Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 / 2015



жүктеу 2,17 Mb.
Pdf просмотр
бет26/68
Дата10.11.2018
өлшемі2,17 Mb.
#18800
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   68

     
 
 
56 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
қызметтен 
аластаумен 
және 
оларды 
қудалаумен 
аяқталады. 
Күштеп 
коллективтендіруге  қарсы  бағытталған  Қазақстандағы  372  шаруалар  көтерілісі 
бассыз,  панасыз  қалған  халықтың  зорлықшыл  саяси  жүйеге  көрсеткен  ең  соңғы 
наразылығы еді. 
Ғылымда  болып  жатқан  өзгерістерге  байланысты  қайта  қарауға  мұқтаж 
келесі, екінші мәселе - Ұлт-Азаттық қозғалыстың кеңістік шеңбері. Негізгі мақсаты - 
ұлттық  бостандық  үшін  күресте  азаттық  ізденіс  жолында  болған  қазақ  ұлт-азаттық 
қозғалысы  бізге  қарап  отырған.  Мезгілде  өзімен  тағдырлас  көрші  түркі 
халықтарымен  (татар,  қырғыз,  башқұрт,  өзбек  т.б.)  күш  біріктіруге  тырысты,  өз 
мүмкіндігінше оларға көмек көрсетуге даяр екендігін танытты. Егер 30-шы жылдары 
бұл сияқты сауалдарда жауап іздеу қауіпсіз емес болса, қазіргі тарихи әділдікке бет 
бұрған  жағдайда  оларды  сол  жабулы  күйінде  қалдыру  орны  толмас  өкінішпен  тең 
болар еді. 
Өкімет өкілдері капиталистермен күресеміз деген жаяу мен момын халықтың 
жиған-тергенін  сыпырып  ала  берді.  Қызыл  әскерлер  жергілікті  халықты  қорғаудың 
орнына  тонап,  өлтіріп  жатты.  Дәлірек  айтқанда  большевик  ВЦИК-тің  Түркістан 
істері  жөніндегі  арнаулы  комиссиясының  мүшесі,  Сафаров  былай  деп  жазды.  "Бұл 
жерде  социалистік  деректер"  қабылданғанымен  олар  сөз  жүзінде  қалған,  ал  іс 
жүзінде  "национализациялay",  "конфискелеу"  деген  сылтаумен  жер-жерде  малды 
халықтан зорлықпен тартып алу орын алған "Перовскіде (Сырдария облысы)" патша 
жендеті  Гершан  деген  билік  етуде.  Ол  тұтас  бір  халықты  қазақтарды  қырғынға 
ұшыратты. Соның кесірінен бір миллиондай қазақ аштан өлді" - дейді Сафаров [2]. 
Большевиктік идеология және олардың елде жүргізген, саясаттары халықтың 
жағдайын  жақсарта  қоймады.  Өкімет  өкілдері,  өздерінің  орыстарын  қорғаштап, 
жақсылап киіндіріп, тамақтандырды. Ал аш-жалаңаш мұсылман мыңдап, он мыңдап 
қырылып  жатты.  Осы  кездегі  Түркістан  Компартиясы  басшыларының  бірі  болған 
Шыған  Тоболин  сынды  большевиктің  өзінің  аузынан  маркстік  тұрғыдан 
экономикалық  жағынан  әлсіз  қазақтар  бәрібір  құрып  бітіп  жоғалуға  тиіс"  [3]. 
Патшалық тұсында басталған құру саясаты одан әрі жалғасып, кәдімгідей жоспарлы 
түрде мыңдап, миллиондап халықтың көзін жойып жатты. Ал 1917 жылғы Қазын тау 
керісін  жасап  билікке  келгеннен  соң  бірнеше  жыл  өткеннен  кейін,  большевиктер 
басқаша  сайрай бастады. Міне осындай аласапыран кезінде қазақ зиялылары Алаш 
партияларын  құрып  автономия  мәселелеріне  кірісе  бастады.  Жалпы  Алаш 
интеллигенциясы  арасында  большевиктер  бағдарламасы  әуелі  бастан-ақ  қолдау 
тапқан жоқ. Олардың түсінігі бойынша, большевиктер ұстаған бағыт Қазақстан емес
тіптен Ресейдің өзіне де, азапты болашақ әкелетін бағыт болатын.  
Осыған  орай  Әлихан  Бөкейханов:  "Қазақ  арасындағы  ұлттық  қозғалыстың 
бәріне де орыс әкімшілігі қарсы деп жазды. 1917 жылы 10 сәуірде Ташкентке келіп, 
Түркістан  өлкесін  жұмысшы  солдат  депутаттары  кеңесінің  құрылтай  жиналысында 
сөйлеген  халықшыл  социалист,  Никола  дегеннің:  "революцияны  орыс 
революционерлері  орыс  жұмысшы  солдат  депутаттары  жасады.  Сондықтан 
Түркістанда барлық мекеме билік орыстардың қолында болуы тиіс, жергілікті халық 
біздің  бергенімізге  қанағаттануы  керек",  -  деп  айтқанын  ашына  жазады  [4]. 
Демократтарының мақтап жүрген ақпан төңкерісінің қазақ даласында эрі  саяси, эрі 
элеуметтік теңсіздікті күшейте түскенін көрсетеі. 
XIX  ғасырдың  соңы  –  XX  ғасырдың  бас  кезеңіндегі  Қазақстанның 
экономикалық  және  әлеуметтік-саяси  дамуының  өзіне  тән  ерешеліктері  болған  еді. 
Бұл  кезеңінде  Қазақстанның  барлық  аумағы  Ресей  империясының  құрамына  еніп, 
оның  аймақтағы  ажырамас  бөлігі  ретінде  танылғандықтан  «ішкі  отары»  [34,  23  6] 
мәртебесіне ие болды. Осыған байланысты көшпелі қазақ қоғамының ғасырлар бойы 
қалыптасқан  экономикалық,  саяси-құқықтық  құрылымы  өз  ерекшеліктерінен 


     
 
 
57 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
ажырап,  капиталистік  қатынастардың  ықпалын  біртіндеп  сезе  бастағаны  анық 
байқалды.  Орыс  көпестері  мен  буржуазиясы  Қазақстанды  және  оның  жергілікті 
халықтарын  ашық  тонаудың  жемтігіне  айналдырды.  Мысалы  көпестер  5  тиын 
тұратын құмыраны 80 тиын, сапасыз теріден жасалған киімдерді жарты қойға сатуда 
күнделікті өмірдің экономикалық талабына айналдырған. 
Патша  өкіметі  қазақ  жерін  отарлау  саясатын  жүзеге  асырып,  әкімшілік 
басқару  жүйесін  енгізіп,  қазақ  жерінің  байлығын  өз  мақсаттарына  пайдалану  үшін 
жанталасып  жатты.  Мұжықтарын  лек-легімен  әкеп  төгіп,  қазақтың  ең  шұрайлы 
жерлерін тартып алып, өздерін шөлге, құмға, тау-тасқа қарай тықсырды. Шекараны 
нығайта түсу үшін бекіністер салды. Патша өкіметі осы әрекеттерімен ғана шектеліп 
қалған жоқ, іле-шала жергілікті халықтың тіліне, діліне, дініне шабуылын күшейтті. 
Халықты бірден үркітіп жібермеу үшін бүл саясатын аса сақтықпен жүргізді. Патша 
өкіметі  ең  бастысы  халықтың  ауқатты  тобын  өз  жағына  шығарып  алуға  тырысты. 
"Болыстарға  тілмаштар  даярлау  мектебін"  ашып,  болыстардың,  атқамінерлердің 
балаларын  оқытып,  билік  сүйгіштерді  өзіне  жақындатып  алды.  «Ислам  дініне  бой 
ұрады»  деген  ниетпен  татарларды  қазақтарға  жолатпауға  тырысады.  Патша 
өкіметінің 
«жымысқы» 
саясатының 
нәтижесінде 
ашылған 
«орыс-қазақ» 
мектептерінде  оқыған  қазақ  балалары  орыстың  білімі  мен  ғылымының  арқасында 
көкірек  көзін  ашып,  XX  ғасырдың  басында  саяси  аренаға  шыға  бастады.  Орыс 
мектептерінде  оқып,  орыс  қалаларында  жоғарғы  білім  алғанымен  олар  өз  елінің 
мүддесін  көздеді,  ұлттық  білім  беру  жүйесін  қалыптастыруға  жэне  ұлттық  тәлім-
тәрбиенің негізін қалап, ғылымға айналуына көп еңбек сіңірді 
Қазақстанның  экономикалық  жағдайының  дағдарысқа  ұшырауының  негізгі 
себептерінің  бірі  –  жердің  тарылуы  болды.  Кейбір  деректерге  жүгінетін  болсақ, 
Ресей имеприясының жаулап алу  саясатының нәтижесінде,  1917 жылға дейін қазақ 
халқының  45  миллион  десятина  шүрайлы  жері  оның  тікелей  пайдалануына  тартып 
алынып қазақтар мен орыс офицерлеріне, орыс мүжықтарына тегін үлестіріп берілді. 
Патша  өкіметінің  қазақ  жерін  тартып  алу  саясаты,  қазақ  халқының  экономикалық 
мүддесін  ескермей,  іс  жүзіне  асырылып  отырды.  Ата-баба  жерлерінен  күштеп 
қуылып  көшірілген  жергілікті  халық,  шел  жэне  шөлейт,  тақыр  жерлерге 
ығыстырылуының нэтижесінде, олардың түрмыстық жағдайлары нашарлап, жаппай 
қырылу  қаупіне  әкеп  соқтырды.  Ал,  жер  аударугдылардың  қүқықтары  болса,  қазақ 
халқының мүдделерінен ашық түрде жоғары қойылды. мысалы, «уақытша ереженің 
230-шы  параграфы  мынандай  норманы  бекітті:  "Орыс  қоныстанушыларына 
жеңілдіктер беріледі» [5]. 
Жетпіс  жыл  бойы  тарих,  саяси-қүқықтық  ілімдер  тарихи  ғылымы, 
большевиктердің  идеологиялық  паранозимінің  қыспағында  болып,  таптық  бағалау 
қағидасы  негізінде  жалған  мағынада  жазылды,  келер  үрпақтың  санасын,  рухани 
өмірін  коммунистік  режимге  қажетті  идеялармен  уландырды.  Соның  нэтижесінде 
тарихи-қүқықтық  ғылым,  өтірік  мағынамен  жазылды.  Егемендіктің  туын  үстап, 
дербес  мемлекет  қүру  сэті  ғана,  есімдері  тарих  беттерінен  өшіп  қалған  саяси-
күқықтьщ  ой-пікірдің  қайраткерлерін  толыққанды  мағынада  зерттеуге  мүмкіндік 
беріп отыр. 
Тіпті, Кеңес дэуірі кезеңінде жарық көрген шығармаларда қазақ халқының батырлық 
пен  ақындық  дэстүрге  бай  тарихы,  саяси  жэне  қайраткеріміз  жағымсыз  кейіпке 
суреттелінеді.  Қоғамдық-саяси  жэне  қүқықтық  ой-пікірдің  ойшылдары  мен 
қайраткерлері  "тек  қана  бай-феодалдарды  мадақтап,  хандардың  қанішерлік, 
басқыншыл  және  заңсыздық  эрекеттерін  уағыздаумен  шүғылданды"  деген  пікірді 
халық санасында қалыптастыруға барлық күшін, бүкіл таптық идеологиясын жүмсап 
бақты. Ал, олардың шын мэнінде халықтың бостандығы мен тэуелсіздігі үшін жэне 
ағартушылық  саласында  өлшеусіз  қызметтері  саналы  түрде  бүрмаланып  қана 


жүктеу 2,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау