7
Ғылымның ӛз заңдарын ашуға бағытталған қызметі — түсіндіру мен
болжау болып табылады. Ғылым деректен басталып, деректен аяқталады, бірақ
бұл екі дерек бір нәрсе емес, бастапқы дерек — теориялық мазмұнмен
«қиындатылған», ал қорытындылаушы дерек тәжірибеден туған
теориялық тұжырымдардың жемісі (заңдардың ашылуы) болып табылады.
Деректен — заңға, ал одан ғылыми теорияға тура жол жоқ. Ғылым заңын
ашуда теориялық білімнің формасы ретінде гипотеза шешуші маңызға ие
болады. Гипотезаны ұсыну үшін: ең аз мӛлшердегі белгілі бір дерек (кемінде
бір классикалық дерек); зат (құбылыс) туралы ұғымды қалыптастырудың
белгілі бір сатылары; дерек пен қолданылып жүрген
теория арасындағы қарама-қарсылықты сипаттайтын, проблемалық
ситуация болуы қажет. Қазіргі заманға ғылым заңдарының қалыптасуын тануда
суьектінің рӛлі артып отыр (мысалы: салыстырмалық теоремасы, квант
механикасы). Ғылым заңдарын ашуда оның бастапқы негіздеріне талдау
жасаудың маңызы зор. Осы бастапқы негізден шыгып, бірқатар аралық
тізбектен ӛтіп, объективті қарама қарсылықтарды шешу арқылы жалғасын
тапқан күрделі тізбек ӛзгеріске ұшырай келе, дамыған теорияға айналады
(мысалы: салыстырмалық теориясының бастауы, салыстырмалық
принципі болды). Заңды ашу жолындағы ізденіс зерттелу үстіндегі нысанның
маңызды емес, екінші қатардағы қасиеті мен байланысынан
алшақтауды, оған назар аудармаудан талап етеді, басқаша айтқанда оны
«таза» күйінде қарастыру қажет. Ғылымдағы абстрактілеуді суъективті
тәсіл деп ұғуға болмайды. Оның ғылымдағы рӛлі зерттелудегі ақиқатқа қол
жеткізуге жәрдемдесуімен анықталады. Ал әлеуметтік институт ретінде
ғылым еңбек бӛлінісінің нәтижесінде дамитын жаңа сападағы оӛндірістік
күш болып табылады. Ғылым еңбек процесін жетілдіре отырып, оның жаңа
механизмін құрады. Ғылымның ӛндірістегі рӛлі жаңа машиналар,
технологиялар түрінде кӛрінеді. Адам күшін табиғат күшімен алмастыру
бірінші ӛнеркәсіптік революцияға алып келді. Керісінше, машиналық ӛндіріс
ғылымның жаңа қарқынмен дамуына жол ашты. Осылайша 19 ғ-да техника
әлемінде соны ғылыми жаңалықтар (машиналар мен механизмдер теориясы,
материалдар, кедергісі, т.б.) ашылды. Екінші ӛндірістік революция
кибернетиканың тууымен, жаңа ӛндірістік автоматтардың пайда болуымен
байланысты болды. Қазіргі замангы ғылымды ӛндірістік күш ретінде энергия,
тіпті оны үнемдеу де кӛп қызықтырмайды, керісінше, ақпарат ӛңдеу, соның
негізінде ӛндіріс пішімділігіне қол жеткізу алдыңгы орынға шықты. Адам
тікелей ӛндіріс процесінің шеңберінен шығарылып қана қоймайды, ол мүлде
жаңа сападағы техникалық әлем қалыптастыра отырып, ацпараттық
моделъдермен жұмыс істей бастады. Басқару мен жоспарлауды автоматтандыру
қазіргі ғылыми-техникалық рееолюцияның басты ерекшелігі болып табылады.
Жаратылыстану және техникалық ғылымдар осыған сай қогамдық ғылымдар
мен жақындасуда. Сондықтан да, ғылымның қазіргі заманғы ӛндірістік күш
ретіндегі мәні ғылыми-техника және қоғамдық-тарихи дамудың ішкі бірлігін
сақтай отырып, оның қоғамдық ӛндірістік күш деңгейіне дейін кӛтерілген
мақсатты қызметін қайтарып беруде болып табылады.
8
Ғылымның құрылымы. Тұтас ғылым жүйесін құрайтын гылым пәндерді
шартты түрде жаралыстану, әлеуметтік және техникалық ғылым деп үлкен үш
топқа бӛлуге болады. Бұлардың арасында қатаң шекара жоқ, бірқатар ғылым
пәндер аралық жағдайда қалыптасқан. Мысалы: техникалық ғылым мен
әлеуметтік гылымның түйіскен жерінде техникалық эстетика, жаратылыстану
ғылымы мен техникалық ғылымның түйіскен жерінде — астроботаника, ал
жаратылыстану ғылымы мен әлеуметтік ғылымның түйіскен жерінде —
экономика ғылымдар қалыптасқан. Әрбір аталған жүйелік түр іштей жіктелген
жекелеген ғылым түрлерін құрайды. Ғылымның ерекше рӛл атқаратын
салалары — математика, информатика және басқару теориясы болып табылады.
Ғылымның белгілі бір саласында дәстүрлі зерттеулер жүргізілуімен қатар,
пәнаралық, кешенді зерттеулер жүргізу қазіргі ғылымның ерекше даму бағыты
болып табылады. Мысалы: табиғатты қорғау мәселелерін зерттеуде осы
бағыттың маңызы айқын болып отыр.
Күрделі жүйе туралы ғылым мен жүйенің тепе-тең емес күйі туралы
ғылымның түйісуінен ашық жүйе саласында зерттеулер жүргізілуде. Ірі
ӛндірістік және элеуметтік мәселелерді шешу барысында түрлі ғылым
салаларының түйісе қызмет жасауы қазіргі заманғы ғылымда заңды құбылыс
ретінде қабылданады. Ӛзінің алған бағыты, тікелей ӛмірге қатынасына
байланысты ғылымды іргелі және қолданбалы деп бӛлу дәстүрі қалыптасқан.
Іргелі ғылым саласының міндетті қоғамды, дүниені, табиғатты
түсіндіретін заңдарды тану.
Қолданбалы гылымның тікелей мақсатты іргелі ғылымның ашқан
жаңалықтарын танымдық,
әлеуметтік-практикалық мәселелерді шешуге қолдану болып табылады.
Ғылымды ұйымдастыру мен басқару. Ғылымды әлеуметтік институт
ретінде танып, ұйымдастыру ісі 17 ғ-дың аяғы мен 18 ғ-дың басында Еуропада
алгашқы ғылым қоғамдар мен академиялар пайда болып, ғылыми журналдар
жарық кӛре бастауымен тікелей байланысты. Бұған дейін ғылымды дербес
әлеуметтік құрылым ретінде сақтау және дамыту ісі, кітаптардың кӛмегімен,
дәріс беру арқылы, ғылымдардың қарым-қатынасты, ӛзара сұхбаты, хат алысуы
арқылы жүрді. 19 ғ-дың аяғына дейін ғылыммен айналасатын адамдар саны
тым аз болатын. 19-20 ғ-ларда ғылымды ұйымдастырудың жаңа тәсілдері
қалыптасты. Қуатты техникалық базасы бар, ірі ғылыми институттар мен
лабораториялар пайда болды. Олар ғылым қызметті қазіргі ӛнеркәсіптік
еңбекке жақындатты. Қазіргі заманғы ғылым қоғамдағы барлық әлеуметтік
институттар мен жан-жақты байланысып жатыр, бұл байланыс тек ӛнеркәсіп
арқылы ғана емес, саясат, әкімшілік және әскери салаларда да кӛрініс тапты.
Ғылым әлеуметтік институт ретінде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық
күш-қуатының маңызды факторына айналып, оның әлеуметтік-мэдени даму
деңгейінің кӛрсеткіші болып отыр.
Қазақстанда ғылымды ұйымдастыру алгашқыда әр түрлі ғылыми-зерттеу
мекемелерінде (Партия тарихы институты, Санитарлық-бактериологиялық
институты, тыңайтқыштар мен агротопырақтану институты т.б.)және бірқатар
жоғары оқу орындарында (Қазақ малдәрігерлік институты, Қазақ мемлекеттік