1. жеке еңбек шартымен жұмыс істейтін, оның ішінде толық не
толық емес жұмыс уақыты жағдайларында сыйақы үшін жұмыс
орындайтын немесе өзге де ақы төленетін жұмысы (кызметі, кірісі)
бар;
2. кəсіпкерлік қызметпен шұғылданатын;
3. өз бетінше жұмыспен айналысатын;
4. қосалкы кəсіпкерлікпен айналысатын жəне шарттар бойынша
өнімді өткізетін;
5. жұмысты азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша
орындайтын азаматтар, сондай-ақ өндірістік кооперативтердің
(артельдердің) мүшелері;
6. ақы төленетін қызметке сайланғандар, тағайындалғандар
немесе бекітілгендер;
7. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, ұлттық
қауіпсіздік органдарында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің ішкі əскерлерінде, Республикалық Ұланда,
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі
агенттіктің бөлімдерінде жəне өзге де əскери құрылымдарда
қызмет етіп жүрген азаматтар азаматгар жатады.
Байқап отырғанымыздай, «жұмыспен қамтылғандар» түсінігі
«қызметкерлер» түсінігіне қарағанда əлдеқайда кең. Себебі,
қызметкерлер жұмыспен қамтылғандардың көпсанды болса да, бір
бөлігін ғана құрайды.
Барлық жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыз тұлғалар елдің
еңбек ресурстарын құрайды.
Жұмысқа орналасу – азаматтың жұмысты іздеу жəне иелену
үрдісі. Бұл үрдіс төрт дербес нысанда жүзеге асуы мүмкін:
- азаматтың өзі жұмыс іздеп, оған орналасуы;
- халықты жұмыспен қамту жəне жұмысқа орналастыру
жөніндегі уəкілетті органның немесе халықты жұмыспен қамту
жөніндегі жеке агенттіктің көмегімен азаматтың жұмысты табуы;
- азамат өзі бұрын жұмыс істеген жəне кінəсіз қызметтен
босатылған өндірісте өзінің жұмыс берушісі арқылы жұмысқа
орналасуы;
- жұмысқа орналасудың өзге де тəсілдері.
Мысалы, квота бойынша жұмысқа орналасу. Бұл тəсіл жұмысқа
ораналасудың арнайы нысанын – көмекті қажет ететін тұлғалар
үшін жұмыс орындарын сақтап, бұл жұмыс орындарына
мүгедектерді, жасөспірімдерді жəне т.б. жіберуді білдіреді.
Заңда «лайықты жұмыс» түсінігіне мынадай анықтама берілген:
«Тіркелген жұмыссыз азаматтар өзінің кəсіби даярлығына, еңбек
стажына жəне бұрынғы мамандығы бойынша жұмыс тəжірибесіне,
жұмыс орнының жағдайларына (ақы төленетін қоғамдық
жұмыстарды қоспағанда), денсаулық жағдайына, жаңа жұмыс
орнына көліктің қолайлылығына сəйкес келетін жұмыс лайықты
жұмыс деп есептеледі». Мысалы, егер хирург дəрігерге медбикенің
орнын, ал оқытушыға мектепте еден сыпырушының орнын ұсынса
– бұл лайықты емес жұмыс болып табылады. Немесе құрылысшы-
инженерге оның кəсібі жəне біліктілігі бойынша, бұрынғы жұмыс
орнындағыдай жалақысы бар жұмыс орнын ұсынса, алайда жұмыс
орнына дейінгі жолдың ұзақтығы 3 сағатты құраса, онда бұл жұмыс
та лайықты емес жұмыс болып табылады.
Бірінші рет жұмыс іздеп жүрген, бірақ кəсібі (мамандығы) жоқ,
сондай-ақ екі жылдан астам уақыт бойы жұмысы болмаған адамдар
үшін алдын-ала кəсіптік даярлықты талап ететін жұмысты, ал
ондай жұмыс беру мүмкін болмаған жағдайда, азаматтардың жас
жəне өзге де ерекшеліктері мен еңбек туралы заңдардың
талапатарын ескеретін басқа да ақы төленетін (уақытша сипаттағы
жұмысты қоса алғанда) лайықты жұмыс деп есептеуге болады.
Жұмыс лайықты емес деп саналады, егер:
- ол жұмыссыздың келісімінсіз жұмыс орнын ауыстырумен
байланысты болса;
- жалақысы бұрынғы жұмыс орнындағы орташа жалақыдан
төмен болса;
- еңбек жағдайлары еңбекті қорғау жəне қауіпсіздік
нормаларына сай келмесе.
Ал кімдер жұмыссыз деп саналады екен? ҚР «Халықты
жұмыспен қамту туралы» заңында жұмыссыздарға мынадай анықтама
берілген: «Жұмыссыздар – жұмысы, табысы жоқ, лайықты
жұмыс іздеп жүрген жəне оған кірісуге дайын, еңбекке
қабілетті жастағы азаматтар». Жұмыссыз мəртебесін иелену
үшін халықты жұмыспен қамту жөніндегі уəкілетті органда тіркелу
қажет. Жұмыссыздарды тіркеуге алу тұлғаның тұрғылықты жері
бойынша, жеке куəлігі, əлеуметтік жеке кодты (ƏЖК) беру туралы
куəлік, еңбек кітапшасы (немесе еңбек қызметін куəландыратын
өзге де құжат), арнайы білім, біліктілік туралы құжаттар,
тұлғаның тұрғылықты жері бойынша, салық төлеушінің тіркеу
нөмірі (СТТН) ұсынылған соң, ал бірінші рет жұмыс іздеп жүрген
азаматтар тұрғылықты жерінен анықтама берген соң жүргізіледі.
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, бұларға қоса
шетелдіктің ықтиярхатын жəне азаматтығы жоқ адам тұрғылықты
жері бойынша тіркелгендігі туралы белгі соғылған куəлігін табыс
етеді. Алайда, мойындайтын бір жайт, аталған тіркеу
жұмыссыздардың нақты санын көрсетпейді. Себебі, мəжбүрлі
көшіп-қонушылар, тұрғылықты жері жоқ тұлғалар, өз бетімен
жұмыс іздеп жүргендер жəне бір жылдан астам уақыт жұмыс
іздеп жүрген тұлғалар мұндай тіркеуден тыс қалып қояды.
Азаматтар барлық құжаттар табыс етілген күннен бастап 10
күнтізбелік күннен кешіктірмей жұмыссыз деп танылады. Уəкілетті
органда тіркелген жұмыссыз адамдар – күнтізбелік күн
ішінде кемінде бір рет уəкілетті органда, ал селолық елді
мекендерде тұратын жұмыссыздар – айына кемінде бір рет поселке,
ауыл (село), ауылдық (селолық) округ əкімінде белгіленуі тиіс.
Жұмыссыздар ретінде мына азаматтар танылмайды:
- 16 жасқа дейінгі жасөпірімдер;
- зейнеткерлік жасына жеткен жəне еңбек өтілі бойынша
зейнетке шыққан зейнеткерлер.
Мүгедектер
медициналық-əлеуметтік
комиссия
берген
қорытындының негізінде жұмыссыз деп танылады.
Уəкілетті орган мына жағдайларда жұмыссызды есептен шығарады:
- лайықты жұмыстың ұсынылған екі түрінен жазбаша түрде бас
тартқанда, ал бірінші рет жұмыс іздеушілер – екі рет ұсынылған
кəсіби дайындықтан өтуден немесе ақылы жұмыстан, соның
ішінде, уақытша жұмыстан бас тартса. Алайда, бір жұмыс орнын
екі рет ұсынуға болмайды;
- қайта тіркеу мерзімін себепсіз жағдайлармен өткізіп алған, сонымен қатар,
шақыру бойынша жұмысқа, оқуға жолдама алу үшін екі жұмыс күні ішінде
дəлелсіз себептермен уəкілетті органға келмесе.
Жекелеген жағдайларда жұмыссыз ретінде танылмаған тұлғалар
оларды тіркеуден бас тартқан күннен соң, бір ай мерзім өткенде
халықты жұмыспен қамту туралы органға өздерінің жұмыссыз
ретінде тану туралы қайтадан жолдана алады.
Көрнеу жалған мəліметтері бар құжаттарды ұсынған, сонымен
қатар, бостандығынан айырылған, бостандығынан айырусыз түзету
жұмыстарына жіберілген сотталған тұлғалар жұмыссыздар ретінде
тіркеуге алынбайды.
Достарыңызбен бөлісу: |