіміне 



байланысты  жалақы  сақталмайтын  демалысқа  шыққан  болатын.  Бірақ, 

Балабаева  баласы  1  жасқа  толғаннан  кейін  жұмысқа  шығуға  ниет  білдіріп 

отыр.  

Жұмыс  беруші  оны    баласы  3  жасқа  толғанға  дейін  баласын  күтіп 



бағуға  арналған  жалақысы  сақталмайтын  еңбек  демалысна  өтініш жазуына 

байланысты оны жұмысқа қабылдаудан бас тартып отыр.  




 

66 


 

Жұмыс  берушінің  әрекеті  заңды  ма?  Мәселеі  Еңбек  кодексінің 

нормаларымен шешіңіз. 

 

Есеп 24 

 

Кәсіпорын қызметкері Аманбаев жұмыс берушінің келісімімен  1 апта 



өзінің  өтініші  негізінде  жалақысы  сақталмайтын  демалыста  болды.  

Демалыс  уақыты  біткеннен  кейін  денсаулығының  науқастығына 

байланысты тағы да 1 апта еңбекке уақытша жарамсыздық парағы негізінде 

ауруханаға болады. 

Содан  кейін,  Аманбаев  жұмыс  берушінің  шақыртуымен  еңбекке 

уақытша  жарамсыздық  парағының  уақыты  біткеннен  күні  (дүйсенбі  күні) 

жұмыс  орнына  шақыртылады.  Жұмысқа  келген  Аманбаевқа  кәсіпорын 

директоры  жұмысты  себепсіз  қалдырдың  деп  «қатаң  сөгіс»  жариялап 

қойыпты.  

Жұмыс  берушінің  әрекеті  заңды  ма?  Оған  сөгіс  жариялау  үшін 

жұмыс берушіде қандай негіз болуы қажет? 

 

Есеп 25 

 

Турина А. 10 айдан астам уақыт жеке меншік оқу орнында филология 



кафедрасында лобарант болып қызмет істеген. Оқу орнының әкімшілігі оған 

жыл  сайынғы  ақылы  еңбек  демалысына  берілетін өтемақыны  төлеуден бас 

тартып  отыр.  Әкімшіліктің  айтуы  бойынша:  «бізде  тек  мұғалімдер  ғана 

мұндай өтемақы алады» дейді.  Маған мүлде  мұндай  өтемақы  төлеуден бас 

тартып отыр. Және олар Туринаға өз еркімен жалақысы сақталмайтын еңбек 

демалысына шығуға өтініш жаз деп талап қойып отыр.  



Жалақысы сақталмайтын еңбек демалысының мерзімі қандай? 

Жұмыс берушінің талабы заңды ма? 

Егер заңсыз болса, осы мәсенені шешу жолдарын қарастырыңыз. 

 

Есеп 26 

 

Арқалық  қалысының  орта  оқу  орнында  (колледж)  жұмыс  істейтін 



кітапханашыға жыл сайын берілетін еңбек демалысы қанша күнге беріледі? 

 Сұрақты заңнама нормаларына сүйене отырып шешіңіз. 

 

 



Есеп 27 

 

Келісім комиссиясына мынадай арыз түсті: «Біз жүк тасушылар болып 

жұмыс  істейміз.  Жұма  күні  үзіліс  уақытында  кәсіпорын  территориясында 

көлік  жүргізушісіне  спирт  ішімдігін  бердік,  бірақ  өзіміз  оны  ішуге 

қатысқанымыз жоқ. Көлік жүргізушісі жұмыстан шеттетілді, ал біз болсақ, 

жұмыс  күнінің  екішкі  бөлігінде  қызметке  кіріспедік.  Мәжбүрлі  іркіліс 




жүктеу 0,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау