Жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер



жүктеу 4,8 Kb.
Pdf просмотр
бет6/61
Дата21.11.2017
өлшемі4,8 Kb.
#1247
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61

      8) еңбек жөнiндегi үлгiлiк (салалық, салааралық) нормалар мен нормативтердi ауыстыру және
қайта қарау тәртiбiн белгiлейдi;
      9) тиiстi қызмет салаларының мемлекеттiк органдарымен келісу бойынша барлық қызмет 
салалары үшін бірыңғай (салааралық), еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтердi 
әзірлейді және бекiтеді;
      10) әкiмшiлiк персоналға жататын қызметкерлер лауазымдары атауларының 
 әзірлейді 
тiзбесiн
және бекітеді;
      11) көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым 
мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек нормаларын ұсыну, қарау және 
келісу тәртібін белгілейді;
      12) көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым 
мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу 
жүйесі бойынша параметрлерді ұсыну, қарау және келісу тәртібін белгілейді;
      13) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейінде жасалған салалық келісімдер 
мен өңірлік келісімдерді тіркеуді жүзеге асырады;
      14) мемлекеттік еңбек инспекторларын оқытуды және аттестаттауды жүргізеді;
      15) өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудің уақтылы және объективті 
жүргізілуін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бақылауды жүзеге 
асырады;
      16) еңбек қатынастарын реттеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      17) анықтамалықтарды, біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, қайта қарау, бекіту және қолдану
тәртібін айқындайды;
      
РҚАО-ның ескертпесі!
      16-бапты 17-1) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 27.06.2014 
№ 212-V
 Заңымен (
01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      18) экономикалық қызметтің алуан түрлі ұйымдарының басшылары, мамандары мен басқа да 
қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын қарайды және келіседі;
      19) тиiстi қызмет салаларының уәкiлеттi мемлекеттiк органдарының еңбек жөнiндегi үлгiлiк 
(салалық, салааралық) нормалар мен нормативтердi бекiту тәртiбiн белгілейді;
      20) оларда жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақылы қосымша
еңбек демалысына және еңбекақының жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, 
цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (
ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, сондай-ақ оларды беру тәртібін 
айқындайды;
      21) үш адамнан бес адамға дейін қайтыс болған топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру 
үшін комиссия құрады;
      22) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мониторингті және тәуекелдерді 
бағалауды ұйымдастырады;
      23) 
алып тасталды - ҚР 29.12.2014 
№ 269-V
 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) 
Заңымен;
      24) еңбек төрелігі туралы 
 бекітеді;
үлгілік ережені
      25) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат ұсыну және мемлекеттік 
статистика жүргізу тәртібін айқындайды;
      26) орташа жалақыны есептеудің бірыңғай тәртібін белгілейді;
      27) азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға арналған
конкурс өткізу тәртібін айқындайды;
      28) ұйымда кадрларды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін 
арттыруға қойылатын жалпы талаптарды айқындайды;
      29) еңбек кітапшаларының нысанын, оларды жүргізу және сақтау тәртібін бекітеді;
      30) он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын 
жұмыстардың тізімін, он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің ауыр заттарды тасуы мен 
жылжытуының шекті нормаларын бекітеді;
      31) әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, әйелдердің ауыр 
заттарды қолмен көтеруінің және жылжытуының шекті нормаларын бекітеді;


      32) ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы үлгілік ережені 
бекітеді;
      33) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті кезеңділік аттестаттау 
тәртібін айқындайды;
      34) қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, 
оларға нұсқама беру және білімдерін тексеру тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;
      35) жұмыс берушiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi нұсқаулықты әзiрлеу,
бекiту және қайта қарау тәртібін белгілейді;
      36) еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау мен төлеу 
тәртібін айқындайды;
      37) жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам, 
арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру тәртібін бекітеді, 
сондай-ақ оларды ұжымдық қорғану құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және 
құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібін белгілейді;
      38) қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам, арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және 
басқа да жеке қорғану құралдарын беру нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық 
уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
      39) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы 
Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де 
өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      
Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 
N 239-V
 (алғашқы ресми жарияланған 
күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 
29.12.2014 
№ 269-V
 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      17-бап. Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның
               құзыреті
      Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган:
      1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 
жөніндегі талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      2) жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге асырады;
      3) өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланулардың себептеріне 
талдау жүргізеді және олардың профилактикасы жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
      4) өндірістегі жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген 
тәртіппен тергеп-тексереді;
      5) жұмыс берушілерде еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты 
адамдардың білімін тексеруді жүргізеді;
      6) өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау 
комиссиясының құрамына қатысады;
      7) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша 
қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өкілетті өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды;
      8) қызметкерлердің, жұмыс берушілер мен олардың өкілдерінің еңбек қауіпсіздігі және 
еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарайды;
      9) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингін жүзеге 
асырады;
      10) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан 
Республикасының 
 сәйкес тексерулер жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;
Заңына
      11) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбекті қорғау және еңбек қауiпсiздiгі 
жөніндегі ақпараттық жүйе базасында кезеңдік есептерді, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгі және 
еңбектi қорғау жай-күйі мониторингінің нәтижелерін ұсынады;
      12) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбек қатынастары бойынша қажетті 
ақпаратты береді.
      Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2013 
№ 102-V
 (алғашқы ресми жарияланғанынан 


жүктеу 4,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау