арттыруды осы Кодекске
сәйкес қамтамасыз етуге;
21) қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде өмірі мен денсаулығына
келтірілген зиянды осы Кодекске және Қазақстан Республикасының
сәйкес өтеуге;
заңнамасына
22) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның және еңбек инспекциясы жөнiндегi
жергілікті органның лауазымды адамдарын, қызметкерлердің өкiлдерiн, еңбектi қорғау жөнiндегi
қоғамдық инспекторларды ұйымдардағы еңбек қауiпсiздiгiнiң, жағдайларының және еңбектi қорғаудың
жай-күйiне және Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы
сақталуына тексерулер жүргізу үшін, сондай-ақ өндiрiстегi
жазатайым оқиғаларды
заңнамасының
және кәсiптiк ауруларды тергеп-тексеру үшiн кедергiсiз жiберуге;
23) жұмысқа қабылдау кезінде осы Кодекстің 31-бабына сәйкес еңбек шартын жасасу үшін
қажетті құжаттарды талап етуге;
24) жұмыс беруші айқындайтын, он сегіз жасқа дейінгі қызметкерлердің тегі, аты, әкесінің
аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және туған күні көрсетілетін
тізілімдердің немесе басқа да құжаттардың жүргізілуін қамтамасыз етуге міндетті.
3. Жұмыс берушінің осы Кодексте көзделген өзге де құқықтары болады және ол өзге де
міндеттерді атқарады.
Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.12.30
№ 234-IV
(қолданысқа енгізілу
тәртібін
2-б
. қараңыз), 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013
№ 102-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
ЕРЕКШЕ БӨЛІМ
2-БӨЛІМ. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ
4-тарау. ЕҢБЕК ШАРТЫ
24-бап. Еңбек шартының нысанасы
Еңбек шарты бойынша қызметкер сыйақы үшін тиісті біліктілігі бойынша жұмысты (еңбек
функциясын) атқарады және еңбек тәртіптемесін сақтайды, ал жұмыс беруші еңбек жағдайларын
қамтамасыз етеді, қызметкерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, еңбек шартында,
ұжымдық шартта, тараптардың келісімінде көзделген жалақыны уақтылы және толық көлемінде төлейді
және өзге де төлемдерді жүзеге асырады.
25-бап. Еңбек шартын жасасу кезіндегі құқықтар мен
мүмкіндіктер теңдігінің кепілдіктері
1. Еңбек шартын жасасу кезінде құқықтар мен мүмкіндіктер теңдігін бұзуға тыйым салынады.
2. Осы Кодексте көзделген
жағдайларды қоспағанда, жүктілік, үш жасқа дейінгі балаларының
болуы, кәмелетке толмағандық, мүгедектік еңбек шартын жасасу құқығын шектей алмайды.
Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген адамдар санатының талабы бойынша жұмыс беруші
бас тарту себебін жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.
2-1. Жұмысқа қабылдау кезінде осы Кодекстің 7-бабының
көзделген белгілер
2-тармағында
бойынша еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптарды қоюға тыйым салынады.
3. Еңбек шартын жасасу кезінде құқықтар мен мүмкіндіктер теңдігінің бұзылу фактісі
анықталған жағдайда, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының
жауаптылықта
заңдарында белгіленген
болады.
Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.06.2013
N 106-V
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
26-бап. Еңбек шартын жасасуға қойылатын шектеулер
1. Еңбек шартын:
1) медициналық қорытынды негізінде адамның денсаулық жағдайы бойынша
қайшы
келетін
жұмысты орындауға;
2) ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті
жұмыстарға, сондай-ақ жұмыс берушінің мүлкі мен басқа да құндылықтарының сақталуын қамтамасыз
етпегені үшін қызметкердің толық материалдық жауапкершілігі көзделетін лауазымдар мен жұмыстарға
, он сегіз жасқа толмаған азаматтармен;
3) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес белгілі бір лауазымға тұру немесе белгілі бір
қызметпен шұғылдану құқығынан айырылған азаматтармен;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі
тәртіппен шетелдік жұмыс күшін тартуға не
белгілеген
шетелдік қызметкер жұмысқа орналасуға жергiлiктi атқарушы органның
рұқсатын алғанға дейiн,
сондай-ақ еңбекші көшіп келушіге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
белгілеген
тәртіппен ішкі істер органдары беретін рұқсатты алғанға дейiн немесе Қазақстан Республикасының
заңдарында белгiленген шектеулердi немесе ерекшеліктерді сақтамай, Қазақстан Республикасының
аумағында уақытша болатын шетелдiктермен және азаматтығы жоқ адамдармен;
5) білім беру ұйымынан оқу нысаны көрсетілген немесе қабылдайтын ұйымнан кәсіптік
даярлаудан және (немесе) тағылымдамадан өтуі туралы анықтамаларды және білім алу мақсатында
болуға арналған рұқсатты ұсынбаған, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын
шетелдік студенттермен және тағылымдамадан өтушілермен;
6) отбасына қосылу мақсатында Қазақстан Республикасына келуге
және онда болуға арналған
рұқсатты және Қазақстан Республикасының заңнамасымен танылатын, Қазақстан Республикасының
азаматымен некеде тұрғанын растайтын құжатты ұсынбаған, Қазақстан Республикасының аумағында
уақытша болатын шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адамдармен жасасуға жол берілмейді.
1-1. Бір жұмыс беруші жеке тұлғаның бір мезгілде бестен көп еңбекші көшіп келушімен үй
шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) бойынша еңбек шарттарын жасасуына жол
берілмейді.
2. Мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін адамға, егер мемлекеттік қызметті тоқтатар
алдындағы соңғы бір жылда мемлекеттік функцияларды орындау кезеңінде аталған адам өзінің
лауазымдық өкілеттіктеріне орай осы коммерциялық ұйымның қызметін тексеру нысанында бақылауды
тікелей жүзеге асырған болса не осы коммерциялық ұйымның
қызметі аталған адаммен оның
құзыретіне сәйкес тікелей байланысты болған болса, мемлекеттік ұйымдарды және жарғылық
капиталындағы мемлекеттiң үлесi елу пайыздан көп, оның iшiнде акционерi мемлекет болып
табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму
институттарында, дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы өздеріне
тиесiлi
олардың еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң)
елу пайызынан астамы аталған еншiлес ұйымдарға тиесiлi заңды тұлғаларда болатын ұйымдарды
қоспағанда, бір жыл бойы коммерциялық ұйымға жұмысқа орналасуға жол берілмейді.
3. Кәмелетке толмағандар қатысатын білім беру, тәрбиелеу және дамыту, демалысты
ұйымдастыру және сауықтыру, дене шынықтыру және спорт, медициналық қамтамасыз ету, әлеуметтік
қызметтер көрсету, мәдениет және өнер саласындағы еңбек қызметіне: адам өлтіргені,
денсаулыққа
қасақана зиян келтіргені, халық денсаулығы мен имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы
қылмыстар үшін, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы үшін сотталғандығы бар
немесе болған, қылмыстық қудалауда жүрген немесе қудалауда болған (Қазақстан Республикасы
Қылмыстық-процестік кодексінің
бірінші бөлігінің 1), 2) тармақтарының негізінде
35-бабы
қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда) адамдар жіберілмейді.
Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.29
N 371-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.22
№ 478-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі),