49
жылдар бойындағы мәліметтер бойынша түрлі себептермен лактациялық және
линолық кезеңдердегі төлдерінің өлімі (30 қаңтар – 10 наурыз) 10-15% -дан
30%-
ға дейін құрайды. Итбалықтардың көптеген бөліктері механикалық
соққыдан мұз арасында қалу, аштықтан, қанатты жыртқыштардың шауылынан
өледі. Осылайша олар профессор М. Қияров пен НПО пікірлерімен өз
келіспеушіліктерін білдірді.
5.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1.
Химия – Нурахметов и др. - Алматы: Мектеп, 2013
2.
Химия», 9 класс, Габриелян О.С.
3.
Химия. 8 класс. Нурахметов и др. - Алматы: Мектеп, 2012. – 216 с.
4.
Химия. 10 класс. Учебник + CD. Рудзитис Г.Е.- Москва: Просвещение,
2014.
5.
6.
Верховский В. Н., Гольдфарб Я. Л., Сморгонский Л. М. Методика
преподавания химии в средней школе. М., 1с.
7.
Зайцев О. С. Химия. Современный краткий курс. М., 19с.
8.
Кирюшкин Д. М. Методика преподавания химии в средней школе. М. ,
19с.
9.
Кирюшкин Д. М., Полосин В. С. Методика обучения химии. М., 19с.
10.
Полосин В. С. Школьный эксперимент по неорганической химии. М.,
19с.
11.
Потапов В. М., Хомченко Г. П. Химия. М., 19с.
12.
Ходаков Ю. В. Общая и неорганическая химия. М., 19с.
13.
Габриелям, О. С, Остроумов И. Г. Химия. 9 кл. Методическое пособие.
—
М.: Дрофа.
14.
Габриелян О. С, Остроумов И. Г. Настольная книга учителя. Химия. 9
кл. — М.: Дрофа.
15.
Габриелян О. С, Остроумов И. Г. Общая химия в тестах, задачах,
упражнениях. М.: Дрофа.
50
Тұрмыстағы заттармен және құбылыстармен танысу арқылы химия
курсы бойынша қосымша білім беру бағдарламасы
1. Түсіндірме жазба
Тұрмыстағы заттармен және құбылыстармен танысу арқылы оқушылардың
химия курсын оқуына ішкі мотивациясын, оқушыларда зерттеу жұмысы
мәдениетін қалыптастыру, өзінің денсаулығына ұқыппен қарауды тәрбиелеу
мақсатында мектеп оқушыларына қосымша білім беру үшін Тұрмыстағы
заттармен және құбылыстармен танысу арқылы химия курсын оқыту
бағдарламасын ұсынуға болады.
Химиядан қосымша білім берудің осы бағдарламасы оқушының жалпы
дүниетанымын арттыруға бағытталған, оқушылардың оқытудың жоғарғы
сатысындағы кәсіпті едәуір саналы түрде таңдауына ықпал етеді, өйткені онда
ғылыми-зерттеу бағыты қамтылады.
Негізгі идеясы заттар, олардың қасиеттері мен тұрмыста қолданылуы
туралы оқушылардың білімдерін кеңейтуді білдіреді.
Қосымша білім беру бағдарламасы оқушылардың биология, химия,
валеология пәндері бойынша білімдерін біріктіреді, олардың жалпы
дүниетанымын дамытады.
Бағдарлама мақсаты:
−
тұрмыстағы заттармен және құбылыстармен танысу арқылы химия
курсын оқуда оқушылардың ішкі мотивациясын қалыптастыру;
−
оқушыларда зерттеу мәдениетін қалыптастыру;
−
өз денсаулығына ұқыппен қарауды тәрбиелеу.
Бағдарлама 8-11 сынып оқушыларына арналып, 204 сағатқа есептелген,
бағдарламаның әрбір тақырыбы бір сабаққа сәйкес келеді.
2.
Курс мазмұны
1.
Сабақтардың көпшілігі оқушылардың алдын ала озық қызметін
болжайды, сабақ та соның негізінде құрастырылады.
2.
Мұғалімнің де, оқушылардың да зерделеу объектілері мен қызмет
нысандары әртүрлі болатындығын ескере отырып, осы бағдарлама олардың
шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал етеді.
3.
Ұсынылып отырған қосымша білім беру бағдарламасы тамақтанудың
экологиялық және гигиеналық маңыздылығы, тамақ өнімдері мен олардың ағза
үшін маңыздылығы туралы мәліметтер алуға мүмкіндік береді.
4.
Оқушылар ұтымды тамақтану бойынша ұсынымдар алады, өйткені
тамақтану – қоршаған ортаның маңызды факторы, ол адамның ағзасына әсер
етеді.
5.
Оқушылар зерттеу жұмыстарын орындауды үйренеді.
51
3. Тақырыптық жоспар
Бағдарлама 204 сағатқа есептелген.
–
Шығармашылық жұмыс – 10 жұмыс.
–
Зерттеу қызметі – 8 жұмыс.
–
Практиалық және зертханалық жұмыстар – 15 сағат.
–
Экскурсия – 3.
–
Конференция – 2.
–
Жеке консультация – 44 (ғылыми-практикалық конференцияларға
дайындық).
–
Көрме – 1.
Бірінші сабақта оқушыларға барлық оқу курсы кезеңіндегі олардың
қызметі бойынша қорытынды соңғы сабақта жасалатыны, үздік жұмыстар
анықталатыны және атап өтілетіні туралы ескертіледі.
Химиялық элементтерді зерделеу кезінде химиялық элементтердің жер
қабатындағы және адам ағзасындағы мазмұнына салыстыру жүргізу және
көміртегі мен кремний атомдарының құрылысы негізінде неге көміртегі –
жанды табиғаттың негізі, ал кремний – жансыз табиғаттың негізі екенін
түсіндіру ұсынылады.
Керамиканы, пластмассаны зерделеген кезде коллекция құрастыру
бойынша шығармашылық жұмыс жүргізу ұсынылады. Әдетте коллекция
құрастыру практикалық жұмыстарға жатады, бірақ бұл жұмысты
шығармашылық тұрғыдан да өткізуге болады, өйткені оны орындаған кезде ең
әртүрлі тәсілдер қолданылуы мүмкін.
Мысалы, үлгілерді жинақтау мен жүйелендіруден басқа, көрсетілген
материалдардан қолдан бұйымдар жасауға, колекцияны қызықты фактілермен,
хабарламалармен және т.б. иллюстрациялауға болады.
Кір жуу процесін зерделеген кезде зертханалық тәжірибе жасау
ұсынылады, оның барысында кір жуатын құралдардың жуу қасиеттерін ғана
емес, сонымен қатар әртүрлі жағдайларда жуу тиімділігін салыстырып көруге
болады.
«Дақтарды кетіру» тәжірибесін көрсеткен кезде табиғаты әртүрлі (майлы,
жидек шырыны, тот басу) дақтарды кетіру жолдарын және әртүрлі дақ кетіретін
құралдардың тиімділігін көрсетуге болады. Сатып алатын кезде ескеру үшін
жуатын және тазалайтын құралдардың адам ағзасына әсеріне ерекше назар
аудару керек.
Косметика және парфюмерия құралдарын зерделеген кезде «Сұлулық және
денсаулық энциклопедиясын құрастыру» шығармашылық жұмысын өткізу
ұсынылады. Осындай құралдарды жинау және сипаттау бойынша жеке, жұппен
немесе топтық жұмыс жүргізуге болады. Жинақталған материалды
жүйелендіру және бір топқа жинақтау керек.
Зиянды әдеттердің химиясын зерделеу бойынша сабақтарға темекі
шегудің, есірткінің және алкогольдің адам ағзасына зиянды ықпалы туралы
озық тапсырмалар беру ұсынылады.
Тұрмыстық қалдықтарды зерделеген кезде жобаны топпен әзірлеу жұмысы
Достарыңызбен бөлісу: |