Ахметов А., Ахметова Г



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет31/134
Дата20.11.2017
өлшемі3,68 Mb.
#1196
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   134

4.  Ата-ананың  (қорғаншының,  қамқоршының)  келісімі 

жазбаша  нысанда  (өтініш)  беріледі,  бұл  орайда,  ата-ана 

(қорғаншы,  қамқоршы)  кəмелетке  толмаған  адаммен  бірге 

жеке еңбек шартына қол қояды. 

5.  Он  сегіз  жасқа  толмаған  адамдарды  ауыр  дене 

жұмыстары  мен  еңбек  жағдайлары  зиянды  жəне  (немесе) 

қауіпті жұмыстарға қабылдауға жол берілмейді. 

 

Бұл  бапқа  сəйкес  жеке  еңбек  шартының  тараптарының  бірі 



ретінде он алты жасқа толған тұлға ғана бола алады. Он алты жасқа 

толған  соң  кез  келген  азамат  еңбек  құқығы  қатынастарының 

субъектісі  бола  алады  жəне  жеке  еңбек  шартына  сəйкес  өз 

құқықтарын  дербес  қолданып,  міндеттерді  қабылдап,  орындай 

алады жəне жауапкершілікте болады. 

Жекелеген  жағдайларда  он  бес  жасқа  толған  жасөспірім 

жұмысқа  қабылдануы  мүмкін.  Алайда,  бұл  ретте  келесідей 

жағдайлар ескерілуі тиіс: 

1)  жасөспірім  орта  білім  алған  не  жалпы  білім  беретін  оқу 

орнын тастап кеткендей жағдай; 

2)  жасөспірімнің  ата-анасының,  қорғаншысының  немесе 

қамқоршысының жеке еңбек шартын жасасуға келісімі. 

ҚР  «Неке  жəне  отбасы  туралы»  заңның 1-бабына  сəйкес, 

қорғаншы  (қамқоршы)  болып  заңда  белгіленген  тəртіпте 

қорғаншылық  жəне  қамқоршылық  функцияларын  асыру  үшін 

тағайындалған  тұлға  табылады.  Қорғаншылық  (қамқоршылық) – 

бұл  кəмелетке  толмағандардың  жəне  сотпен  əрекетке  қабілетсіз 

(əрекет  қабілеттігі  шектелген)  ретінде  танылған  тұлғалардың 

құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны. 

Заң  он  төрт  жасқа  толған  оқушылармен,  олардың  ата-

аналарының (қорғаншысының, қамқоршысының) міндетті жазбаша 

келісімі болған жағдайда, жеке еңбек шартын жасасуға жол береді. 

Бұл ретте жеке еңбек шартына кəмелетке толмаған қызметкер ғана 

емес, 


сонымен 

қатар 


оның 

ата-аналары 

(қорғаншысы, 

қамқоршысы) да қол қоюы тиіс. 

Ескеріп  өтетін  бір  жайт,  кəмелетке  толмағандардың  өмірі  мен 

денсаулығын  қорғау  мақсаттарында  он  сегіз  жасқа  толмаған 

адамдарды  ауыр  дене  жұмыстары  мен  еңбек  жағдайлары  зиянды 

жəне  (немесе)  қауіпті  жұмыстарға  қабылдауға  жол  берілмейді. 

Дұрыс  тəрбие  беру  үшін  кəмелетке  толмағандарды  алкоголь 



өнімдерін,  темекі  жəне  есірткі  заттарын  шығарумен,  сақтаумен  жəне 

сатумен байланысты жұмыстарға тартуға болмайды. 

Он  сегіз  жасқа  толмаған  қызметкерлерді  вахталық  əдіспен 

орындалатын жұмысқа қабылдауға болмайды. 

 

Жеке еңбек шартының мерзімі ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 



10-бабы 

 

1. Жеке еңбек шарты: 

1) белгісіз мерзімге; 

2) белгілі бір мерзімге; 

3) белгілі бір жұмысты орындау уақытына немесе жұмыста 

уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына жасалуы 

мүмкін. 

2.  Егер  жеке  еңбек  шартында  оның  қолданылу  мерзімі 

айтылмаса, шарт белгісіз мерзімге жасалған деп есептеледі. 

 

Сонымен,  ҚР  «ҚР  еңбек  туралы»  заңының 10-бабына  сəйкес 



барлық  еңбек  шарттары  келесі  түрлерге  бөлінеді: 1) белгісіз 

мерзімдік; 2) белгілі  мерзімдік; 3) белгілі  бір  жұмысты  орындау 

уақытына  немесе  жұмыста  уақытша  болмаған  қызметкерді 

ауыстыру уақытындағы. 



Белгісіз    мерзімге    жасалатын    еңбек  шарттары  –  бұл  еңбек 

шарттарының  жиі  кездесетін  түрі.  Бұларда  шарттың 

əрекет  етуінің  бастапқы  мерзімі  көрсетіледі,  бірақ  оның 

күші  қашан  аяқталатыны  көрсетілмейді.  Жалпы  алғанда, 

мұндай  шарттармен  ешбір  мерзіммен  шектелмеген 

тұрақты жұмыстар байланысты болады. 



Белгілі  мерзімге  жасалатын  еңбек  шарттары  еңбек  құқығы 

қатынастарындағы  шарттардың  бір  түрі.  Олар  еңбектің  сипатына 

немесе оны орындаудың ерекшеліктеріне қарай еңбек қатынастары 

белгісіз  мерзімге  белгілене  алмайтын  кезде  жасалады.  Алайда, 

соңғы кезде еңбек шартының  бұл түрі де кеңінен тарала бастады. 

Белгіленген  мерзімнің  белгісіз  мерзімнен  басты  айырмашылығы – 

жеке еңбек шартының аяқталу мерзімінің нақты көрсетілуінде. 

Белгілі  мерзімдегі  еңбек  шарттарының  арасында  уақытша 



қызметкерлермен  жасалатын  жəне  маусымдық  жұмыстар 

кезіндегі 

еңбек 

шарттары 

кеңінен 


таралған. 

Уақытша 


қызметкерлер ретінде жұмысқа екі ай мерзімге, уақытша қызметте 


жоқ қызметкерлердің (бұлардың жұмыс орны немесе лауазымы екі 

айға  дейін  сақталады)  орнына  қабылданған  тұлғалар  табылады. 

Уақытша  қызметкерлермен  жеке  еңбек  шартын  жасасқан  кезде, 

сонымен  қатар  оларды  жұмысқа  қабылдау  туралы  бұйрықта 

(өкімде)  бұл  қызметкердің  уақытша  жұмысқа  қабылданатыны 

немесе  жұмыстың  нақты  мерзімі  көрсетілуі  тиіс.  Маусымдық 

жұмыстарға  қабылдау  кезінде  жеке  еңбек  шарты  белгілі  бір 

маусымға  қатысты  жасалады.  Маусымдық  жұмыстар  ретінде 

табиғи  жəне  климаттық  жағдайларға  орай  жылдың  белгілі  бір 

кезеңінде (маусымында) орындалатын, бірақ ұзақтығы алты айдан 

аспайтын жұмыстар танылады. 

Уақытша  жəне  маусымдық  жұмысқа  қабылданатын  тұлғалар 

еңбек  шартын  бектітетін  кезде  бұл  жөнінде  алдын  ала  ескертілуі 

тиіс.  Бұлай  болмаған  жағдайда,  олармен  жасасқан  шарт  белгісіз  мерзімге 

жасалған шарт ретінде қарастырылады. 

Белгілі  бір  мерзімге  жасалатын  жеке  еңбек  шартының  ерекше 

түрі  болып  белгілі  бір  жұмысты  орындау  уақытына  жасалатын 

шарт  табылады.  Мұндай  шарттар  жұмыстың  аяқталу  уақытын 

нақты  анықтау  мүмкін  болмаған  кезде  (мысалы,  құрылыстың 

аяқталатын күні) жасалады. 

Жұмыста  уақытша  болмаған  қызметкерді  ауыстыру  уақытында 

жасасқан    жеке  еңбек  шарты  аяқталу  мерзімі  көрсетіле  отырып 

немесе мерзімі  көрсетілмей де жасалуы мүмкін, алайда кез келген 

жағдайда  жеке  еңбек  шартында  еңбек  қатынастарының  жұмыста 

уақытша 


болмаған 

қызметкердің 

жұмысқа 

шығуымен 

тоқтатылатыны көрсетіліп өтуі тиіс. Қызметкер ауыруына, баланы 

күтумен  байланысты  еңбек  демалысында  болуына,  мемлекеттік 

немесе  қоғамдық  міндеттерді  орындауын  жəне  т.б.  байланысты 

жұмыста уақытша болмауы мүмкін. 

Уақытша  болмаған  қызметкер  қайтып  келген  жағдайда 

қызметтен  босатылған  тұлғаны  жұмыс  беруші  өзара  келісімнің 

негізінде басқа жұмысты ұсынуы мүмкін. 

Егер  жеке  еңбек  шартында  оның  əрекет  ету  мерзімі 

көрсетілмесе,  онда  шарт  белгісіз  уақытқа  жасалған  деп  саналады 

жəне  жұмыс  берушінің  қызметкерді  жеке  еңбек  шартының  əрекет 

ету  мерзімі  аяқталды  деген  негізбен  жұмыстан  босатуға  құқығы 

жоқ. 


Қоса атқарылатын жұмыс туралы еңбек шарты. Қоса атқару 

ретінде  негізгі  жұмыспен  қатар  өзге  де  тұрақты  сипаттағы  ақылы 




жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   134




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау