Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ



жүктеу 1,02 Mb.
Pdf просмотр
бет21/33
Дата10.11.2018
өлшемі1,02 Mb.
#18788
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33

83
– Сол бір сәт ел есінде мәңгі қалды,- дейді Жүсіп ақсақал. 
–  Көктем  мезгілі  болатын,  аты  әлемге  танымал  батырды 
күтіп алу үшін дайындық жүргізіліп жатты. Тамды аудандық 
партия комитетіне Ташкенттен әр түрлі тапсырмалар келіп 
жатты.Тамдыдағы қазақтардың Бауыржанды күтіп алу үшін 
ерекше  дайындық  жүргізуінің  мәнісі  бар  еді.  Ел  аузында 
Бауыржан  Момышұлы  туралы  аңыз  әңгімелер,  ертегілер, 
өлең-жырлар  көп.  Жасы  үлкен  қариялар  айтып  жүреді. 
Оны  тыңдап  өскен  жасөспірімдердің  бойында  ұлттық 
намыс,  ұлтжандылық  қалыптаса  бастайды.  Жаңа  туылған 
сәбилердің есімдері «Бауыржан» деп қойыла бастады. Бата-
тілектердің  арасында  «Бауыржандай  батыр  бол...»  деген 
жолдар түспейді. Талантты ақындар Бауыржан батыр туралы 
өлеңдер  жазып,  аудандық  газетке    ұсынып  жатты.  Алыс 
ауылдардан «Бауыржан батырды көреміз, қолын аламыз...» 
деп, «Немерелеріміздің маңдайынан сүйдіреміз...» деп ауыл 
қариялары  Тамдыдағы  ағайын,  туысқандарының  үйлеріне 
ағылып келе бастады. Жыршы-жыраулар Бауыржан туралы 
жазылған өлең-жырларды жаттап алып, белгілі бір мақаммен 
домбыраға салып  дайындала бастады. Бұл бір естен кетпес 
қызық оқиға болды.
Жүсіп Әлқожаұлы туралы
 
 
«...Қара сөздің бұлбұлы,
 
 
Отырыстың гүлгүлі.
 
 
Тәуелібай перзенті,
 
 
Әсем Тараз тұрғыны.
 
 
Бөлшегіндей даланың,
 
 
Асылысыз ағаның.
 
 
Жүз жаста да қолыңнан,
 
 
Түспесін  еш  қаламың...»  деп  өлең      жазған 
белгілі  ақын  Қайыпназар  Шотбасов  «Жүсіп  ағамыз 
Бауыржан  Момышұлының  Тамдыға  келген  сапарында 
ерекше қызмет істеді. Барлық зиялы қауымды атағы әлемге 


84
тараған қазақ батырын ойдағыдай күтіп алуды ойластырып, 
мұғалімдермен,  ақын-жыраулармен  ақылдасып  ұйымдас-
тыру жұмыстарын жүргізіп жүрді...» деп еске алады.
Жүсіп  Әлқожаұлы  2006  жылы  Алматыдағы  «Топ» 
баспасынан  жарық  көрген  «Замандастар,  тұстастар»  деп 
аталатын  естелік  кітабында    Бауыржан  Момышұлының 
Тамды  ауданына  келгені  туралы  былай  деп  жазады: 
«Халық  батыры  Бауыржан  Момышұлы  және  оның 
атқосшысы  Сәуірбек  Бақбергеновтің  Бұқара  облысындағы 
Тамды  ауданына  барғаны  жайында  сол  кездегі  аудандық 
«Социалистік шаруашылық» газеті, «Лениншіл жас», «Қазақ 
әдебиеті»,  Бұқара  облыстық  «Советская  Бухара»  газеттері 
жазып шықты.
Ол кездегі Ташкент-Тамды жолаушылар таситын әр күнгі 
рейсті  тоқтатып,  Тамды  қасындағы  Зарафшан  қаласынан 
жаңа  аэродром  ашылған  болатын...Ахметов  Энгельс,  сол 
кездегі Ішкі істер бөлімінің бастығы, полковник Өтеп Аяпов, 
Зарафшан  қаласы  Атқару  комитетінің  төрағасы  Мәлік 
Алдамұратов, т.б. адамдар Баукеңді қарсы алыпты.
Сол аэропорттың өзінде-ақ Баукең Аяповты көріп: «Ей, 
полковник,  генералдық  саған  да,  маған  да  жоқ...»  депті. 
Баукеңнің бұл сөзі Тамды, Зарафшан қаласын бойлап тарап 
жатты.  Біз  аупарткомда  бөлім  меңгерушісі  болып  істейтін 
Төремұрат Кәрдіұлы екеуміз Баукеңе сәлем бере бардық.
-  Жігіттер  өздеріңді  таныстырып  отырыңдар!–  деді 
Баукең.  Мен  Жүсіп  Әлқожаұлы  екенімді  айтқанымда,  ол: 
«Қожасың  ба?»-  деді.Мен:  «Иә...»-  дегенім  сол  еді:  «Қожа 
болсаң, Алдияр тақсыр!..» деді Баукең екі қолын көкірегіне 
апарып, «Мен Сейітқожаның қызынан туылғанмын...» деді 
ол одан әрі. Маған «Мен Қожа боламын ба, жоқ па?!» деп 
шақшиды.  «Нағыз  Қожа  Сіз  екенсіз  ғой!..»  дегенім  сол 
еді, «Алдияр тақсыр деп айт!» деп бұйырды. Мен кеудеме 
қолымды  апарып:  «Алдияр  тақсыр,  Бауке!»  дедім...»  (А., 


85
«Топ», 2006 жыл, 23-бет). 
Жүсіп  Әлқожаұлының    тағы  бір  қызығып  сұрағысы 
келгені – даңқты батырдың Сталинмен кездескені жайлы еді. 
«Осы сұрақты берсем бе екен, бермесем бе екен? «Онда не 
шаруаң бар?!» деп ұрсып тастаса не істеймін? «Мына Қожа 
тәртіпсіз екен...» деп Ташкент жаққа хабарласа не істеймін?» 
деген мазасыз сұрақтар оның  санасын жаулап алды.
Жүсіп  әрі  ойланып,  бері  ойланып  осы  сұрақты  беруге 
бекінді.  Ол  туралы  өзінің  «Замандастар,  тұстастар»  деп 
аталатын  естеліктер  кітабында  былайша  баяндайды:  «...
Баукең сол кездегі Тамды аупарткомының бірінші хатшысы 
Садық  Пірмановтың  қабылдауында  болды.  Ол  кісінің 
құрметіне  сияпат  берілді.  Сияпат  кезінде  Баукеңе  қазақ 
салтына сәйкес шапан жабылып, қаракөз елтірісінен папақ 
кигізілді.  Папақ  кигізілетін  кезде  ол  «Мен  айнасыз  киім 
киіп көргенім жоқ...» деп айна алдыруды талап етті. Суретке 
түсірілетін  кезде  шақырайған  күн  болғандықтан  жабылған 
терезені  көріп:  «Құдайдың  жарығын  ашыңдар!..»  деді. 
Баукеңнің  өз  халқына  еркелейтіні,  көпті  көрген  жан  екені 
әрбір сөзінен көрініп тұрды.
Шапан  жабылып,  папақ  кигізілерде  мойынына  галстук 
байлағысы  келген  идеология  хатшысы  Т.Молдабековке 
«Мойынымдағы  қара  галстук  соғыста  опат  болған  Өтеш 
деген  генералдікі...»  деді.  Ал  қызыл  галстукті  пинерлер 
таққанын  айтып:  «Полковнику  пологается  не  только  три, 
пять галстук...» деп жұртты бір күлдіріп алды.
Баукеңмен кездесуге келген адамдар клубқа сыймай кетті.
Ол кісі кездесуде қазақстандық әскерлердің жанқиярлықпен 
күрес жүргізгенін, талай адамдардың ерлікпен опат болғанын 
тебіреніп  баяндады.  «Кімде  қандай  сұраулар  бар?..»  деген 
кезде  залдан  біреу:  «Сіздің  Сталинмен  кездескен  ретіңіз 
болды ма?..» деп сұрақ берді.


жүктеу 1,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау