The National Academy of Education named after I. Altynsarin Астана



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет14/113
Дата30.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#18505
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   113

39 
 
Әсер  ету  салдарларына  байланысты  антропогендік  факторлар  келесі 
топтарға бөлінеді: 
− 
оң  факторлар  –  ағзалардың  өмір  сүруін  жақсартатын  немесе  олардың 
санын  арттыратын  факторлар  (жануарларды  өсіру  және  қорғау,  өсімдіктер 
отырғызу және қоректендіру, қоршаған ортаны қорғау және т.б.); 
− 
теріс  факторлар  –  ағзалардың  өмір  сүруін  нашарлататын  немесе 
олардың  санын  төмендететін  факторлар  (ағаштарды  шабу,  жануарларды  ату, 
тұрағын қирату және т.б.). 
Адамның  табиғатқа  әсер  етуін  әр  түрлі  топтастыруға  болады.  Мысалы, 
бұзушы, тұрақтандырушы және құрылымдаушы және т.б. 
Бұзушылық  (бұзылушылық)  әсер  ету  –  табиғи  ортаның  өзінің  адамға 
пайдалы  қасиеттерінен  айырылуына  алып  келетін  адамның  іс-әрекеттері. 
Мысалы,  жаңбырлы  орманды  жайылымға  немесе  екпе  жерге  айналдыру, 
нәтижесінде заттардың биогеохимиялық айналымы бұзылады және 2-3 жылда 
өзінің құнарлылығын жоғалтады. 
Тұрақтандырушылық  әсер  ету  –  адамның  шаруашылық  іс-әрекеті 
нәтижесінде  табиғи  ортаның  бұзылуын  (қирауын)  баяулатуға  бағытталған 
адамның  іс-әрекеттері.  Мысалы,  топырақ  зрозиясының  төмендеуіне 
бағытталған топырақ қорғау шаралары. 
Құрылымдаушылық  әсер  ету  –  адамның  шаруашылық  іс-әрекеті  немесе 
табиғат  үдерісі  нәтижесінде  бұзылған  табиғи  ортаны  қалпына  келтіруге 
бағытталған адамның іс-әрекеттері. Мысалы, ландшафттарды қалпына келтіру, 
сирек  кездесетін  жануарлар  мен  өсімдіктер  және  т.б.  түрлері  санын  қалпына 
келтіру. 
Бұзушылық  әсер  етуді  теріс  (жағымсыз),  ал  тұрақтандырушылық  және 
құрылымдаушылықты – оң (дұрыс) деп атауға болады.  
 
*** 
Қоршаған  ортада  қорғасынды  шоғырландыру  біздің  жыл  санауымызға 
дейін  шамамен  800  ж.  адам  қорғасынды  өндіріп  және  пайдалана  бастаған 
уақыттан  бері  барлық  әлемде  үнемі  артып  отырды.  Нәтижесінде  қазіргі  адам 
ағзасында қорғасынның әдеттегі шоғырлануы, өнеркәсіптік дәуірге дейін өмір 
сүрген адамға қарағанда 500 – 1000 есе артық. Сусындарды сақтауға арналған 
қорғасын құбырларды пайдалануға байланысты қорғасынмен уланып қалулары 
байқалған жоғары қызметтегі көне римдіктерден басқалары. Қорғасынның көп 
мөлшері біздің ағзамызға демді ішке алғандағы ауамен, біз пайдаланған тамақ 
және  біз  ішкен  сумен  бірге  өтіп  жетеді.  Қанға  өткен  қорғасынның  10%-ға 
жуығы ағзадан шығарылады, қорғасынның қалған мөлшері сүйекке жиналады. 
Тоғыз жасқа дейінгі балалар олардың ағзалары қорғасынды тез сіңіріп алатын 
болғандықтан,  қорғасынмен  уланып  қалуға  көп  шалдығады.  Қорғасынның 
қауіпті шоғырлануы жүкті әйелдерден әлі тумаған балаларға да жұғуы мүмкін. 
Қазақстан  Республикасында  маңайында  кеңбайтақ  биогеохимиялық 
облыстар  құрылған  ірі  металлургиялық  кәсіпорындар  жұмыс  істейді 
(«Казцинк»  АҚ  Өскемен  металлургиялық  кешені,  «Южполиметалл»  АҚ  және 
т.б.).  Қазақстанда  жылсайын  өнеркәсіптік  шығарындылармен  атмосфералық 


40 
 
ауаға мың тоннадан артық қорғасын тарайды. Бұл үдерісте үлестеріне еліміздегі 
қорғасын шығарындыларының жалпы көлемінің 99,8%-дан келетін Қарағанды, 
Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары «көшбасшылар» болып 
табылады (4-кесте).  
 
4-
кесте. Қорғасын: дерек көздері, әлеуетті салдары, қорғаныс құралдары  
 
ДЕРЕК КӨЗДЕРІ 

авиациялық қозғалтқыштар 
шығарындылары 

авиациялық қозғалтқыштар 
шығарындылары 

қорғасын негізінде бояулар (майлы 
бояулар)  

қорғасын негізінде бояулар (майлы бояулар)  

автокөлік аккумуляторлары  

автокөлік аккумуляторлары  

сүйек ұнынан тыңайтқыштар 

сүйек ұнынан тыңайтқыштар 

фарфордағы керамикалық жабындар  

фарфордағы керамикалық жабындар  

темекі түтіні  

темекі түтіні  

қорғасын негізіндегі бояулардың шаңы 
мен бөлшектері 

қорғасын негізіндегі бояулардың шаңы мен 
бөлшектері 
ӘЛЕУЕТТІ САЛДАРЫ 

іштің қатты ауырсынуы  

іштің қатты ауырсынуы  

анемия  

анемия  

артрит  

артрит  

жоғары мазасыздық  

жоғары мазасыздық  

асқындану  

асқындану  

Гемоглобин синтезіне әсері  

Гемоглобин синтезіне әсері  

әйелдердің репродуктивті функциясының 
бұзылуы  

әйелдердің репродуктивті функциясының 
бұзылуы  

сал 

сал 
ҚОРҒАНЫС ҚҰРАЛДАРЫ 

В дәрумен тобы 

В дәрумен тобы 

В дәрумен тобы 

кальций  

кальций  

кальций  

пектин құрама 

пектин құрама 

пектин құрама 
 
Сынап.  Рим  империясы  уақытынан  бастап  біздің  уақытымызға  дейін 
кеңінен  қолданылуда.  Көне  Римде  сынап  қоспалардан  күміс  пен  алтынды 
тазарту  кезінде  пайдаланылған.  Көне  заманнан  біздің  уақытымызға  дейін 
шахтерлар  мен  тазарту  қондырғыларының  жұмыскерлері  әр  түрлі  аурулардан 
азап  көрді.  Басқа  да  қауіпті  мамандықтар  бар.  «Қалпақ  шебері  сияқты  есінен 
ауысқан» сөйлемі, қалпақ шебері қалпақ дайындау кезінде пайдаланған сынап 
қосындыларының әсеріне үнемі шалдығады және соңында есінен жиі ауысады 
деп түсіндіріледі. 
Ақылсыздықтан  бөтен  сынаппен  улану  белгілеріне  бозғылттық,  тітердің 
түсуі,  мидың  жұмыс  істеуінің  бұзылуы  және  қимылдатқыш  рефлекстерінің 
өзгеруі.  Сынаппен  ұзақ  жұмыс  істегенде  ессіз  күй  кешу  және  ажал  құшумен 
аяқталуы мүмкін. 
Ағзаға  сынаптың  өтуінің  негізгі  үлесі  «күміс»  тіс  пломбасы  түрінде 
болады.  Амальгамадан  тұратын  жеке  толықтырғыштарда  40-50%-ға  дейін 
сынап  болады.  Осы  тәрізді  пломбалар  ағзаға  удың  үнемі  әсер  етуін  туғазады. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау