Оқулық Бірінші басылуы Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 4,01 Kb.
Pdf просмотр
бет17/53
Дата30.05.2018
өлшемі4,01 Kb.
#18517
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   53

47
5-кесте
Антропогендік  ландшафтардың    түрлері

Антропоген.  ландшафт  сынып-
тары
Антропогендік ландшафт түрлері
1
Ауыл  шаруа-лық  ланд-тары
Егіншілік, бағбаншылық, шабындық-жайлау, ара-
лас.
2
Өнеркәсіп ландшафтары
Карьерлер,  құландылар,  террикондар,  псевдокарст 
және басқ.
3
Сызықты-жол ландшафтары
Автомобиль жолдары, теміржолдар, мұнай және газ құ-
бырлары.
4
Орман антропоген. ланд-тары
Ағаш алқ.-ры, кесілген орман орнындағы екінші орман-
дар ж-е басқ.
5
Су антропоген. ландшафтары
Су қой-ры, каналдар, көлдер, балық әуіздері және басқ.
6
Рекреациялық ландшафтар
Санаторийлер,  демалыс  орындарының  бау-бақшалары 
және басқ.
7
Селитеб ландшафтар
Қалалар, ауыл-қыстақтар
8
Беллигеративтік  (лат.  веллигерро  – 
соғыс)
Күзет  төбелері,  қорғандар,  бекіністер,  орлар,  окоптар 
және басқ.
А.Г.Исаченко  антропогендік  әсердің  нәтижесінде  геожүйелердің  қай 
дәрежеде  өзгеретінін  негізге  алып,  барлық  антропогендік  ландшафтарды 
4  топқа  бөледі: 
1.  Шартты  өзгертілмеген  (алғашқы  ландшафтар).  Олар  адамның  ті-
келей  әсеріне  және  оның  шаруашылық  қызметіне  душар  болмаған  ланд-
шафтар  болып  табылады.  Оларда  адам  қызметінің  әлсіз  және  тікелей  емес 
әсерінің  іздері  ғана  байқалады.  Мысалы,  биік  таулардағы  қар-мұздықтар, 
ормандар,  қорықтар  және  т.б.
2.  Əлсіз  ғана  өзгертілген  ландшафтар.    Бұлар  негізінен  адам  қыз-
метінің  экстенсивті  (аңшылық,  балықшылық  сияқты)  түрінің  әсеріне  ду-
шар  болған  ландшафтар.  Адамның  қызметі  бұндай  ландшафтардың  кейбір 
компоненттеріне  ғана  әсер  етіп,  табиғи  байланыстар  әлі  бұзылмаған,  ол 
бұрынғы  өз  қалпына  қайта  келуі  мүмкін.
3.  Күшті  өзгертілген  (бұзылған)  ландшафтар.    Бұл  топтағы  ландшаф-
тар  негізінен  адам  қызметінің  жедел  әсерімен  өзгерген  ландшафтар  болып 
табылады.  Олардың  көптеген  компоненттері  өзгеріп,  ландшафт  түзілісінің 
айтарлықтай  дәрежеде  бұзылуына  соқтырған.  Мысалы,  карьерлер,  тау-кен 
өнеркәсібінің  шығындылары  және  т.б.


48
4.  Мəдени  ландшафтар.  Түзілісі  адамның  қолымен  қоғамның  мүдде-
лерін  көздеп,  ғылыми  негізделген  түрде  өзгертілген  ландшафтар.  Мысалы, 
сапалы  өңделіп  жатқан  бақтар,  мақталықтар,  плантациялар  және  т.б.
Антропогендік  ландшафтар  жөнінде  сөз  қозғалғанда,  мəдени  және  бұ-
зылған  ландшафтар  деген  терминдер  жиі  қолданылады.  Мәдени  ланд-
шафт  –  қоғам  мүдделері  жолында  ерекшеліктері  адамның  қолымен  ғылы-
ми  негізде  және  ақылмен  өзгертілген  ландшафтар.  Оларға  төмендегі  ең 
маңызды  екі  сапа  тән:  1)  адамдардың  өмір  сүруіне  қолайлы,  денсаулығын 
сақтауға,  физикалық  және  рухани  дамуына  көмектесетін  орта;  2)  жоғары 
өнімділік  пен  экономикалық  тиімділік.  Бұндайда  адамның  қолымен  ланд-
шафтардың  ішкі  мүмкіндіктерін  дамыту,  табиғи  үдерістерді  жандандыру 
және  ландшафтардың  тиімділігін  арттыру  басты  мақсат  болады.  Біздің 
елімізде  көп  жылдардан  бері  игеріліп,  көріктендіріліп  келе  жатқан  кө-
галдар  –  мәдени  ландшафтар  болып  табылады  (4-а  сурет).  Айналадағы 
шөлдер  мен  шөлейттерге  яки  таулы  геожүйелерге  қарағанда,  көгалдарда 
адамның  жақсы  өмір  сүруіне  қолайлы  экологиялық  орта  бар,  ал  шару-
ашылық  қызмет  бірнеше  есе  тиімді.  Бұны  төмендегі  көрсеткіштерден-ақ 
білуге  болады:  республика  халқының    9/10  бөлігі  көгалдарда  өмір  сүреді. 
Суармалы  алқаптар  республика  жер  қорының  1/10  бөлігін  құрай  отырып, 
ауыл  шаруашылығында  өндірілетін  өнімдердің  9/10  бөлігін  береді.
Бұзылған  ландшафтар  дегеніміз  –  жалпылама  ұғым.  Түптеп  келген-
де,  ландшафтар  бірер  табиғи  яки  антропогендік  әсерлердің  нәтижесінде 
толығымен  бұзыла  қоймайды.  Тек  олардың  құрамдық  бөліктері  –  бірер 
компонентінде  немесе  кейбір  бөліктерінде  күшті  өзгеріс,  бұзылу  орын 
алады.  Сондықтан  бұлар  “бұзылған  жерлер”  деп  бейнеленгені  орынды. 
Бұзылған  жерлер  –  адамның  қызметі  және  табиғи  үдерістер  нәтижесін-
де  шаруашылық  маңызын  жойған,  жарамсыз  немесе  жарамдылығы  на-
шар,  топырақ-өсімдік  жамылғысы  мен  гидрологиялық  реттілігінің  өзгеруі, 
техногендік  жер  бедерінің  қалыптасуы  себепті  қоршаған  ортаға  кері  әсер 
4-cурет. а) Көгалдар – мəдени ландшафтар. ə) Карьерлер – бұзылған жерлер.


49
ететін,  ұнамсыз  көріністі  аумақтар.  Олар  топырақтың,  су  мен  ауаның  лас-
тану  көзі  болып  саналады,  адамдардың  өмір  сүру  және  еңбек  ету  орта-
сын  күрделендіреді.  Бұндай  жерлер,  көбінесе,  адамның  табиғатқа  бейпа-
рық  қарауы  салдарынан  пайда  болады.  Егін  алқаптарындағы  жарлауыттар, 
су  қоймалары  жанындағы  батпақтар,  тау-кен  өнеркәсібі  аумақтарындағы 
сортаңдар,  опырылған  жерлер  мен  қоқыс-қалдықтар  даласы  және  т.б. 
(4-ə  сурет).  Оларды  қайта  тіктеу  істеріне  өте  үлкен  қаржы  қажет  болады. 
Біздің  елімізде  қазір  ондай  жерлерде  жайылымдар,  бақтар,  көлдер,  рекре-
ация  орындары  құрылып,  шаруашылық  мақсаттарға  пайдаланылып  келеді.
Антропогендік  себепшарттың  табиғатқа  әсерінің  бір  көрінісі  техника-
ның  әсері  болып  табылады.  Техниканың  табиғатпен  тығыз  ұштасып  ке-
туі  нәтижесінде  біртұтас  табиғи-техникалық  жүйелер  пайда  болады.  Олар 
ғылымда  геотехжүйелер  деп  аталады.  Геотехжүйе  –  табиғи-техника-
лық  жүйелердің  өзіне  тән  дербес  түрі;  техника  мен  табиғат  дегенде  та-
биғи  және  техникалық  шағын  жүйелердің  үндестігін  түсінеміз.  Жүйенің 
біртұтастығы  ұғымының  ерекше  маңызы  бар.
Геотехжүйеге  мысал  ретінде  су  қоймаларын,  ірі  каналдарды,  суармалы 
егін  алқаптарын,  сан  түрлі  зауыттар  мен  фабрикаларды,  олар  орналасқан 
ландшафтарды  және  айнала-төңіректегі  өзара  байланыста  болуы  мүмкін 
басқа  да  ландшафтарды  айтуға  болады.
Геотехжүйелерде  олардың  техникалық  бөлігінде  орын  алатын  үдерістер 
мен  ландшафта  болатын  үдерістер  өзара  үндесіп  кетеді.  Мысалы,  суарма-
лы  егіншілік  ландшафтарында  өсімдік,  топырақ  секілді  компоненттердің 
ерекшеліктері  техниканың  көмегін  пайдаланған  адамның  қолымен  бел-
гіленіп,  реттеліп  тұрады.  Өз  кезегінде  суару  жүйесінің  режимі  ландшаф-
тың  жағдайы мен  белгіленеді,  яғни  басқарылатын  геотехжүйедегі  байланыс-
тылықтар  дұрыс  және  кері  байланыстар  көмегімен  іске  асырылады.  Бұндай 
кездерде  техниканың  көмегімен  басқарылатын  нысан  ретінде  ландшафтың 
биотик  компоненттері,  су  және  басқалар  қызмет  етеді.  Бұны  республика-
дағы  көптеген  каналдар  мен  су  қоймалары  мысалынан  көруге  болады. 
Геотехжүйелер  тек  каналдар  мен  су  қоймаларында  ғана  емес,  сонымен 
қатар  ірі  өнеркәсіп  нысандары  төңірегінде  де  қалыптасуы  мүмкін.  Бұн-
дай  геотехжүйелерде  шағын  жүйелер  ретінде  табиғат,  яғни  ландшафт  пен 
өнеркәсіп  нысаны  өзара  әсер  мен  байланыста  болады.  Ал  негізгі  байла-
ныстар  тағы  да  су  немесе  ауа  арқылы  жүзеге  асады.  Геотехжүйелердің 
техникалық  бөлігі  міндетін  сан  түрлі  электр  станциялары,  тау-кен  метал-
лургия  комбинаттары,  ірі  қазба  кендері  және  басқалар  орындай  алады.


жүктеу 4,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау