№5 (48) 5 наурыз сенбі 2016 жыл



жүктеу 3,93 Mb.
Pdf просмотр
бет7/8
Дата08.11.2018
өлшемі3,93 Mb.
#18669
1   2   3   4   5   6   7   8

7

Кәсіпкер 

келбеті

5 наурыз, 2016 жыл

Әңгіме

ЖАЙСАҢ ЖІГІТ



Т А Ғ Д Ы Р

Өлмесханның    ойын    Келдібай    бөліп  

жіберді  «әке,  бүгін  қолың  бос  болса  се-

руендеп  қайтайықшы,  бүгін  түсіңіз  кел-

мей  отыр ғой,  ауырып  отырған  жоқсыз 

ба?»  деді.  «Жоқ,  жағыдайым  жақсы,  тек  

өткен-кеткендерді    еске    алып    отырмын.  

Ауылда  менің  бір  досым  бар  еді,  оның  

он  саусағынан  өнері  тамған.  Сурет  сала-

тын,  спорттың  неше  түрімен  айналыса-

тын,  Ән  де  айтатын,  мектеп  қабырғасында  

жүргенде  шағын  песаларға  да  қатысатын.  

Домбыраны  да,  сырнайды  да  тартатын.  

Осындай    өнерлі    жігіт    сауықшыл,    өзі  

өнебойы  көңілді  жүретін.  Бұндай  жігіттің  

өмірлік  жары  қандай  болуы  керек  деп  

ойлайсың?»  деп  баласына  қарады.  «Әке,  

мен    әлі    жаспын  ғой,    бірақ    шамам  

келгенінше    жауап    берейін.    Өмірлік  

серігің    бірінші    сенің    әйелің,    ол    адал,  

әділ,  досына  шыншыл,  өтірік  айтпайтын  

болуы  керек.  Ері  сырттан  не  әкеп  берсе 

де,  оны  ұқсата  білуі   керек.  Ер  адам  

түзде  жүргесін  оның  досымен  дұшпаны  

қатар  жүреді.  Ері  жақсы  болсын – жаман  

босын  дұшпандарынан  оны  қорғай  білуі  

керек.  Ер  азаматын  қызғану  керек,  бірақ  

шектен  шықпай,  ол  жөнінде  өзін-өзі  те-

жей  білсе  өте  әдемі  жарасымды  жұп  бо-

лар  еді.»  деп  ойлаймын»  деді Кедібай.  

«Ой  айналайын,  Сен  үндемейжүріп  бәрін  

біледі  екенсің.  Бұның  жақсы  екен.  Енді  

жүр  серуендеп  келейік»  деп  екеуі  сыртқа  

шықты.  «Ойпырмай,  ақыл  жастан  деген  

баламмен  реті  келгенде  сойлесіп,  ойын  

біліп  тұруым  керек  екен»  деп  саябаққа  

келіп    екеуі    бір    бос    орындыққа    келіп  

отырды.  «Не  қылсам  екен  откендегі    ой-

ымды    айтсамбекен    балама,    әлде  

қойатұрсам  бекен,  не  істесем  екен»  деп  

Өлмесхан  біраз  ойланып  отырды.  «Сәл  

әнгімеге  тартып  кө ре йін»  деп  Өлмесхан  

«Келдібайжан,    Сен    осы    өмірде    неден  

қысыласың ,  өскенде  кім  боласың?»  деп  

жаймен  сұрады.  «Әке,  сіздің  нені  меңзеп  

отыр ғаныңызды  түсіндім.  Адам  дүн ие ге  

келгесін,    адамша    өмірсүрулері    керек.  

Адамның  жаны  бар  бірақ  оның  бірқолы  

кеміс  немесе  біраяғы,  көзі  көрмей,  тілі  

шықпай,    құлағы    естімей    туады.    Кей  

адамдар  аяқ-қолы  бүтін  онекі  мүшесі  сау  

болып  туады,  бірақ  ақыл-ойы  кеміс  бо-

лып    туылады.    Кө шеде    кей    адамдар  

мүгедек    адам    көрсе    состиып,    оларды  

аяп,  адам  көрмегендей  сыңай  танытады.  

Кейбір    мүмкіншілігі    шектеулі    адамдар  

сау  адамнан  артық  ойлап,  олардан  артық  

ақыл    айтады.    Алла    Тағала    солайғып  

тепетендік    жасап    қойған.    Табиғаттың  

өзін  бір де  ыстық,  бір де  суық қылып  

қойған,  адамдар  киініп – шешінсін  деген.  

Адам дарға    азық    болсын    деп    малды  

жаратқан,  малдардың  өсіп  жетілулеріне  

шөпті    шығарып    қойған.    Ауа    мен    су  

барлығына  да  бірдей  керек»  деп  тоқ тады  

Келдібай,    сосын    дұрыс  па    дегендей,  

әкесіне  қарады.  «Дұрыс  айтасың  балам,  

көбіміз  соны  біле бермейміз.  Жаңағы  сен  

айтқандай  асы ғыс  сөйлеп,  асығыс  шешім  

қабыл даймыз.    Төрт    құбы ламыз    түгел  

бола тұра  ас  ішіп,  аяқ  босататындар  то-

лып  жатыр,  қолы нан  түк  келмейді.  Ал  

ақыл    айтқанда    алдына    жан    салмайды.  

«Аурудың    сө зін    сөйлеп,    саудың    асын  

ішетіндер»  толып  жатыр.  Сен  осы  менің  

доста рым ның  ішінде  білетіндерің  бар ма,  

айтып  берші  қане?»  деп  сұрады  баласы-

нан.    «Алмат,    Қайрат,    ал    Самат    деген  

досыңызды  еміс-еміс  қана  білемін,  қатты  

білмейді    екенмін»    деп    жауап    берді.  

«Осылар  менің  ең  жақын  ауылда  мектеп-

те  бірге  ойнап,  өскен  достарым.  Бірақ  

кейбіреулерімен    жақын    ара ла самыз    да,  

кейбіреулерімен  анда-санда  ғана  кез-

десеміз. Үйленбей  жүр генде  жиі  арала-

сып  тұратын  едік,  қа зір әркімнің өз үй-

жайлары  бар,    бала-шаға  дегендей»    деп  

жан-жағына    қараса,    алыстан    бір    кісі  

көрінді.  Сақал-мұрты  өскен,  өзі  әбіржіп 

кеткен.    Анықтап    шұқшиып    қараса, 

сүлебесі    Саматқа    келеді    екен.    Ішінен  

«ойба-яу    мынау    Саматтың    өзі  ғой,  бұл 

бұл  жақта    қайдан    жүр»  деп  баласын  

қолтықтап «жүр мына кісіге  жолығайық»  

деп  келсе,  Саматтың  өзі.  «Ассалаумалей-

кум,   сен Саматпысың?» деп қапсыра  құ-

шақ таса, денесі тек сүйек екен.  «Уаға лей-

кумүс салам,  ия  мен  соның  өзі,  мынау  

әлгі    Келдібайың  ба,    ержетіп    қалыпты 

ғой.»    деді.    «Сенің    жағыдайың    қалай,  

қайақтан жүрсің мұнда?»  деп  Өлмесхан  

бастырмалатып  сұрап  жатыр.  «Е,    менің  

жағыдайымды    сұрама,    күнде    бірмезгіл  

осында  келіп  отырып  кетем, таныс-паныс  

кездесіп  қалама  деп. Үй  дейтін  үй,  күй  

дейтін  күй  жоқ,  әйтеуір  тірі  жанмын.  

Денсаулығым  жоқ,  көршімнің  артылған  

тамағын    ішіп,    ауысқан    бірең-сараң  

киімдерін  кием»  деп  көзіне  жас  алды.  

Жатаханада  бір  нанды  бөліп  жеп  еді,  

енді    міне    аралары    аспанмен    жердей.  

Бұның  барлығын  бала  болса да  Келдібай  

байқап,  аяп,  өзінен-өзі  езіліп  отыр.  «Бұл  

кісіге  қандай  көмек  керек  екен,  шамалы  

емдетіп,    жұмысқа    кіргізіп    жіберсе,  

арықарай  алып  кетермеді.»  деп  те  ойлап  

отыр.  Біраз  отырып  бір-бірімен  қош  ай-

тысып    үйлеріне    тарасты.    Өлмесхан  

қайтып    кележатып    баласына    қараса  

түнеріп    ой    үстінде      кележатыр    екен.  

Есікті  Алма  ашты  «Ерлерім  келдіңдер 

ме,    Сандуғаш    бүгін    ерекше,    керемет  

тағам  жасап  жатыр,  ішсендер  тіл  үйіретін  

болуы  керек,  алыстан  исінен  білініп  тұр.  

«Ия    жақсы    жаңалықтарыңды    айта  

отырыңдар, көшеде кімдерге  жолықтыңдар. 

Жақсы  демалдыңдар ма?»  дей бергенде,  

Келдібай    әкесінің    алдын    орап    кетті.  

«Апа,    Сіздердің    ескі    достарыңды 

кездестірдік,  аты  Самат  екен.  Мен  ол  

кісіні  аяп  кеттім,  ол  кісіге  көмек  керек. 

Емдетіп,  жағыдайына    қарассақ    қайтеді. 

Ол Сіздердің  достарыңыз  емеспа?  Адам  

өзініңғана    қамын    ойламай    дос-

жарандарына, көрші-қоландарына, ағайын-

туыстарына  көмектесіп, қарайласу керек.  

Мен  сол  кісіні  көріп аяп, жақсы  көріп  

кеттім.»    деп    үлкен    кісілерше  уклеп,  

көңілі    көтерілмей  барып  төрдегі  диванға  

жайғасты.    Ұйдің    іші    тымтырыс  еді  

Сандуғаш  бөліп  жіберді  «Тамаққа  

келіңіздер, Сіздерге  не  болды,  үндемей  

қалыпсыздарғой»    деп    біртіндеп    бәріне  

қарап  шықты.  Алма  тұрып  «жәй,  әшейін   

бірнәрсе,  ертең  айтып  берем,  жүріңдер  

тамағымызды ішейік» деп орнынан  тұрды.  

Келдібайдың  отырса да-тұрса да  көз  ал-

дында    кешегі    әкесінің  досы,  «қалай  

көмектессем екен» деп ойынан бір  кетпеді.  

Келдібай  ертеніне  сабақтан  кейін  кешегі  

жерге    келді.  Мойынын    әрі-бері    созып  

жан-жағына    қарап    біреуді    іздегендей  

болды.  Біраздан кейін біреудің  жөтелгенін  

естіді.  Ол    дауыс  қайақтан    шықты    екен  

деп  әрі-бері  қараса  кешегі  әкесінің  ескі  

досы  ықтау  жерде  күннің  шуағына  

қыздырынып  отыр  екен.  «Ә,  сіз    осын-

дамедіңіз»  деп  жымиды  да  қасына  барып  

«аға,  ассалаумаликум»  деді,  «уаликумаса-

лам,    сенбісің,    кел,    кел    отыр»    дедіде  

жөтеле  бастады.  «аға,  Сізге  нан,  шұжық  

әкелдім, 

мә 

жеп 


алыңыз» 

деп  


қолындағысын    «алмай  қала  ма»  деп 

тыққыштады. «Ой  айналайын,  Сен  нан  

әкемесең де  сенің  ықыласыңа  риза  бо-

лып,    көңілім    марқайып    бір    жасап  

қалдым.    Сенің    шын    пейіліңе    тойып  

тұрмын.  Сені  маған  жіберіп  тұрған  сенің  

әкең    Өлмесхан    жақсы    адамғой»    деп  

терісқарап  еріксіз  көзіне  жас  алды.  Оны  

балаға    көрсетпей    тісін    тістеп    үнсіз  

қалды.  Біраз  үнсіздіктен  кейін  «сен  үйіңе  

бар  әке-шешен  іздеп  қалар  барағой,  бар,  

жақсы    аман    бол»    деп    Келдібайды  

шығарып  салды.  Әке-шешесіне  білдірмей  

Келдібай  Саматқа  келіп  тұрды.  Әкемен  

баланың    арасында    көзге    көрінбейтін,  

бірін-бірі    тартып    тұрған    бір    жіп    бар  

сияқты.  Күндердің  күнінде  Келдібай  кел-

се  Самат  жоқ,  шарқ  ұрып  іздемеген  жері  

жоқ,  табалмады.  Амалжоқ  әкесіне  келіп  

айтуға    тура    келді.    Өлмесхан    полиция  

арқылы  тауып,  жатқан  жерінде  ауырып  

қалыпты.  Келдібай  әкесіне  айтып  Самат-

ты    жуындырып,    тазалатып    дәрігерге  

қаратып  зорға  дегенде  басын  көтертті.  

Аш    адам    Келдібайдың    әкелген    күшті  

тамақтарын  жеп,  көтере  алмай  қалса  ке-

рек.  Дәрігерлердің  арқасында  таяққа  

сүйеніп    орнынан  тұрып  жүретін    қалге  

жетті.  Емханадан    шыққанда  Өлмесхан  

«үйге    жүр,    әлі    сен    әлсізсің,  саған  әлі  

қаралып  ем-дом  қабылдауың  керек»  

дегеніне  тыраштанып  «Өмеке,    рақымет  

мен  баралмаймын,  маған  лайықты  жұмыс  

тауып    бер.    Қарызға    шамалы  ақша  

беретұр,  кейін  қайтарамын.»  деп    жалын-

ғандай    болды.    «Сен    болмасаң    мен  

өліпқалатын  едім»  деп  кемсеңдеп  кетті.  

«Самат,  сен  өзіңе-өзің  істеп жүрсіңғой, 

әйтпесе  кезінде  тепсе  темір үзетін жігіт 

едің. Кім көрінгенге  ұрындың, төбелестің, 

содан    не    пайда    таптың?  Мына    түріңе  

қарашы, жоқ мен саған  ұрсып жатқаным  

жоқ.    Өмірде    бір    Құдай,    бір    кұш    бар  

сенің  талай  жылатқан  адамдарыңның  көз  

жасы  сені  осындай  қалге  жеткізген.  Олар  

сені  жайдан - жай  қалдырмайды.  Өмірде  

сен    адамдарға    жұмсақ    сөйлеуің    керек  

сонда  ол  адам да  саған  жұмсақ  сөйлейді.  

Ал  сенің  кұшің  күшті  болып  тұрса  се-

ненде  екі,  үш  есе  күшті  адамдар  бар,  

сен   уақтысында  нағыз  адамыңа  кезде-

спей  жүргенсің.  Бірақ  сен  өзіңнен  күшті  

адамдарға  жоламай,  тек  әлсіз, қорғансыз  

қыздарды  жылатып  жүргенсіңғой.  Әлдеде  

кеш  емес  адам  болам  десең,  өзің  жақсы  

болсаң  саған  жақсы  адамдар  өзінен-өзі  

келебереді.    Жарайды    қолымнан    кел-

генінше    саған    көмектесем.    Сен    әзірге  

менің  бір  танысымның  үйінде  уақытша  

түратұр.  Жүр  кеттік.»  деп  сыртқа  шықты.  

Бұл  тірліктердің  бәрін  Келдібай  байқап  

әкесіне  риза болып  жүр.   Біркүні  Келдібай  

әкесіне  «әке,  үкіметтің  маған  берген  екі  

бөлме  үйін  пәтерге  бермейақ  осы  Самат  

ағаға    уақытша    берсек    қайтеді?»    деп  

сұрап  көзінің  астымен  қарады  әкесіне.  

«Балам  мені  Астанаға  жұмысқа  шақырып  

жатыр,  о  жақа  бәріміз  бірден  баралмай-

мыз,  кім  барады  кім  қалады  оны  Алма  

шешен  шешеді.  Сол  кісі  не  айтса  сол  

болады.  Сәл  уақыт  керек»  деп  жұмсақ  

алақанымен  Келдібайдың  басын  сипады.  

«Апа,  сонымен  Астанаға  кімдер  баратын  

болды,    менің    білгім    келеді?»    деп  

тағатсыздана,  көзін  шүңірейтіп  шешесіне  

қарады.  «Ия,  әкең  дұрыс  айтады,  бәріміз  

Астанадағы    үкімет    берген    екі    бөлмелі  

үйге  симаймыз,  Әзірге  Сандуғаш  әкең ,  

Айдынжан  ұшеуі    екі-үш    жыл    барып  

тұра-тұрады,    біз    артынан    үлкен    үй  

алғасын  барамыз.   «Онда,  әке  Самат  аға  

бізбен  тұрсын,  оған  Сіз  қалай  қарайсыз?»  

деп  әкесіне  жәутеңдеп  қарады.  «Бұныда  

Алма  шешең  шешеді.»  деп  жұмысына  

дайындалды.  «Апа,  менің  бір  ақылымды  

алсаңыз  осы  кең  үйге  сендердің  достарың  

Самат  аға  да  сияды»  деп  томсырайып  

екі  қолын  екі  аяғының  ортасына  салып  

төмен  қараған  күйі  қалды.  «Жаным  ау,  

соншама  осы  Самат  ағаңа  көңілің  неге  

ауып  отыр,  ол  саған  несімен  ұнады,  айт-

шы    маған?»    деп    баласына    мүсіркеген  

көзімен    қарады    Алма.    «Самат    ағаның  

үйі,  оған  көмектесетін  баласы,  әйелі  жоқ  

білмеймін  менің  жүрегім  сезеді  бізге  бір  

жақындығының    барлығына»    деп  

терісқарап    кетті.    «Бізге    ол    кісінің  

ешқандай  жақындығы  жоқ,  тек  әкеңнің  

досығана.  Ондай  достар  әкеңде  көп қой.»  

деді  Алма.  «Апа,  менікі  жәй  бір  адамға  

болса да  көмектесейік  дегенім ғой.  Адам  

бірімен  бірі  дос,  бауыр.  Адам  адаммен  

ғана  адам ғой,  дүниеде  бірақ  адам  болса  

жалғыз  өзі  не  істер  еді?  Мен  ойлаймын  

адамдардың  барлығыныңда  бір  жерлері  

кеміс.  Ал  менің  қолым  кеміс  болса  Са-

мат    ағаның    ойы    бала    кезінде    кеміс  

болған  шығар.  Менің  бағыма  әкем,  сен,  

Сандуғаш  апам  кездесті.  Ал  Самат  ағама  

кезінде  ешкім  кездеспеген,  енді  оған  біз  

кездесіп  отырмыз.  Сәл  демеп  жіберсек  

әрі қарай  өзі  алып кетер  еді.  Үйленседе  

әлі  кеш  емес,  үйлі-боранды  болып  қалық  

қатарлы  өмірсүріп  кетер  еді.  Түбі  адам  

өмірде    бір    немесе    бірнеше    адамға  

жақсылық    жасауы    керек,    сонда    барып  

біз  ел,  халық  боламыз.  Ал  мен  жас  бол-

самда  айтайын  бір-бірімізге  көмектеспесек  

біз  жыртқыш  аңнан  да  жаман  болып  ке-

тер  едік.  Менімше,  Самат  ағаға    көмек-

тескеніміз  дұрыс»  деп  орнынан  тұрып 

кетті.  Өлмесханды  Астана    жаңартқандай  

болды,  жаңа  жұмыс,  жаңа  ауа,  жаңа  жер  

танымайтын    адамдар.    Жаңаша    ойлау,  

жаңаша    жұмыс    істеуге    тура    келді,  

шыңдады,  жігерлендірді,  ширатты.  Үйде  

аз  түзде  көп  болатын  болды,  Айдыны  

кеткенде  ұйықтап  жатады,  келгенде  де  

ұйықтап  жатады,  тек  иіскеп  ғана  мауқын  

басады.  «Келдібай  қоярда - қоймай  Са-

матты  үйдің  бір  бөлмесіне  орналасты-

рыпты»  деді Сандуғаш шәй  құйып  оты-

рып. «Ия, естідім, өздеріне  ынғайлы  болса  

береберсін,  тек  тату-тәтті  өмір сүріп  жат-

са  болды  да.»  деп  Сандуғашқа  қарады.  

Өлмесханның ойы сан-саққа кетті  «Келді-

байыма  шындықты  айталмадым,  кетерде  

айтып    кетуім    керек    еді.    Мейлі    айту  

қашпас,    екеуі    бір-біріне    бауыр  баса  

берсін,    жақсы    көргенсайын    жақсы  

көреберсін.  Мен  айтсам  мүмкін  жеккөріп  

кетерме еді  кім  білсін.  Екі  қиын  соқпақ  

жолды  тағдыр  өзі  тоғыстырар,  екі  жол  

қосылып  данғыл  жолға  айналар.  Артын  

күтейік»  деп  дастарқанға  бата  жасап,  ор-

нынан  тұрып,  жататын  бөлменің  есігін  

ашты.  

(Басы өткен санда, жалғасы бар)



жүктеу 3,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау