Жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер



жүктеу 4,8 Kb.
Pdf просмотр
бет47/61
Дата21.11.2017
өлшемі4,8 Kb.
#1247
түріКодекс
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   61

      1. Облыстық деңгейде жасалған салалық және өңірлік келісімдерді тіркеуді еңбек жөніндегі 
уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады. 
      2. Қалалық, аудандық деңгейде жасалған салалық және өңірлік келісімдерді тіркеуді 
жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
      278-бап. Келісімдердің қолданылуы
      1. Бас келісімнің күші мемлекеттік органдарға, жұмыс берушілерге, қызметкерлерге және 
олардың өкілдеріне қолданылады.
      2. Салалық келісімнің күші тиісті қызмет саласының мемлекеттік органдарына, тиісті 
саланың жұмыс берушілеріне, қызметкерлеріне және олардың өкілдеріне қолданылады.
      3. Өңірлік келісімнің күші тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы 
органдарына, жұмыс берушілеріне, қызметкерлеріне және олардың өкілдеріне қолданылады.
      4. Келісімдердің күші Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, мүлкінің меншік 
иелері, құрылтайшылары (қатысушылары) немесе акционерлері шетелдіктер немесе шетелдік заңды 
тұлғалар не шетел қатысатын заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдарға да қолданылады.
      5. Келісімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде еңбек жөніндегі 
уәкілетті мемлекеттік орган – республикалық деңгейде, тиісті қызмет саласының мемлекеттік 
органдары – салалық және жергілікті атқарушы органдар өңірлік деңгейлерде келісімді ресми түрде
жариялауға міндетті.
      
Ескерту. 278-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.06.2014 
N 212-V
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      279-бап. Келісімдердің орындалуын бақылау
      Келісімдердің орындалуын бақылауды әлеуметтік әріптестік тараптары жүзеге асырады.
      280-бап. Келіссөздерге қатысудан жалтарғаны үшін 
                жауапкершілік
      Тараптар өкілдерінің әлеуметтік әріптестік туралы келісімді жасасу, өзгерту жөніндегі 
келіссөздерге қатысудан жалтаруы немесе әлеуметтік әріптестік туралы келісілген келісімге қол 
қоюдан құқыққа сыйымсыз бас тартуы, келіссөздер жүргізу және әлеуметтік әріптестік туралы 
келісім нормаларының сақталуына бақылау жасау үшін қажетті ақпарат бермеуі, сондай-ақ оның 
талаптарын бұзуы немесе орындамауы Қазақстан Республикасының 
 белгіленген жауаптылыққа
заңдарында
әкеп соғады.
31-тарау. ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ
      281-бап. Ұжымдық келіссөздер жүргізудің принциптері
      Ұжымдық келіссөздер жүргізудің принциптері: 
      тараптар мүдделерінің тең құқықтылығы және оларды құрметтеу; 
      ұжымдық шарттың немесе келісімнің мазмұнын құрайтын мәселелерді талқылаудағы таңдау 
еркіндігі; 


      тараптардың міндеттемелер қабылдау еріктілігі; 
      Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау болып табылады.
      282-бап. Ұжымдық келіссөздер жүргізудің, ұжымдық шартты 
                әзірлеу мен жасасудың тәртібі
      1. Кез келген тарап ұжымдық шарт жобасын әзірлеудің және жасасудың бастамашысы бола алады

      Екінші тараптың ұжымдық шарт жасасу жөніндегі келіссөздерді бастау туралы ұсынысы бар 
хабарламасын алған тарап оны он күндік мерзімде қарап, осы баптың 2-тармағында белгіленген 
тәртіппен келіссөздерге кірісуге міндетті. 
      2. Ұжымдық келіссөздер жүргізу және ұжымдық шарттың жобасын әзірлеу үшін тараптар 
тепе-тең негізде комиссия құрады. Комиссия мүшелерінің саны, оның жеке құрамы, жобаны әзірлеу 
және ұжымдық шарт жасасу мерзімдері тараптар келісімімен айқындалады. 
      Жұмыс беруші тараптардың келісімі бойынша ұжымдық шартты әзірлеу мен жасасу үшін қажетті 
жағдай жасауды қамтамасыз етеді. 
      Кәсіптік одақтың мүшелері болып табылмайтын қызметкерлер шарттық негізде жұмыс берушімен 
өзара қарым-қатынастарда өз мүдделерін білдіру үшін кәсіподақ органына да, өзге өкілдерге де 
уәкілеттік беруге құқылы. 
      Ұйымда қызметкерлердiң бiрнеше өкiлдерi болған кезде комиссияға қатысу және ұжымдық 
шартқа қол қою үшiн олар бiртұтас өкiлдi орган құрады. Бұл ретте олардың әрқайсысына өздерi 
өкiлдiк ететiн қызметкерлердiң санына қарай пропорционалды өкiлдiк ету қағидаты негiзiнде 
келiссөздер жүргiзу жөнiндегi бiртұтас органның құрамында өкiлдiк ету құқығы берiледi.
      3. Комиссия әзірлеген ұжымдық шарттың жобасын ұйым қызметкерлері міндетті түрде 
талқылауға тиіс. Жобаны талқылау нысанын қызметкерлердің өздері айқындайды. Комиссия келіп 
түскен ескертпелер мен ұсыныстарды ескере отырып, жобаны пысықтайды. 
      4. Тараптардың келісіміне қол жеткізілген кезде ұжымдық шарт кемінде екі данада жасалады 
және оған тараптардың өкілдері қол қояды. 
      5. Ұжымдық шарттың жекелеген ережелері бойынша тараптар арасында келіспеушіліктер болған 
кезде ұжымдық келіссөздер басталған күннен бастап бір ай ішінде тараптар бір мезгілде 
келіспеушіліктер хаттамасын жасай отырып, келісілген талаптармен ұжымдық шартқа қол қоюға тиіс.
      6. Ұжымдық шартты өзгерту және толықтыру осы бапта оны жасасу үшін белгіленген тәртіппен 
тараптардың өзара келісімімен ғана жүргізіледі. 
      7. Егер алынған мәліметтер 


 және 
 
 
мемлекеттік
қызметтік
коммерциялық
заңмен қорғалатын
 құпияларды құрайтын болса, ұжымдық келіссөздерге қатысушылардың бұл мәліметтерді жария 
өзге де
етуге құқығы жоқ. 
      8. Ұжымдық келіссөздерге қатысушылар келіссөздер жүргізу кезінде орташа айлық жалақысы 
сақтала отырып, еңбек міндеттерін орындаудан босатылуы мүмкін. Бұл мерзім олардың еңбек өтіліне
қосылады. 
      9. Тараптар қол қойған ұжымдық шартты қол қойылған күнінен бастап бiр ай мерзiмде жұмыс 
берушi мониторинг үшiн еңбек инспекциясы жөнiндегi жергілікті органға ұсынуға мiндеттi.
      10. Тараптардың өкiлдерi жарты жылда кемінде бір рет қызметкерлерге ұжымдық шарттың 
орындалу барысы туралы ақпарат беруге мiндеттi.
      
Ескерту. 282-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 
№ 102-V
 (
алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 
27.06.2014 
N 212-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң 
қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
      283-бап. Ұжымдық шарттың тараптары


жүктеу 4,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау