белгіленген тəртіппен құрылған қызметкерлер уəкілеттік
берген өзге де адамдар мен ұйымдар:
2) жұмыс берушілердің өкілдері – заңдарда белгіленген
тəртіппен құрылған жұмыс берушілер органдары, сондай-ақ
заңдарда белгіленген тəртіппен құрылған жұмыс берушілер
органдары уəкілеттік берген адамдар;
3) келісім (бас), салалық ( тарифтік), аймақтық-республикалық,
салалық жəне аймақтық деңгейде қызметкерлердің еңбек
жағдайларын, жұмыспен қамтылуын жəне əлеуметтік кепілдіктерін
белгілеу
мазмұнын
жəне
тараптардың
олар
бойынша
міндеттемелерін анықтайтын, əлеуметтік əріптестер арасында
жасалатын құқықтық акт;
4) əлеуметтік əріптестік – атқарушы билік органдары
өкілдерінің, жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдерінің
мүдделерін келістіруді қамтамасыз етуге бағытталған қатынастар
мен тетіктер жүйесі;
5) əлеуметтік əріптестік тараптары – атқарушы билік органдары
өкілдері, жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдері;
6) əлеуметтік əріптестік комиссияларына қатысушы –
əлеуметтік əріптестік тараптарының өкілетті өкілі.
2 бап. Заңның қолданылу аясы
Осы Заңның күші:
1) меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының
аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық жұмыс берушілерге;
2)
Қазақстан
Республикасының аумағында
орналасқан
кəсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың қызметкерлеріне;
3) атқарушы билік органдарына қолданылады.
2 Т А Р А У
ƏЛЕУМЕТТІК ƏРІПТЕСТІКТІҢ НЕГІЗГІ
МІНДЕТТЕРІ, ПРИНЦИПТЕРІ МЕН ЖҮЙЕСІ
3 бап. Əлеуметтік əріптестіктің міндеттері
Қазақстан Республикасындағы əлеуметтік əріптестік мынадай
негізгі міндеттерді шешуге бағытталған:
1) əлеуметтік жəне қатынастарын жəне оларға байланысты
экономикалық қатынастарды реттеудің тиімді тетігін жасау;
2) қоғамдағы барлық жіктердің мүдделерін объективті түрде
ескеру негізінде əлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді
қамтамасыз етуге жəрдемдесу;
3) қызметкерлердің еңбек құқықтары кепілдіктерін қамтамасыз
етуге жəрдемдесу, олардың əлеуметтік қорғалуын жүзеге асыру;
барлық деңгейдегі əлеуметтік əріптестер арасындағы
консультациялар мен келіссөздер процесіне жəрдемдесу;
ұжымдық еңбек даулары мен жанжалдарыды шешуге
жəрдемдесу.
тараптардың тең құқықтығы;
талқылау үшін енгізілетін мəселелер тізбесін таңдау еркіндігі;
4) міндеттемелер қабылдаудың еріктілігі жəне тараптардың
оларды орындауға міндеттілігі;
5) тараптардың мүдделерін құрметтеу;
əлеуметтік əріптестердің Қазақстан Республикасының заңдарын,
Қазақстан
Республикасының
халықаралық
шарттары
мен
міндеттемелерін сақтауы;
тараптардың,
олардың
өкілдерінің
келісім
бойынша
қабылданған міндеттемелерді өздерінің кінəсінің орындамағаны
үшін жауаптылығы болып табылады.
5 бап. Əлеуметтік əріптестік жүйесі
əлеуметтік əріптестік тараптардың өзара іс-қимылы
нысанында əлеуметтік əріптестіктің:
республикалық деңгейдегі;
салалық деңгейдегі;
аймақтық (облыстық, қалалық, аудандық) деңгейдегі органдары
арқылы қамтамасыз етіледі.
əлеуметтік əріптестіктің ұйымдар деңгейіндегі мəселелері
Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
6 бап. Əлеуметтік əріптестік саласындағы Қазақстан
Республикасының заңдары
Əлеуметтік əріптестік саласындағы Қазақстан Республикасының
заңдары
Қазақстан
Республикасының
Конституциясына
негізделеді, осы Заңнан жəне Қазақстан Республикасының өзге де
нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
3 Т А Р А У
ƏЛЕУМЕТТІК ƏРІПТЕСТІКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
7 бап. Əлеуметтік əріптестікті республикалық деңгейде
ұйымдастыру
1. Əлеуметтік əріптестікті республикалық деңгейде, əлеуметтік
əріптестік пен əлеуметтік жəне еңбек қатынастарын реттеу
жөніндегі республикалық үш жақты комиссия ( бұдан əрі –
республикалық комиссия) қамтамасыз етеді.
2.
Республикалық
комиссия
əлеуметтік
əріптестердің
мүдделерін
үйлестіруді
тиісті
шешімдермен
рəсімделетін
консультатциялар мен келіссөздер жүргізу жолымен қамтамасыз
ету жөнінде тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметтің, қызметкерлердің
республикалық бірлестіктерінің жəне жұмыс берушілердің
республикалық бірлестіктерінің өкілетті өкілдері республикалық
комиссияның қатысушылары болып табылады.
8
бап.
Əлеуметтік
əріптестікті
салалық
деңгейде
ұйымдастыру
1. Əлеуметтік əріптестікті салалық деңгейде əлеуметтік жəне
еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссиялар ( бұдан
əрі – салалық комиссия) қамтамасыз етеді.
2. Салалық комиссия əлеуметтік əріптестер мүдделерін
үйлестіруді тиісті шешімдермен ресімделетін консультатциялар мен
келіссөздер жүргізу жолымен қамтамасыз ету жөнінде тұрақты
жұмыс істейтін орган болып табылады.
3. Тиісті атқарушы органдардың өкілетті өкілдері, жұмыс
берушілер мен қызметкерлердің өкілдері салалық комиссиялардың
қатысушылары болып табылады.
9 бап. Əлеуметтік əріптестікті аймақтық деңгейде
ұйымдастыру
1. Əлеуметтік əріптестікті аймақтық деңгейде əлеуметтік жəне
еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссиялар ( бұдан
əрі – салалық комиссия) қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |