Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ



жүктеу 1,02 Mb.
Pdf просмотр
бет18/33
Дата10.11.2018
өлшемі1,02 Mb.
#18788
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33

70
Р.Нұрғали қаламынан “Дән”, “Полигон әңгімелері” атты 
новеллалар  жинағы  мен  “Атшабыс  ертең”,  “Жартастағы 
қарағай”,  “Оқ”  секілді  повестері  туды.  Бұлардың  бәрінен 
де  елін,  жерін  сүйген  арлы  азаматтың  көңілін  жарқын, 
жүрегін  ашық  ұстап,  қаламын  өткір  ұштаған  биік  тұлғасы 
танылар  еді.  Қаламгердің  ізденіс  іздері  мен  көркемдік-
рухани  құндылықтарынан  айқын  қолтаңба  мен  көзқарас, 
образдар  жүйесіндегі  нақтылық  пен  бедерлілік,  тіл-стиль 
сипаттарындағы  байыптылық  пен  қалыптасқан  үлгі-
өрнектер сенімді әсер қалдырады.
Р.Нұрғали  ұлттық  басылым  -  “Қазақ  совет 
энциклопедиясы” Бас редакциясының бас редакторы болып 
істеген  жылдары  қазақ,  орыс  тілдерінде  “Қазақ  ССР”  (4 
томдық),  “Ол  кім  ?  Бұл  не?”  (3  томдық),  “Қарағанды”, 
“Шаңырақ”,  “Абай”  атты  энциклопедиялық  басылымдар 
мен көптеген анықтамалық,сөздіктердің жарық көруіне кең 
жол ашты. Ұлт жанашыры, білікті басшы екендігін көрсетті. 
Бұл  басылымдар  мен  анықтамалық,  сөздіктер  бай  дерек 
көздерімен, мол материалдарымен, танымдық-тағылымдық 
қырларымен  қазіргі  кезеңде  әлеуметтік-қоғамдық  һәм 
руханият әлемінде кеңінен қолданылып келеді.
Бұл  айтылғандар  Р.Нұрғалидың  қоғамдық-қайраткерлік, 
ғалымдық  қырларын  ,  ел  алдындағы  парызы  мен  қарызын 
арлы  азаматқа  тән  адал  атқарғанын  айқын  аңғартады. 
Бастысы, академик Р.Нұрғали мұрасы, ондағы білім-ғылым 
мәселелері  арғы  тарихтан  сыр  тартады.  Көне  кезеңдерден 
кемел ойлар қозғайды. Алаш идеясының мақсат-мұраттарына 
ден  қояды.  Кеше-бүгінгі  біліми-ғылыми  мәселелерді 
тереңнен  толғап,  өзіндік  қыр-сырларын  ашып,  маңызды 
тұстарына назар аударады.
Қысқа  қайырғанда,  академик  Рымғали  Нұрғали  
мұрасынан:


71
орта  және  жоғары  мектепке  арналған  оқу 
бағдарламалары мен оқулықтардың тұтас жүйесі кеңінен 
көрініс береді;
әдеби-ғылыми  еңбектерінен  ұлт  мақтаныштары 
мен    руханият  ісінің  танымал  тұлғаларының  өмірі  мен 
шығармашылығы кең орын алады;
әдеби-көркем  Һәм  аудармаларынан  біліми-ғылыми 
көзқарас,іргелі  ізденіс  пен  көркемдік  құпиясы  терең 
танылады.
Ал  білім-ғылым  жүйесіндегі  іргелі  ізденіс,  ерен 
еңбектерінен:
оқу ісіндегі маңызды тақырыптарды қозғайтыны, оны тың 
дерек,  соны  көзқарастар  тұрғысынан  таразылап,  байыпты 
қорытып, жедел де жүйелі жеткізетіні танылар еді;
орта  және  жоғары  мектеп  оқулықтарының  талаптарын 
толық  меңгеріп,  оны  жас  ұрпақтың  мұрат-мүддесіне  сай 
саралап,кейінгі  кезекте  ақын-жазушылардың  өмірі  мен 
шығармашылығын  жүйелі  сөз  етуінен  адами  әлемі  мен 
ұстаздық-ғалымдық  ғибраты,  шынайы  шеберлік  пен 
шешендіктің үлгі-өрнектері көрініс береді.
Әдеби-зерттеу  бағытындағы  туындыларында  арғы-бергі 
тарихқа, көркемөнер түрлеріне, жанрлар жүйесіне, жазушы 
еңбегі  мен  шығармашылық  үдеріс  сипаттарына  сергек 
қарап, өзекті мәселелерді еркін қозғап, талдау-саралауларға, 
түйін-тұжырымдарға  батыл  барады.  Тақырып  табиғаты 
мен тағылымына ден қойып, маңызды қырларына, ұтымды 
тұстарына мән береді. Ой-сөз жүйесін, көзқарас пен қолтаңба 
мәнерін  қалыпты  сақтап,көркемдік  құпиясын,  шеберлік 
пен  шешендік  арналарын,  сыр  мен  сезім  тұтастығын 
тыңғылықты зерделейді. Сырлы әлемнің көркемдік құпиясы 
мен  эстетикалық  арналарына,  мол  мүмкіндіктері  мен 
иірімдеріне еркін енеді.
Ең  негізгісі  көркемөнер  мұратын,әдеби  байланыс 


72
пен  сабақтастық  сырларын  сергек  саралап,  туынды 
табиғатын  тану  мен  талдауда  тереңдік  танылады.  Ал  тіл-
стиль  сипаттарынан  бейнелілік  пен  бедерлілік,  шеберлік 
пен  шешендік,  көркемдік-рухани  Һәм  реалистік  белгі-
ерекшеліктер кеңінен көрініс береді...
Ұлт  руханиятын  дамыту  ісі  мен  оның  көркемдік 
көкжиегін  байытуда,  білім-ғылым  ісін  жаңа  уақыт 
талаптары  тұрғысынан  танып-таразылауда  академик 
Рымғали  Нұрғалидың  шығармашылық  мұрасының  берер 
дерегі көп, көзқарас эволюциясында кеңдік пен кемелділік 
сырлары  мол  әрі  мәдени-рухани  Һәм  эстетикалық 
құндылықтары  да  өзіндік  өзгешеліктерімен  есте  қалады. 
Көзқарас жүйесі айқын. Баяндау мен байыптау мәнді. Тіл-
стиль  сипаттарында  қалыптасқан  мәнер-машық  бар.  Ой-
сөз  жүйесіне  дәлдік,тереңдік  тән.  Тақырыпты  кең  қамту, 
талдау жүйесін жан-жақты ашу,негізгі көзқарасты, бастапқы 
ойлар мен толғаныстарды еркін де серпінді сипатта жеткізу 
мұраттары  нанымды өріс алады. Өмір мен өнердің өрнекті 
өрістері,жазушы  еңбегі  мен  шығармашылық  мұраттың 
көркемдік-эстетикалық  құндылықтары,  ой-сөз  жүйесінің 
арналы  ағыстары  шынайы  да  шебер,шындыққа  сыйымды 
қалыпта беріледі.Ой айту мұраты айқын.
Р.Нұрғали  мұрасындағы  ұлт  мұраты  мен  руханият 
мәселелері,білім-ғылым  жүйесіне  қатысты  көзқарастары, 
оқулық  Һәм  зерттеу  еңбектерін  жазу  ісіндегі  бағыт-
ұстанымдары, материал-дереккөздерін танып-талдау мәнері, 
өзіндік қолтаңба мен шеберлік-шешендік сырлары, ой, сөз 
Һәм    тіл  мүмкіндіктері,  өмірлік  және  кәсіби  мұраттары, 
тәлімді  тәжірибелері,    т.с.с.  тұтастай  шығармашылық 
арналарынан, ізденіс іздерінен кең орын алады. Оның бәрінде 
тақырыптық ерекшеліктер, жанрлық-көркемдік арналар, ой-
сөз жүйесінің мың сан иірімдері, стильдік құбылыстардың 
мол мүмкіндіктері кеңінен көрініс береді.


73
Рахия ЖАНЗАҚОВА,
«Жақсықылыш» кентіндегі
№19 орта мектептің мұғалімі.
Қызылорда облысы,
Арал ауданы.
6-СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН            
ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ
Кіріспе
Қазақ әдебиетінен 6-сыныпқа арналған жұмыс дәптерін 
оқулыққа  қосымша  материал  ретінде  қолдануға  болады. 
«Жұмыс дәптерінің» мақсаты – оқушылардың танымдық іс-
әрекеттерін дамыту, шығармашылықпен жұмысына жағдай 
туғызу,  пәнге  деген  қызығушылығын  оятып,елін,жерін 
сүйетін нағыз патриот етіп тәрбиелеу.
Жұмыс дәптеріне сын тұрғысынан ойлау,саралап дамыта 
оқыту технологияларының элементтері енгізілді.
Пән мұғалімдері үшін де бұл жұмыс дәптерінің пайдасы 
зор  деп  есептеймін,  себебі  бірде-бір  оқушы  назардан  тыс 
қалмайды. Жіберілген қателерді дер кезінде түзетуге,нақты 
бағалауға, әр оқушымен жеке жұмысқа мүмкіндік береді.
«Қобыланды батыр» жыры      
Батырлар  жыры  –  көлемі  жағынан  да,  мазмұн-мәні 
жағынан да қазақ фольклорында ауқымды орын алатын аса 
көрікті жанрдың бірі .       
1. Жырдан Қобыландының ерлік істері мен адамгершілік 
қасиеттері бейнеленген  жолдарды тауып жаз.
-------------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------
2. Құртқаға мінездеме бер.
-------------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------------


жүктеу 1,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау