9
униеерситеті т.б.) шашыраңқы күйде жүргізілді. 1945 жылы Қазақстан Ғылым
Академиясы құрылғаннан кейін, ғылыми-зерттеу институтарының бірыңғай
тұтас жүйесі қалыптасты. ҒА құрылғаннан бергі жарты ғасырдан астам онда
үлкен зерттеу жұмыстары жүргізілді; ӛндіріске құнды жаңалықтар енгізілді;
ұйымдастыру құрылымы қалыптасты. Қазақстан Республика Президенті
Н.Назарбаевтың 1993 жылы 21 қаңтардағы Жарлығымен республика ҒА болып
қайта құрылды. Ұлттың ҒА-ның аймақтық тӛрт бӛлімшесі құрылған: оңтүстік
бӛлімше — Шымкентте, шығыс бӛлімше — Ӛскеменде, батыс бӛлімше —
Атырауда және орташа бӛлімше Қарағандыда. Қазақстанда ғылымның соңғы он
жылда даму ерекшелігі қалыптасқан экономикалық құрылыммен байланысты
болды. Ғылымды мемлекет тарапынан басқару жүйесін жетілдіру, еліміздің
әлеуметтік-экономикалық ӛзгерісткрі тұсында оның рӛлін арттыру, ғалымдарға
мемлекеттік қолдау кӛрсету шаралары жүзеге асырылды.
«Ғылым» — республикалық ғылыми әдебиеттер баспасы. Қазақстан ҒА
Тӛралқасының шешімімен 1946 жылы Алматыда ұйымдастырылған. 1992
жылға дейін «Наука» баспасы аталған. Алгашқыда редакциялық-баспа кеңесін
Қ.Сәтбаев басқарды. Тұңғыш редакторы — Б.Я. Нинбург. 1948 жылы 17
қарашада Қазақстан ҒА-ның дербес баспасы ретінде қайта құрылды. 1962 жылы
Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жӛнінде әдебиеттер шығаратын
баспаға айналды. 2001 жылы ҚР Білім және ғылым министрінің «Ғылым»
баспасы болып қайта құрылды.
Ғылыми стиль — стилъдің ғылым саласында қолданылатын түрі. Ғылым
стилъге нақтылық, логикалық, мазмұн дәлелдігі қажет. Ғылыми стилъде
сӛйлемдегі сӛздердің қалыпты орны, тіл нормасы қатаң сақталады. Ғылым
стилъдегі еңбектерге монография, оқулық, мақала, диссертация, реферат,
баяндама, тезистер, патенттер, т.б. жатады.
Ғылыми таным — танымның ең жоғарғы пішімі. Ғылыми таным
рационалдық сипатының басымдылығымен ерекшеленетін ӛте күрделі
құбылыс. Ол, негізінен, ұғымдар жүйесі, теориялар, заңдар сияқты басқа да
ойлау процестерінің түрлері арқылы айқындалады. Әрине, мұнда сезімдік
танымның рӛлі де жоққа шығарылмайды, алайда ол ғылыми танымның
теориялық ауқымында жанама, екінші рӛл атқарады. Ғылыми таным
құбылыстар мен процестердің ішкі әмбебаптық байланыстары мен
заңдылықтарын эмпириялық білім мен ақыл-ойга табан тіреп, рационалды
түрге сараптау арқылы бейнелейді. Мұнда сараптау ұғымдар жүйесі, ой
қорытындысы, заңдар, категориялар мен принциптер сияқты жоғары
дәрежедегі асбстракциялар жүйесі арқылы іске асады. Ғылыми танымның ең
маңызды міндеті — мейлінше ақиқатқа жету, оның мазмұнын жан-жақты ашу.
Осы міндетті іске асыру үшін ғылыми танымның кӛптеген тәсілдері кеңінен
пайдаланылады, оларға: абстракциялау, синтез, дедукция, абстрактылықтан
нақтылыққа қарай ӛрлеу, тарихилық және логикалық әдістер жатады. Ғылыми
танымның аңызды ерекшелігі
~
оның ӛзіне бағытталғандығы немесе ішкі
ғылым рефлексия ретінде қалыптасуы; ягни ол тек таным процесінің ӛзін, оның
пішімдері мен әдіс-тәсілдерін, ұғымда жүйесін зерттейді.
10
Ғылым логикасы — ғылыми танымның логикалық заңдылықтарын
зерттейтін философия ғылымының саласы. Ғылым логикасы жалпы ғылымга,
ғылыми танымға тән заңдылықтарды зерттейді. Философиялық зерттеудің
арнайы нысаны ретіндегі ғылым логикасы жӛнінде 20 ғ-дың 1-ширегінде
позитившіл философиялық ағым ӛкілдері (Фреге, Рассел мен Витгенштейн)
мәселе кӛтере бастады. 20 ғ-дың 30 жылдары Вена үйірмесіне қатысушылар,
сондай-ақ К. Поппер, В.Дубислав Рейхенбах т.б. ғалымдар философияны
формалды логика ретінде түсіндіріп, оның міндеті - ғылымның тіліне талдау
жасау деген анықтама ұсынды. Әсіресе, Рейхенбахтың айтуынша,
философтың қолынан келетіні ғылым нәтижелерін талдау, оларға мағына
беру және дұрыстығын анықтау ғана. Таным теориясы ғылымды талдау
болады. Бұл тұжырым, әрине, философияның ӛзіндік проблематикасын жоққа
шығарады. Бірақ бұдан ғылым логикалық талдаудың нысаны бола алмайды
деген қорытынды шықпайды. Формалды логика дайын, қалыптасқан білімді
қарастырады; білімнің жалпы ғылымга тән формалдық құрылымын,
элементтерінің байланысын зерттейді.
Ғылым философиясы - философияның ғылымды адам іс-әрекетінің
ерекше аясы әрі ұдайы дамудағы таным жүйесі ретінде қарастырылатын бір
саласы. Ғылым танымды гносеология және методология тұрғыдан зерттеу
тарихы әріден басталғанымен, ғылым философиясы 20ғ-да ғана дербес пэн
ретінде қалыптаса бастады. Ең алғаш бұл термин Кант, Э.Литтре, Спенсер, т.б.
ғалымдар еңбектерінде қолданылды. Олар ғылым тілім философиялық
тұрғыдан зерттеу әрекеттері тек формалды логиканың шеңберінде жүзеге асуға
тиіс, ал ғылыми-теориялық ұғымдарды эмперикалық таным, тәжіребе сынағы
арқылы негіздеуге болады деп тұжырымдады. Бұл тұжырым бойынша, ғылым
— адамның ең жоғарғы ісі, ал ғылым философияның бір ғана міндеті —
тұтастай ғылымды, оның пәндік салаларын логикалық-методологиялық
тұрғыдан
қамтамасыз
ету.
Бертін
келе
бұл
тұжырымдаманың
сыңаржақтылығына кӛзі жеткен ғылымдар ғылым философиясының зерттеу
нысандарына елеулі ӛзгерістер енгізілді. Енді ол ғылымның құрылымымен
қатар тарихын зерттеуге ден қойып, бұрыннан белгілі проблемалармен қатар
жаңа пәндік мәселелерді, олардың қалыптасу үрдісін қарастыра бастады.
Ғылымның теориялық сатысының белгілі бір шамада тәжірибеге тәуелсіз
екендігін мойындап, жаңа ғылым білімнің табиғатында тәжірибе-сынақ арқылы
дәлелдеу мүмкін емес дүниетанымдық кӛзқарастардың, методологиялық
принциптердің болатынына кӛз жеткізді. Бірақ ғылымның даму заңдылығын,
оның қызметтік міндеттерін дұрыс түсіндіре алатын методологиялық ұстын
диалектикалық кӛзқарас қана. Сананың техникаландырылу деңгейінің
артып, компъютерлік дүмпудің ӛркениет ӛрісіне тікелей әсер етуі, сол арқылы
ғылым функциясының кеңейіп, қоғамның ӛзге салаларының, алуан текті
мәдениет тұрпаттарымен байланысының күшеюі ғылым философиясының
алдында күрделі мәселелер қойып отыр. Сондықтан ғылым философиясы
ғылыми танымның логикалық-гнесеологиялық проблемаларымен қатар
ғылымның әлеуметтік-философиялық және этикалық — этностық
мәселелерін зерттеуге тиіс.