Жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер



жүктеу 4,8 Kb.
Pdf просмотр
бет46/61
Дата21.11.2017
өлшемі4,8 Kb.
#1247
түріКодекс
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   61

      5. Қызметкерлерге бір мезгілде бірнеше келісімдердің күші қолданылған жағдайларда, 
келісімдердің қызметкерлер үшін неғұрлым қолайлы шарттары қолданылады. 
      6. Бас, салалық, өңірлік келісімдерді әлеуметтік әріптестік тараптарының өкілдері қол 
қойып бекітеді. 
      7. Тараптар қол қойған салалық, өңірлік келісімдер қосымшаларымен қоса он күн мерзімде 
 үшін жіберіледі.
хабарламалық тіркеу
      273-бап. Республикалық, салалық, өңірлік комиссиялардың 
                шешімдер қабылдау тәртібі
      1. Комиссиялардың шешімдері келіссөздерде барлық тараптардың келісіміне қол жеткізу 
негізінде ғана қабылданады және тиісті келісімдермен ресімделеді. 
      2. Келісім барысында, егер тараптар келісімге келе алмаса, келіспеушіліктерді жою 
жөніндегі және келіссөздерді қайта жалғастыру мерзімдері туралы тараптардың түпкілікті 
тұжырымдалған ұсыныстары енгізілетін хаттама жасалады. 
      3. Шешімдер қабылдау мен жұмысты ұйымдастыру тәртібін комиссиялар әзірлеп, бекітеді.
      274-бап. Комиссиялардың үйлестірушілері
      Республикалық, салалық және өңірлік комиссиялардың үйлестірушілері тараптардың бірлескен 
шешімімен тағайындалады. Комиссияның үйлестірушісі: 
      1) тараптардың қызметіне араласпайды; 
      2) комиссия жұмысына қатысу үшін жұмыс берушілер мен қызметкерлер бірлестіктерінің 
өкілдерін, атқарушы билік органдарының комиссия мүшелері болып табылмайтын өкілдерін, сондай-ақ
ғалымдар мен мамандарды, басқа да ұйымдардың өкілдерін шақырады; 
      3) комиссияның және жұмыс топтарының жұмысын, хаттамалардың жүргізілуін, шешімдердің 
жобаларын дайындауды және олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.
      275-бап. Келісімдердің тараптары, түрлері
      1. Республикалық деңгейде Қазақстан Республикасының 
, жұмыс берушілердің 
Үкіметі
республикалық бірлестіктері мен қызметкерлердің республикалық бірлестіктері арасында Бас келісім
жасалады. 
      2. Салалық деңгейде тиісті қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар, жұмыс 
берушілер мен қызметкерлердің өкілетті өкілдері арасында салалық келісімдер жасалады. 
      3. Өңірлік деңгейде жергілікті атқарушы органдар және жұмыс берушілер мен қызметкерлердің
өкілетті өкілдері арасында өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) келісімдер жасалады.
      
Ескерту. 275-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      276-бап. Келісімдердің мазмұны
      1. Келісімдер:
      1) қолданылу мерзімі туралы;
      2) орындалуын бақылау тәртібі туралы;
      3) келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі туралы;
      4) тараптардың өздеріне алған міндеттемелерді орындамаған жағдайдағы жауаптылығы туралы 
ережелерді қамтуға тиіс.
      2. Бас келісімнің мазмұнын республикалық комиссия әлеуметтік әріптестіктің барлық 


тараптары немесе солардың біреуі ұсынған бас келісім жобаларын негізге ала отырып айқындайды.
      3. Салалық және өңірлік келісімдердің мазмұнын салалық және өңірлік комиссиялар 
әлеуметтік әріптестіктің барлық тараптары немесе солардың біреуі ұсынған келісімдер жобаларының
негізінде айқындайды.
      4. Бас келісімде:
      1) әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы заң жобаларын қарау тәртібі туралы;
      2) әлеуметтік-еңбек жанжалдарының және ереуілдердің алдын алу және оларды болғызбау 
жөніндегі іс-шаралар туралы;
      3) еңбек нарығын дамыту, халықты тиімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу туралы;
      4) еңбек жағдайлары және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік туралы
;
      5) әлеуметтік әріптестікті және диалогты дамыту туралы;
      6) салалық және өңірлік деңгейлерде келісімдерді әзірлеуге және қабылдауға қатысу үшін 
байқаушылар тобын қалыптастыру және оның қызмет тәртібі туралы ережелер көзделуге тиіс.
      5. Салалық келісімдерде:
      1) тиісті саланың бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын қарау тәртібі туралы;
      2) салада әлеуметтік әріптестікті және диалогты дамыту туралы;
      3) әлеуметтік-еңбек жанжалдарының және ереуілдердің алдын алу және оларды болғызбау 
жөніндегі іс-шаралар туралы;
      4) саланың еңбекке ақы төлеу жүйесінің негізгі қағидаттары туралы, оның ішінде:
      саладағы ең төмен тарифтік мөлшерлемені (айлықақыны);
      разрядаралық коэффициенттердің шекті мәндерін;
      салалық арттырушы коэффициенттерді;
      ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстарда істейтін 
қызметкерлерге қосымша ақы белгілеудің бірыңғай тәртібін белгілеу;
      5) салалық біліктілік шеңберін бекіту тәртібі туралы;
      6) Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі кеңесті қалыптастыру және оның қызмет
тәртібі туралы;
      7) Ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және оларды шешу мәселелері жөніндегі кеңесті 
қалыптастыру және оның қызмет тәртібі туралы;
      8) келісімдерді, ұжымдық шарттарды әзірлеуге және қабылдауға қатысу үшін байқаушылар 
тобын қалыптастыру және оның қызмет тәртібі туралы;
      9) кадрлық әлеуетті және біліктіліктерді дамыту жөніндегі үйлестіру орталығын 
қалыптастыру және оның қызмет тәртібі туралы ережелер көзделуге тиіс.
      6. Өңірлік келісімдерде:
      1) өңірде әлеуметтік әріптестікті және диалогты дамыту туралы;
      2) өңірдің бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын қарау тәртібі туралы;
      3) әлеуметтік-еңбек жанжалдарының және ереуілдердің алдын алу және оларды болғызбау 
жөніндегі іс-шаралар туралы;
      4) жұмыс берушілерге және қызметкерлердің өкілдеріне еңбек дауларын реттеуге жәрдемдесу 
туралы;
      5) жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және жұмыссыздық деңгейін қысқартуға бағытталған 
шараларды қолдану туралы;
      6) Ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және оларды шешу мәселелері жөніндегі кеңесті 
қалыптастыру және оның қызмет тәртібі туралы ережелер көзделуге тиіс.
      7. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда қызметкердің жағдайын 
нашарлататын келісімнің ережелері жарамсыз деп танылады және қолданылмауға тиіс.
      Ескерту. 276-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.06.2014 
N 212-V
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      277-бап. Келісімдерді тіркеу


жүктеу 4,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау