Алайда, соған қарамастан еңбек заңнамасы азаматтардың
жекелген санаттары үшін денсаулық жағдайына, өндірістік
қызметтің түріне, еңбекті қорғауға жəне т.б. мəселелерге қатысты
белгілі бір кепілдіктерді де көздейді.
Заңнамада жүкті əйелдер жəне бір жарым жасқа дейін балалары
бар əйелдер үшін еңбек жағдайына қатысты жеңілдіктер
белгіленген («Еңбек туралы» заңның 66, 67-баптары).
Сонымен қатар, кəсіпкер-азаматтар (жұмыс берушілер) да еңбек
құқығының субъектісі болуы мүмкін.
Кəсіпкерлік – бұл азаматтардың жəне олардың бірлестіктерінің
халыққа тауар беру, қызмет көрсету, жұмыс істеу, соның ішінде
жеке меншікке негізделген жалданбалы еңбекті пайдаланудан
табыс
табу
мақсаттарындағы
қолданыстағы
заңдардың
шеңберіндегі дербес шаруашылық жəне өзге де қызметі.
Кəсіпкерлік
қызметпен
айналысу
құқығы
Қазақстан
Республикасының əрекет қабілеттігі шектелмеген еңбекке қабілетті
барлық азаматтарына беріледі.
ҚР Азаматтық кодексінде жəне басқа да заң шығарушы
актілерінде өзгеше көзделмесе, кəсіпкерлік қызметті заңды тұлғаны
құрмастан да жүзеге асыруға болады. Бұл қызметті кəсіпкерлер
тəуекел етіп, мүліктік жауапкершілікке негізделе отырып жүзеге
асырады.
Мүліктік
жауапкершілік
кəсіпкерліктің
ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарына қарай ерекшеленуі
мүмкін.
Кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыру жеке дара кəсіпкер ретінде
мемлекеттік тіркеуден өткен сəттен басталады. Егер кəсіпкердің
айналысатын қызметі лицензиялануы қажет болса, кəсіпкер
осындай қызметті жүзеге асыруға лицензия алуы тиіс.
Кəсіпкер мəртебесіне ие болғаннан кейін азамат жұмыс
берушінің – еңбек құқығының субъектісінің мəртебесін иеленеді.
Еңбек құқығының субъектілері ретіндегі азаматтардың үшінші
санатын кəсіпкерлікті де, өз жұмысын да меншік иесі ретінде
бірлесе
жүргізуші
тұлғалар
құрайды.
Олардың
құқықсубъектілігінің ерекшелігі азаматтық құқықсубъектілікпен
тығыз байланыста болуынан көрініс табады.
Шетелдік тұлғалар да еңбек құқығының субъектісі болуы
мүмкін. Нарықтық экономиканың дамуымен əр түрлі бірлескен
кəсіпорындар пайда болды. Бұл, өз кезегінде, Қазақстан
Республикасының аумағына елшілікпен жəне консулдықтармен
байланысты емес қызметтерге де шетелдік азаматтардың келу
жиілігіне əсер етті. Шетелдік азаматтарға жалақы төлеу, жұмыс
уақыты жəне демалыс уақытын белгілеу жəне т.б. мəселелері жеке
еңбек шарттарында көзделуі тиіс.
Жұмысшылар мен жұмыс берушілердің – азаматтардың
статуттық құқықтары мен міндеттері ҚР «ҚР еңбек туралы»
заңының 7, 8-баптарында аталған. Осы баптарға сəйкес
қызметкерлер де, жұмыс берушілер де жеке еңбек шарттарын
бекітуге, өзгертуге жəне бұзуға құқылы.
Еңбек құқықсубъектілімен жəне статтутық құқықтар мен
міндеттермен қатар құқықтық мəртебенің қажетті элементі болып
құқықтарды кепілдеу де табылады.
Азаматтардың
еңбек
етуге
қатысты
құқықтарының
кепілдіктерін азаматтарды жұмысқа қабылдаудан заңсыз бас
тартуға, қызметкерді келісімінсіз басқа жұмысқа ауыстыруға жəне
т.б. қатысты тыйым салушылық сипаттағы нормалар орындайды.
Сонымен
қатар,
азаматтардың
еңбек
етуге
қатысты
құқықтарының
кепілдіктерін
еңбек
даулары
туындағанда
азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғау жəне қалпына келтіру
үшін тиісті органдарға шағымдану мүмкіндігін беретін нормалар да
орындайды.
Қолданыстағы заңдардың маңызды ерекшелігі болып бұларда
тек жалданбалы қызметкерлердің ғана емес, сонымен қатар жеке
кəсіпкерлердің жəне жұмыс істейтін меншік иелерінің де
кепілдіктерінің көзделуі табылады. Бұл кепілдіктер барлық
кəсіпкерлерге шикізат нарығына араласу құқығын, олардың
мемлекеттік органдарда тіркелу кепілдіктерін, сонымен қатар
ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарына жəне т.б. қарамастан
барлық кəсіпкерлерге қызмет етудің бірдей жағдайларын
қамтамасыз етеді.
Құқықтық мəртебенің келесі элементі болып еңбек міндеттерін
тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік табылады. Барлығына
белгілі бір жайт, эконмикалық даму мүдделері еңбектің
барысындағы өз құқықтары мен міндеттерін тиімді пайдалануды
ғана емес, сонымен қатар өзіне алған міндеттемелер үшін
күшейтілген жауапкершілікті де талап етеді. Ескеріп өтетін жағдай
– кепілдіктер мен жауапкершілік өзара бір-бірімен тығыз
байланысты. Дəл осы байланыс құқықтық мəртебеге қажетті
тұрақты жəне бірқалыпты сипатты тиесілі етеді. Құқықтың
кепілдіктері еңбек құқығы субъектілерін өздерінің құқықтарын
жүзеге асыруға жəне еңбек міндеттерін орындауға ынталандырып,
көтермелейді, ал жауапкершілік субъектінің өзінің еңбек
міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін
санкцияларды белгілейді.
Жұмыс
берушілердің
құқықтық
мəртебесі.
Еңбек
заңнамасының нормаларына сəйкес жұмыс беруші ретінде
қызметкермен еңбек шартын бекіткен жəне оған жұмыс берген
жеке немесе заңды тұлға табылады. Яғни, азаматтарға жұмыс
беретін, олардың еңбегін төлейтін жəне жұмыс берушінің
құқықтары мен міндеттерін орындайтын фермерлер, жеке
кəсіпкерлер,
ұйымдар,
мекемелер,
кəсіпорындар,
шаруашылықтар, кооперативтер, серіктестіктер жəне т.б.
жұмыс берушілер болып табылады.
Еңбек құқығының субъектілері ретіндегі жұмыс берушілерді
жеке тұлғалар, коммерциялық, коммерциялық емес ұйымдар жəне
мемлекеттік кəсіпорындар деп бөлуге болады.
Коммерциялық ұйымдар мемлекеттік кəсіпорын, шаруашылық
серіктестік,
акционерлік
қоғам,
өндірістік
кооперативтер
нысанында құрылуы мүмкін. Коммерциялық ұйымдар қызметінің
негізгі мақсаты болып пайда табу табылады.
Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік
қоғам, тұтынушылар кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік жəне заңда
көзделген өзге де нысандарда құрылуы мүмкін. Бұл ұйымдарды меншік иесі
қаржыландырады жəне олардың қызметі пайда табуды көздемейді.
Коммерциялық емес ұйымдар кəсіпкерлік қызметті өздерінің мақсатына жету
шегінде ғана жүзеге асырады.
Мемлекеттік кəсіпорындардың құқықтық мəртебесі жəне
олардың қызметін жүзеге асыруы ҚР Президентінің 1995 жылғы
19-маусымдағы «Мемлекеттік кəсіпорындар туралы» заң күшіне ие
жарлығында анықталған.
Бұл
ұйымдардың
(жұмыс
берушілердің)
еңбек
құқықсубъектілігі олар мемлекеттік тіркеуден өткен жəне
заңнамада көзделген жағдайларда лицензия алған сəттен бастап
туындайды. Барлық ұйымдардың қызметі Жарғыға жəне
қолданыстағы заңнамаға сəйкес жүзеге асырылады. Қазіргі кезде
бұл актілер ұйымдарға барынша дербестік беріп, жедел қызметті
жүзеге асыруына жағдай жасайды. Жұмыс беруші-ұйымдар еңбек
ақысын төлеу, жұмыс уақыты мен демалыс уақытын белгілеу
Достарыңызбен бөлісу: |