5. Жабық конкурсқа тек мемлекеттік əкімшілік қызметшілердің
ғана қатысуға құқығы бар.
6. Конкурстық комиссияның шешімі мемлекеттік əкімшілік
лауазымға орналасуға не мұндай лауазымға кіруге бас тартылуға
негіз болып табылады.
7. Конкурстық комиссияның оң қортындысын алған конкурсқа
қатысушылардың мемлекеттік əкімшілік лауазымға орналасуға
құқығы бар.
8. Мемлекеттік органның басшысы жарияланған лауазымға
конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған қатысушыны
қабылдауға міндетті. Бұл мемлекеттік қызметке кіру үшін заңдарда
көзделген талаптар сақталуға тиіс.
9. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алмаған, бірақ
ол мемлекеттік қызмет үшін ұсынған конкурсқа қатысушылар
уəкілетті орган құратын кадрлар резервіне тіркелуі мүмкін.
10. Кадрлар резервіне тіркелген конкурсқа қатысушылар
конкурс өткен кезден бастап бір жыл ішінде қосымша конкурстан
өтпестен тиісті мемлекеттік əкімшілік лауазымға орналаса алады.
11. Конкурстық комиссияның шешіміне заңдарда белгіленген
тəртіппен шағым жасауға болады.
4 Т А Р А У
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ӨТКЕРУ ЖƏНЕ
ҚЫЗМЕТТІК МАНСАП
15 бап. Мемлекеттік əкімшілік лауазымға кіру кезіндегі
сынақ
1. Конкурстық іріктеу нəтижелері бойынша мемлекеттік
əкімшілік лаузымға алғаш рет қабылданған немесе жоғары тұрған
санаттағы мемлекеттік əкімшілік лауазымға қабылданған азамат
үшін үш айға дейінгі мерзімге сынақ белгіленуі мүмкін.
2. Мемлекеттік əкімшілік қызметші дəлелді себептермен
қызметте болмаған кезең сынақ мерзіміне есептелмейді.
3.
Мемлекеттік
əкімшілік
қызметші
сынақ
нəтижесі
қанағаттанғысыз болған жағдайда уəкілетті органмен немесе оның
аумақтық бөлімшесімен келісе отырып, сынақ мерзімінен өтпеген
адам ретінде жұмыстан шығарылуы мүмкін.
4. Егер сынақ мерзімі өтіп, мемлекеттік əкімшілік қызметші
мемлекеттік қызметті жалғастыра берсе, ол сынақтан өткен болып
саналады жəне сынақ мерзімі мемлекеттік қызмет өтілуіне
есептеледі. Одан кейінгі жұмыстан босатуға заңдарда көзделген
негіздер бойынша ғана жол беріледі.
16 бап. Мемлекеттік əкімшілік қызметшілерді аттестаттау
Мемлекеттік əкімшілік қызметшілер олардың кəсіби даярлығы,
құқықтық мəдениеті, азаматтармен жұмыс істеу қабілеті деңгейін
анықтау мақсатында атестаттау өтеді. Мемлекеттік əкімшілік
қызметшілерді атестаттауды жүргізудің тəртібі мен талаптарын
уəкілетті органның ұсынуы бойынша Республика Президенті
бекітеді.
17 бап. Жұмыс уақыты
1. Мемлекеттік əкімшілік қызметшілердің жұмыс уақытының
ұзақтығы осы заңда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып,
Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сəйкес белгіленеді.
2. Тұтас алғанда мемлекеттік органның немесе оның жекелеген
бөлімшелерінің қалыпты (үздіксіз) жұмысы əрі қарай жедел
атқарылуына байланысты болатын шұғыл жəне күні бұрын
болжанбаған жұмысты орындау үшін орган басшысының жазбаша
үкімі бойынша жұмысы Республиканың еңбек заңдарына сəйкес
өтілетін, демалыс жəне мереке күндері қызметке келуге міндетті
жекелеген мемлекеттік əкімшілік қызметшілер тартылуы мүмкін.
18 бап. Іссапарлар кезіндегі кепілдіктер мен өтемақылар
1. Мемлекеттік қызметшілерге Үкімет белгілейтін тəртіппен
қызметтік, оның ішінде шет мемлекеттерге, іссапарларға арналған
шығындары өтеледі.
Мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының
заңдарында көзделген іссапарда болған уақытына тəулікақы алуға,
көздеген жеріне барып-қайту жөніндегі шығындарға, тұрғын үй-
жай жалдау жөніндегі шығындарға кепілдіктер мен құқығы тиесілі
болады.
2. Іссапарға жіберілген мемлекеттік қызметшілердің іссапардың
бүкіл уақыты бойы жұмыс орны (қызметі) мен орташа жалақысы
сақталады.
19 бап. Мемлекеттік қызмет өткерудің өзге де мəселелері
Мемлекеттік қызметтен өтудің осы Заңмен реттелмеген өзге де
мəселелері заң актілерімен, уəкілетті орган ұсынуы бойынша
Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Мемлекеттік
қызмет өткеру тəртібі туралы ережемен реттеледі.
20 бап. Мемлекеттік қызметке кіру кезіндегі кадрлар
резерві
1. Мемлекеттік əкімшілік қызметшілердің лауазымдарға
орналасуға арналған кадрлар резервін уəкілетті орган мен оның
аймақтық бөлімшелері қалыптастырады.
Кадрлар резерві:
конурстық іріктеуге қатысқан жəне конкурстық комиссия
кадрлар резервіне тіркеу үшін ұсынған азаматтардан;
мемлекеттік қызметшілерді даярлау мен қайта даярлаудың
мемлекеттік бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс
негізінде оқудан өткен азаматтар;
мемлекеттік органдар кəсіби деңгейін көтеру мақсатында халықаралық
ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге жұмысқа жіберген
азаматтардан жасақталады.
2. Кадрлар резервіне тіркелген азаматтар бір жыл ішінде
конкурстан өтпестен мемлекеттік органдардағы тиісті мелекеттік
əкімшілік лауазымға тағайындалуы мүмкін.
3. Кадрлар резервін қалыптастыру жəне олармен жұмысты
ұйымдастыру тəртібі уəкілетті органның ұсынуы бойынша
Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Мемлекеттік
қызметтің кадрлар резерві туралы ережемен реттеледі.
5 Т А Р А У
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ ҚАМСЫЗДАНДЫРУ
21 бап. Мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу
1. Мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне төленетін ақы
қызметтік міндеттерін сөзсіз жəне тиянақты атқару үшін жеткілікті
материалдық жағдайды қамтамасыз етуге, мемлекеттік органдарды
білікті жəне тəжірбиелі кадрлармен жасақтауға жəрдемдесуге,
олардың адал да бастамашыл еңбегін ынталандыруға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |