Ахметов А., Ахметова Г



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет34/134
Дата20.11.2017
өлшемі3,68 Mb.
#1196
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   134

жұмыс беруші қызметкерден алған білімі немесе кəсіби дайындығы 

туралы дипломды не өзге де құжатты талап етуге құқылы. 

Еңбек  шарты  жазбаша  нысанда,  кемінде  екі  дана  етіліп 

жасалады жəне оған тараптар қол қояды. Жеке еңбек шартының бір 

данасы  тараптар  қол  қойғаннан  кейін  қызметкерге  беріледі, 

екіншісі  жұмыс  берушіде  сақталады.  Жұмысқа  қабылдау  ұйым 

басшысының  бұйрығымен  (өкімімен)  ресімделеді,  ол  қызметкерге 

қол  қойғыза  отырып  табыс  етіледі.  Жеке  еңбек  шарты  болмаған 

жəне  (немесе)  ол  жұмыс  берушінің  тарапынан  тиісті  түрде 

ресімделмеген  жағдайларда,  егер  қызметкер  жұмысқа  қабылдау 

құқығына ие тұлғаның тапсырмасы бойынша  не оны хабарландыра 

отырып


 

жұмысқа кіріссе, жеке еңбек шарты жасалды деп саналады. 

Мысалы, 

егер 


бригадир 

қызметкерді 

ұйым 

басшысын 



хабарландырмастан 

жұмысқа 


жіберсе, 

бұл 


еңбек 

шарт 


жасасқанның  дəлелі  болмайды.  Алайда,  егер  бригадир  ұйым 

басшысының  тапсырмасы  бойынша  не  оны  хабарландыра  отырып 

қызметкерді  жұмысқа  жіберсе,  еңбек  шарты  жасалған  деп 

саналады. Қызметкерді жұмысқа іс жүзінде жіберген кезде жұмыс 

беруші  жұмыс  басталған  сəттен  бастап  үш  күннен  кешіктірмей 

онымен  жазбаша  нысандағы  еңбек  шартын  жасасуға  міндетті. 

Жұмыс  берушілер  арасындағы  келісім  бойынша  басқа  ұйымнан 

шақырылған қызметкерге бұл ұйым жеке еңбек шартын жасасудан 

бас тарта алмайды. 

Қызметкер  жұмысқа  қабылданған  кезде  басшылық  оны 

тапсырылған  жұмыспен,  еңбек  жағдайларымен  таныстыруға, 

оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге, ішкі еңбек тəртібінің 

ережелерімен,  осы  ұйымның  ұжымдық  шартымен  таныстыруға, 

онымен қауіпсіздік техникасына, еңбек тазалығы жəне өртке қарсы 

ережелер мен еңбекті қорғауға қатысты өзге де ережелерге қатысты 

алдын-ала нұсқаулық өткізуге міндетті. 

Кейбір  азаматтар  санаттары  жұмысқа  қабылданардың 

алдында  медициналық  тексеруден  өтуге  міндетті.  Бұл 

тұлғаларға мыналар жатады: 

· 18 жасқа толмаған жасөспірімдер; 

·  еңбек  жағдайлары  зиянды  жəне  ауыр  жұмыстарға 

қабылданатын тұлғалар; 

· қызметкерден ерекше психо-физиологиялық қасиеттерді талап 

ететін  жұмыстарға  қабылданатындар  (мысалы,  ұшқыштар, 

жүргізушілер, машинистер жəне т.б.); 



·  қоғамдық  тамақтану  орындарына,  балаларды,  науқастарды 

күту үшін жұмысқа қабылданатындар. 

Денсаулықты  қорғау  мақсаттарында  мұндай  жұмыстарға 

жұқпалы  аурулармен  жəне  бацилламен  ауырған  тұлғаларды 

қабылдауға болмайды. 

Материалдық жауапты лауазымдарға (кассир,

 

сатушы жəне т.б.) 



мүлікті  жəне  өзге  де  құндылықтарды  талан-таражға  салу,  ұрлау 

жəне өзге де пайдакүнемдік қылмыстар үшін сотталған тұлғаларды 

қабылдауға  болмайды.  Ұрлық  қылмыстары  жəне  қызметін  асыра 

пайдаланғаны  үшін  қызметінен  босатылған  қызметкерлер 

мемлекеттік  сауда  ұйымдарына  материалдық  құндылықтармен 

немесе  бақылау-тексеру  жұмысымен  байланысты  жұмысқа 

қабылданбауы тиіс. 

ҚР  «ҚР  еңбек  туралы»  заңының 4-бабы  қызметкердің  іскерлік 

қабілетімен  байланысты  болмайтын  басқа  да  мəн-жайларға  сəйкес 

жұмысқа  қабылдаудан  негізсіз  бас  тартуға  тыйым  салады. 

Жынысына,  жасына,  нəсіліне,  ұлтына,  тіліне,  мүлік  жəне  қызмет 

жағдайына,  тұрғылықты  жеріне,  дінге  көзқарасына,  сеніміне, 

азаматтықта,  қоғамдық  бірлестіктерде  болуына,  сондай-ақ 

қызметкердің  іскерлік  қабілеті  мен  оның  еңбегінің  нəтижелеріне 

байланысты  болмайтын  басқа  да  мəн-жайларға  қарамастан, 

ешкімнің  де  еңбек  құқықтары  шектелуге  немесе  оларды  іске 

асыруда  қандай  да  бір  артықшылықтар  алуға  тиіс  емес.  Жұмыс 

беруші жұмысқа қабылдаудан бас тартқан кезде жүгінген тұлғаның 

талабы  бойынша  бас  тартудың  себебін  жазбаша  нысанда 

жариялауға  міндетті.  Жұмысқа  қабылдаудан  бас  тартуға  сот 

тəртібімен  шағымдануға  болады.  Аталған  бап  бір  қарағанда 

декларативтік  сипатқа  ие  сияқты,  соған  қарамастан  бұл  бап 

бірқатар  құқықтық  салдарды,  тіпті  қылмыстық  жауапкершілікке 

тартуды туындатуы мүмкін. 

Қазіргі  кезде  жұмысқа  қабылдау  туралы  хабарландырулардың 

арасында      біліктілік  талаптарымен  қатар  қызметкердің  жасына, 

ұлтына,  жынысына  жəне  т.б.  қатысты  талаптар  көрсетілген 

хабарландыруларды 

кездестіруге 

болады. 


Алайда, 

жұмыс 


берушінің қызметкерді жынысы, жасы, ұлты, бет келбеті жəне т.б. 

себептер  бойынша  қызметкерді  жұмысқа  қабылдаудан  бас  тартуы 

негізсіз  болып  табылады.  Еңбек  заңдарына  сəйкес  жұмыс  беруші 

аталған  себептер  бойынша,  сонымен  қатар,  жүкті  əйелдерді,  бір 

жасқа дейінгі баласы бар əйелдерді жəне т.б. жұмысқа қабылдаудан 



бас  тартқан  жағдайда  оларға  бас  тартудың  себептерін  жазбаша 

нысанда  жариялауға  міндетті.  Мұндай  жағдайларда  жұмысқа 

қабылдаудан  бас  тартуды  сотта  шағымдауға  болады.  Бұл  ретте 

сотқа  жұмысқа  қабылдаудан  бас  тартудың  заңсыздығы  жөнінде 

шағымданған қызметкер бұл бас тартудың қолданыстағы заңдарға 

қайшы  екенін  дəлелдеуі  тиіс.  Сонымен  қатар,  қызметкер  соттан 

жұмыс  берушіні  жұмыс  орындарының  бар  екенін  растайтын 

жазбаша  құжаттарды  беруге  міндеттеуін  талап  етуге  құқылы.  Өз 

кезегінде,  жұмыс  беруші  жұмысқа  қабылдаудан  бас  тартудың 

заңдылығын  жəне  жазбаша  бас  тартуда  көрсетілген  себептердің 

кəсіпорынындағы  осы  кездегі  жұмыс  орындарымен  қатысты 

шынайы жағдайға сəйкестігін дəлелдеуі тиіс. 

Күнделікті  өмірде  мұндай  даулар  Қазақстан  Республикасының 

сот  тəжірибесінде  сирек  кездеседі,  тіпті  кездеспейді  десе  де 

болады,  себебі,  жұмыс  берушілер  жұмысқа  қабылдаудан  бас 

тартуды  жазбаша  нысанда  жүзеге  асырудан,  соның  ішінде, 

себептерді  көрсетуден  қашқақтайды,  себебі,  олар  бұның 

барлығының сот талқылауына негіз болуы мүмкін екенін түсінеді. 

Сонымен қатар, қызметкерлер де жаңа орындағы жұмысын жұмыс 

берушімен арадағы келіспеушіліктен бастағысы келмейді. 

Жұмыс  беруші  еңбек  шартын  жасасу  кезінде  кызметкерді 

ұжымдық шартпен жəне басқа да локалдық нормативтік актілермен 

таныстыруға  міндетті.  Еңбек  шартын  жасау  тəртібінің  тиісінше 

орындалмауы  үшін  жауапкершілік  барлық  жағдайда  ұйым 

басшысына жүктеледі. 

Кейбір  жағдайларда  жұмысқа  қабыданбастан  бұрын  міндетті 

медициналық  тексеру  орын  алады.  Мысалы,  зиянды  жəне  қауіпті 

еңбек  жағдайларымен  байланысты  ауыр  жұмыстарда,  сонымен 

қатар, көлік қозғалысымен байланысты жұмыстарда қызмет ететін 

қызметкерлер, 

емдеу-сауықтыру 

мекемелерінің, 

қоғамдық 

тамақтану  жəне  сауда,  азық-түлік  өнеркəсібі,  балалар  жəне  білім 

беру  мекемелерінің  қызметкерлері, 18 жасқа  толмаған  барлық 

қызметкерлер  жұмысқа  қабылдау  кезінде  міндетті  медициналық 

тексеруден,  ал  белгілі  бір  уақыт  өткен  сайын  мерзімді 

медициналық 

тексеруден 

өтіп 


отырады. 

Мұндай 


шара 

қызметкерлердің  де,  жəне  олармен  еңбек  барысында  қарым-

қатынастарға  түсетін  азаматтардың  да  денсаулығын  қорғау 

мақсаттарында  белгіленген.  Бұл  ретте  заңдарда  жұмыс  беруші 

медициналық  тексеруге жіберген қызметкерлер үшін белгілі бір кепілдіктер 



жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   134




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау