2
Кәсіпкер
келбеті
5 наурыз, 2016 жыл
Н Е С І Б Е
Тәлімгерлер қайтарымсыз негізде өздерінің
кәсіби білімдерін болашақ бизнесмендермен бөлісіп,
бизнестегі
мүмкіндіктерді
жинақтауға
көмек
көрсетумен қатар, дұрыс мақсат қоя білу мен оған
жетуді үйретуде.
Теориялық оқытудан кейін практикалық білімге
қол жеткізгендер қатарында болашақ бизнесвумен-
дер Айгерім Нұрманова, Гаухар Сұлтанғали, Айдана
Матназарова және Ляззат Төлегеновалар болды. Ляз-
зат Төлегенова және Айгерім Нұрманова кондитерлік
цех пен наубайхана ашуды жоспарлауда және оларға
осы жолда тамақ өнеркәсібін біршама жыл қатарынан
меңгерген «Браунис» ЖШС және ЖК «Нұғманова
Баян» компанияларының мамандары көмектесіп жа-
тыр.
Гаухар Сұлтанғали технолог мамандығын игеру-
де, ал болашақта тігінді меңгеруді үйретумен қатар,
бизнестегі тәжірибесімен де бөлісіп жүрген жеке
кәсіпкер Майра Жұбаназарова секілді өз тігін шеберха-
насын ашуды көздеп отыр.
- Өз тігін шеберханамды өткен жылы Даму қорының
қолдауы арқылы аштым. Мемлекеттік бағдарлама
аясында Даму қоры тарапынан 50% кепілдендіру
беріліп, несие рәсімдеу арқылы өз идеямды жүзеге асы-
ра алдым және өз кәсіпкерлігімді кеңейттім. Бүгінде
мен 5 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырмын.
Болашақ кәсіпкер Гаухарға тәжірибеме сүйене отырып,
бизнесті дамыту үшін мемлекеттік бағдарлама аясын-
да қаржыландыруға қол жеткізуге кеңес бердім,- дейді
бизнес-леди Майра Жұбаназарова.
Жобаның келесі қатысушы Айдана Матназарова
«Қызылорда-Қанағаты» ЖШС типографиясының ты-
нысымен танысып қайтты. Компания топ-менеджері
Бақытжан Махатаев Айданаға кәсіпорындағы өндіріс
процесін көрсете отырып, өз ақыл-кеңесін айтты.
- Ойланбастан Даму Қорынан түскен бастауыш
кәсіпкерлерге тәлімгер болу ұсынысына келістік,
себебі тәжірибеміз бұл бизнестің түрінде өте мол.
Старт-апперлердің басты қателігі ретінде бизнесті
бастағанда бірден мол табысқа кенелуді ойлайтынын
айтқым келеді. Сондықтан біздің басты мақсатымыз
оларға нарықты кезең-кезеңімен, улкен шығынсыз
бағындыруды үйрету- деп ойымен бөлісті тәлімгер
Бақытжан Махатаев.
Барлығы «Студенттік жастардың кәсіпкерлік
әлеуетін қолдау» және «Жаңа ашылған бизнесті
қолдау» жобаларына аясында қазіргі таңда «Тәлімгер
- Стартаппер» ретіндегі 8 жұп құралып, қазіргі таңда
бірге жұмыс жасауда.Тәлімгерлердің мақсаты баста-
уыш кәсіпкерлер жобасының сәтті жүзеге асуына өз
ықпалын тигізу болып табылады.
«КК» ақпарат
БИЗНЕС МЕКТЕБІ
Жеке кәсіпкер Шакарзат Иман-
досова «Даму» қорының кеңес ші лерінің
ақпарат тан дыр уы мен «SES —Аға экс-
перттер қызметі» бағдарламасы аясын-
да Германиядан эксперт шақырды.
Бизнесвумен Шакарзат Имандо-
сова бизнесте 20 жылға жуық жұмыс
жасап келеді. Алғаш рет өз бизнесін
жинақтаған
қаржысына
бастаған
кәсіпкер «Бизнестің жол картасы 2020»
бағдарламасына Қызылорда облысынан
алғашқылардың бірі болып қатысушы
атанды және соның нәтижесінде
кәсіп керлігін кеңейтті. Мемлекеттік
бағдарламаның тиімді шарттарын пай-
далана отырып, жеке кәсіпкер Шакар-
зат Имандосова Қазалы ауданының
орталығы Әйтеке би кентінде қонақ үй
кешенін ашты.
Өзінің қонақ үй кешенін дамыту
мақсатында кәсіпкер Даму Қорының
кеңесшілерімен ақылдаса отырып, Гер-
маниядан Ренате Ингрид Луббергер
атты эксперт шақыртты.Қазалы ауда-
нында шетелдік маманның эксперттік
миссиясын жүзеге асуын «Прэко Кы-
зылорда» Консалтингтік компаниясы
ұйымдастырды. Аға эксперт Ренате
Ингрид Луббергер қонақ үйлік бизне-
сте көп жылдық тәжірибесі бар маман.
Оның конақ үй шаруашылығы сала-
сында және менеджментті қосқанда
кең кәсіби білімі экспертке аталған
бағдарлама аясында біршама елдерге
сапар шегуіне мүмкіндік берді. Экс-
перт Ренатенің біліктілігі мен қызметін
белсенді атқаруы нәтижесінде шағын
отелін аймақтағы ең ірі қонақ үйге ай-
налдыра алды.
Өзінің эксперттік миссиясының ая-
сында Ренате Ингрид Луббергер жеке
кәсіпкер Шакарзат Имандосованың
қонақ үй кешенін дамыту бағытында
тәжірибесімен бөліседі және бір ай
бойы қонақ үй персоналын оқыту да
жоспарланған.
- Өзімнің кешенімді ашқан уақытта
аудандағы алғашқы қонақ үй кешені
болатын, ал қазірде бәсекелестер
баршылық және олардың саны күн са-
нап артуда. Бізге бәсекелестікке шыдау
үшін қызмет көрсету сапасын арттыру
мен қонақ үй кешенімізге келген әрбір
қонақтың қолайды демалысына бар
жағдайды жасау қажет. Менің ойым-
ша, неміс эксперті кешеннің жұмысын
жақсарту бағытында өз тәжірибесінен
алған тиімді кеңесін береді және алған
бар білімді бизнеске қолдана отырып,
мақсатымызға жетеміз, - дейді кәсіпкер
Шакарзат Имандосова.
«КК» ақпарат
ҚАЗАЛЫЛЫҚ КӘСІПКЕР
ӨЗ БИЗНЕСІН ДАМЫТПАҚ
«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
Қызылорда облысы бойынша ай мақтық фили-
алы Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда
гуманитарлық колледжімен әріптестік Мемо-
рандумына қол қойды.
Меморандум аясында «Даму» қоры мен
Мәншүк Мәметова атындағы Қы зылорда
гуманитарлық колледжі бірлесіп, жаңадан
бастау алған «Студент жастардың кәсіпкерлік
бастамасын қолдау» жобасын жүзеге асы-
ру болып табылады. Аталған жобаның
негізінде студент жастардың инновациялық
және кәсіпкерлік әлеуетін ашу мен дамытуға
бағытталған жұмыстар жасалынады.
Іс-шараның негізгі мақсаты 18 бен 29
жас арасындағы жастардың кәсіп кер лік
қызметпен айналысуларына және дамытуға
қолайлы жағдай жасау.
Мәншүк Мәметова атындағы гума ни-
тарлық колледжі Қызылорда қала сын дағы оқу
орындары ара сын дағы жастар кәсіпкерлігін
бастайтын алаң студенттік бизнес-инкуба-
тор аш қан алғашқы оқу орны болып отыр.
Сондай-ақ, бизнес-ин ку батор базасында
«Даму» қорының қолдауымен жыл бойы биз-
нес-тренингтер мен табысты кәсіпкерлермен
кездесулер және бизнес-ойындар, сондай-ақ
басқа да студент жастардың кәсіпкерлік по-
тенциалын арттыруға ба ғыт талған іс-шаралар
ұйымдастырылады. Жобаның сәтті жүзеге
асырылуы үшін үздік бизнес-тренерлер мен
тәжірибелі кәсіпкерлер арасынан бизнес-экс-
перттер тартылатын болады.
«Студент жастардың кәсіпкерлік ба-
стамасын қолдау» жобасының сәтті жұмыс
жасауы нәтижесінде жас студент кәсіпкер
қызылордалықтардың бизнес-идеяларын
жүзеге асыруға және соның арқасында жаңа
жеке кәсіпкерлік субъектілерін ашып, тұрақ-
ты жұмыс орындарын құруға үлкен мүмкіндік
туып отыр.
«Даму» қоры Мәншүк Мәметова атын-
дағы Қызылорда гуманитарлық коллед жі мен
бірлесіп, жобаға қатысушылардың бизнес-
ортаға сенімді қадам басуына қа жетті бар
жағдайды жасауда.
Таңшолпан ТӨКЕН
СТУДЕНТТЕРДІҢ БАСТАМАСЫ
КӘСІПКЕРЛЕР НАЗАРЫНА!
Ұсынылатын қызмет түрлері:
1. Бухгалтерлік және салықтық есепті
жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есеп-
тілікті жасауға байланысты қызметтер
2. Кедендік рәсімдер бойынша қызметтер
3. Менеджмент жүйелерін енгізу бойын-
ша консультация беру және бүкіл процесті
толық сүйемелдеу
4. Заң қызметтерін көрсету
5. Маркетинг мәселелері бойынша қыз-
меттер
6. Ақпараттық технологияларға қызмет
көр сету саласындағы консультациялар
7. Мемлекеттік сатып алулармен, ұлттық
ком паниялардың және жер қойнауын пай да-
ланушылардың сатып алуларымен байланыс-
ты көрсетілетін қызметтер
8. Менеджмент сұрақтары бойынша қыз-
мет көрсету
ҚЫЗМЕТТЕР АҚЫСЫЗ ТҮРДЕ
КӨРСЕТІЛЕДІ.
Жоғарыда көрсетілген қызмет түрлерін
Қызылорда қаласы, Әйтеке би, 28 мекен-
жайында орналасқан Қызылорда облысының
кәсіпкерлер палатасынан алуға болады.
Облыс аудандарындағы Қызылорда об-
лысының кәсіпкерлер палатасының фи-
лиа лындағы кәсіпкерлікті қолдау орта лық-
тарында №1 және №4 қызмет түрлері, ал
қалған қызмет түрлері ауылдық кәсіпкерлер
өтініші бойынша сәйкес көрсетіледі.
Анықтама үшін телефон: 40-08-74,
40-02-02