Ахметов А., Ахметова Г



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет118/134
Дата20.11.2017
өлшемі3,68 Mb.
#1196
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   134

Қазақстан 

Республикасының 

аумағында 

орналасқан 

кəсіпорындарда жұмыс істейтін шетел азаматтары мен азаматтығы 

жоқ  адамдардың  еңбекті  қopғayғa  Қазақстан  Республикасының 

азаматтарымен бірдей құқығы бар.  

Қазақстан Республикасының кəсіпорындарында жұмыс істейтін 

шетел  азаматтары  мен  шетелде  жұмыс  істейтін  Қазақстан 

Республикасы  азаматтарының  еңбекті  қopғay  саласындағы 

қатынастарын  реттеудің  ерекшеліктері  мүдделі  тараптардың 

келісімімен белгіленеді. 

  

3   Т А Р А У 



 

ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

 

 

11  бап.  Еңбекті  қорғау  жөніндегі  талаптарды  əзірлеу  мен 



сақтау  

Мемлекет  уəкілдік  берілген  органдар  арқылы  ғылымға 

негізделген  стандарттар,  ережелер  мен  нормалар  негізінде 

өндірістегі  қауіпсіз  еңбекті  қамтамасыз  етуге  қажетті  талаптар 

белгілейді.  

Жұмыс  берушілер  кəсіпорындарда  олардың  орындалуын, 

сондай-aқ  ұжымдық  шарттарда  көзделген  міндеттемелерді 

орындауды  қамтамасыз  етеді,  еңбекті  қорғау  жөнінде  нұсқаулар 

əзірлейді.  

Осы Заңға сəйкес басылып шыққан нормативтік актілер жұмыс 

істеушілердің  өмipi  мен  денсаулығын  өздерінде  көзделген 

кепілдіктерден кем түспейтін дəрежеде қамтамасыз етуге тиіс.  

Кəсіпорындардың  қызметкерлері  тиісті  заң  жəне  нормативтік 

актілерде,  нұсқауларда,  ұжымдық  шарттарда  белгіленген  еңбекті 

қорғау  жөніндегі  ережелер  мен  нормалар  талаптарын  сақтауға 

міндетті. 

  

12  бап.  Кəсіпорынды  жобалағанда,  салғанда  жəне 

пайдаланғанда  

Еңбекті  қорғау  жөніндегі  мемлекеттік  стандарттардың, 

ережелердің,  нормалардың  талаптарына  сай  келмейтін  өндірістік 

үйлер мен ғимараттарды жобалауға, салуға жəне қайта жаңғыртуға, 

машиналарды,  механизмдердің  жабдықтар  мен  басқа  да 

бұйымдардың, 

соның 

ішінде 


шетелден 

сатып 


алынған 


бұйымдардың 

технологиясын 

жасауға 

жəне 


шығаруға, 

конструкциялауға жəне əзірлеуге жол берілмейді.  

Жасалған 

жобалардың 

еңбекті 

қорғау 


мен 

еңбек 


жағдайларының  талаптарына  сəйкес  келетіндігі  мемлекеттік 

сараптамадан,  ал  тəжірибе  үлгілері  мемлекеттік  сынақтан 

өткізілуге тиіс.  

Адамның  организмі  мен  денсаулығына  əсер  етуіне  қарай 

токсикологиялық 

санитарлық-гигиеналық 

радиациялық 

медициналық-биологиялық 

бағалаудан 

өтпеген 


заттарды, 

шикізатты, материалдарды қолдануды көздеуге тыйым салынады.  

Белгіленген  тəртіппен  берілген  қауіпсіздік  талаптарына  сай 

сертификаты 

жоқ 

жаңа 


немесе 

қайта 


жаңғыртылған 

кəсіпорындарды,  объектіні,  өндіріс  құралын  немесе  өнімнің  басқа 

түрін қабылдауға жəне пайдалануға беруге болмайды.  

Мемлекет машиналарды, механизмдерді, жабдықтарды, басқа да 

бұйымдарды,  сондай-ақ  технологияларды,  соның  ішінде  шетелден 

сатып  алынған  технологияларды  сертификаттау  жүйесінің  жұмыс 

істеуін қамтамасыз етеді.  

Еңбекті  қорғау  талаптарына  сай  келмейтін  кəсіпорынның, 

цехтың,  учаскенің  жұмысы,  өндіріс  құралдарын  немесе  өнімдерді 

пайдалануға  беру  олар  осы  талаптарға  сай  келтірілгенге  дейін 

тоқтатыла тұруы мүмкін.  

Кəсіпорынға жаңа қауіпті заттар келіп түскенде немесе олардың 

саны қосымша қауіпсіздік шараларын жасауды талап ететін болса, 

жұмыс  беруші  бұл  туралы  қадағалау  органдарына  дер  кезінде 

хабарлауға міндетті.  

Тапсырыс беруші жəне техниканы, технологияны, жобалаумен, 

жасаумен,  өндіріспен  жəне  жұмыстарды  ұйымдастырумен 

байланысты  кез  келген  құжаттаманы  жасаушы  еңбек  жағдайлары 

мен 

оның 


қауіпсіздігін 

қалыптастыратын ic-əрекеттердің 

негізділігіне,  сондай-ақ  оның  негізінде  жүзеге  асырылған 

инженерлік  басқару  жəне  басқа  шешімдердің  салдарына  бірдей 

жауап береді. 

  

13 бап. Еңбекті қорғау жөнінде мамандар даярлау  

Мемлекет жоғары жəне арнаулы орта оқу орындарында еңбекті 

қорғау  мен  еңбек  қayiпciздігі  жөнінідегі  мамандарды  даярлауды, 

қайта даярлауды жəне олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз 

етеді.  Бұл  оқу  орындары  экономика  салаларындағы  өндірістердің 




ерекшеліктерін  ескере  отырып,  студенттердің  «Еңбекті  қорғау» 

курсын міндетті түрде оқып-үйренуін жүзеге асыруға тиіс. 

  

14 бап. Еңбекті қорғауды қаржыландыру  

Еңбекті  қорғауды  қаржыландыру  мемлекеттік  жəне  жергілікті 

бюджеттер,  бюджеттен  тыс  қорлар,  кəсіпорындардың  қаржылары, 

басқа 


да 

қаржы 


көздері 

есебінен 

жүзеге 

асырылады. 



Кəсіпорындардың 

қызметкерлері 

бұл 

мақсатқа 



шығын 

жұмсамайды.  

Əрбір  кəсіпорын  жыл  сайын  еңбекті  қорғауға  қажетті  қаржы 

бөледі. Қаржы көлемі ұжымдық шартта белгіленеді.  

Кəсіпорындар шаруашылық жүргізуден, коммерциялық, сыртқы 

экономикалық  жəне  өзге  де  қызметтен,  сондай-ақ  басқа  кездерден 

түскен  пайда  (табыс)  есебінен  еңбекті  қорғау  жөніндегі  қорларды 

қосымша құруға қақылы. 

  

15  бап.  Кəсіпорындарда  салауатты  жəне  қayinсіз  еңбек 

жағдайларын қамтамасыз ету  

Кəсіпорындардағы,  əрбір  жұмыс  орнындағы  еңбек  жағдайлары 

еңбекті  қорғау  жөніндегі  стандарттардың,  ережелер  мен 

нормалардың талаптарына сай болуға тиіс.  

Кəсіпорындарда  салауатты  жəне  қауіпсіз  еңбек  жағдайларын 

қамтамасыз  ету,  еңбекті  қорғау  жайына  бақылау  жасауды 

ұйымдастыру  жəне  оның  қорытындылары  туралы  еңбек 

ұжымдарын  дер  кезінде  хабардар  етіп  отыру  жұмыс  берушіге 

жүктеледі.  

Кəсіпорындарда  салауатты  жəне  қауіпсіз  еңбек  жағдайларын 

қамтамасыз  ету  жөніндегі  жəне  қызметкерлердің  еңбек  қорғау 

жөніндегі  стандарттарды,  ережелерді,  нормалар  мен  нұсқауларды 

сақтауы  жөніндегі  жұмыс  берушінің  міндеттемелері  ұжымдық 

шартта көзделеді.  

Кəсіпорын  қызметкерлеріне  меншік  иесі  есебінен  еңбек 

жағдайларына  байланысты  мемлекеттік  басқару  органдары 

белгілеген  нормалардан  кем  түспейтін  жəне  ұжымдық  шарт 

негізінде  арнаулы  киім,  арнаулы  аяқ  киім  жəне  басқа  да  жеке 

қорғану  құралдары,  жуу  жəне  дезинфекциялау  материалдары,  сүт, 

емдеу-алдын алу тамағы беріледі.  

 

 



жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   134




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау