2) жекелген лауазымдарға қатысты Қазақстан Республикасының
заңнамасында өзгеше көзделмесе, жасы 18-ден төмен болмауы
тиіс;
3) қажетті білімі, кəсіби дайындық деңгейі болуы жəне
белгіленген біліктілік талаптарына сай болуы тиіс (ҚР
«Мемлекеттік қызмет туралы» заңының 13-бабы).
Қызметкерлерді санаттарға бөлудің негізгі мəні мынада: жалпы
ережелермен қатар олар үшін жұмысқа кіру мен жұмыстан
босатуда; жұмыс уақыты мен демалыс уақытын реттеуде; жалақы
төлеудегі жеңілдіктер мен артықшылықтарға; тəртіптік жəне
материалдық жауапкершілік жəне өзге де мəселелерге қатысты
арнайы нормалар белгіленеді.
Бұл мысалы, он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер үшін –
жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы (46-б. 1-т.); олардың
еңбегі түнгі уақытта пайдалануға қатысты тыйым-нормалар (48-б.
3-т.), мерзімнен тыс жұмыстар істеуге тыйым (49-б. 3-т.) жəне т.б.
Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Еңбек құқығының қайнар көздері дегеніміз не? Олардың
түрлерін атаңыз.
2. Еңбек құқығы қайнар көздерінің ерекшеліктері неден көрініс
табады?
3. Еңбек құқығының қайнар көздері бағыңыстылығы жəне
оларды қабылдаған органдар бойынша қандай түрлерге бөлінеді?
4. ҚР Конституциясына еңбек құқығының қайнар көзі ретінде
сипаттама беріңіз.
5. Еңбек мəселелері жөніндегі қандай маңызды қазақстандық
заңдарды білесіз?
6. Нормативтік құқықтық актілердің уақыттағы күші нені
білдіреді?
7. Нормативтік құқықтық актілердің кеңістіктегі күші нені білдіреді?
8. Нормативтік құқықтық актілердің қызметкерлер санаты
бойынша күші туралы айтыңыз.
4 Т А Р А У
ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ
Еңбек құқығы субъектілерінің түсінігі жəне түрлері. Кез
келген құқық саласы сияқты еңбек құқығының да өзінің
субъектілер шеңбері бар. Осы субъектілер арқылы осы құқық
саласының жалпы құқық жүйесіндегі ерекшеліктері анықталады.
Еңбек құқығында осы құқық саласының субъектілері ретінде
қолданыстағы
заңнаманың
негізінде
қоғамдық
еңбекті
ұйымдастыруға, еңбек үрдісін қолдану мен ұйымдастыруға еңбек
заңнамасын сақтай отырып қатысатын еңбек қатынастарының
қатысушылары танылады.
Қазіргі кезде еңбек құқығы қатынастарына субъектілер ретінде
еңбекке қабілетті азаматтар (қызметкерлер), ұйымдар (жұмыс
беруші, яғни, кез келген меншік нысанындағы жеке жəне заңды
тұлғалар), еңбек ұжымдары, кəсіптік одақтар жəне мемлекеттік
органдар қатысады.
Алайда, бұл бір қарағандай оңай мəселе емес. Еңбек құқығының
субъектісі болу үшін еңбек құқығының аталған барлық
субъектілері заңға сəйкес арнайы қасиетке – құқықтық мəртебеге
ие болуы тиіс. Бұл мəртебе оларға қоғамдық еңбекпен байланысты
нақты құқықтық қатынастарға қатысу құқығын береді.
Еңбек құқығы субъектісінің құқықтық мəртебесі ретінде
қолданыстағы заңнамаға сəйкес оның еңбек саласындағы негізгі
құқықтық жағдайы аталады.
Құқықтық
мəртебенің
мазмұны
келесі
негізгі
элементтерден тұрады:
а) еңбек құқық қабілеттігі (құқық деликтқабілеттігі):
ə) негізгі (статуттық) еңбек құқықтар жəне міндеттер;
б) осы құқықтар мен міндеттердің заңды жалпы жəне арнайы
кепілдіктері;
в) еңбек құқық бұзушылықтары үшін заңда көзделген
жауапкершілік.
Бұл төрт элемент бірлесе отырып, еңбек құқығының əрбір
субъектісінің құқықтық мəртебесін құрайды.
Енді еңбек құқық қабілеттігінен, еңбек əрекетқабілеттігінен
жəне еңбек деликтқабілеттігінен тұратын еңбек құқықсубъектілігін
тереңірек қарастырып өтейік.
Еңбекке құқық қабілеттік – бұл еңбек заңнамасында танылған
еңбек құқықтары мен міндеттерін иелену қабілеті, яғни, еңбек
құқығы қатынастарының қатысушысы болудың теориялық
мүмкіндігі немесе қабілеті. Бұл дегеніміз, белгілі бір жағдайлар
болған жағдайда – азаматтар үшін белгілі бір жасқа жету, заңды
тұлғалар үшін шаруашылық немесе мүліктік жəне оралымды
басқару оқшаулығына жету – олар еңбек құқығы қатынастарының
субъектісі болуға жəне құқықтар мен міндеттерді иеленуге
қабілетті болады. Яғни, кез келген жеке немесе заңды тұлға жұмыс
істеуге жəне жұмыс беруге қабілетті.
Еңбекке əрекет қабілеттік – бұл нақты құқықтық қатынастардың
мазмұнын құрайтын субъективтік құқықтар мен міндеттерді өз
əрекеттері арқылы иелену қабілеті. Басқаша айтар болсақ,
еңбекке əрекет қабілеттік азаматтың, ұйымның, еңбек ұжымының
өз əрекеттері арқылы еңбек саласындағы субъективтік құқықтар
мен міндеттерді иелену қабілеті. Мысалы, азамат жұмыс іздеп,
халықты жұмыспен қамту органдарымен құқықтық қатынастарға
түссе, ол өзінің жұмыс істеуге қатысты əрекеттері арқылы еңбек
құқықтары мен міндеттерін иеленеді. Жұмыс беруші – жеке немесе
заңды тұлға, өзіне қызметкерлерді таңдау жəне жұмыс істеуші
тұлғаларға жұмыс беруі арқылы еңбек құқықтары мен міндеттерін
иеленеді.
Еңбек құқығы субъектілерінің маңызды ерекшелігі – оларда
еңбекке құқық қабілеттік пен əрекет қабілеттік бір мезгілде болуы
тиіс. Есте сақтайтын бір жайт: еңбекке құқықəрекет қабілеттік
дегеніміз бұл тек еңбек құқығының субъектілері ғана иеленетін
ерекше қасиет.
Субъективтік құқықтар мен міндеттер заңнан туындауы мүмкін.
Оларды нақты еңбек құқығы қатынастарының мазмұнынан
туындайтын субъективтік құқықтар мен міндеттерден ажырата білу
қажет. Заңдардан туындайтын субъективтік құқықтар мен
міндеттерді статуттық деп атайды. Олар еңбек құқығы
субъектілерінің құқықтық мəртебесінің негізін құрайды жəне еңбек
саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерде бекітіледі.
Еңбек құқығы субъектісінің негізгі статуттық құқықтары мен
міндеттерінің тізімі əр түрлі сипатқа ие жəне олар өздерінің əлеуметтік
мақсатымен, еңбек саласында атқаратын функциялардың сипатымен
ерекшеленеді.