Койшина акмарал итемгеновна



жүктеу 1,13 Mb.
Pdf просмотр
бет2/30
Дата08.11.2018
өлшемі1,13 Mb.
#18658
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30



АЛҒЫ СӚЗ 

 

          «ҒЗЖ  негіздері»  курсы  5В070800-  Мұнай-газ  ісі  мамандығы  үшін 

міндетті болып саналады және оқу жоспарына салалық пән ретінде енгізіледі. 

          Курстың  мақсаты-  студенттерді  мұнай-газ  саласында  ғылыми  зерттеу 

жұмыстарын жүргізу тәртібімен және реттілігімен таныстыру. 

           Пәнді  зерделеудің  мәселелері-  негізгі  кезеңдерді  меңгеру:  зерттеулердің 

кӛкейтесті тақырыптарын бағалау және таңдау; зерттеудің мақсатын қою және 

әдістерін  негіздеу;  аналитикалық  және  эксперименттік  зерттеулер  жүргізу; 

алынған нәтижелерді ӛңдеу, талдау және ақиқаттылығын бағалау; инженерлік-

зерттеу  жұмысына  қызығушылықты  дамыту  және  оның  қоғамдық  маңызын 

анықтау. 

         Оқу  құралы  студенттердің  дәріс  пен  тәжірибелік  сабақтарда,  сондай-ақ 

ӛзіндік  жұмыс  процесінде  зерделеуге  және  меңгеруге  жататын  тақырыптардан 

және ұсынылатын әдебиеттер тізімінен тұрады. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 





1. КІРІСПЕ

  

        Дәріс  мақсаты:  Флюида  қозғалысын  басқару  және  ӛндірудің  жаңа 

әдісіндегі  мұнай  және  газ  кенорындарын  игеру  облысындағы  ғылыми-зерттеу 

жұмыстарының даму этаптары және классификациясы. 

 

          Маңызды сӛздер: Ғылым классификациясы. Техникалық ғылымдар. 

     Ғылым - адамның табиғат пен қоғам туралы обьективті білімін 

қалыптастыруға  мүмкіндік  беретін  танымның  ең  жоғаргы  пішімі,  оның 

практикалық  қызметінің  бір  саласы.  Адамзат  қоғамының  дамуы  барысында 

ғылым сол қоғамның маңызды элеуметтік институтына және тікелей ӛндірістік 

күшіне  айналды.  Ғылымның  басты  мақсаты  —  ғылым  заңдарының  негізінде 

ашылып  отырган  болмыс  құбылысы  мен  процесін  болжау,  түсіндіру  және 

жүйелеп мазмұндап беру. 

            Ғылым-бұл  қоғам,  табиғат  және ойлау  қабілеті  туралы  жаңа  білімді  алу 

үшін  бағытталған  зерттеу  әрекетінің  сферанын  айтады.  Ерекше  адамзат 

тобының  арнайы  және  физикалық сабақ  түрінің  әрекеті,  сонымен  қатар  дұрыс 

еңбек  ізінен  және  еңбектің  қоғамдық  бӛлімдерінен  ғылым  туады.  Ірі  кӛлік 

ӛндірісінің шығуы, ғылымда ӛндірістің ӛзіне беделді факторларының жағдайын 

құрайды.

  

Ғылым  дамуының  негізгі  бағыттары.  Ғылым  адамзат  қоғамының  ерте 



дәуірінен,  адам  баласының  танымдық  және  ӛндірістік  қажеттілігінің  арасы 

ажырамай  тұрған  кезеңнен  бастау  алады.  Ежелгі  Шыгыста  (Мысыр,  Үндістан, 

Қытай)  болашақ  ғылымға  негіз  болган  білімнің  алгашқы  нышандары 

қалыптасты.  Ғылымның  алғышарты  ретінде  мифологияны  атауга  болады. 

Онда  алғаш  қоршаган  орта  туралы  бүтін,  тұтас,  жан-жақты  танымдық  жүйе 

қалыптастыруға  ұмтылыс  болды.  Бірақ,  танымның  бұл  формасы  ӛзінің  діни-

антропоморфты  сипатына  байланысты  нағыз  ғылым  алшақ  жатқан  еді. 

Ғылымды қалыптастыру — мифологиялық жүйені сынау мен бұзуды талап етті. 

Ғылымның қалыптасуы үшін басқа да әлеуметтік жағдайлар: қогамдық қатынас 

пен  ӛндіріс  дамуының  жоғарғы  деңгейі  (ой  еңбегі  мен  дене  еңбегінің  бӛлнісі 

арқылы  жеке  тұлғалардың  ғылыммен  жүйелі  түрде  айналысуға  мүмкіндік 

тудыру),  сондай-ақ,  әр  түрлі  халықтар  мен  мәдениеттерді  еркін  қабылдау 

мүмкіншілігіне  жеткізетін  бай  және  жан  —  жақты  мәдени  дәстүрдің  болуы 

қажет  еді.  Мұндай  жағдай  б.з.б  бғ-да  Ежелгі  Грецияда  қалыптасты  (Фалес, 

Демокрит,  т.б),  табиги  бастау  арқылы  болмысты  түсіндіретін  мифологияга 

қарама-қарсы  теориялық  жүйе  пайда  болды.  Мифологиядан  бӛліне  отырып, 

теориялық  натурфилософиялық  білім  синкретті  түрде  ӛзіне  ғылым  мен 

философияны  танымдық  бағытта  біріктірді.  Бірақ,  бұл  нақты  теориялық  білім 

болды,  оның  объективтілігі,  логикалық  кӛңілге  қонымдылығы  бірінші  планға 

шықты. Ежелгі Грецияда дамыған ғылым (Аристотель   және   т.б.)   қоғам   мен   

табигат   заңдылыцтарын   ашып, мәдениет тарихында ұлы рӛл атқарады; олар 

тұтастай  алганда  дүниетанымды  білдіретін  бұрынғы  абстрактілі  ұғымдар 

жүйесіне  танымдық  қызмет  тәжірибесін  енгізді,  дүниетанымның  объективті, 

табиги  зацдылъқтарын  тұрақты  іздестіруді  дәстүрге  айналдырады,  гылымның 

ерекше 

тәсілі 


дәлелдеу 

негізін 


қалыптастырады. 

Осы 


дәуірде 

натурфилософиядан  білімнің  кейбір  салалары  даралана  бастады.  Ежелгі  грек 




гылымның  эллинистік  кезеңінде  геометрия  (Евкид),  механика  (Архимед), 

астрономия (Птолемей) жеке ғылым салалары түріне бӛлініп шықты. 

Орта  ғасырдарда  гылымның  дамуына  Шығыс,  араб  елдері  Орта  Азия 

ғалымдары (әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Ибн Рушд  т.б.) елеулі үлес  қосты. 

Олар  Ежелгі  Грецияда  қалыптасқан  ғылым  таным  жетістіктерін  сақтап  кана 

қойган  жоқ,  оны  кӛптеген  салаларда  толықтырып,  дамытты.  Шығысты  әл-

Фараби  Аристотелъден  кейінгі  «екінші  ұстаз»  деп  таныды.  Орта  ғасырларда 

араб елдері мен ислам діні тараған басқа да аймақтарда философия, медицина, 

эстетика,  математика,  астрономия,  т.б.  Ғылым  салалары  қауырт  дамып,  бұл 

құбылыс  кейін  Ислам  Ренессансы  деп  аталды.  Мысалы,  Омейя  әулеті 

халифатында  ғылым  үйі  болды,  онда  ғалымдар  ежелгігрек  ғылымның  барлық 

жетістіктерін  араб  тіліне  аударды.  Ғылымның  ерекше  формасы  «фэлсафа» 

қалыптасты. Еуропада бұл дәстүрді кейін схоластар дамытты. 

Ғылым  рухани  ӛмірдің  дербес  факторы  болып,  дүниетанымның  негізгі 

тірегіне  айналды.  (Леонардо  да  Винчи,  Н.  Коперник).  Сондай-ақ,  ғылым 

табиғат  құбылыстарын  жан-жақты  зерттеп,  адамзат  танымның  кӛкжиегін 

кецейте түсті. 

Ғылымның қарқынды дамуы, дүниенің жаңа бейнесін қалыптастырудағы 

рӛлінің артуы, жаңа дәуірде ғылымды жоғары мәдени құндылық ретінде таңдау 

мен  бағыттардың  ғылымға  қарап  бой  түзуіне  ықпал  етті.  Қоғамдық  ӛмір 

құбылыстарын  тану  саласындағы  ӛзгерістер  діннің  «табиғи  бастауын»  іздеу, 

құқық,  мораль  т.б.  «адам  табиғаты»  туралы  түсініктер  бағытындағы 

ізденістерден  кӛрініс  тапты  (Б.  Спиноза,  Т  Гоббс,  Дж.  Локк,  т.б.).  «Ақыл-ой 

сәулесін»  таратар  ғылым  әлеуметтік  шынайы  ӛмірде  кездесетін  кемшіліктерге 

қарсы тұрар антитеза ретінде қабылданды. 

Ғылымның басқа салалары бойынша алынған нэтижелер негізінде оларды 

жан-жақты және терең қорыту міндеті алга қойылды. Энергияның сақталуы мен 

айналуы  заңының  ашылуы  (Р.  Майер,  Дж.Джоуль,  Г.Гельмгольц).  Клетка 

теориясын  тұжырымдау  (Т.  Шван,  М.Шлейден)  барлық  тірі  организмдердің 

біртекті  құрылымын  кӛрсетті.  Биологиядағы  эволюциялық  ілім  (Ч.  Дарвин) 

жаратылыстануға даму идеясын енгізді. Элементтердің периодтық жүйесі (ДИ. 

Менделеев) заттың барлық белгілі түрлерінің ішкі бірлігінің барлығын кӛрсетті. 

Ғылым дамуының қазіргі кезеңдегі философия — дүниетанымдық базасы 

диалектикалық-логикалық  тұжырымдама  болып  табылады.  Ғылымның  «осу 

нүктесі» оңың  ішкі даму логикасы мен  қазіргі заманадағы адамзат  қоғамының 

кӛпқырлы элеуметтік қажеттілігінің ұштасуына байланысты. 20 ғ-дың басында 

жаратылыстану гылымында алдыңгы қатарга биология шықты, онда ДНҚ-ның 

молекулалық  құрылымы  белгіленіп,  генетика  кодтары  айқындалды.  20  ғ-да 

гылымның  даму  қарқыны  оның  түрлі  салаларының  ұштасып,  қазіргі  кезеңнің 

кешенді,  ірі  мәселелерін  жаңа  бағдарда  шешуге  бағытталган  мәселелерде 

(материалдар  мен  энергияның  жаңа  кӛздерін  қалыптастыру,  адам  мен  табиғат 

қатынастарын  тиімділендіру,  үлкен  жүйелерді  басқару,  ғарыштың  зерттеулер, 

т.б.)  ерекше  байқалды.  3-мыңжылдықтағы  ғылым  дамуының  басым  бағыты 

бүкіл  әлемді,  оның  ішінде,  адамнаң  ішкі  әлемін  жан-жақты,  тұтас  қарастыру 

болмақ. 



жүктеу 1,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау